"Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің



жүктеу 104.19 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі104.19 Kb.


"Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 601 Жарлығы



      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 561-құжат):
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтіні;
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтіні осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру тәртібі осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 19, 200-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат):
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтіні;
      2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелері антының мәтіні және ант беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы және «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті актісімен белгіленеді.
      Адам құқықтары жөніндегі уәкіл антының мәтіні және ант беру тәртібі «Адам құқықтары жөнiндегi уәкіл қызметiн белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен белгіленеді.»;
      4, 4-1, 5, 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтар алып тасталсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісі антының мәтіні осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібі осы Жарлыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                                          Н.НАЗАРБАЕВ

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 601 Жарлығына   
1-қосымша       

Қазақстан Республикасы 


Президентінің     
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 319 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
анты

      Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен  заңнамасын сақтауға, халқыма адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

      А.Ә.Т. ________________________________________________________

      _______________________________________________________________


                               (қолы, күні)

Қазақстан Республикасы


Президентінің     
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 601 Жарлығына    
2-қосымша       

Қазақстан Республикасы 


Президентінің     
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 319 Жарлығымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
ант беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке тұңғыш рет кіре отырып, ант береді.


      2. Мемлекеттік қызметті тоқтатқан адамдар мемлекеттік әкімшілік қызметке жаңадан кіре отырып, антты қайтадан береді.
      3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымға тағайындалған немесе сынақ мерзімінен табысты өткен күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.
      4. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мемлекеттік органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
      5. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса, «А» корпусының мына мемлекеттік әкімшілік қызметшілері:
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
      облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерiне – облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдері аппараттарының басшылары; облыстық маңызы бар қалалардың (облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерін қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері ант береді.
      6. Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары тиісті орталық атқарушы органның басшысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
      Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы және оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамға ант береді.
      Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері облыс, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихатының сессиясында ант береді.
      Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері облыстар аудандарының әкімдеріне ант береді.

2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібі

      7. Ант салтанатты жағдайда мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың, сондай-ақ тиісті мемлекеттік орган (құрылымдық бөлімше) қызметкерлерінің қатысуымен қабылданады. Ант беру рәсіміне өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.


      8. Белгіленген уақытта мемлекеттік орган басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, тиісті мемлекеттік органның (құрылымдық бөлімшенің) қызметкерлері, шақырылған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту және Мемлекеттік Елтаңба орнатылған үй-жайға жиналады.
      9. Ант беру салтанаты мемлекеттік орган басшысының немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адамның не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдардың кіріспе сөз сөйлеуімен басталады. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) өкілі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді шақырып, оларға ант мәтіні бар бланкілерді тапсырады. Содан кейін әрбір ант беруші мемлекеттік әкімшілік қызметші жиналғандардың алдында ант мәтінін мемлекеттік тілде не орыс тілінде оқиды.
      Ант берілген күні көрсетілген, мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қолы қойылған ант мәтіні бар бланк оның жеке істері материалдарында сақталады.
      Ант берілгеннен кейін мемлекеттік органның басшысы немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды адам не осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген адамдар, сондай-ақ шақырылған лауазымды адамдар (соңғылар – қалауы бойынша) құттықтау сөз сөйлейді. Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаумен аяқталады, қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.
      10. Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметтік тізіміне ант бергені туралы тиісті жазба енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 601 Жарлығына   
3-қосымша      

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2000 жылғы 13 сәуірдегі
№ 372 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшісінің
анты

      Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отанымды өркендету ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.

      А.Ә.Т. ________________________________________________________

      _______________________________________________________________


                                (қолы, күні)

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2013 жылғы 24 шілдедегі
№ 601 Жарлығына   
4-қосымша       

Қазақстан Республикасы


Президентінің    
2000 жылғы 13 сәуірдегі
№ 372 Жарлығымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің
ант беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік саяси қызметшілер:


      1) Қазақстан Республикасының Президентіне - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, кеңесшілері; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері;
      2) егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгедей шешім қабылдамаса:
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның орынбасарлары; министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері;
      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілдері; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының директоры мен оның орынбасарлары; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторлары; Адам құқықтары жөніндегі уәкіл; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медицина орталығының басшысы, оның орынбасарлары; "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры, оның орынбасарлары;
      облыстардың әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары; облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдері;
      астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдеріне - олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне - Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері ант береді.
      2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі аппараттарының басшылары мен олардың орынбасарлары алдында ант беретін лауазымды адамды Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бюросы айқындайды.
      3. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымнан мемлекеттік саяси лауазымға ауысқан кезде ант береді.
      4. Мемлекеттік саяси қызметшілер мемлекеттік әкімшілік қызметке ауысқан, сондай-ақ басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентіне ант беру көзделетіндерді қоспағанда, қайтадан ант бермейді.

2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің ант беру тәртібі

      5. Ант берудің салтанатты рәсімі ресми рәсімдер мен қабылдауларға арналған тиісті қызметтік ғимараттың залында өткізіледі.


      Ант беру кезінде болуға тиісті міндетті атрибуттар - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Туы.
      Ант беру салтанатты антты қабылдаушы лауазымды адамның кіріспе сөзімен басталады. Ант беретін адам мінберге шақырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына қолын қойып тұрып, ол анттың мәтінін айтады немесе оқып береді, содан соң оған қол қояды және антты қабылдаған лауазымды адамға береді.
      Залға Ант беретін мемлекеттік саяси қызметшілерден басқа өзге де лауазымды адамдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
      Тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде және орыс тілінде басылған анттың мәтіні ант берушінің қалауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.
      Ант бергеннен кейін антты қабылдаған лауазымды адам қысқаша құттықтау сөз сөйлейді.
      Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталады, қатысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қазақстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды.

"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет