«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті



жүктеу 87.69 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі87.69 Kb.
: media -> uploads
uploads -> І. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің 2013 жылғы жұмысының қортындысы
uploads -> Таушық селосы әкімінің 2014 жылға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы «Таушық селосы әкімінің аппараты»
uploads -> МАҢҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер > «Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
uploads -> Регламенті Жалпы ережелер «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> Элементы экологизации контроля вредителей агробиоценоза
uploads -> Қызылөзен ауылы әкімінің 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық даму қортындылары және іс-қимыл жоспарының орындалысы туралы есебі
uploads -> Қарауына ЕҚта жататын мемлекеттік органның атауы 2015 жылғы «21»



Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы «____»__________

№_____қаулысымен бекітілген

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер



1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Маңғыстау облысының медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдары (бұдан әрі – қызмет беруші) және www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы арқылы ұсынады.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысымен бекітілген «Медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының негізінде көрсетіледі.



3. Электрондық мемлекеттік қызметтің автоматтандырылған дәрежесі: толық автоматтандырылған.

4. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар:

1) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;

2) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, тапсыруға және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

3) жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – ЖСН);

4) «Жеке тұлғалар» мәліметтер мемлекеттік базасы – ақпаратты автоматты түрде жинастыруға, сақтауға және өңдеуге, Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және мемлекеттік басқару органдарына және басқа субъектілерге өкілеттілігінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олар туралы өзекті және нақты мәлімет ұсыну мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін құрастыру үшін арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЖТ ММБ);

5) алушы – жеке тұлға;

6) пайдаланушы – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект;

7) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен ақпаратпен өзара алмасуды қажет ететін электрондық ақпараттық ресурстардың пайдаланушыларына ұсыну бойынша қызмет;

8) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы расталған құжат;

9) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

10) «электрондық үкіметінің» веб-порталы – электрондық мемлекеттік қызметтерге, нормативтік құқықтық базаны қоса бірыңғай үкіметтік ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе;

11) «электрондық үкіметінің» шлюзі – электрондық қызметтерін жүзеге асыру шеңберінде, «электронды үкіметінің» ақпараттық жүйелерін біріктіру үшін ақпараттық жүйе (бұдан әрі-ЭҮШ);

12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың нақтылығын, оның тиістілігін және мағынасының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық белгілердің жинағы (бұдан әрі – ЭЦҚ).

2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызмет ұсынушы қызметінің тәртібі
6. Осы Регламентке 2 – қосымшада (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) қызмет берушінің ЭҮП арқылы болатын қадамдық әрекеттері мен шешімдері келтірілген:

1) алушы ЖСН және парольдің көмегімен ЭҮП-да тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-да тіркелмеген алушылар үшін жүргізіледі);

2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін ЭҮП-да алушының ЖСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЭҮП-да ЖСН және шартты белгі арқылы тіркелген алушы туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру;

4) 2-үдеріс – алушы туралы деректерде қателіктердің болуына байланысты ЭҮП-мен авторлаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныс нысанын экранға шығару мен оның құрылымы мен нысанының талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру (мәліметтерді енгізу); сонымен қатар сұранысты куәландыру (қол қою) үшін алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

6) 2-шарт – ЭҮП-да ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін

және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде бар не жоқтығын, сонымен бірге сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН-нің арасында) тексеру;

7) 4-үдеріс – алушының ЭЦҚ дұрыстығының расталмауына байланысты сұралып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5-үдеріс – алушының ЭЦҚ көмегімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сұранысын куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) қызмет көрсетушінің өңдеуі үшін ЭҮШ арқылы қызмет берушінің АЖО-на жіберу;

9) 6-үдеріс – электрондық құжатты қызмет берушінің АЖО-да тіркеу;

10) 3-шарт – қызмет берушімен электрондық құжатты (сұранысты) электрондық мемлекеттік қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеру (өңдеу);

11) 7-үдеріс – қателіктердің болуына байланысты сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама құру;



12) 8-үдеріс – алушымен қызмет берушінің АЖО қалыптастырылған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алу (электрондық құжат нысанда тіркелу жөнінде анықтаманы (талонды) беру). Электрондық құжат уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ пайдалануымен қалыптастырылады.

7. Осы Регламентке 2 – қосымшада (Қызмет беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) қызмет берушінің қадамдық әрекеттері мен шешімдері келтірілген:

1) 1-үдеріс – қызмет беруші қызметкерімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ЖСН мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;

2) 2-үдеріс – қызмет беруші қызметкерімен осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдау, электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін экранға сұратудың нысанын шығару мен алушының деректерін енгізу;

3) 3-үдеріс ЭҮШ арқылы алушының деректер жөнінде ЖТ ММБ сұранысты жолдау;

4) 1-шарт – алушының деректерін ЗТ ММБ тексеру;

5) 4-үдеріс – алушы деректерінің ЗТ ММБ жоқтығына байланысты деректердің алу мүмкіндігі жоқтығы туралы хабарламаны қалыптастыру;

6) 5-үдеріс – қызмет беруші қызметкерімен сұратудың нысанын толтыру мен электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуіне сұраудың толтырылған нысанын (енгізілген деректердің) ЭЦҚ арқылы растау;

7) 6-үдеріс – қызмет берушінің АЖО электрондық құжатты тіркеу;

8) 2-шарт – қызмет берушімен электрондық құжаттың (сұратуын) қызмет көрсету негіздерге сәйкестігін тексеру (өңдеу);

9) 7-үдеріс – алушының құжаттарда бұзушылықтарға байланысты сұратылған қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптасыру;

10) 8-үдеріс – алушымен электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін алу (қағазды түрде (ерікті нысанда) тіркелгендігі жөнінде анықтаманы (талонды) алу).

8. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраудың нысанын толтыру бойынша әрекеттердің сипаттамасы:

1) ЭҮП кіру үшін пайдаланушымен ЖСН, логин мен парольді енгізу;

2) осы Регламентте көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметті таңдау;

3) «online» қызметіне тапсырыс беру» кнопкасымен қызметке тапсырыс беру;

4) электронды түрде сұрауды толтыру және қажетті құжаттарды тіркеу:

ЭҮП-нда пайдаланушының тіркеудің нәтижелері бойынша ЖСН автоматты түрде таңдалады;

пайдаланушы «Сұрауды жіберу» кнопкасының көмегімен сұратудың растауына (қол қоюына) көшуін жүзеге асырады;5) пайдаланушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

6) сұрауды растау (куәландыру) – пайдаланушы «қол қою» кнопкасының көмегімен ЭЦҚ сұратудың растауын (қол қоюын) жүзеге асырады, содан кейін сұрату қызмет берушінің АЖО өңдеуге жіберіледі;

7) қызмет берушінің АЖО сұратуды өңдеу;

8) пайдаланушының дисплейіне келесі ақпарат шығарылады:

ЖСН, сұрау нөмірі, қызмет түрі, сұратудың мәртебесі, қызмет көрсету мерзімі;

пайдаланушыға «мәртебені жаңарту» кнопкасының көмегімен сұраудың өңдеу нәтижелерін қөруіне мүмкіндік беріледі;

ЭҮП-нда жауап алғанда «нәтижесін көру» кнопкасы пайда болады.

9. Сұрауды өңдеуден кейін қызмет берушіге сұрату өңдеудің нәтижелерін көру, келесі ретімен мүмкіндік беріледі:

«ашу» кнопкасын басудан кейін – сұраудың нәтижесі дисплейдің экранына жіберіледі.

10. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қажетті ақпаратты және кеңесті саll-орталығының телефоны (1414) арқылы алуға болады.



3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара іс-қимылдың тәртібін сипаттау
11. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысына қатысатын ҚФБ:

қызмет беруші;

ЭҮП;

ЭҮШ;


қызмет берушінің АЖО;

ЖТ ММБ.


12. Әрбір іс-шараны орындау мерзімін көрсетумен, іс-шаралардың (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезеңділігін мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламентке 1-қосымшада келтіріледі.

13. Логикалық кезеңділік іс-шараларының арасындағы өзара іс-қимылды көрсететін диаграммалар (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету барысында), олардың сипаттамасына сәйкес осы Регламентке 2-қосымшада келтіріледі.

14. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері қолжетімділік пен сапасы көрсеткіштермен өлшеніп, осы Регламентке 3-қосымшада келтіріледі.

15. Пайдаланушыларға электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);

2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);

3) қолжетімділік (ақпарат пен ресурстарды рұқсатсыз ұстаудан қорғау).

16. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің техникалық шарты:

1) интернетке шығару;

2) электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін адамда ЖСН-нің болуы;

3) ЭҮП-на авторизациялау;

4) пайдаланушыда ЭЦҚ бар болуы.



___________________________________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет