Мейіргерлік үрдіс және мейіргерлік күтімнің жоспары. Мақсаты



Дата07.11.2019
өлшемі110.12 Kb.
Мейіргерлік үрдіс және мейіргерлік күтімнің жоспары.

Мақсаты: Пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру мақсатында мейіргерлік үрдісті құру.

Міндеті: Білім алушыларға мейіргерлік үрдіс түсінігін, әр кезеңнін жүзеге асырылуын түсіндіру.

Мейірбикелік үрдіс – мейірбике мен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын мәселелер жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік машықтанудың ғылыми әдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.

Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:

- Пациент туралы ақпараттар базасын құру

- Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау

- Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету

- Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама

көрсетіп отыру

- Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін

бағалау.

Мейірбикелік үрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы

Және әрбір кезеңнің мазмұны

Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:

I кезең - мейірбикелік тексеріс немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларын бағалау.

II кезең - пациенттің мәселелерін анықтау. Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.

III кезең - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.

IV кезең – жоспарды жүзеге асыру

V кезең – мейірбикелік күтімінің қорытынды бағасын шығару.

Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.

Мейірбикелік технологияның жаңа жетістігі денсаулық сақтау практикасына кәсіби іс әрекетінің стандарттарын қолдану арқылы мейірбикелік қызметті енгізу болып табылады.

Стандарт - бұл бірыңғай және міндетті түрде қолданылатын үлгі, норма. Стандартты күту жоспары – пациенттің белгілі бір мәселелері бойынша сапалы күтімді қамтамасыз ететін мейірбикелік қызымет көрсетуінің базалық деңгейі. Жекелік күту жоспары – мейірбикенің іс-әрекетінің толығыменжазбаша тізімін алу. Сондықтан жекелік күту жоспарын орындау үшін, мейірбике арнайы күтім стандарттарын білуі қажет.



Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны

Мейірбикелік үрдістің бірінші кезеңі - Пациенттің жағдайын бағалау


Пациенттің жағдайдын бағалау үшін ақпараттар жинау маңызды. Пациенттер туралы мәліметтер толық және анық болуы керек. Пациенттің денсаулық жағдайының хабарлығын әр түрлі әдіспен және әр түрлі қайнар көздері арқылы жинауға болады: пациенттерден, жанұя мүшелерінен, кезекшілер мүшелерінен, медициналық құжаттардан, физикалық тексерістен, диагностика тестілерінен т.б. Мейірбикелік тексеріс пациенттен сұрау арқылы басталады, бұл кезде мейірбике пациенттің физикалық денсаулығы туралы, психологиялық, әлеуметтік, эмоцияналдық, рухтың, ойын мәлімдеп алады, пациенттің ерекшелігін, негізін, бет әлпетін, оның пікірін біледі. Субъективтік, объективтік әдістер қолдана отырып, керекті ақпаратар алғаннан кейін, мейірбике оны талдайды:

1. Күтім жоспарын құрмастан бұрын пациент туралы толық мәлімет алу.

2. Адамның қалыпты жағдайын, жағымды жақтарын анықтау.

3. Күтім көрсетудегі адамның қамтамасыз етілмеген қажеттіліктерін анықтау.

4. Пациенттпен нәтижелі қатынас жасау және ынтамақтастыққа шақыру

5. Пациентпен күтім ерекшілігін және күту нәтижесін талқылау

6. Пациенттің қажеттілігін есепке алып, оған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету

7. Құжаттарды толтыру

8. Жаңа мәселенің пайда болуына жол бермеу

Мәліметтер жинауға немесе субъективтік тексерістерге кіреді:

- пациенттің толық құжаттық мәліметтері

- дәрігер диагнозы

- қазіргі уақыттағы шағымдары

- ауру тарихы: әлеуметтік жағдайы, өмір баяны, аллергологиялық анамнезі,

гинекологиялық және эпидемиологиялық анамнезі.

- ауруын сипаттау, оның қалай, қай жерге әсер ететінін анықтау

Объективтік тексеру немесе ауруханаға келген пациенттің жағдайын бағалау:

- Физиологиялық мәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер.

- Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз, салмақты, немқұрайсыз.

- Сана сезімі: есі дұрыс, есін білмейді, анық сана сезімі, ступор, сопор, кома.

- Төсектегі жағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы.

- Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әр түрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің қызаруы, бозаруы, сарғаюы, құрғақтығы, терінің түсуі

- Сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы, бұлшық ет жұмысының бұзылуы

- Дене қызуы: норма бойынша, субфебрильді, фебрильді.

- Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері (ырғақтығы, тереңдігі) дем алу бөлінеді (сыртқы, терең дем), іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы) норма бойынша минутына 16-18 рет.

- Қан қысымы: гипотония, нормотония, гипертония

- Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы, толықсуы, норма бойынша минутына 60-80 рет

- Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау, катетер арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы (өз бетінше, ретті, дәретін ұстамау, колостома арқылы),.

- Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу)

- Ес: сақталынған, бұзылған

- Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс протездері

- Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі

- Қозғалуға қабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б.

- Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсу, қорлар.

- Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау

Мейірбике істей білу керек:

- сөйлеу үлгісін суреттеу, мінезін бақылау, эмоциалдық жағдайын, психомоторлық өзгерістерін, сезімін байқау

- пациенттен әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін жинау

- қауіп - қатер факторларын анықтау

- пациенттің қажеттілігін бағалау, қамтамасыз етілмеген қажеттігін анықтау.

Пациенттің жағдайын бақылағанда мейірбикелік іс-әрекеттері:

- пациенттің жағдайындағы барлық өзгерістерді бақылау

- уақытымен дәрігерге өзгерістерді хабарлау

- шұғыл жағдайларда пациенттке дәрігерге дейін көмек көрсету.

Пациентті бақылау кезінде мейірбике назар аудару керек:

- сана сезіміне, төсектегі жағдайына

- бет жүзінің өзгерістеріне

- терінің, көрінетін шырышты қабаттарының түсіне

- қан айналу, дем алу мүшелерінің қызыметіне

- зәр шығару жолдарының қызметтеріне, үлкен дәретіне.



Мейірбикелік үрдістің IІ-ші кезеңі - диагностикалау немесе пациенттің мәселелерін анықтау

Пациентің мәселелерін және осы мәселелерді тудыратын факторларын диагностикалау болып табылады. Пациенттің айқын (қазіргі уақыттағы) және потенциалдық (кейін болып қалу мүмкін) мәнбірлері мейірбике күту жоспарына енгізіледі. Бұл мәселелерді мейірбикелік диагнозы деп атайды, сондықтан бұл мейірбикелік үрдісінің екінші кезеңі болып саналады.

Мейірбикелік диагноз дегеніміз - ол мейірбикенің клиникалық пікірі, мұнда анық немесе потенциалдық мәселелер беріледі, мұндай мәселелерді мейірбике өздігімен шеше алады.

Мейірбикелік диагноз - бұл пациенттің (қазіргі, потенциалдық) мейірбикелік тексерістің нәтижесінде анықталған жағдайы, мұндай жағдайларда мейірбикелік кірісуді талап етеді.

Мейірбикенің қызыметін анықтау мақсатында мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 1973 жылы АҚШ-да І-ғылыми конференция өткізілген. 1991жылы мейірбикелік диагноздардың жіктелуі бойынша 114 негізгі мәселелер берілген, оның ішіне гипертермия, стресс, әлеуметтік өзін қорғау, мазасыздық т.б. енгізілген.

Мейірбикелік диагноздың дәрігерлік диагноздан мынандай айырмашылықтары бар:

- дәрігерлік диагноз бойынша ауру анықталады, ал мейірбикелік диагноз ағзаның ауруға деген серпілісін білуге бағытталған;

- дәрігерлік диагноз пациент ауырғанша өзгермейді, ал мейірбикелік диагноз әрбір сағат сайын өзгеріп отыруы мүмкін;

- дәрігерлік диагнозында дәрігер тағайындауы бойынша ем қолданады, мейірбикелік диагнозында мейірбикелік кірісуі қажет;

- дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістермен байланысты болса, мейірбикелік диагноз пациенттің өз жағдайының өзгеруіне байланысты болады;

- мейірбикелік диагноз бірнеше болуы мүмкін, ал дәрігерлік тек қана біреу болады.

Қазіргі уақытта мейірбикелік диагноздар ағзаның бұзылуына байланысты 14 топқа бөлінеді:

- қозғалыс (қозғалыс белсенділігінің төмендеуі)

- дем (демнің қиындауы, жөтелу, тұншығу)

- қан айналу (ісіктер, аритмия т.б.)

- ас қорыту (жұтынудың бұзылуы, құсу, жүрегі айну, дәретінің жүрмеуі)

- зәр жолдарының өзгерістері (зәрдің тұрып қалуы, жиі шығуы)

- гомеостаз (гипертермия, гипотермия, иммунитеттің төмендеуі)

- мінезі (дәрілерді қабылдамау, әлеуметтік қорғаныш, суицид т.б.)

- зеректік, түйсін сезімі (құлағының естімеуі, көзінің көрмеуі, дәм сезуінің бұзылуы)

- назарлық (өз бетінше, еріксіз)

- ес (гипоамнезия, амнезия, гиперамнезия)

- ойлау (ақыл-есінің төмендеуі)

- эмоционалдық, сезімдік өрісінің өзгеруі (қорқыныш, мазасыздық, апатия, эйфория т.б.)

- гигиеналық қажеттілігінің өзгеруі (гигиеналық білімнің, дағдының аздығы, медициналық қызымет көрсетуіндегі мәселелер және т.б.)

- организмнің негізгі өмірлік процессінің өзгеруі адам өмірінде анатомо-

физиологиялық, психоәлеуметтік рухани өзгерістерінің пайда болуы.

Мейірбикелік диагностикада негізгі пациентпен әңгіме құру және бақылау болып табылады. Мейірбике пациенттпен қарым-қатынас жасау арқылы пациенттің жанұяда немесе жұмыс орнында психологиялық қысымның болу немесе болмауын анықтап отырады (өз-өзіне қанағаттанбаушылығы, ұялшақтығы және т.б.). Пациенттің жүріс-тұрысы, мимикасы, дауысы, киімі, мінезі жағдайы туралы көп мәлімет береді. Пациент өзінің психологиялық ұстамдылығын жоғалтып, уайым, қорқыныш сезімі, шыдамсыздық, ұятшылдық, депрессия пайда болуы мүмкін, сондықтан мейірбике пациенттің психологиялық диагнозын білуге тиіс. Мысалы: тазарту клизмасын жасар алдында пациент қызара бастап ұялады немесе өзін күте алмағандықтан уайым пайда болады. Мейірбике пациент туралы барлық мағұлматтарды дәрігерге айтып, кейін өзінің мейірбикелік картасына тіркеп отырады. Психологиялық әңгіме жүргізгенде пациенттің жекелік қасиеттерін силауға тырысу керек, оның мәселесін айқын қабылдап көмек көрсету керек. Осы мәселелерді шешкеннен кейін мейірбике қандай көмек көрсетуін жоспарлауға тиісті.



Мейірбикелік үрдістің үшінші кезеңі -

Мейірбикелік кірісу жоспарын енгізу


Жоспардың жұмыс істеуіне мынадай қызметтердің жүйелі орындалуын талап етеді:

1. Көзделген іс- әрекеттерді орындау, және оларды тіркеу, үйлестіру.

2. Жоспарланған, бірақ күтім жасалынбағаны туралы тіркеу.

3. Пациентті және оның отбасы мүшелерін көмек көрсету процессіне қатыстыру

4. Емдеу процессіне мейірбикелік күтім жоспарын іске асыру, үйлестіру және интеграциялау. Бұл жұмыстарды жоғары деңгелі білімі бар немесе жоғарғы білімді мейірбикелер орындайды.

Жоспар түрлері:

- Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.

- Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т.б. бағытталған.

Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:

 іс-қимыл;

 белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;

 шарты – кімнің (ненің) көмегімен.

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз – берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.

Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.

Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.

Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

4-кезең


Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

  • тәуелді

  • тәуелсіз

  • өзара тәуелді

Тәуелді – дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т.б.

Тәуелсіз – дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:


  • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.

  • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;

  • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;

  • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т.б.

Өзара тәуелді қатысу – дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т.б.

5-кезең

Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.

Мейірбикелік процесс – медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Мейіргерлік үрдіс маңызын түсіндіріңіз

2.Мейіргерлік үрдістің әр кезеңіне сипаттама беріңіз

3.Мейіргерлік диагноздың дәрігер диагнозынан артықшылығын көрсетіңіз



4. Пациент үшін мейіргерлік үрдістің тиімді жақтарын атаңыз

5. мейіргерлік араласу түрлерін атаңыз

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет