Медицинское учреждение больница



жүктеу 72.34 Kb.
Дата30.04.2016
өлшемі72.34 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ


ЖЕКЕ МЕНШІК

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ

«ШАПАҒАТ» АУРУХАНАСЫ



EUROPEAN QUALITY AWARD

Private clinic SHAPAGAT ,

Republic of Kazakhstan



АКТЮБИНСКАЯ ОБЛАСТЬ МУГАЛЖАРСКИЙ РАЙОН

ЧАСТНОЕ

МЕДИЦИНСКОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

БОЛЬНИЦА «ШАПАГАТ»


Қандыағаш қ. Шынтасов көшесі, 22 г. Кандыагаш ул. Шынтасова, 22
тел: (871333) 3-60-22, факс: 3-65-98 E-mail: shapagatkand@rambler.ru

« 22 » тамыз 2012гж



« » 2012г





Қандыағаш ЖММ «ШАПАҒАТ» ауруханасы

72 жыл денсаулық қызметінде.
Қандыағаш стансасында темір жол ауруханасы 1940 жылы Орынбор – Ташкент,Орынбор – Гурьев, Орск-Кандыагаш темір жолдарының салынуына байланысты «барақ» типтес үйде ашылып, 3 төсек орынды стационар мен амбулатория жұмыс істей бастаған және ол Орынбор темір жол басқармасына қарасты болды. Онда Аурухананың алғашқы басшысы болып ленинградтық Орлов Лев Павлович деген азамат тағайындалған.Ол кезде ауруханадағы санитарлық көлік атарба мен атшана болған. Ұлы Отан соғыс тауқаметін аурухана қызметкерлері халықпен бірдей өткізген. Олар «Пролетар», «Победа» колхоздарын, Шұбарқұдық елді мекенін қамқорлыққа алып, егін, көкөніс, қысқы мал азығын дайындауға жәрдем берген. Қыста қар астында қалған егіннің масақтарын, үсіген қартоптарды жинап ауруханада жатқандардың напаханасына жаратқан.Жұмыстан кейін, түн мезгілдерінде айналма темір жол құрылысы жұмыстарына қатыса отырып,сол кезде қазіргі №5 орта мектеп ғимаратында орналасқан №3985 эвакогоспиталге поездан жаралыларды қабылдап, олардың емделуіне қолқабыс еткен. Майдандағы жауынгерлерге жұмыстан кейін түнімен шұлық, үш саусақты қолғап, мойынорағыш тоқып, темекі салғыш тігіп поштамен жіберіп, және хат жолдап рухани қолдау көрсетіп отырған. Мектеп оқытушысы Браун Федор Иванович ұйымдастырған көркемөнерпаз үйірмесімен елді мекендерге концерт қойып, түскен ақшаларын майданға жіберіп тұрған. Аурухана қызметкерлері қандай қиыншылықтар болса да мойымай «Жеңіс күнін» жақындату үшін және соғыстан кейінде де ел экономикасын аяғына тұрғызу үшін халықпен бірге аянбай ерен еңбек еткен.

Аурухана кейіннен көп салалы заманауи деңгейдегі мекемеге айналды. 1940-1971 жылдар аралығындағы аурухана бас дәрігерлері: Орлов Лев Павлович 1940-1947ж. Маямсина Раиса Александровна 1947-1980ж., Николаевский Леонид Иванович 1950-1953ж., Пантелеев Владимир Владимирович 1953-1956ж., Ершова Валентина Александровна 1956-59ж., Верхошинцев Михаил Леонтевич 1959-1965ж., Мамбеталин Есенғос Сағынайұлы 1965-1970, Жумабаев Хайрулла Жумабайұлы 1970-1971жылдары қызмет істеген. 1971 жылдан аурухана құрметті теміржолшы, Қазақ ССР-на еңбегі сіңген дәрігер Адаев Аманжол Шүнгүлұлының басқаруында. Аурухана 1997 жылға дейін Қазақ темір жолы одан кейін Батыс Қазақстан темір жолына қарасты болды. Аурухана қызметкерлері Қандыағаш – Никель-Тау, Қандыағаш – Донское, Қандыағаш – Ізімбет, Қандыағаш – Темір, Қандыағаш – Ақкемір бағыттарында жалпы ұзындығы 300км. аралықта орналасқан бекеттердегі темір жолшыларды және олардың жанұяларын медициналық қызметпен қамтыды Оларға Никель – Тау станциясының дәрігерлік амбулаториясы, Донское, Просторное, Бақай, №313,Ақкемір, ПМС-210, ПМС-157, СМП-16, Жұрын, Темір, Ізімбет бекеттеріндегі, Қандыағаш локомотив, вагон деполарындағы, темір жол вокзалында фельдшерлік медпункттер және де екі бағытта қатынаушы разъездік фельдшерлер қызмет көрсетті. Аурухана қызметкерлері 70 жылдары Никель-Тау – Қандыағаш, Ақтөбе – Сексеуіл аралықтарына екінші темір жол желісін салушыларға жоғарғы деңгейде медициналық көмек көрсетті. Темір жолшыларға, темір жол құрылысшыларына және олардың жанұяларына сапалы медициналық көмек көрсетудегі жетістіктері үшін аурухана және медицина қызметкерлері 1970-1980 жылдары ССРО ТЖМ (МПС), Темір жол және Көлік құрылысы Кәсіподақ Орталық Комитетінің Дипломы, Құремет Грамотасымен, ақшалай сыйлықтарымен, ҚР Бақылау Комитетінің Грамотасымен, Қазақстан Компартиясы мен Министрлер Кеңесінің Естелік Құрмет Грамоталарымен, Жалпы Кеңестік ұйымдастыру комитетінің Ұлы Отан соғысының 40-жылдық жеңісіне орай Дипломымен, ССРО ТЖМ (МПС) Дәрігерлік санитарлық бас басқармасының Дипломымен, Қазақ ССР Қызыл Крест қоғамының орталық комитетінің Грамотасымен марапатталды. Аурухана ұжымы Батыс Қазақстан Темір жол басқармасының, және Басқарма кәсіподағының Ауыспалы Қызыл Туының бірнеше рет иегері болды, және аурухана темір жол саласы бойынша үздік мекемелердің қатарында болып, оның базасында бірнеше рет тәжірибе алмасу мектептері өтті.ССРО Темір жол министрлігінен жетістіктері үшін алған ақшалай сыйлықтарын аурухана ұжымы бірнеше рет түгелдей ЧАЭС зардап шеккендерге ашылған қорға аударып отырды.



Аурухана ұжымынан көтерілгендер, аурухана ұжымының мақтаныштары: Мамбеталин Есенғос Сағынайұлы – медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақ мемлекеттік Жарбусинов атындағы урология институтының белді маманы кейіннен Алматы медицина университетінің профессоры, Мамбеталина Анастасия Көбейқызы акушер-гинекология кафедрасының ұстазы, Байжарқынова Аяш Балдыбайқызы - медицина ғылымының кандидаты Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ұстазы, Гашимова Күләш Асанғалиқызы медицина ғылымының кандидаты, балалар кафедрасының доценты, Қалмағамбетова Тұрсынхан Қалманқызы Ақтөбе медициналық колледжінің ұстазы. Халыққа еңбегімен ардақты еңбек ардагерлері:

Преснякова Галина Леонидовна – «Еңбек ардагері», «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», емхана меңгерушісі, Иманалина Серік Жұмашевна жоғарғы дәрежелі маман, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медалдарының иегері, балаларға кеңес беру бөлімінің меңгерушісі, Исетова Радина Саркулқызы хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы дәрежелі маман, «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚР Президентінің Құрмет грамотасының», және бірнеше инновациялық патенттердің иегері, Мұғалжар ауданы бойынша «Жыл Адамы – 2008»,облыс әкімінің (2010 жылғы) «Шапағат» сыйлығының «Үздік дәрігер 2010» номинациясының иегері, Намазова Роза Тәжібековна балалар бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы дәрежелі маман, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚР Президентінің Алғыс хатының» иегері, Сабыркулова Гулайхан Алимухамедқызы бірінші дәрежелі акушер-гинеколог, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының және ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының Атқару Комитетінің Құрмет Грамоталарының иегері. Ахметов Абзал Өтегенұлы бірінші дәрежелі маман рентгенолог, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет Грамотасының» иегері, Адаева Ләззат Аманжоловна бірінші дәрежелі маман УЗИ дәрігері,облыстық Денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасын,аудан әкімінің Алғыс хаттарының иегері.Олармен қатар



Орта буын медициналық қызметкерлер, еңбек озаттары: Жанұзақова Күләш, Алматова Нұргүл, Фоменко Александра Федоровна, Құрманова Қатира, Роза Даева, Қосжанова Зоя, Қарашаева Қаншайым, Молдагазина Гүлнар, Нұрғалиева Мереке, Шуликина Вера Петровна, Жасанова Жансұлу, Гвозденкова Татьяна Федеровна,Позднякова Лидия Андреевна,Фоменко Александра Федоровна.

Қазірде ЖММ «ШАПАҒАТ» ауруханасы ең соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған мекеме: Эндовидео лапороскопиялық қондырғы «KARL STORZ»,соңғы үлгідегі УЗИ «ALOKA PROSUND-2», анықтағыштар «Urisus-1100», «Stat Fax-1904 Plus», «OLYMPUS» т.б. аудан көлемдерінде бірінші қондырғылар. Аурухана лазермен емдеу технологиясынан облыста алғашқысы. «Кең көлемдегі күйікті емдеу», «Тік ішектің түсуін отасыз емдеу»тәсілдеріне инновациялық патенттер алынды. «Балалар энурезін емдеу», «Өт жолдары тас ауруын емдеу», «Тырысқақ ауруының алғашқы белгілерін анықтау және

емдеу», «Асқазан және ұлтабар жараларын отасыз емдеу», «Созылмалы алкоголизм мен темекіге тәуелділікті емдеу» тәсілдері бойынша методикалық ұсыныстар жазылды.

Аурухана дәрігерлерінің методикалық әдістемелері Республикалық және Ресей Федерациясының медициналық ғылыми конференцияларының жинақтарына және медициналық басылымдарына енді. Аурухана Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының (ВОЗ) «Health Promoting Hospitals» (HPH) «Сауығуға ықпалды аурухана» жобасымен 2003 жылдан халыққа қызмет ететін облыстағы бірден-бір аурухана.

Аурухана 2005ж. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту» облыстық конкурсының «Үздік медициналық мекеме» номинациясы бойынша облыс әкімінің Бірінші дәрежелі Диплом иегері.

Аурухана 2006 жылы ҚР «Атамұра корпорациясы» ЖШС – ның Полиграф комбинаты басылымнан шыққан «100 жылдық Қазақстан теміржолшылары медицинасының тарихы» атты үш томдық жинаққа енді.

Ауруханада 2007 жылы Аудан әкімі Шаңғұтов С.Т. мырзаның қолдауымен арнайы емдеу-сауықтыру лагері ашылып,онда жыл сайын ауданның 42 мектептерінен күйі төмен отбасы оқушыларына жазғы демалыс кезеңдерінде емдеу-сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, жылдан-жылға балалардың өмір сүру және денсаулық сапасын жақсартуға қол жеткізілуде.

Денсаулық сақтау Басқармасы тарапынан алынған, мемлекеттік тапсырыс бойынша, халыққа тегін медициналық жәрдемді сапалы дәрежеде стандартқа сай көрсетіп келеді.Осы жылдар бойы балалар арасында өлімнің ең төменгі деңгейі, ана өлімінің жоқтығы, халықтың арасында жыл сайынғы демографиялық оң көрсеткіштерін, халық тарапынан ешбір арыздың жоқтығын, ұжым өзінің жетістігі деп біледі.

Аталған осы жетістіктердің бәрі Ел басымыздың кәсіпкерлікті қолдау саясаты негізінде болғанын айта кеткен жөн. Осыған орай ел экономикасының маңызды бөлігі болып

саналатын медицина саласында, жекеменшік секторының пайда болуы, денсаулық

саласында бәсекелестікке жол ашты.

Аурухана ұжымы 40 жылдан астам басшылықта болған ел азаматтарымен жұмыс істегенін мақтаныш тұтады. Олар: Қазақ Темір жол басқармасының бастығы Виноградов, Батыс ҚТЖ басқармасы бастықтары Көпжасаров,Тұрғанбаев,Панов,Хамзин,Усимбеков, Селбаев, Қазақ Темір жол Дәрігерлік Санитарлық Қызметінің бастығы Денисенко Б, Батыс ҚТЖ ДСҚ басшылары Ахметов А.Қ., Жадықбаева Г.Р., Бимагамбетов Ж., Пиккенер, Маруфов Я.М. мырзалармен, ауданның бірінші хатшылары Орынбасаров Н.О., Шынтасов С.Ш., Сағынтаев С.С., Бірманов К.Б, Мұхамбетов Б, Хохлов П.П, Оразалин О.С, Сейткамалов Н, Шаңғұтов С.Т, мырзалармен жұмыс істеу тарихи жақсы кезеңдердің күәсі.

Елбасының саясатының арқасында және ҚР Үкіметінің № 65 14.01.1997ж «О секторных программах приватизации и реструктуризации» қаулысының негізінде аурухана 1997 жылы мемлекеттік емес мекеме статусына айналып мемлекеттік тапсырыс аясында халыққа кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетіп келеді.

Ауруханада стационарлық жатын орын -75 (хирургия бөлімі-30, терапия бөлімі-30, балалар бөлімі-15), емхана (КДП) аусымда 150 адам қабылдайды.

Ауруханада жалпы қызметшілер саны 113, оның ішінде дәрігерлер -30, медбикелер-52.

Аурухана ұжымының көп жылдық еңбегінің қортындысы Европа Бизнес Ассамблеясының (ЕВА) Европалық сапа номинациясы бойынша Сократ марапаты және халықаралық лицензия «EUROPEAN QUALITY AWARD» 2011жылы Оксфорд қаласында тапсырылды. Осымен қатар ЖММ «ШАПАҒАТ» ауруханасы XXI-ғасыр лидері Реестріне еңгізілді.




ЖММ «ШАПАҒАТ» ауруханасының

Бас дәрігері ҚР еңбегі сіңген дәрігер

ССРО ТЖМ Құрметті теміржолшы: А.Адаев





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет