Механика пәнінің практикалық сабақтарға тапсырмаларының жинағЫ



бет1/3
Дата02.05.2016
өлшемі435.74 Kb.
  1   2   3


МЕХАНИКА ПӘНІНІҢ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ

ЖИНАҒЫ

жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын
техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған

Механика пәнінің өздік жұмыс тапсырмаларының жинағы: оқу құралы жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2007. – 110 б.

Бұл оқу құралы жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының күндізгі және сыртай оқитын бөлімдерінің оқу жоспарлары мен пәннің типтік бағдарламаларына сәйкес даярланған. Ол күндізгі оқитын студенттердің есептеу–сызба жұмыстарын, ал сырттан оқитын студенттердің бақылау жұмыстарын мезгілінде орындап, теория мен жаттығуды ұштастыруға машықтандырады.

Алғы сөз
Жоғарғы профессионалдық оқу орындарының машина жасамайтын мамандықтарына арналған «Механика» пәні үш бөліктен тұрады: теориялық механика, материалдар кедергісі және машина тетіктері. Пәннің мақсаты – болашақ инженерлерге материалдық дененің қозғалысы мен тепе-теңдік заңдылықтарынан, конструкция элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеу әдістерінен, сонымен қатар іс жүзінде қолданылатын, нақты объектілердің, машина мен механизмдер тетіктерінің, әр түрлі құрылғылардың, роботтар мен роботталған техникалық жүйелердің конструкциясын, қозғалысын, олардың элементтерінің берік, сенімді жұмыс істеу шарттарынан негізгі мәліметтер беру.

Қазақ тілінде технолог, электрик, экономист т.с.с. механикалық емес мамандықтарға арналған жалпы техникалық білім алатын оқу құралдары осы күнге дейін басылған жоқ. Бұл еңбек осының орнын толтырады деп сенемін.

Бөлімдердің (тапсырмалардың) әрбір тақырыбын екі сатымен оқыған жөн. Алдымен оқулықтан барлық тақырыптардың мазмұнын ұқыпты және ойлана оқып алыңыз да, негізгі ұғымдарды, анықтамаларды, заңдылықтарды, ережелерді, салдарларды және олардың логикалық байланстығын талдаңыз. Сонан кейін материалдың барлығын толығырақ, конспект жасай немесе негізгі ұғымдарды, анықтамаларды, дәлелдемелерді, ережелерді қайталай мұқият оқыңыз.

Оқу материалын жақсы игеру үшін оқу әдебиеттеріндегі, сонымен қатар осы оқу құралында келтірілген есептердің шығарылу жолдарын көрсететін мысалдарды талдау қажет.

Әрбір бөлімнің материалдарымен танысқаннан кейін өздік жұмысты орындауға кірісуге болады. Тапсырманың нұсқасы сынақ кітапшасының номерінің соңғы екі санымен анықталады.

Есепті шығармас бұрын сандық мәндерімен оның шартын көшіріп алу қажет, белгілі бір масштабпен тұрғызыу және онда, есептің шартында қарастырылған немесе шешуден туындайьын, барлық шамаларды санмен көрсету керек. Есептің шешуін алдымен жалпы түрде, барлық берілгендер мен ізденді шамаларды әріппен белгілей отырып, жүргізген жөн, онан кейін әріппен белгіленгендердің орнына олардың сан мәндерін қойып, ізденді нәтиже алынады. Сан мәндерді қою, әріппен белгілену ретінде жүргізілуі тиіс.

Тапсырманы орындау барысында қалыптасқан (стандартты) белгілеулерді ұстану қажет. Есептің әрбір шешімі белгілі жүйемен, орындалған іс-әрекет, тертеориялық негізделген, қажетті мәтінмен және қысқаша формулалармен түсіндірілуі қажет. Бұл іс-әрекетті есепті шығарудың логикалық жолы көрінетіндей етіп орналастыру керек. Есептеу барысында пайдаланылған формулаларды, мүмкіндік кернеулерді және т.б. шамаларды қайдан алынғанын, яғни сәйкес әдебиеттің беті мен кестелері көрсетілгені жөн.

Эскиздер мен есептеу қималары қолмен немесе компьютерде, белгілі масштабпен және сызбаның КҚБЖ-ны сақтай отырып, орындалады.

Тапсырманы орындағанда барлық есептеулерді СИ жүйесіндегі бірлікпен жүргізу қажет. Шамалардың мәнін анықтағаннан кейін өлшем бірлігін қою керек. Егер есептеу формуласы, қысқартусыз, толық жазылған болса, есептеу теңдеулерінің оң және сол бөліктерінің өлшем бірліктері бірдей болуы тиіс.

Студенттің өздік жұмысының есептер саны берілген мамандықтың оқу графигіне сәйкес анықталады.

Ұсынылып отырған жинақта теориялық механикадан және материалдар кедергісінен тоғыз тапсырманы қамтыған.

Тапсырмалар жинағы «Механика», «Қолданбалы механика», «Техникалық механика», «Теориялық және қолданбалы механика», «Инженерлік механика» курстарын оқитын жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындары студенттеріне арналып дайындалған.

Кітап бойынша аңғартпаларыңызды мына мекенжайға бағыт-таңыздар: Павлодар қаласы, Ломова көшесі 64, С. Торайғыров атын-дағы Павлодар мемлекеттік университеті.

«Механика» курсы жоғарғы оқу орындары студенттерін оқытудағы ең бір негізгі пәндердің бірі болып табылады, себебі теориялық механика, материалдардың кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы, машина тетіктері мен тораптарын жобалау негіздері бойынша білімнің негіздерін береді.

Студенттер «Механика» курсы бойынша толық білімді, тек жаттығу сабақтарында теориялық ахуалды есептерді шешіп бекітумен, сонымен қатар есептеу-сызба жұмыстарын (ЕСЖ) орындаумен ала алады.

Студенттің есептеу-сызба жұмысының есептер саны берілген мамандықтың оқу графигіне сәйкес анықталады.



ЕСЖ А4 форматындағы жазу қағазының парақтарында орындалады және конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) талаптарына сәйкес толтырылады.

5 Әдебиеттер

5.1 Негізгі

1 Айталиев Ш.М., Дүзелбаев С.Т. Матреиалдар кедергісі: Есептер шығаруға арналған оқу құралы, 1 бөлім. – Алматы: Рауан, 1991. – 176 б.

2 Аманжол М. Нұғыман. Теориялық механика негіздері. – Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті. – Семей: СМУ, 2002. – 259 б.

3 Беркімбаев О.С., Дүзелбаев С.Т., Сыдықов Ә.А. Теориялық механика негіздері: жоғарғы техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық, 1 бөлім, статика. – Алматы: ОӘӘЖ РБК ҚР БМ, 1993. – 96 б.

4 Дүзелбаев С.Т. Матреиалдар кедергісі: Есептер шығаруға арналған оқу құралы, 2 бөлім. – Алматы: Рауан, 1996. – 196 б.

5 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Қолданбалы механика. Дәрістік конспект, 1 бөлім, теориялық механика. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2005. – 120 б.

6 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Қолданбалы механика. Дәрістік конспект, 2 бөлім, материалдар кедергісі. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2005. – 138 б.

7 Дүзелбаев С.Т. Механика. Оқулық жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2005. – 308 б.

8 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Материалдар кедергісі, есептер шығаруға арналған оқу құралы: Редакциялық нұсқау беруші т.ғ.д., профессор Б.Б. Телтаев. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2006. – 170 б.

9 Дүзелбаев С.Т. және т.б. Материалдар кедергісі: есептеу–сызба жұмыстарының тапсырмалар жинағы. Оқу құралы жоғарғы және орта кәсіптік мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттері үшін арналған. – Павлодар: ПМУ ҒБО, 2006. – 120 б.

10 Дузельбаев С.Т., Жадрасинов Н.Т. и др. Учебное пособие для студентоа немеханических специальностей дневной и заочной формы обучения. – Павлодар: ПГУ НИЦ, 2005. – 88 с.

11 Жапаров Ж.Ж., Құлтасов Қ.А., Тәтенов А.М. Теориялық механика есептерін шешу: Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 168 б.



12 Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Теориялық механика. –Алматы: Атамұра, 2002. – 575 б.

13 Жолдасбеков Ө.А., Сағитов М.Н. Кинематика есептері және олардың шешу жолдары. – Алматы: Мектеп, 1985. – 230 б.

14 Жолдасбеков Ө.А., Ахметов А.Қ. Теориялық механика есептер жинағы. – Алматы: Ғылым, 2003. – 394 б.

15 Тажибаев С.Д. Қолданбалы механика: Жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Білім, 1994. – 336 б.

16 Теоретическая механика: Методические указания и контрольные задания для студентов-заочников строительных, транспортных, машиностроительных и приборостроительных специальностей высших учебных заведений / Л.И. Котова, Р.И. Надеева, С.М. Тарг, В.Л. Цывальский, И.М. Шмарова / под ред. С.М. Тарга. – 4-е изд. – М. : Высш. шк., 1989. – 111с.
5.2 Қосымша

1 Дарков А. В., Шпиро Г. С. Сопротивление материалов: учеб. для техн. вузов. – М. : Высш. шк., 1989. – 624 с.

2 Дарков А.В., Кутуков Б.Н. Сопротивление материалов. Методические указания и контрольные задания. Изд. 12-е перераб. – М. : «Высш. школа», 1976. – 56 с.

3 Добронравов В.В., Никитин Н.Н., Дворников А.А. Курс теоретической механики. Изд. 3-е, перераб. Учебник для вузов. – М. : Высш. шк., 1974. – 528 с.



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет