Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/6
Дата30.04.2016
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4   5   6
: files -> sites -> 1384418080685817 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Вопросы к экзамену по дисциплине «конституционное право зарубежных стран»
book-catalog -> Ала бойындағы тентектіктің тамырын кесіп тастасаңыз, ешқашан да данагөй шығара алмайсыз Жан Жак Руссо
book-catalog -> Сайыс: «Бұрымды қыз» Өтілетін күні
book-catalog -> Математика, информатика және физика пәндерінің әдістемелік бірлестігі отырыстарының тақырыптары 2013-2014 оқу жылы Жыл тақырыбы: «Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалана отырып, ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыру»
book-catalog -> Ғали Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы Тақырыбы: «Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр – көктем! Сынып
book-catalog -> Астана қаласы Білім әкімдігінің
book-catalog -> Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі
book-catalog -> АҒылшын тілі сабағында жаңа акпараттық технологияларды тиімді пайдаланып, ОҚушының шығармашылык және интеллектуалдық Қабілетін дамыту
Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi N 246 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 17-18, 247-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 10 тамыз N 170-171

МАЗМҰНЫ


      Осы заң халыққа мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейдi.

      1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) белгiленген кедейлiк шегiнен төмен адамдарға (отбасыларына) мемлекет ақшалай нысанда берiлетiн төлем;

      2) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау кезiнде ескерiлетiн табыс түрлерiнiң сомасы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;


      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық, аудандық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның атқарушы органы;

      5) учаскелiк комиссия - атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия);

      6) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтiк қорғау саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

      2-бап. Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығы

      1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлiк шегiнен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын деп танылған адамдардың, шетелдiктердiң және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар.
      2. Мыналарға:
      1) мүгедектердi және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт кезеңiнде болатын адамдарды, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттердi, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектердi, сексен жастан асқан адамдарды, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға;
      2) уәкiлеттi органдар ұсынған жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсiби даярлаудан, қайта даярлаудан, бiлiктiлiгiн арттырудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсiби даярлауға, қайта даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға жiберiлген күннен бастап, оған атаулы әлеуметтiк көмек қайта қалпына келтiрiледi.
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.

       3-бап. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға өтiнiш беру

      РҚАО-ның ескертуi!
      1-тармаққа 2010 жылғы 13 шiлдеде Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 224 Заңымен өзгерту енгiзiледi.

      1. Адам (бұдан әрi - өтiнiш берушi) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауы үшiн өз атынан немесе отбасы атынан әлеуметтiк жеке кодының нөмiрiн көрсетiп, тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне белгiленген үлгiде өтiнiш жолдайды.

      Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркеледi:
      1) отбасы құрамы туралы мәлiметтер;

      2) адамның (өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң) тапқан табысы туралы мәлiметтер;

      3) Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәлiметтер.

      2. Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.

      3. Өтiнiш берушi ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      4. Атаулы әлеуметтiк көмек алу құқығы тоқсан сайын табыстар туралы құжаттардың табыс етiлуi арқылы расталады.


      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      4-бап. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау тәртiбi

      1. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды атаулы әлеуметтiк көмек көрсетуге арналған тиiстi бюджетте көзделген сома шегiнде уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      2. Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi құжаттарды тiркеп, өтiнiш берушiге құжаттарды қабылдағаны туралы растама бередi.


      Уәкiлеттi орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi құжаттарды қабылдағаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде оларды учаскелiк комиссияларға қорытынды дайындау үшiн тапсырады.
      Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей учаскелiк комиссияның қорытындысымен қоса уәкiлеттi органға бередi.

      3. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күн iшiнде қабылданған құжаттар және учаскелiк комиссияның қорытындысы негiзiнде атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешiм қабылдап, ол туралы өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi, бас тартқан жағдайда - оның себебi көрсетiледi.

      4. Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2009.01.16. N 121 Заңымен.

      5. Уәкiлеттi орган тиiстi органдардан атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау үшiн ұсынылған құжаттарды қарауға қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқылы.

      6. Атаулы әлеуметтiк көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбiр мүшесiне тағайындалады.

      Отбасының құрамына:


      1) толық мемлекеттiк қамсыздандырудағы балалар;

      2) интернат-үйлерде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;

      3) мерзiмдi әскери қызметтегi адамдар;

      4) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлеп емдеудегi адамдар кiрмейдi.


      Атаулы әлеуметтiк көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленедi.

      7. Өтiнiш берушi мен алушы кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнiң iс-әрекеттерi мен уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне жоғары тұрған жергiлiктi атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.

      8. Уәкiлеттi органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмектiң тағайындалуы мен оны төлеудi ұйымдастырудың дұрыстығы үшiн жауапты болады.

      9. Уәкiлеттi орган халыққа атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбiмен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыруға мiндеттi.


      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

      5-бап. Учаскелiк комиссиялар

      1. Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органдарға және кент, ауыл (село) ауылдық (селолық) округ әкiмдерiне атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi қызметте жәрдемдеседi.
      Учаскелiк комиссиялар атаулы әлеуметтiк көмек берудiң қажеттiгi  немесе оның қажетсiздiгi туралы қорытындылар әзiрлейдi.

      2. Учаскелiк комиссиялар жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi кооперативтерiнiң, халықтың, ұйымдардың және бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау саласы уәкiлеттi органдарының өкiлдерiнен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiнен құрылуы мүмкiн.

      3. Учаскелiк комиссиялар өз қызметiн жергiлiктi өкiлдi органдармен келiсiлген және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдар бекiтетiн учаскелiк комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
      Учаскелiк комиссиялар туралы үлгi ереженi орталық атқарушы орган бекiтедi.

      4. Учаскелiк комиссиялар уәкiлеттi органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiнен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзiмде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексерудiң нәтижелерi негiзiнде қорытынды дайындап, оны уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiне бередi.

      5. Учаскелiк комиссиялардың тексеру жүргiзу үшiн тиiстi органдардан қажеттi мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

       6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп


             шығару

      1. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш жасалған кезде табыс етiлетiн құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.


      Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегi мен атаулы әлеуметтiк көмектен басқа, белгiленген уақыт кезеңiнде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрi енгiзiледi.
      Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесiн (жер үлесiн) кiрiс бермейдi деп айқындауға құқылы.
      Жиынтық табысты есептеу тәртiбiн орталық атқарушы орган айқындайды.

      2. Жан басына шаққандағы орташа табыс атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерiнiң санына және үш айға бөлу арқылы есептеп шығарылады.


      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының  2009.01.16. N 121 Заңымен.

      7-бап. Атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн анықтау

      1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн уәкiлеттi орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) отбасының әрбiр мүшесiне есептелген кедейлiк шегiнiң белгiленген айырмасы түрiнде есептейдi.

      2. Атаулы әлеуметтiк көмектi алушы уәкiлеттi органды, ал селолық жерлерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмiн атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн өзгерту үшiн негiз болатын немесе оны алуға құқық беретiн мән-жайлар туралы он бес күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.

      3. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерi қайтадан есептеледi.
      Алушы атаулы әлеуметтiк көмектiң мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектiң мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледi, бiрақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейдi, ал өтiнiш берушiнiң атаулы әлеуметтiк көмектi заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәлiметтер бергенi анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтiк көмектi ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады.
      Артық төленген сомалар өз еркiмен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.

      4. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау мен төлеу осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.


      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.01.16. N 121 Заңдарымен.

       8-бап. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау мен


             төлеудiң дұрыстығын бақылау

      Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау мен төлеудiң дұрыстығын бақылау тиiстi бюджеттiң атқарылуын бақылау шегiнде жүзеге асырылады.

      9-бап.

      Ескерту. 9-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

        10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шiлдедегi N 279 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 221-құжат

МАЗМҰНЫ


      Осы Заң есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттiк саясаттың құқықтық негiздерiн реттейдi және наркологиялық жәрдем көрсету мен азаматтардың денсаулығын, қоғамдық және мемлекет қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл шараларын белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлшек сауда - дәрiгердiң рецептi бойынша жеке тұтыну үшiн есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды даралап немесе шағын көлемде сату;

      2) есiрткiлер - есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде жiктелген, оларды терiс пайдаланғанда туындауы мүмкiн зардаптарына байланысты халықтың денсаулығы үшiн ықтимал қаупi бар, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiлген өсiмдiктер, заттар немесе препараттар;

      3) есiрткi заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға түзетулер жөнiндегi 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгiзiлген түзетулерiмен қоса 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;

      4) есiрткi және психотроптық зат тектестер - құрылымы мен қасиеттерi жағынан I, II, III кестелерге енгiзiлген заттарға ұқсас, елiртетiн, күйзелтетiн немесе жалған елес күйiне түсiретiн химиялық құрылымы мен қасиеттерi бар, оларды терiс пайдаланған кезде халықтың денсаулығы үшiн қауiптi және осы Заңмен және БҰҰ-ның халықаралық Конвенцияларымен есiрткi немесе психотроптық заттар ретiнде бекiтiлмеген шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;

      5) есiрткi, психотроптық заттармен және прекурсорлармен қамтамасыз ету нормативi (бұдан әрi - қамтамасыз ету нормативi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сату үшiн заңды тұлғаларға рұқсат етiлген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

      6) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы - құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi егуге, жинауға және дайындауға, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзiрлеуге, өндiруге, өңдеуге, әкелуге, әкетуге, транзиттеуге, тасымалдауға, жөнелтуге, сатып алуға, сақтауға, бөлуге, сатуға, пайдалануға, жоюға байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рұқсат етiлген және бақылау жасалатын қызмет түрлерi;

      7) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өзiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және оны жүзеге асыруды үйлестiретiн орган;

      8) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу мен әкету - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке өткiзiлуi;

      9) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды дайындау - өндiрудi қоспағанда, жүргiзiлуiнiң көмегiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың алынуы мүмкiн барлық процестер, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға айналдырылуы;

      10) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымы - Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы;

      11) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру - химиялық заттардан және (немесе) өсiмдiктерден не басқа есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардан есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды сериялап алуға бағытталған процесс;

      12) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өңдеу - нәтижесiнде тазартылатын (бөгде қоспалардан тазартылатын), препараттағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың концентрациясын арттыратын iс-әрекет, сондай-ақ олардың негiзiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болып табылмайтын заттар алу;

      13) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды пайдалану - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды мақсатқа сай қолдану;

      14) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау мен жөнелту - тасымалдау тәсiлiне және сақталатын орнына қарамастан Қазақстан Республикасы шегiнде есiрткi, психотроптық заттардың немесе прекурсорлардың орнын ауыстыру жөнiндегi кез келген iс-әрекеттер;

      15) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тұтыну нормативi (бұдан әрi - тұтыну нормативi) - нақты заңды тұлғалардың тұтынуы үшiн қажеттi, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәлiмделген белгiлi бiр есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар саны;

      16) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар транзитi - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке үшiншi мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлуi;

      17) есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдалану (есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтыну) - есiрткi немесе психотроптық заттарды дәрiгердiң тағайындауынсыз қасақана заңсыз тұтыну;

      18) есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды заңсыз айналымда жүргенi анықталған шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы органдары айқындайтын және кейiннен әкiмшiлiк не қылмыстық жауаптылықтың туындауына негiз болып табылатын (шағын, iрi, өте iрi) мөлшердегi белгiленген түрлерiнiң тiзбесi (2-қосымша);

      19) көтерме сауда - есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың iрi топтарын сату;

      20) Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi (бұдан былай - Тiзiм) - халықаралық Конвенциялар негiзiнде нөмiрленген және тиiстi кестелер мен тiзiмге бiрiктiрiлген, Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзбесi (1-қосымша);

      21) құрамында есiрткi заттары бар өсiмдiктердi өсiру - апиын көкнәрi мен сораны (каннабистi), халықаралық Конвенцияларға сәйкес Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, құрамында есiрткi бар басқа да өсiмдiктердi егу және өсiру;

      22) құрамында есiрткi, психотроптық заттар бар өсiмдiктердi жинау - халықаралық Конвенцияларға сәйкес Тiзiмге енгiзiлген, құрамында есiрткi бар жабайы өсетiн немесе егiлетiн өсiмдiктердi жинау;

      23) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерi - заңда белгiленген тәртiппен наркологиялық көмек көрсететiн мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлiмшелер немесе кабинеттер);

      24) мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерiктi түрде емделуден жалтарған не есiрткi немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешiмi негiзiнде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;

      25) медициналық куәландыру - есiрткiден мастану күйiн анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;

      26) медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есiрткi немесе психотроптық заттарды терiс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерiнiң медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкiмiн қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрiгердiң белгiлеулерi мен ұсынымдарын орындамауы;

      27) медициналық тексеру - "нашақорлық" деген диагноз қою немесе оны терiске шығару мақсатында адамды стационарлық жағдайда тексеру;

      28) нашақорлық - организмнiң физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есiрткi немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелдi болуға байланысты ауру;

      29) нашақорлықпен ауыратын адам (нашақор) - қандай да болсын есiрткi, психотроптық заттарға немесе сол тектестерге физикалық және (немесе) психикалық тәуелдi, белгiленген тәртiппен медициналық мекеме "нашақорлық" деген диагноз қойған адам;

      30) өз еркiмен емдеу - нашақорлықтан, уытқұмарлықтан немесе есiрткiге шектен тыс салынудан науқастың өзiнiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен емдеу;

      31) прекурсорлар - есiрткi және психотроптық заттарды өндiру, дайындау, өңдеу кезiнде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде БҰҰ-ның Есiрткi және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген заттар;

      32) препарат - Тiзiмге енгiзiлген, құрамында бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар кез келген физикалық күйдегi қоспа;

      33) психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның iшiнде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне енгiзiлген, шығу тегi синтетикалық немесе табиғи заттар;

      34) уәкiлеттi органдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өздерiне берiлген құзырет шегiнде есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар;

      35) уытқұмарлық - есiрткi және психотроптық заттардың әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және республикалық заңнамалық актiлер мен халықаралық конвенциялардың тiзiмдерiне енбейтiн дәрiлiк препараттар мен табиғаты әртүрлi дәрiлiк емес заттарды шектен тыс пайдалану.


      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Бақылауға жататын есiрткi, психотроптық заттар мен


              прекурсорларды жiктеу

      1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмiне енгiзiледi.


      Қазақстан Республикасында бақылауға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi ұсынылып отырған төрт кестеден және тiзiмнен тұрады.
      I Кестеге осы Заңның 18, 19, 20-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес Қазақстан Республикасында айналымына тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
      II Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы шектеулi және қатаң бақылауда тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
      III Кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның 1961, 1971 жылдардағы халықаралық Конвенцияларына сәйкес айналымы бақылауды тұрған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiледi.
      IV кестеге Қазақстан Республикасының заңдарына және БҰҰ-ның  1988 жылғы халықаралық Конвенциясынасәйкес айналымы бақылауда тұрған прекурсорлар енгiзiледi.
      Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген, құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк заттар тiзiмiне тиiстi лицензиясы болған жағдайда диагностикалық, емдiк және профилактикалық заттар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттар енгiзiлген.
      2. алып тасталды
      3. алып тасталды

       4. Препараттарға қатысты олардың құрамындағы есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларға қатысты белгiленетiн бақылау түрлерi көзделедi.


      Егер препараттың құрамында бiр емес, бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар болса, оған неғұрлым қатаң бақылауға жататын есiрткi, психотроптық зат пен прекурсорға қолданылатын бақылау қолданылады.
      Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшерi бар және оларды шектен тыс пайдаланған жағдайда болмашы қауiп төндiретiн және олардан аталған заттар оңай әдiстермен алынуы мүмкiн емес дәрiлiк препараттар осы Заңға сәйкес бақылауға жатпайды. Аталған препараттардың тiзiмiн, оларды бақылаудан алу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05 N 47, 2002.05.31 N 327, 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының есiрткi, психотроптық



  1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет