«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті



жүктеу 335.46 Kb.
Дата01.05.2016
өлшемі335.46 Kb.
: files -> gosuslug
gosuslug -> «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (дсн-код) беру»
gosuslug -> «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттiк қызмет стандарты
gosuslug -> «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»
gosuslug -> «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру»
gosuslug -> «Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gosuslug -> «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызметінің регламенті
gosuslug -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген
gosuslug -> «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты
gosuslug -> «Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
gosuslug -> Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы 2012 жылғы 29 маусым


Қарағанды қаласы

әкімдігінің халықты әлеуметтік

қорғау саласында қызмет көрсету

регламеттерін бекітіу туралы

2012 жылғы «___»______________

№___қаулысымен

бекітілген

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламенті

1. Жалпы ұғымдар

1. Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

1) ҚҚБ - мемлекеттік қызмет көрсету барысында қатысатын мүдделес органдардың құрылымдық-қызметтік бірлігі, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйесі;

2) Мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету – емделу және әлеуметтік-оңалту шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнайы әлеуметтік қызметтер кешендерін ұсыну жолымен қызмет алушыларға әртүрлі көмек көрсету;

3) Тұтынушы –мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

4) Уәкілетті орган -«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі-Бөлім).




2. Жалпы ережелер
1.«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- бөлім) «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу мемлекеттік қызмет көрсету» регламентіне 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетеді, орталықтардың мекенжайлары осы регламентке 2-қосымшада көрсетілген.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 24-бабының 1-тармағы, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердің кепiлдік берілген көлемінің тiзбесін бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының 1-тармағы, «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 6714 тіркелген) негізінде ұсынылады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.kz , Қарағанды қаласы әкімдігінің www.karaganda-akimat.kz интернет-ресурсында, бөлімнің, орталықтың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы регламентқа 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефондары арқылы алуға болады.

5. Өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы осы регламенттың 5 қосымшасына сәйкес хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтіміне және әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушылар):

1) жасы он сегізден асқан психоневрологиялық ауруы бар мүгедектерге;

2) психоневрологиялық патологиясы бар немесе тірек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедек балаларға;

3) жалғыз тұратын бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен қарттарға көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері тұтынушы осы регламенттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

бөлімде – он жеті жұмыс күні ішінде;

орталыққа – он жеті жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызмет құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің ең көп рұқсат етілген уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілген уақыты уәкілетті органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Жұмыс кестесі:

1) бөлімнің:

демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

2) орталықтың:

күн сайын үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде: мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) тұтынушының тұрғылықты жері бойынша бөлімнің үй-жайларында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпараттық стенділер бар, мүмкіндігі шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсету үшін жағдай көзделген;

2) залында анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланк үлгілері ілінген ақпарат стенділері бар орталықтың үй-жайында көрсетіледі, мүмкіндіктері шектеулі өтініш берушілерге қызмет көрсетуге жағдай көзделген.



3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. тұтынушының жазбаша өтініші, ал кәмелеттік жасқа толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдарға – заңды өкілінің (баланың ата-анасының біреуінің, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтініші немесе белгіленген нысандағы медициналық ұйымның қолдаухаты;

  2. баланың туу туралы куәлігі немесе тұтынушының жеке сәйкестендіру нөмірі бар (ЖСН) жеке куәлігі;

  3. ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру және тұтынушының әлеуметтік жеке коды туралы куәлігі қосымша ұсынылады;

  4. мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

  5. белгіленген нысан бойынша медициналық карта;

  6. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзіндінің көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);

  7. жасы он сегізден асқан адамдарға – еңбекке қабілетсіздігін тану туралы сот шешімі (болған жағдайда);

  8. зейнеткер жастағы адамдар үшін – зейнеткер куәлігі;

  9. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар үшін Ұлы Отан соғысының мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесін растайтын куәлік.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.

12. Бөлімде өтініш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.

Орталықта өтініш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті толтырылған өтініштің осы регламентқа 6 және 7 қосымшаларына сәйкес, медициналық картаның нысандары осы регламентқа 8 және 9 сәйкес қосымшаларына мен басқа да құжаттар электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны осы регламентқа 1-қосымшада көрсетілген бөлімнің жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер бөлімнің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стенділерінде орналасқан.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілгенде құжаттар «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

1) Бөлімде – өтініш берушінің тіркелген және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген осы регламентқа 10-қосымшаға сәйкес талон беріледі;

2) орталықта:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы хабарламаны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты жеткізу:

1) бөлімге жүгінген кезде – тұтынушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға өзі келген кезде не пошта байланысы арқылы;

2) орталыққа жүгінген кезде – тұтынушы тұрғылықты жері бойынша орталыққа өзі келген кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік және мемлекеттік емемс мекемелерге (ұйымдарға) мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартылады:

1) әлеуметтік қызмет көрсету үшін қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы;

2) осы мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін құжаттардың бірінің болмауы;

3) көрінеу жалған құжаттама беру.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

17. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу үшін сұрау алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін берген сәтке дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

Бөлімде:

1) Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тексеру, өтініштерді тіркеу журналына тіркеу, барлық құжаттарын тапсырған соң тұтынушыға құжаттардың қабылдап алынғандығы туралы жауапты маманмен талон беріледі.

2) Әлеуметтік қызметкерге арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығын бағалау мен айқындау үшін тапсырма беріледі, содан соң әлеуметтік қызметкер арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы қортындысы береді.

3) Әлеуметтік қызметкер қортындысы негізінде комиссия өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

4) Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттардың ресімделгендігі (немесе бас тарту) туралы қағаз жүзіндегі хабарлама тұтынушының жеке өзінің бөлімге келгенінде немесе пошталық байланыс арқылы беріледі.

Мемлекеттік қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде бөлімнің жауапты мамандары жоғарыда көрсетілген себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша жауаппен дәлелдейді және құжаттар пакетін алғаннан кейін он алтыншы жұмыс күні құжаттарды қайтарады және кейін тұтынушыға беру үшін бас тарту себебін көрсете отырып, орталыққа хабарлама жібереді.

Орталық арқылы:

1) тұтынушы ХҚКО-на өтініш береді;

2) ХҚКО келіп түскен құжаттарды тіркейді, тұтынушыға тиісті құжаттарды мыналарды көрсетіп: сауалды қабылдау мерзімі мен нөмірі; сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі; қоса берілген құжаттардың атаулары мен сандары; құжаттарды беру мерзімі, уақыты мен орны; құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты-жөнін, қабылдағаны жөнінде қолхат береді;

3) ХҚКО құжаттарды Бөлімнің кеңсесіне табыстайды;

4) Бөлімнің кеңсесі құжаттарды тіркейді және Бөлімнің басшылығына табыстайды;

5) Бөлімнің басшылығы келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға Бөлімнің маманына жолдайды;

6) Бөлімнің маманы мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) қызмет алуға анықтауға келіп түскен құжаттарды қарайды, тұтынушыға хабарлама жобасын дайындайды, басшының қолы қойылады, оны Бөлімнің кеңсесіне жолдайды;

7) Бөлімнің кеңсесі ХҚКО-на құжаттарды табыстайды;

8) ХҚКО инспекторы құжаттарды тұтынушыға табыстайды.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын ҚҚБ:

1) Бөлім бастығы;

2) ХҚҚО бастығы;

3) Бөлімнің жауапты мамандары

4) ХҚКО жауапты инспекторы;

5) Әлеуметтік қызметкер.

19. Әрбір әкімшілік әрекетті (үдерісті) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚҚБ-нің қарапйым әрекеттері (шаралары) жүйелігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы регламенттің 11,13,14 қосымшасында келтірілген.

20. ҚҚБ мен мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы функционалдық өзара іс-әрекет диаграммасы осы регламенттің 12 қосымшасында келтірілген.
4. Шағымдану тәртібі
21. Көрсетілген қызметтерге жауапты тұлға бөлімнің бастығы, бөлімнің жауапты лауазымдық тұлғалары , ХҚКО –ның басшысы болып табылады.

Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігі үшін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында олармен қабылданған шешімдері мен іс-әрекеттері (іс-әрекетсіздігі), үшін белгіленген мерзімдерде мемлекеттік қызмет көрсетуді іске асыруға жауапты болады. 22. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық поштасының мекенжайы осы регламентқа 1-қосымшада көрсетілген.

Орталық қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі осы регламентқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметтерінің телефоны арқылы түсіндіріледі.

23. Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайлары және электрондық поштасының мекенжайы осы регламентқа 1,2-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік орган басшысының атына беріледі.

24. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі бөлімнің, орталықтың ақпараттық стендісінде көрсетілген бөлім басшысының атына беріледі. Бөлімнің жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, Қарағанды қаласы әкімі аппаратының және Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, орталықтың телефоны мен мекенжайы осы регламентқа 1, 2, 3,4-қосымшаларда көрсетілген.

25. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

26. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағымданатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.

27. Жазбаша шағым берген тұтынушыға, берілген шағымға жауап алуға болатын күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

28. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

1-қосымша

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі


п/п


Уәкілетті органның аталуы

Уәкілетті органның заңды мекен-жайы

(қала, аудан, көше, үйдің № , электрондық поштасының мекен-жайы)



Телефон номері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Қарағанды қаласы Поспелов, көшесі 16-үй,

5 кабинет

еmail: krggorsobes@mail.ru


8-(7212)

300169


300233

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00 дейінгі түскі үзіліспен 9.00 бастап 18.00 дейін, күн сайын.



«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

2-қосымша

Халыққа қызмет көрсмету Орталықтарының тізімі




Орталықтың аталуы

Орталық орналасқан заңды мекен-жайы

(қала, аудан, көше, үй№, (пәтер)



Операциондық зал телефонының нөмірі


1

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ

Қарағанды қаласы

Ержанов көшесі,47-3



41-63-10

2

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №1 филиалы

Қарағанды қаласы

Чкалов көшесі,7



41-63-03

3

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №2 филиалы

Қарағанды қаласы

Муқанов көшесі,5



77-24-40

4

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №3 филиалы

Қарағанды қаласы

Архитектура көшесі,8



45-71-01

5

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №4 филиалы

Қарағанды қаласы

21 ш.а.,6-үй



53-91-47

6

«Қарағанды облысының халыққа қызмет көрсету Орталығы» РММ №5 филиалы

Қарағанды қаласы

Серов көшесі,73



93-16-86


«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

3-қосымша


«Қарағанды қаласының әкімдігі» ММ




п/п


Уәкілетті органның аталуы

Уәкілетті органның заңды мекен-жайы

(қала, аудан, көше, үйдің № , электрондық поштасының мекен-жайы)



Телефон номері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1.

«Қарағанды қаласының әкімдігі» ММ


Қараганды қаласы

Бейбітшілік бульвары, 39-үй

еmail: www.karaganda-akimat.kz.


8-(7212)

420890


Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00 дейінгі түскі үзіліспен 9.00 бастап 18.00 дейін, күн сайын.


«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

4-қосымша


«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ


п/п


Уәкілетті органның аталуы

Уәкілетті органның заңды мекен-жайы

(қала, аудан, көше, үйдің № , электрондық поштасының мекен-жайы)



Телефон номері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

«Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ


Қарағанды қаласы

Ержанов көшесі,


47/3-үй

Тел:
8-(7212)-43-20-82,
телетайп:
8-(7212)-27-12-42,
еmail: karaganda
trud@mail.ru

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00 бастап 14.00 дейінгі түскі үзіліспен 9.00 бастап 18.00 дейін, күн сайын.



«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

5-қосымша


Хабарлама
«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Сіздің_____________________________________________________________

__________________________________________________________________

(құжаттарды ресімдеудегі мемлекеттік қызмет көрсетудің аталуы)

тапсырған құжаттарыңыздың ресімделгендігі (ресімдеуден бас тарту) туралы хабарлайды.

Себебі:_______________________________________________________

(құжаттарды ресімдеуден бас тарту жағдайында толтырылады )

ММ басшысы (қолы)




«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

6-қосымша


Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы

____________________________________________________________________

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

_____ жылы «___»__________ туған, _________________________________ мекенжайы бойынша тұратын



____________________________________________________________________

(Т.А.Ә.)

жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан, ________________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның атауы)

күндіз болуға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

1) _______________________ 2) _______________________

3) _______________________ 4) _______________________

5) _______________________ 6) _______________________

7) _______________________ 8) _______________________

9) _______________________ 10) ______________________
Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға қабылдаудың, онда болудың, одан шығарып тастау және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.
20 ___ жылғы «___»_________ _______________________________

(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)


Құжаттарды қабылдаған __________________ 20 __ жылғы «___»______

(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)


________________________

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

7- қосымша


Жергілікті атқарушы органның немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйымның басшысы

__________________________________________________________________

(Жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген мемлекеттік ұйым басшысының Т.А.Ә.)


Жеке басын куәландыратын құжаттың № ______ ________ ___ жылы берілді

Тіркелген жері ____________________________________________________

Тұратын жері______________________________________________________

Туған жері ________________________________________________________

Туған күні «___» _________ ____ жыл

Жәрдемақының түрі мен мөлшері ____________________________________

Мүгедектік санаты _________________________________________________

Туыстары (заңды өкілдері) ___________________________________________

__________________________________________________________________

(туыстық қатынасы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұратын мекенжайы, байланыс телефоны)

ӨТІНІШ

________________________________________________________________



(қызмет алушының Т.А.Ә.)
стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж болғандықтан, _____________________________________________________

медициналық-әлеуметтік мекемеге тұрақты/уақытша (керегін сызу) тәулік бойы тұруға қабылдауды сұраймын.

Мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

1) _______________________ 2) _______________________

3) _______________________ 4) _______________________

5) _______________________ 6) _______________________

7) _______________________ 8) _______________________

9) _______________________ 10) ______________________

Медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылдаудың, онда ұстаудың, одан ауыстырудың және шығудың шарттарымен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстым.
20 ___ жылғы «___»_________ ____________________________________

(Өтініш иесінің Т.А.Ә. және қолы)


Құжаттарды қабылдаған _____________________________________________

(Т.А.Ә., лауазымы, қолы)

20 __ жылғы «___»_________________________________
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

8-қосымша


МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА



_____________________________________________

(медициналық ұйымның атауы)


Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған күні «____»_________ _____ жыл

Үйінің мекенжайы ___________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды, азық-түлікті көтере алмаушылық және тағы басқа)_____________________________________________________________

Медициналық тексеру:

(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

хирург ______________________________________________________________

____________________________________________________________________

невропатолог ________________________________________________________

____________________________________________________________________

психиатр ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

окулист _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

отоларинголог _______________________________________________________

____________________________________________________________________

дерматовенеролог ____________________________________________________

____________________________________________________________________

фтизиатр____________________________________________________________________________________________________________________________________________

терапевт/педиатр____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ___________________________

____________________________________________________________________

Көрсеткіштер бойынша:

стоматолог __________________________________________________________

эндокринолог ________________________________________________________

кардиолог ___________________________________________________________

ортопед ___________________________________________________________

нарколог __________________________________________________________

онколог ___________________________________________________________

гинеколог _________________________________________________________

зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы анализі_______________________________________________



(мерзімі,нәтижесі)

зәрдің жалпы анализі ________________________________________________



(мерзімі,нәтижесі)

нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

____________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу ____________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

(стационарлық үлгідегі ұйымда болуға медициналық қарсы көрсеткіштер бар ма)


М.О.


Медициналық ұйымның басшысы: ________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20___ жылғы «___»___________
________________________

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

9-қосымша

МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА

_____________________________________________

(медициналық ұйымның атауы)


Т.А.Ә. ______________________________________________________________

Туған күні «____»_________ _____ жыл

Үйінің мекенжайы ___________________________________________________

Қысқаша анамнез (бастан өткерген аурулар жөнінде, дәрілік препараттарды,азық-түлікті көтере алмаушылық және сол сияқты)

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Медициналық тексеру:

(негізгі және ілеспелі диагнозды, асқынудың орын алғандығын, бұрын болған аурулар туралы мәліметтерді көрсету қажет)

Хирург _____________________________________________________________

____________________________________________________________________

невропатолог ________________________________________________________

____________________________________________________________________

психиатр ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

окулист ____________________________________________________________

____________________________________________________________________

отоларинголог _______________________________________________________

____________________________________________________________________

дерматовенеролог ____________________________________________________

____________________________________________________________________

фтизиатр____________________________________________________________

____________________________________________________________________

терапевт/педиатр______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

эпидемиологиялық ортасы туралы қорытынды ____________________________________________________________________

Көрсетілімдер бойынша:

эндокринолог ________________________________________________________

кардиолог ___________________________________________________________

ортопед _____________________________________________________________

нарколог ____________________________________________________________

онколог _____________________________________________________________

гинеколог ___________________________________________________________

зертханалық зерттеулердің нәтижелері:

қанның жалпы анализі_________________________________________________



(мерзімі, нәтижесі)
жалпы зәр анализі __________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын гельминттер жұмыртқасына паразитологиялық зерттеу

____________________________________________________________________



(мерзімі, нәтижесі)
нәжіс жұғындарын ішек таяқшасына бактериологиялық зерттеу ____________________________________________________________________

(мерзімі, нәтижесі)

Дәрігерлік-консультативтік комиссия төрағасының қорытындысы: ____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда болу үшін медициналық қарсы

көрсеткіштер бар ма)

М.О.


Медициналық ұйымның басшысы: ______________________________

(Т.А.Ә., қолы)

20___ жылғы «___»___________

________________________




«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

10-қосымша

Аз.________________________ өтініші ___ дана құжаттарымен қоса қабылданды және №______ «___» ___________________201___ж тіркелді.
Заявление гр.__________________________ с прилагаемыми документами в количестве __________штук принято и зарегистрировано №_________

«___» __________________ 201___г.


Қабылдаған маманның А.Т.Ж________________________________________________________

Ф.И.О., должность, подпись принявшего документы

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

11-қосымша


1-кесте. ҚҚБ іс-әрекетінің сипаттамасы




Негізгі іс-әрекетінің сипаттамасы (жүруі, жұмыстардың ағымы)


1.

әрекеттің №

(жүруі, жұмыстардың ағымы)



1

2

3

2.

ҚҚБ атауы

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ



Мұқтаждықты анықтайтын және бағалайтын әлеуметтік жұмыскер

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешімдер қабылдайтын комиссия

3.

Бірінші әрекеттің аталуы

(шаралар, процестер,операциялар) және олардың сипатталуы.



Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және тексеру. Өтініштерді тіркеу журналына тіркеу.







4.

Аяқталу түрі (мәліметтері, құжат, ұйымдастырылып – таратылатын шешім ).

Мемлекеттік қызметті алғандығы туралы талон беріледі.







5

Мерзімі

15 минут








6


Екінші әрекеттің аталуы

(шаралар, процестер,операциялар) және олардың сипатталуы.



Арнаулы

әлеуметтік

қызметтерге

мұқтаждығын

бағалау мен

айқындайтын

әлеуметтік

қызметкерге

осы тұтынушы

туралы тапсырма

беріледі


Әлеуметтік

қызметкер

арнаулы

әлеуметтік



қызметтерге

мұқтаждығы

бойынша

бағалау


мен анықтама

жасайды





7

Аяқталу түрі (мәліметтері, құжат, ұйымдастырылып – таратылатын шешім ).

Тұтынушы

туралы


мәліметтерді

беріледі


Қызметтің түрі анықталған қортынды




8

Мерзімі

1 жұмыс күні

10 жұмыс күні




9

Үшінші әрекеттің аталуы

(шаралар, процестер,операциялар) және олардың сипатталуы.



Әлеуметтік қызметкер қортындысы негізінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) құжаттары комиссияға жіберіледі




Әлеуметтік қызметкер қортындысы негізінде комиссия өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді немесе көрсетуден бас тарту туралы шешім

10

Аяқталу түрі (мәліметтері, құжат, ұйымдастырылып – таратылатын шешім ).

Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттардың ресімделгендігі (немесе бас тарту) туралы қағаз жүзіндегі хабарлама







11.

Мерзімі

17 жұмыс күні







12.

Келесі әрекеттің аталуы

(шаралар, процестер,операциялар) және олардың сипатталуы.



1 баған








«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

12-қосымша


«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсетуге үшін құжаттардың ресімдеу» бойынша процесс


овал 12

прямая со стрелкой 3


прямая со стрелкой 1
прямая со стрелкой 5

скругленный прямоугольник 13


блок-схема: альтернативный процесс 10

прямая со стрелкой 38


блок-схема: альтернативный процесс 29
прямая со стрелкой 44
скругленный прямоугольник 35

прямая со стрелкой 44

скругленный прямоугольник 36

прямая со стрелкой 44

скругленный прямоугольник 37

прямая со стрелкой 34скругленный прямоугольник 33прямая со стрелкой 44
«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

13-қосымша


2 кесте. Тұтынушының ХҚКО-на келуінің ҚҚБ-1 әрекеттің сипаттамасы


1

Әрекеттің № (жүру, жұмыс ағымы)

2

3

4

5

6

7

2

ҚҚБ атауы

ҚҚБ-1

ҚҚБ-2

ҚҚБ-3

ҚҚБ-4

ҚҚБ-2

ҚҚБ-1

3

Әрекеттің атауы (п роцесс, процедура, операция) және олардың сипаттамасы

Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу, ҚҚБ-2 жолдау

ҚҚБ-1тен құжаттарды қабылдау, ҚҚБ-3ке жолдау

Жауапты мамандар арасында түскен өтініштерді тарату

Өтініштерді қарастыру, дайындау, ҚҚБ-3ке қол қойдыру және ҚҚБ-2ке құжаттарды ресімдеу және қызметті ресімдеуден бас тарту туралы хабарламаны жіберу

ҚҚБ-1ке құжаттардың ресімделгендігі және ресімдеуден бас тарту жөніндегі хабарламаны жолдау

Құжаттардың ресімделгендігі және ресімдеуден бас тарту жөніндегі хабарламаны тұтынушыға ұсыну

4

Аяқталудың түрі (мәліметтер, құжаттар, ұйымдастырылып-таратылған шешім)

Құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхатты беру

Реестр бойынша құжаттарды қабылдау, кіріс кореспонденциясын тіркеу

Резолюция

«Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен қызмет көрсететiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу үшін құжаттарды қабылдау жөніндегі хабарлама



Құжаттарды қабылдау жөніндегі хабарлама

Құжаттарды қабылдау жөніндегі хабарлама

5

Аяқталудың баламалы түрі










Қызметті көрсетуден бас тарту

Қызметті көрсетуден бас тарту

Қызметті көрсетуден бас тарту

6

Орындалу мерзімі

15 минут; Құжаттарды күн сайын күннің соңында жолдау

15мин

15мин

17 жұмыс күні

15 минут




7

Келесі әреке ттің нөмірі

3

4

5

6

7





«Мемлекеттiк бюджет қаражаты

есебiнен қызмет көрсететiн

мемлекеттiк және мемлекеттiк емес

медициналық-әлеуметтiк мекемелерде

(ұйымдарда) әлеуметтiк қызмет көрсетуге

арналған құжаттарды ресiмдеу»

мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

14-қосымша

3 кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үрдіс.


Негізгі үрдіс (жұмыс ағымы)

ҚҚБ-1

ҚҚБ-3

ҚҚБ-2

1.Өтініштерді қабылдау

3.Жауапты тұлғалар арасында өтініштерді тарату




2.Құжаттарады қабылдау жөніндегі қолхатты беру




4.Тұтынушыға құжаттарды қабылдау жөніндегі хабарламаны ұсыну

3.кесте. Қолдану нұсқалары. Баламалы үрдіс.




Алтернативті үрдіс (жүру, жұмыс ағымы) немесе кеңейту

ҚҚБ-1

ҚҚБ-3

ҚҚБ-2

1.Өтініштерді қабылдау

3.Жауапты тұлғалар арасында өтініштерді тарату




2.Құжаттарды қабылдау жөніндегі қолхатты беру




4.Тұтынушыға құжаттарды қабылдау жөніндегі хабарламаны ұсыну




©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет