Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуында ойынның алатын орны дәрібаева Сәндігүл Құлаханқызы



жүктеу 85.9 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі85.9 Kb.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАМУЫНДА ОЙЫННЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Дәрібаева Сәндігүл Құлаханқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті



Дүйсекеева Нүргул Жалелатдинқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


Кеңес дәуірінен бастап ойын ғылыми зерттеу пәні ретінде танымал. Ол балаларды тәрбиелеудің маңызды құралы ретінде кең көлемде қолданылған. Тәрбиелеу үдерісі қоғамдық қызмет атқара бастаған кездерден бастап, ғасырлар қойнауында ойын тәрбие құралы ретінде қолданылып келеді. Тәрбиелеудің әр алуан түрлерінде ойын ерекше орын алады. Себебі баланың болмыс табиғатымен үйлесіп жатқандығынан болса керек.

Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын мәселесі психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр.

Балалық шақ – ойынсыз қалыпты да мәнді емес. Баланы ойыннан алшақтату – бұл негізгі дамудың қайнар көзін жоғалту болып табылады. Сондай-ақ шығармашылық импульстер, әлеуметтік практиканың белгілері мен дәстүрлерінен, ұжымдық қарым-қатынастың микроклиматы (ахуалымен) байлығынан әлемді тану белсенділігінен т.б. алыстатады.

Балалар өте қызықты сәттерге толы ойындарды күнделікті тұрмыстық заттардың көмегімен өз әлемдерінде асқан құштарлықпен ойлап шығарады. Ойын балалардың өзін-өзі бақылауын сақтай отырып, адам іс-әрекетінің өмір тақырыптары туралы шексіз сюжеттер мазмұнымен қызмет көрсетіп ғана қоймай, ол тәрбиелейді, дамытады, әлеуметтендіреді.

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі[1]. Ойын - баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге де болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда, болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше маңызды орын алатындығын білеміз.

Көптеген педагогтар мен психологтар ойынның өзіне тән маңызды ерекшеліктерін бөліп сипаттаған. Оқу тәрбие үдерісінің тиімділігі үшін ақпаратты енжар пайдаланушының орнына тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін полифункциялық ерекшелік деп көрсетеді.

Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Психологияда және педагогикада ойын теориясын оның тарихи қалыптасуын оның әлеуметтік табиғатын, оның ішкі құрылымын, оның индивидтің дамуындағы мәнін Л.С.Выготский [2], А.Н.Леонтьев [3], Д.Б.Эльконин [4] т.б. да ғалымдар қарастырды. А.Н. Леонтьев өзінің «Мектепке дейінгі ойынның психологиялық негіздері» деген еңбегінде балалардың сюжеттік-рольдік ойынның қалыптасуын келесідей түсіндірді. «Балалардың әрекеті барысында оның қарқынды дамуымен заттармен қарым-қатынас жасауына деген қажеттілігі арасында қайшылық пайда болады, келесі жағынан ол әрекетті жүзеге асыру операциялары дамиды. Бала машинаны өзі жүргізгісі келеді, өзі қайықпен жүзгісі келеді, бірақ оны жүзеге асыра алмайды, себебі бұл әрекеттерді жүзеге асыратын қажетті операцияларды әлі меңгермеген болғандықтан. Бұл қайшылық балаларда тек іс-әрекеттің бір типі арқылы шешіледі бұл – ойында, ойын әрекетінде.

И. Хейзинга ойынның пайда болуын мәдениетпен байланыстырады: «Мәдениет ойыннан пайда болған жоқ, бұл қателік. Алайда мәдениет ертеде ойындық форма ретінде көрінді. Мәдениет ең басыда ойналды, яғни өмірлік қажеттіліктерді өтеуге бағытталған іс-әрекет түрінде болды» деген.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады.

Психологтардың анықтауы бойынша, ойын балалардың өмірге бейімделулері кеңейіп, айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді. Зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық үрдісті біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Мектепке дейінгі жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз.

Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандартының «Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты: «мектепке дейінгі жастағылардың эмоционалдық сезім жүйесі мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестетуін дамыту[5]. Мұнда жеке шығармашылық құзіреттілікке анықтама берген. Жеке шығармашылық құзіреттілік дегеніміз – «жеке шығармашылық қабілеттерін танытуы, мәселелерді шешуде ерекше тәсілдерді ойлап тауып, түрлі жолдарын ұсына білу».

Шығармашылық - белсенді, мақсатқа бағытталған адамның әрекетінің нәтижесінде жаңа, ерекше бір заттың, нәрсенің пайда болуы. Шығармашылықтың дамуына жағымды әсер ететін жағдай туғызып, қажетті құралдармен қамтамасыз ету өте маңызды. Қазіргі таңдағы бірқатар психологтардың пікірінше, бала шығармашылығы дамуының керемет кезеңі – мектепке дейінгі шақ болып табылады. Сондықтан мектепке дейінгі жастағы баланың барлық әрекет түрінде шығармашылығының дамуына көп көңіл бөлінеді.

Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы қол жеткізу деп түсіну керек. С. Ожеговтің сөздігінде «шығармашылық – материалдық және мәдени құндылықтар жасау» делінген. Философиялық сөздікте: «шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», - деп түсіндіріледі. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Себебі, әрбір жаңалық әсіресе интеллектуалдық тұрғыдан болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді.

«Ойынға деген қажеттілік тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктеріне тікелей тәуелді. Л.С. Выготскийдің пікірінше, шығармашылық дегеніміздің өзі - іс-әрекет үдерістің мазасыздануы мен қуанышының міндетті байланысында, ол кездейсоқ жоспарсыз ойындар» деп зерделеген [2].

Әдеттегідей, балаларда жеткіншектік жаста шығармашылыққа аса зор қызығушылық танытады. «Баланың қиялының мұндай өзгерістері көбінесе ерте балалық шақта қызығушылық туғызуы мүмкін».

Т.Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды дей келе, мектеп жасына дейінгі кезеңді – қиялдың тез дамитын уақыты деп тұжырымдайды.

Сондықтан ойын арқылы қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөліп көрсетуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта):

Бірінші кезең - баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы);

Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;

Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;

Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).

Психология және педагогика саласында соңғы кездерде балалар ойындары туралы мәселені зерттеулер жүргізіліп жүр. Олар ойынның ең ерте кезде пайда болуына қатысты, яғни ойындағы балалардың әлеуметтік қатынас сұрақтары ойынның интеллектуалды дамуға әсер етуі. Біріншіден, Л.С.Новоселованың ойын алдындағы қимылдың ең ерте дамуына арналған зерттеуі. Екіншіден, Н.Д. Сонолованың ақыл – ойы төмен балалардың рөлдік ойындарды қалыптастыру мүмкіндігі туралы. Үшіншіден, Н.Я.Михайленконың мектепке дейінгілердің сюжеттік ойынды қалыптастыру шартындағы жариялануы; төртіншіден, К.Я.Вольцистің зерттеуінде ойынның мағынасы, коорекциясы үшін топтағы балалар арасындағы өзара қарым-қатынас анықтамасы; бесіншіден, зерттеу циклі Д.Б.Эльконин жетекшілігімен жүргізуі. Бұл жұмыста ойынның психологиялық механизмінің кейбіреулері баланың жоғары деңгейінің интеллектуалдылық дамуынан (В.А.Недоспасова, Е.В.Филиппова, В.Г.Белоус) қалыптастыру үшін жиі де мектепке дейінгі балалардың өздерін ұстай алу (Е.А.Бугрименко) өзіндік бақылауды қалыптастыру мүмкіндігі анықталды.

Жоғарыда айтылғандай бәрінен бұрын ойын бұл - шығармашылық үдеріс.Көпшілік жағдайда таптаурындар стереотиптер құрылады. Демек шығармашалық бұл – «идея» таңдамалылар болып табылады. Алайда Л.С.Выготскийдің «Балалық шақтағы қиял мен шығармашылық» деген еңбегінде бұл ой жоққа шығарылады. Егер шығармашылықта «өмір сүрудің қажетті жағдайы деп қарастырсақ, онда шығармашылық үдерістер барлық жағдайда жоғары деңгейде кездеседі, яғни өте ерте жас пен ересек адамдарда болатынын түсіну жеңіл.

Ойынның бала өмірінде алар орнын қазақстандық ғалым Н. Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинк, күнделікті негізі әрекет және оның жеке өмірі, - деп дәлелдеген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатта пайдалану – баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артады», деп атап көрсеткен.

Қорытындылай келе, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжеттік-рөлдік, қимыл-қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналасындағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі артып, игерген білім машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі шығармашылық белсенділігін ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Меңжанова Б. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы: Рауан, 1991 ж

2. Выготский Л.С. Воображение и творчества в детском возрасте, Москва

1991 г.

3. Леонтьев А.Н. Психологические основы дошкольной игры. М : 1980 г



4. Эльконин Д.Б. Психология игры. - Москва: Педагогика, 1987

5. Жұмалиева Г.Қ. Балдәурен. Әдістемелік құрал: Алматы, 2002 ж.

6. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» стартегиясы. Алматы, 2005 ж.

7. Петров. А.В. «Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу», 2001 ж.

8 .«Қарлығаш бағдарламасы». Оқу әдістемелік кешені. 2009 ж.

9. Дошкольная педагогика / Под.ред. В.Ш. Логиновой, П.П. Саморуков. –

Москва. Просвещение 1988 г.

10. Мухина В.С. Детская психология. Москва, 1992 г




Тіркеу формасы

1.Тегі,аты-жөні: Дәрібаева Сәндігүл Құлаханқызы

2.Мақала тақырыбы :«Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық дамуында ойынның алатын орны»

3.Секция «Мектепке дейінгі білім беру –балаларды әлеуметтендіру институты: отандық және әлемдік тәжірибе.

4.Автордың мекен-жайы: Қызылорда қаласы,мерей ш/а 10үй,37 пәтер.

5.Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы: П.ғ.м,доцент міндетін атқарушы.

6.Телефон -72422-249066,87773440309,87784958684

7.Е-mail: Sandigul63@mail.ru



8.Қатысу формасы:сырттай

9.Қажетті техникалық құралдар
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет