Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау



Дата25.04.2016
өлшемі114.8 Kb.
Ақсу қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 21 маусымдағы
N 414/5 қаулысымен  
бекітілген     

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек
тағайындау" мемлекеттiк қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтiң атауы: "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау" (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет).


      2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi N 394 қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (одан әрi - стандарт) негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет:
      1) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (одан әрi – бөлiм) жүгiнген кезде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орын келесi мекен-жайда орналасқан:
      Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Совет көшесi 10, телефон: 63847, демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерi, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейiн түскi үзiлiспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн, электрондық пошта мекен - жайы zanak@yandex.ru;
      2) осы регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес тұрғылықты жері бойынша кенті, ауыл және ауылдық округ әкiміне жүгiнген кезде көрсетiледi.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесі тұтынушыға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы хабарлама, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдағыштан жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.
      7. Тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      бөлiмге жүгiнген кезде – он күнтiзбелiк күн iшiнде;
      тұрғылықты орны бойынша кенті, ауыл және ауылдық округ әкiмiне – отыз күнтiзбелiк күннен кешіктермей.
      Тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шекті ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезекті адамдар санына байланысты болады.
      Тұтынушы көрсетуге өтiнiш берген күнi сол көрсетілетін мемлекеттiк қызметті көрсету уақыты - 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттiк қызметтiк көрсету үдерісінде
iс-әрекет тәртібінің сипаттамасы

      9. Осы мемлекеттiк қызметтi алу үшін тұтынушы стандартың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін тапсыру қажет.


      Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.
      Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi: барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға тiркелеген және мемлекеттiк қызметтi алу уақыты, және құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғанының тегi, аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден стандарттың 16-тармағында көрсетiлген жағдайда бас тартады.
      11. Бөлімімен мемлекеттiк қызметтi көрсету барысына қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi - ҚФБ):
      1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша (бұдан әрі - МАӘК) бас маман;
      2) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы.
      12. Кенті, ауыл және ауылдық округ әкiмiне өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету барысына қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi - ҚФБ):
      1) Кенті, ауыл және ауылдық округ әкiмi аппаратының маманы (бұдан әрі - ауылдық округ әкiмi аппаратының маманы);
      2) Кенті, ауыл және ауылдық округ әкiмi (бұдан әрі - ауыл әкiмi);
      3) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша (бұдан әрі - МАӘК) бас маман;
      4) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы.
      13. Әр іс-рекетті орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ-ның қарапайым iс-әрекетi бірізділігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы (тәртiбiнiң, мiндетiнiң, мәмiлелерiнiң) осы регламенттiң 1 қосымшасында көрсетiлген.
      14. ҚФБ-ның және iс-әрекеттердiң тiзбектiлiгiнiң өзара әрекеттерiнiң сызба нұсқасы осы регламенттiң 2 қосымшасында көрсетiлген.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсететiн
лауазымды тұлғалардың жауапкершiлiгi

      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн бұзған лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалары бойыншa жауапқа тартылады.

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек тағайындау" мемлекеттiк
қызмет регламентiне     
1 қосымша        

1. Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктерi
(ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

      1. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне өтiнген кезде





Iс-әрекеттер (жұмыс барысының, ағымның) N

1

2

3

4

5

1

ҚФБ атауы

МАӘК тағайындау бойынша бас маман

жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы

МАӘК тағайындау

бойынша бас маман



жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы

МАӘК тағайындау бойынша бас маман

2

Iс-әрекеттер (үдiрiстiң, тәртiптiң, мәмiленiң) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қарастыру

Хабарлама жобасын немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты дайындау

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауаптың жобасын қарастыру

Кiрiсхат-хабаржурналына тiркеу

3

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленушi шешiмдер)

Құжаттарды қабылдағандығы туралы талон

Резолюцияға қол қою

Хабарлама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауап жобасы

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапқа қол қою

МАӘК тағайындағандығы туралы хабарлама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жазбаша жауап беру

4

Орындау уақыттары

15 минуттан аспайды

1 күн

3 күн

1 күн

15 минуттан аспайды

5

Келесi iс-әрекеттiң нөмірi

2-колонка

3-колонка

4-колонка

5-колонка



2 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бiрлiктерi
(ҚФБ) iс-әрекеттерiнiң сипаттамасы

      2) Кенті, ауыл және ауылдық округ әкiмiне өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету



Негiзгi үдiрiстiң (жұмыс барысының, ағымның) iс-әрекетi






Iс-әрекеттер (жұмыс барысының, ағымның) N

1

2

3

4

5

6

7

1

ҚФБ атауы

Ауылдық округ әкiмi аппаратының маманы

Ауыл әкiмi

МАӘК тағайындау бойынша бас маман

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы

МАӘК тағайындау бойынша бас маман

Ауыл әкiмi

Ауылдық округ әкiмi аппаратының маманы

2

Iс-әрекеттер (үдiрiстiң, тәртiптiң, мәмiленiң) атауы және олардың сипаттамасы

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу

Тапсырылған құжаттардың толықтығын тексеру және оларды бөлiмге тапсыру

Тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тiркеу, хабарлама жобасын немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты дайындау

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты қарастыру

Хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты ауыл әкiмiне беру

Мемлекеттiк

жәрдем ақыларды тағайындау туралы хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты беру



Мемлекеттiк жәрдем ақыны тағайындау туралы хабарламаны немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауапты тұтынушыға беру

3

Аяқталу нысаны (мәлiметтер, құжат, ұйымдастырушы-иеленушiшешiмдер)

Құжаттарды қабылдағаны туралы талон

Құжаттарды бөлiмге тапсыру

Құжаттарды тiркеу

Резолюцияға қол қою

Хабарлама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауап

Хабарлама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауап

Хабарлама немесе бас тарту себептерi көрсетiлген жауап

4

Орындау уақыттары

15 минуттан аспайды

1 күн

12 күн

3 күн

1 күн

3 күн

15 минуттан аспайды

5

Келесi iс-әрекеттiң нөмірi

2 колонка

3 колонка

4 колонки

5 колонка

6 колонка




"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк


көмек тағайындау" мемлекеттiк
қызмет регламентiне     
2 қосымша        

а) Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне өтiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету сызба-нұсқасы

      


б) Селолық округ әкімдігіне өтінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету сызба-нұсқасы

"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк


көмек тағайындау" мемлекеттiк
қызмет регламентiне     
3 қосымша        

Ақсу қаласының кентi, ауыл және аулдық
округ әкiмiнiң аппараттардың атауы

N

Мемлекеттiк мекеменiң атауы

Орналасқан мекенжайы

телефон N

1

"Ақсу қаласы Ақсу кентi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Ақсу кенті, Шевченко қошесі, 39

8-718-37-3 02 32

2

"Ақсу қаласы Қалқаман ауылы әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қалқаман ауылы, Степная көшесi, 15

78 2 97

3

"Ақсу қаласы Алғабас ауылы әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылы, Советов көшесi, 4а

79 6 75

4

"Ақсу қаласы Үштерек ауылы әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Үштерек ауылы, Ленин көшесi, 1

77 2 30

5

"Ақсу қаласы Айнакөл селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Айнакөл селолық округi, Айнакөл ауылы, Центральная көшесi, 23а

70 2 44

6

"Ақсу қаласы Ақжол селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Ақжол селолық округi Ақжол ауылы

78 3 82

7

"Ақсу қаласы Достық селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Достық селолық округi, Достық ауылы, 1-линия көшесi

41 5 49

8

"Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Евгеньевка селолық округi, Евгеньевка ауылы, Гагарин көшесi, 17

74 4 10

9

"Ақсу қаласы Еңбек селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Еңбек селолық округi, Путь Ильич ауылы, Школьная көшесi

73 6 01

10

"Ақсу қаласы Жолқұдық селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Жолқұдық селолық округi, Жолқұдық ауылы

79 5 16

11

"Ақсу қаласы М.Омаров атындағы селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, М.Омаров атындағы селолық округi, М.Омаров атындағы ауыл, Ш.Арғынбаев көшесi, 1

41 0 38

12

"Ақсу қаласы Құркөл селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Құркөл селолық округi, Құркөл ауылы

41 2 49

13

"Ақсу қаласы Қызылжар селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Қызылжар селолық округi, Қызылжар ауылы, Школьная көшесi, 16

70 7 00

14

"Ақсу қаласы Пограничный селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пограничный селолық округi, Пограничный ауылы, Пограничный көшесi, 7

41 7 41

15

"Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округi әкiмiнiң аппараты" ММ

Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Сарышығанақ селолық округi, Сарышығанақ ауылы, Молодежная көшесi,10

40 2 00

Каталог: upload -> files -> Reglam uslug
Reglam uslug -> Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру
Reglam uslug -> Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру
Reglam uslug -> "18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау"мемлекеттiк қызмет көрсету Регламенті
Reglam uslug -> Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау
Reglam uslug -> "Ветеринариялық анықтама беру"мемлекеттiк қызмет регламентi Жалпы ережелер
Reglam uslug -> Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау
Reglam uslug -> Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту” мемлекеттік қызметінің регламенті
Reglam uslug -> Шарбақты ауданы әкімдігінің 2012 жылғы «6» қарашадағы №352/9 қаулысымен бекітілген
Reglam uslug -> Регламенті Жалпы ережелер Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Reglam uslug -> Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет