Мейірімділік адамгершілік белгісі



жүктеу 22.93 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі22.93 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Мейірімділік - адамгершілік белгісі

Әрбір баланың адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау – әрбір азаматтың, мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өркендеп-өсуіне қосқан үлесі болары сөзсіз.

Адамға ізгілік жасау – сауапты іс. Әсіресе, жаны қысылып, қиындыққа кезіккен пенделерге қол ұшын берудің абзалы мол. Ауданымызда қайырымдылық жасаудың тағылымын түсінгендер де аз емес.

Аудандық мәдениет үйінде «Керемет шеберхана» атты облыстық қолөнер көрмесі өтті. Көрмеде «Мейірімділік пен қамқорлық» жобасы аясында Елордамыз Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай «Алаштың айбыны, қазақтың ай-күні - Астана» атты мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Керемет шеберхана» облыстық қолөнер сайысындағы еңбек пен өнерге құштар балалардың қолөнер бұйымдары көптің назарына ұсынылған болатын. Бұл көрме облыс орталығынан арнайы әкелінді. Кешті «Қарлығаш» халықтық би ансамблі ашты.

Аудан әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова алғашқы болып сөз сөйлеп, кемтар балалардың ақыл есінің кемдігін, көзінің көрмейтінін, құлағының естімейтінін емдеп жаза алмасақ та, оларға бар мүмкіндігімізді пайдаланып, әлеуметтік көмек беріп, деңгейлеріне қарай тәрбиелеу мен оқытуға бірігіп жаңа жолдарын іздестіруіміз және көмек беруіміз қажет екендігі туралы айта кетті. Сөз соңында мемлекет тарапынан балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтарды алға тартты.

Кеште іс-шараның арнайы қонағы, Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Бақытгүл Амангелдіқызы өз ықыласын білдіріп, әрбір балаға жүрек жылуын, адамгершілік махаббатын сыйлайтын мәдени көпшілік шара ұйымдастыруға қол ұшын берген орталықтандырылған кітапхананың директоры Бибігүл Исатаеваға, сонымен қатар, ауылдық округтердің кітапханашылары мен кітап оқуда белсенділік көрсеткен бірнеше оқырманға мақтау қағаздарын табыс етті. Осындай іс- шараның ұйымдастырылуына себепкер болған бүлдіршіндеріміздің ата-аналарына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.Сонымен қатар, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Жұмағұлова қоғамда адамға деген әділдік, мейірімділік пен қамқорлық орнамаса, ол қоғамның болашағы бұлдыр болады, өркениетке жете алмайды, яғни жауапкершілік деңгейі биік адамдар көп болған кезде ғана қамқорлық жасай алатынымыз туралы сөз қозғады. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Разия Мырзабекқызы құттықтау сөзін сөйлеп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтарын тарту етті.

Кеш барысында өткен жылы Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Ақтөбе - жыр құшағында» байқауына қатысып, бірінші орынды жеңіп алған Ақырап орта мектебінің 10-класс оқушысы Нұрқанат Дауытов және Нұрсұлтан Мұхитанов, Махаббат Балуанова сынды жас өнерпаздар өз өнерлерін көрермендерге паш етті.

Барша балаға мейірімділік пен махаббат сыйлаған бұл іс-шара олардың жүректерінде болашаққа деген сенімділік пен күш-жігер ұялатты.



Оқушылардың, адамдардың бір-бірін жақсы көруі, мейірімділік, жанашырлық бауырмалдықты білдіреді. Ол адамдардың туыстық негізінде ғана емес, жалпы адами қасиет ретінде өзге жұрттарды бауырына тарту, оларды жақын санап, қамқорлық көрсету, жатсынбау - көпшіл болудан білінеді. Оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұжымда жұмыс жасай білуге үйретіп, оларға қамқорлық жасау әр адамның парызы.

Ажар Тасболатқызы.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет