Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №173 бұйрығы



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/4
Дата02.05.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3   4
Источник: ИС Параграф WWW http://online.zakon.kz
Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Министр

Т. Дүйсенова

 

Келісілді

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

2015 жылғы «__» ___________

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық



сақтау және әлеуметтік министрінің

2015 жылғы 27 наурыздағы

173 бұйрығымен



бекітілген

 

 



Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы
сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу


қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 58-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау субъектісіне бармай-ақ бақылаудың басқа нысандары шеңберінде меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:



1) ауруханаішілік комиссиялар – стационарлық көмек көрсету ұйымдарында құрылатын комиссиялар (ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы бойынша, өлім жағдайларын қарау бойынша);

2) клиникалық аудит – денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік тұрғысынан жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шараларды егжей-тегжейлі ретроспективалық және/немесе ағымдық талдау;

3) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары (бұдан әрі – бағалау индикаторлары) – медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері, олар мыналарды қамтиды:

құрылым индикаторлары – кадр, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз ету көрсеткіштері;

процесс индикаторлары – профилактика, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау көрсеткіштері;

нәтиже индикаторлары – денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесіндегі денсаулық үшін салдарды бағалау көрсеткіштері;

4) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама (бұдан әрі – сараптама) – тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіші көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторларын пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;

5) ретроспективалық талдау – бұрын медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттамаларын зерделеу негізіндегі талдау;

6) сыртқы индикаторлар – денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызмет көрсету тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын сыртқы сараптамада қолданылатын көрсеткіштер;

7) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелген жеке тұлға;

8) ішкі бақылау (аудит) қызметі (бұдан әрі – Қызметі) - денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі;

9) ішкі индикаторлар – денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызметтер тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын ішкі сараптамада қолданылатын көрсеткіштер.

3. Сараптаманың негізгі қағидаттары:



1) жүйелілік – сараптаманы құрылым индикаторларының, процесі мен нәтижесінің өзара байланысын жүзеге асыру;

2) объективтілік – сараптаманы жүзеге асыру кезінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды қолдану;

3) ашықтық – тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мамандарының қатысуынсыз тәуелсіз сарапшылардың өз бетінше денсаулық сақтау субъектілері өкілдерінің қатысуынсыз сараптаманы жүзеге асыру.

4. Сараптама жүргізу барысында медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың талаптарын, оның ішінде диагностика мен емдеу хаттамаларын сақтауы талданады.

5. Сараптама жүргізу кезінде ақпарат көзі ретінде денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланыланады.

 

 



2. Ішкі сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу

 

6. Ішкі сараптаманы Қызметі жүзеге асырады. Қажет болған кезде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері және т.б. тартылады.

7. Қызметінің құрылымы мен құрамын денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітеді.

8. Қызметтің функцияларына мыналар жатады:



1) жеке үдерістер мен рәсімдерді бағалау, денсаулық сақтау стандарттарын енгізу, осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген ішкі индикаторларды қолдану бойынша денсаулық сақтау ұйымы бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;

2) ауруханаішілік комиссиялар қызметін талдау;

3) денсаулық сақтау ұйымының басшылығына тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпарат беру;

4) денсаулық сақтау ұйымының персоналына медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек;

5) ұйымдағы пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің пікірін зерделеу және персоналды хабардар ету;

6) денсаулық сақтау ұйымының медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін мынадай бағыттар бойынша үйлестіру:

пациенттің проблемаларының (шағымдарының) туындауына қарай сол жерде күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып шешу;

кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың ахуалын және тиімділігін бағалау;

пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға (клиникалық аудит) сәйкестігін бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілетін азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын сақтау;

жұмыстағы ақаулардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

9. Қызмет денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және үздіксіз арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлейді.



Бағдарлама мыналарды қамтиды:

1) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;

2) ішкі индикаторларды бағалай отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметін, сондай-ақ, бөлімшелер қызметінің белгіленген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін талдау нәтижелері;

3) әрбір бөлімше қызметінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар;

4) жоғарыда көрсетілген іс-шараларға жауапты тұлғаларды және орындалу мерзімдерін айқындау;

5) бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.

10. Ішкі сараптама медициналық көмектің сапасын бағалау жолымен ретроспективтік және пациенттердің тікелей медициналық көмек алу сәтінде жүргізіледі.

11. Ішкі сараптамаға жататын жағдайлар (орта медицина персоналы үшін қызмет бөлімдері) және ішкі сараптамалар өткізудің кезеңділігі осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.

12. Осы Қағидаларға 2-қосымшада санамаланғандардан басқа медициналық көрсетілетін қызметтердің барлық қалған жағдайлары кездейсоқ іріктеудің статистикалық әдісімен қамтамасыз етілетін ішкі сараптамаға тартыла алатындай бірдей мүмкіндікке ие болады.

13. Ішкі сараптама жүргізу барысында:

1) медициналық қызметтерді көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі бағаланады;

2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың қамтамасыз етілуі және тиімділігі бағаланады;

3) медициналық қызметтер сапасына негізделген шағымдардың саны бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық дәрежесі пациенттерге және (немесе) олардың туыстарына сауалнама жүргізу жолымен айқындалады;

4) пациенттердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының сақталуы және пациенттердің жүргізіліп отырған инвазивтік араласу туралы хабардар болуы бағаланады;

5) анықталған кемшіліктерді жою және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленеді.

14. Ішкі сараптаманың нәтижелері кейіннен басқару шешімдерін қабылдаумен ауруханаішілік комиссиялардың отырыстарына, дәрігерлік конференцияларға, үйлестіру кеңестеріне шығарылады және талқыланады.

 

 

3. Сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу



 

15. Комитет сыртқы сараптаманы денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізеді.

16. Сыртқы сараптаманы жүргізу кезінде ішкі сараптама қағидаттарын, Қызмет қабылдаған шаралардың барабарлығы мен тиімділігін сақтау үшін ішкі сараптама нәтижелері талданады. Оның ішінде міндетті сараптамаға жататын жағдайлардың, сондай-ақ пациенттердің өтініштерін қарау жағдайларының ішкі сараптама нәтижелері талданады.



Ішкі сараптама нәтижелерінің негізінде Қызмет жұмысының сапасы мен объективтілігі туралы қорытынды шығарылады.

17. Медициналық көрсетілетін қызметтердің түріне байланысты сыртқы сараптамаға жататын жағдайлар (қызметтің бөлімдері – орта медицина персоналы үшін) осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.

18. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген сыртқы индикаторлар динамикада олардың шекті мәндерін бағалау арқылы талданады.

19. Сыртқы сараптама нәтежелері бойынша екі данада қорытынды жасалады, қорытындының бір данасы денсаулық сақтау субъектісінің басшысына немесе басшы болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға ұсынылады.



Сыртқы сараптама нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар жазбаша түрде жазылады және сыртқы сараптама нәтежелері туралы қорытындыға қоса беріледі.

20. Денсаулық сақтау субъектілері өлім жағдайы болған сәттен бастап үш күннен аспайтын мерзімде медициналық құжаттаманы береді қажет.

 

 



4. Ішкі және сыртқы сараптама кезеңдері

 

21. Сараптама кезеңдері:



1) белгілі бір жұмыс кезеңіндегі денсаулық сақтау субъектісі қызметінің көрсеткіштерін өткен жұмыс кезеңінің көрсеткішімен, сондай-ақ халық денсаулығы жағдайының республикалық және облыстық көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау мақсатында денсаулық сақтау субъектісінің есепке алу және есептілік құжаттарын талдау;

2) жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі ретроспективалық және (немесе) ағымдағы талдауын зерделеу арқылы олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі мәніне клиникалық аудит жүргізу;

3) азаматтардың медициналық көрсетілетін көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылығы деңгейін айқындау пациенттерге және/немесе олардың туыстарына сауалнама жүргізу арқылы және денсаулық сақтау субъекісінің қызметіне азаматтардың негізделген өтініштерінің саны бойынша жүргізіледі;

4) сараптама нәтижелерін талдау және қорыту;

5) сыртқы сараптама нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға және алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау.

22. Сараптама:



1) сараптама жүргізу сәтінде медициналық қызметтерді алатын пациенттердің медициналық құжаттамалары зерделенетін, қажет болған жағдайда пациентті тексеріп-қараумен ағымдағы талдау;

2) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама жүргізу сәтінде медициналық қызметтерді алған пациенттердің медициналық құжаттамалары зерделенетін ретроспективалық талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

23. Медициналық құжаттарға талдау жүргізу кезінде мыналар бағаланады:



1) анамнез жинау сапасы;

2) диагностикалық зерттеулер жүргізудің толықтығы мен негізділігі;

3) емдеуге жатқызу кезеңінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін есепке ала отырып, бастапқы 3 күн ішінде қойылған клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақтылығы мен негізділігі;

4) емдеуде болу, бұл нысанда медициналық қызметтерді (амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын) алу негізділігі;

5) мамандар консультацияларының уақтылығы мен сапасы;

6) емдік, оның ішінде диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шараларының көлемі, сапасы мен өткізу негізділігі;

7) медициналық араласулардан кейінгі асқынулардың дамуы;

8) қол жеткізілген нәтиже;

9) медициналық құжаттарды жүргізу сапасы.

Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде қосымша диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шаралары бағаланады.

24. Анамнезді жинау сапасы төрт өлшем бойынша бағаланады:



1) анамнез жинауының болмауы;

2) негізгі құрамдастар бойынша (аллергологиялық бөлім, гемотрансфузиялық бөлім, бастан өткерген аурулар, дәрі-дәрмек бөлімі, ауыр тұқым қуалаушылық) ішінара немесе толық кемшіліктері бар жүйелі жинаудың болмауы;

3) толық жинаған кезде осы жағдайды түсіндіруде маңызды мәнге ие болатын айтарлықтай бөліктерге бөлудің болмауы;

4) асқынулардың туындауына әкелген тактикалық қателер себептері болып табылған анамнезді сапасыз жинау.

25. Диагностикалық зерттеулердің сәйкестігін бағалау кезінде мынадай бес өлшем ескеріледі:



1) диагностикалық іс-шаралар мен тексерулер жүргізілген жоқ;

2) диагностикалық іс-шаралардың түсіндірмесі дұрыс емес немесе жоқ, бұл диагнозды дұрыс қоймауға және емдеу тәсілін іріктемеуге әкеледі;

3) аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларында көзделген диагностикалық зерттеулер жүргізілген жоқ;

4) пациенттің денсаулық жағдайы үшін диагностикалық рәсімдер жиынтығы мен жоғары, дәлелденбеген қатермен қосымша диагностикасы бар;

5) емдеу мерзімдерін негізсіз ұзартуға, емдеу құнының қымбаттауына әкелген және дұрыс диагноз қою үшін ақпарат бермеген диагностикалық емшаралар мен қосымша зерттеулердің барынша көп жиынтығы бар.

Жабдықтардың болмауы, дәрігер біліктілігінің жеткіліксіздігі, науқастың аса ауыр жағдайы мен шұғыл көрсетілімдеріне байланысты реанимациялық іс-шараларға немесе жедел көмекке диагностикалық зерттеулер жүргізудің қиындығы сияқты аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларының талаптарына сәйкес қажетті диагностикалық емшаралар мен іс-шараларды жүргізбеудің объективті себептері медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау нәтижесінде көрсетіледі. Медициналық қызметтерді көрсетудің одан арғы кезеңдерін зерттеп-қарау жөніндегі стандартты орындамаудың медициналық көмекті жүзеге асырудың кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.

26. Клиникалық диагноз қоюдың дұрыстығы мен нақтылығын бағалау төрт өлшем бойынша жүргізіледі:



1) диагноз дұрыс қойылмаған немесе жоқ, оның ішінде диагноз толық емес, аурулардың халықаралық жіктемесіне немесе жалпыға бірдей жіктемелерге сәйкес келмейді;

2) ауру ағымының ауырлығын анықтайтын жетекші патологиялық синдром анықталмаған, қосалқы аурулар, сондай-ақ асқынулар анықталмаған;

3) диагноз дұрыс, бірақ толық емес, асқынулар анықталғанмен жетекші патологиялық синдром анықталмаған, бірақ нәтиже үшін маңызды қосалқы аурулар анықталмаған;

4) негізгі аурудың диагнозы дұрыс, алайда емдеу нәтижесі үшін маңызды қосалқы аурулар.

Дұрыс емес және (немесе) уақтылы емес диагностиканың негізгі аурудың атипиялық ағымы, біліне қоймайтын ауыр қосалқы аурудың, сирек кездесетін асқынулар мен қосалқы аурулардың болуы сияқты объективті себептері медициналық қызметтер көрсету сапасы сараптамасының нәтижелерінде көрсетіледі. Диагнозды дұрыс және (немесе) уақтылы қоймаудың медициналық көмекті жүзеге асырудың одан арғы кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.

27. Мамандар консультациясының уақтылығы және сапасын бағалау мынадай төрт критерийлер бойынша жүзеге асырылады:



1) консультация өткізілген жоқ, бұл симптомдар мен синдромдарды қате түсіндіруге әкелді, бұл аурудың нәтижесіне теріс әсер етті;

2) консультация уақтылы өткізілді, бірақ консультанттың пікірі дұрыс диагноз қою кезінде ескерілген жоқ, бұл аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;

3) консультация уақтылы өткізілді, консультанттың пікірі дұрыс диагноз қою кезінде ескерілді, бірақ емдеу жөніндегі консультанттың ұсынымдары орындалған жоқ, аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;

4) консультанттың пікірі қате, бұл аурудың нәтижесіне әсер етті.

Консультация кешігіп жүргізілген жағдайда, консультацияны уақтылы бермеу себептері және диагнозды уақтылы қоймауға ықпал ету медициналық көмекті жүзеге асырудың кейінгі кезеңдеріне объективті бағалау жүргізіледі.

28. Тағайындалған емдік іс-шараларды бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:



1) көрсетілімдері болған жағдайда емнің болмауы;

2) ем көрсетілімдерісіз тағайындалған;

3) емдеу кезінде осы пациенттің ауруы ағымының ерекшелігі, қосалқы аурулары, асқынулары есепке алынбай, тиімділігі аз емдеу іс-шаралары тағайындалған;

4) емдеу іс-шаралары толық орындалған жоқ, органдар мен жүйелердің функциялық жетіспеушілігі, дәрілік заттардың әсер ету тетіктерінің ерекшеліктері есепке алынбаған;

5) пациенттің бастамасы бойынша емдеуді тоқтатудың құжат бойынша ресімделген жағдайларынан басқа, клиникалық әсерін толық бағаламау және (немесе) ауру ағымының ауырлауы кезінде емдеуді уақытынан бұрын тоқтату;

6) ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларынан едәуір ауытқу, дәрі-дәрмектердің ауыр жанама әсерінсіз полипрагмазияның болуы және жаңа патологиялық синдромның дамуы;

7) аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамаларының талаптарынан толық ауытқу, жаңа патологиялық синдромның дамуына және пациенттің жағдайын нашарлатуға әкелген полипрагмазияның болуы.

Емдеу іс-шараларын бағалау кезінде медициналық көмектің сапасы сараптамасының нәтижелерінде қиындық туғызатын немесе емдеу іс-шараларын жүргізу мүмкін емес және аурудың нәтижесіне әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін мән-жайлардың болуы ескеріледі және көрсетіледі.

29. Стационар деңгейінде сараптама жүргізу кезінде емдеуге жатқызудан бас тартудың негізділігін бағалау, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық көрсетілетін көмектің сапасын бағалау, жедел көмек станцияларымен (бөлімшелерімен) сабақтастықтың болуын, халықтың стационарлық көмекке қолжетімділігіне бағалау жүргізіледі. Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде пациенттер үшін медициналық көмектің қолжетімділігіне, тіркеу орнының жұмысын ұйымдастыруға бағалау жүргізіледі.

30. Медициналық қызметтердің сапасын бағалауға туындаған асқынулар және операцияны орындаудың нашар техникалық сапасымен түсіндірілетін асқынулар, хирургиялық манипуляцияларды орындаудың салдары болып табылатын операциядан кейінгі асқынулар және басқа да зерттеу әдістерін қолдану жатады.

31. Медициналық құжаттаманы жүргізудің сапасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген, сәйкес жазбалардың болуы, толықтығы және сапасы бойынша анықталады.



Сараптама жүргізу барысында пациенттің инвазивтік араласулар жүргізуден хабардар болу келісімін, ұсынылған емнен бас тартуын, сондай-ақ Кодекстің 56-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, патологоанатомиялық зерттеу жүргізбеу негізділігін ресімдеу бағаланады.

32. Диспансерлік іс-шаралар олардың науқас жағдайына әсерін, аурудың асқынуларының туындау жиілігін, дәрігерлік тексерулердің уақтылығын, тұрақтылығын, олардың ауырлығы мен ұзақтығын, жүргізілген зертханалық және аспаптық тексерулерді, профилактикалық ем тағайындау тұрғысынан мынадай критерийлер бойынша бағаланады:



1) диспансерлік бақылаудың еселігі;

2) тексерудің сапасы және тексеру түрлерінің аурулардың диагностикасы мен емдеудің бекітілген хаттамаларына сәйкестігі, хаттамаларға енгізілмеген зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізудің негізділігі;

3) емдеу сапасы мен тағайындалған емнің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларына сәйкестігі;

4) емдеуге жатқызу кезінде стационарлық емге көрсетілімдердің болуы;

5) стационардан шығарғаннан кейінгі байқау;

6) емді жалғастыру, оның ішінде егер науқас стационарлық емдеуге жіберілген болса, алайда стационарға келіп түспеген жағдайда емді жалғастырудың бар болуы;

7) сауығуына байланысты есептен алу дұрыстығының статистикалық деректері.

33. Профилактикалық (скринингтер, вакцинация, бір жасқа толмаған балаларды диспансерлеу, жүкті әйелдерді бақылау, отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаралар) және оңалту іс-шаралары оларды жүргізу көрсетілімдерінің болуын, жүргізудің уақтылығын, ауруларды бастапқы анықтау деңгейін, медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шараларды, сауықтыру іс-шаралары кешенін орындауды, сауықтыру нәтижелерін есепке ала отырып, бағаланады.

34. Бес жасқа дейінгі балалардың профилактикалық іс-шараларын бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

1) балаларды бақылау мерзімдерін сақтау және мамандар қарап-тексеруінің толықтығы;

2) күтім жасау және емшек сүтімен қоректендіру бойынша ұсынымдардың уақтылылығы;

3) балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра қадағалап қарау және балалардың ерте жастағы даму қағидаттарына сәйкес күтім жасау және емшек сүтімен қоректендіру бойынша ұсынымдардың барабарлығы;

4) профилактикалық екпелер күнтізбесін сақтау;

5) екпелер жасағаннан кейін бала денсаулығының жағдайының бақылауда болуы;

6) медициналық қарсылықтардың негізділігі.

35. Жүкті әйелдердің профилактикалық іс-шараларын бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:



1) жүктілігі бойынша есепке алу мерзімдері мен динамикасын бақылау;

2) пренаталдық скринингтің болуын қоса алғанда, қарап-тексерудің толықтығы мен тиімділігі;

3) жүктілік асқынуларын және экстрагениталдық патологияны диагностикалаудың уақтылығы, оның ішінде экстрагениталдық патологияны анықтау мақсатында бейінді мамандардың консультациясының болуы;

4) жүкті әйелдің қатер тобының жоспарланған емдеуге жатқызу деңгейіне сәйкестігі.

36. Қол жеткізілген нәтижені бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:



1) медициналық көмек көрсету технологиясын сақтау кезінде күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізу;

2) диагностикалық іс-шараларды сапасыз (анамнезді толық жинамау, тексеру нәтижелерінің болмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, диагнозды дұрыс немесе нақты қоймау) өткізу салдарынан емдеу және профилактикалық іс-шаралардың клиникалық әсерінің болмауы;

3) бұл пациенттің ауруы ағымының ерекшеліктерін, қосалқы ауруларын, асқынуларды, дәрілік заттардың әсері тетіктерінің ерекшеліктерін есепке алмай тиімділігі аз емдік, профилактикалық іс-шараларды өткізудің салдарынан күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізілген жоқ;

4) қалаусыз салдардың дамуына негіз болған полипрагмазияның болуы.

37. Сараптама жүргізілгеннен кейін медициналық көрсетілетін қызметтерден бас тартылған кезде мынадай қорытынды жіктеледі және шығарылады:



медициналық көрсетілетін көмектің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы;

пациентке мемлекет кепілдік берген көлемде тегін медициналық көмек көрсету туралы.

 

Медициналық қызметтер көрсету сапасына



ішкі және сыртқы сараптамаларды

ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына

1-қосымша

 

 





  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет