Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” мемлекеттік қызметінің регламенті



Дата26.04.2016
өлшемі67.98 Kb.





Павлодар облысы

Ақтоғай ауданы әкімдігінің

2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 352

қаулысымен бекітілді




Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің

кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: “Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің

кадастрлық (бағалау) құнын бекіту”.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 7 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекiтiлген “ Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi - Стандарт) негiзiнде көрсетiледi

4. Мемлекеттік қызмет “Ақтоғай ауданының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді, Павлодар облысы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 77, телефон (8-718-41) 21-4-25, жұмыс сағаты 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мерекелік күндері, қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады;

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі қағаз тасымалдағыштағы бекiтілген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жазбаша жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мемлекеттік қызмет алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 3 жұмыс күні.

Құжаттарды тапсыру және алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

Құжаттарды тапсыру және алу кезінде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты – 30 минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызметтiк көрсету үдерісінде

iс-әрекет тәртібінің сипаттамасы
9. Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушы Стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін тапсыру қажет.

Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттік қызмет алушыға құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда сұраудың нөмірі және қабылданған күні, сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары құжаттарды беру күні (уақыты) және орны, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты мен лауазымы көрсетіледі.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден Стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайда бас тартады.

11. Ақпараттық қауiпсiздiкке қойылатын талаптар: тұтынушы құжаттары мазмұнының қорғалуын және ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етедi.

12. Мемлекеттiк қызметтi көрсету барысына қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi - бірліктер):

1) Уәкiлеттi органның маманы;

2) Уәкiлеттi органның бастығы;

13. Бірліктердің іс-әрекеттерінің реттілігі осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетілген.

14. Бірліктердің іс-қимыл реттінің логикалық сұлбасы осы регламенттің 2 қосымшасында көрсетілген.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн

лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi
15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңңамалары бойыншa жауапқа тартылады.





2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 352

“Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” мемлекеттік қызметінің регламентіне

1 қосымша



Бірліктің тізбелік және әрекеттестік іс-әрекетінің сипаттамасы


Негізгі үрдістің іс-әрекеті (жолы, жұмыс барысы

1

Әрекеттің (барыстың, жұмыс легінің) №

1

2

3

4

5

2

Бірліктің

атауы



Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның бастығы

Уәкiлеттi органның маманы

Уәкiлеттi органның бастығы

Уәкiлеттi органның маманы

3

Әрекеттің (процестің, ресімнің, операция-ның) атауы және олардың сипаттамасы


Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді

Құжаттарды қарайды, резолюцияға қолын қояды


Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісіне немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды

Журналда тіркейді

4

Аяқталу нысаны (мәлімет, құжат, ұйымдастырушылық-өкімші шешім)

Құжаттарды қабылдаған туралы қолхат



Резолюция


Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасы

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты береді

5

Орындау мерзімдері

30 минуттан артық емес

30 минуттан артық емес

1 жұмыс күні

30 минуттан артық емес

30 минуттан артық емес

1 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі әрекеттің нөмірі

2 колонка

3 колонка

4 колонка

5 колонка








2012 жылғы “28” желтоқсандағы № 352

“Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” мемлекеттік қызметінің регламентіне

1 қосымша



Мемлекеттік қызмет ұсыну кестесі


Тұтынушы







Уәкілетті органның маманы

Құжаттарды қабылдайды, тіркейді, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді. Құжаттарды қабылдаған туралы қолхат

(30 минуттан артық емес)


Уәкілетті органның маманы

Журналда тіркейді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісін немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты береді

(30 минуттан артық емес)





Уәкілетті органның бастығы Құжаттарды қарайды, резолюцияға қолын қояды. Резолюция

(30 минуттан артық емес)



Уәкілетті органның бастығы Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісіне немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасына қол қояды. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауап

(30 минуттан артық емес)




1 жұмыс күні





Уәкілетті органның маманы

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасын дайындайды. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптың жобасы

(1 жұмыс күні)

1 жұмыс күні






Каталог: upload -> files -> Reglam uslug
Reglam uslug -> Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
Reglam uslug -> Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Reglam uslug -> "18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау"мемлекеттiк қызмет көрсету Регламенті
Reglam uslug -> Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау
Reglam uslug -> "Ветеринариялық анықтама беру"мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер
Reglam uslug -> Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау
Reglam uslug -> Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
Reglam uslug -> Шарбақты ауданы әкімдігінің 2012 жылғы «6» қарашадағы №352/9 қаулысымен бекітілген
Reglam uslug -> Регламенті Жалпы ережелер Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Reglam uslug -> Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет