Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 360.07 Kb.
бет1/3
Дата28.04.2016
өлшемі360.07 Kb.
  1   2   3
: upload -> iblock -> 06c
iblock -> Вторая жизнь А320
iblock -> Методическая разработка что нужно знать о насилии над женщиной: мифы и факты с древних времен до наших дней ноябрь 2015 г
iblock -> Прогноз на матч Израиль Уэльс (28 марта 2015 года, 20: 00)
iblock -> Арсенал и Эвертон. Арсенал
06c -> Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1307 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 603-құжат

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру және есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі N 780 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 28, 364-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 13, 157-құжат).
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің


2007 жылғы 28 желтоқсандағы   
N 1307 қаулысымен       
бекітілген          

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта
есептеу және арттыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.05.2013 № 562 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



1. Жалпы ережелер

      Осы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеудің (айқындаудың), қайта есептеудің және арттырудың тәртібін айқындайды.


      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) асыраушы - өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам;
      2) әлеуметтік аударымдарды төлеуші - Заңда белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам;
      3) әлеуметтік төлемдер - әлеуметтік төлемді алушының пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
      4) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі - алушы) - әлеуметтік қатер төнгенге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ол үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген не өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешім шығарған жеке тұлға, ал міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелері;
      5) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері;
      6) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - өңірлерде құрылымдық бөлімшелері бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      7) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі - Қор) — әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айырылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер жүргізетін заңды тұлға;
      8) әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу (айқындау) - Орталықтың және әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысы негізінде Заңның 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарында сәйкес белгіленген тәртіппен әлеуметтік қатердің түріне қарай әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру тәртібі;
      9) Орталықтың бөлімшелері - әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу жөніндегі уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлімшелері.

2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау) тәртібі

      2. Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар адамдар Заңның 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарында белгіленген құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жүгінеді.


      3. Орталықтың бөлімшелері ұсынылған құжаттардың негізінде бес жұмыс күні ішінде:
      1) кейіннен әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органға беру үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді алушының іс макетін және осы Қағидаларға 4-8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешімнің жобасын (бұдан әрі - шешімнің жобасы);
      2) осы Қағидаларға 9 немесе 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және орташа айлық табысы туралы анықтаманы;
      3) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес төлеушіден (төлеушілерден) түскен әлеуметтік аударымдар негізінде есептелген жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлем мөлшері туралы анықтама (анықтамаларды) қалыптастырады.
      4. Әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының әлеуметтік қатер туған күнге дейінгі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табысын және тиісті коэффициенттерді негізге ала отырып жүргізіледі.
      Еңбек ету қабілетінен айырылуына, асыраушысынан айырылуына, жұмысынан айырылуына байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ОАТ = (АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24 мұндағы:
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.
      Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын он екіге бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ОАТ = (АТ1 + АТ2 +АТ3...... + АТ24) / 12 мұндағы:
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.
      Әлеуметтік аударымдар жүргізілген табыстар сомасын есептеу үшін ай сайынғы табыс төлеушіден көрсетілген айда келіп түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы айда қолданылған әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу және алынған нәтижені жүзге көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ӘА а / S әа х 100, мұндағы:
      ӘА а - бір айдағы әлеуметтік аударымдар;
      S әа - әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі.
      5. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін Заңға сәйкес табысты ауыстырудың, еңбек ету қабілетінен айырылуының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ӘТ еа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х ЕАК мұндағы:
      ӘТ еа - еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      ЕТЖ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақы;
      ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;
      ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;
      ЕАК - еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенті.
      6. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы
әлеуметтік төлем мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің сексен пайызын шегеріп, әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін Заңға сәйкес табысты ауыстырудың, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ӘТ аа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК х АСК мұндағы:
      ӘТ аа - асыраушысынан айырылуына байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      ЕТЖ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақы;
      ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;
      ҚӨК - қатысу өтілінің коэффициенті;
      АСК - асырауындағылар санының коэффициенті.
      7. Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін Заңға сәйкес тиісті табысты ауыстыру коэффициенттері мен қатысу өтілінің коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ӘТ жа = (ОАТ - 80% ЕТЖ) х ТАК х ҚӨК мұндағы:
      ӘТ жа - жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      ЕТЖ - Қазақстан Республикасының заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақы;
      ТАК - табысты алмастыру коэффициенті;
      ҚӨК - қатысу өтілі коэффициенті.
      8. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшерін Заңға сәйкес еңбекке жарамсыздық күндері коэффициентіне көбейту арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ӘТ жб = ОАТ х ЕСК мұндағы:
      ӘТ жб - жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем;
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      ЕСК - еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті.
      Еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік отыз күнге бөлу арқылы айқындалады.
      Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемді есептеу үшін осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс орнынан әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі айдағы табысы туралы анықтама ұсынылады.
      9. Ауыр босанғанын немесе екі және одан көп бала туғанын растайтын жүктілік және босану бойынша қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы негізінде жүктілікке және босануға байланысты төленетін әлеуметтік төлем мөлшері жүктілік және босану бойынша қосымша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентін қолдану арқылы әлеуметтік төлемнің қосымша сомалары түрінде есептеледі.
      10. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер табыстың орташа айлық мөлшерін табысты алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы бойынша формула бойынша айқындалады:
      ӘТ бк = ОАТ х ТАК мұндағы:
      ӘТ бк - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем;
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      ТАК - табысты алмастыру коэффициенті.
      Баланы (балаларды) асырап алған адамға немесе қорғаншыға әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың орташа айлық мөлшері баланы (балаларды) асырап алу туралы сот шешімі күшіне енген немесе қорғаншы тағайындалған шешімі қабылданған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыстар сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мына формула бойынша айқындалады:
      ОАТ = (АТ1 + АТ2 + АТ3+...... + АТ24) / 24, мұндағы:
      ОАТ - қызметкердің орташа айлық табысы;
      АТ - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табыс.
      11. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде бір төлеушіден бірнеше рет әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, аталған айға әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын жиынтық табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
      Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының пайдасына бір айдың ішінде екі және одан да көп төлеушіден әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, әрбір төлеушіден келіп түскен әлеуметтік аударымдар бойынша ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есептеледі, кейін олар жинақталады.
      12. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі туралы анықтама негізінде (осы Қағидаларға 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша), әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан Қорға әлеуметтік аударымдар түскен айлардың санын қосу арқылы айқындалады.
      13. Егер жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда әлеуметтік төлем алушының ай сайынғы табысы әлеуметтік қатер туындаған күнге дейін күнтізбелік он екі ай ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен асатын болса, Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлем мен жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге берілетін демалысқа төленетін ақы арасындағы айырманы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
      14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда, әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдер тағайындау сомалары туралы анықтаманы алушыға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орталық бөлімшесі арқылы жұмыс берушіге ұсыну үшін береді.
      15. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді алушы қайтыс болған жағдайда бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімін жүзеге асыратын адамға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешімнің жобасын бастапқы деректер негізінде Орталықтың бөлімшесі дайындайды және оны әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бекітеді.
      16. Жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі немесе асырауындағылардың саны өзгерген жағдайда әлеуметтік төлемнің жаңа мөлшері алушының өткен жылы құқығы болған арттырулардың барлық пайызын ескере отырып, Заңның 21 және 22-баптарына сәйкес есептеледі.

3. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу тәртібі

      17. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін қайта есептеу медициналық-әлеуметтік сараптама анықтамасына сәйкес еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап жүргізіледі.


      18. Асырауындағы адам саны көбейген жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу әлеуметтік төлемдерді алушы немесе асыраушысы қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асырауындағы отбасы мүшесі жазбаша өтініш берген күннен бастап жүргізіледі.
      Асырауындағы адам саны азайған жағдайда асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеуді Орталық қайтыс болған асыраушының (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асырауындағы адамдардың біреуіне асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқығын жоғалтқан күннен бастап жүргізеді. Бұл ретте әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде тоқтатылған күннен бастап жаңартылады.
      19. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айлық есептік көрсеткіштің жыл сайынғы өзгеруіне байланысты қайта есептеу туралы шешімді әлеуметтік төлем тағайындау жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысанда Орталық бөлімшесі дайындаған шешім жобасы негізінде жүргізеді.
      20. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін мемлекеттік жәрдемақының ай сайынғы мөлшері өзгерген кезде бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақының деңгейіне дейін көтеріледі.
      21. Әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен кейін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда алушыға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшеріне қайта есептеу жүргізілмейді.

4. Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру тәртібі

      22. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде арттыру күні алушы болып табылатын адамдарға жүргізіледі.


      23. Еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы шешімдердің жобаларын әрбір алушы бойынша (осы Қағидаларға 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және төлемдерді жүзеге асыру үшін оларды Орталықтың бөлімшесіне жібереді.

5. Қорытынды ережелер

      24. Қордан әлеуметтік төлемдер ағымдағы ай үшін әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде төленеді.


      25. Орталық төлем айының алдындағы айдың 25-күніне жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін қалыптастырады және Қорға ұсынады.
      26. Қор үш күндік мерзімде алушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын Орталықтың шотына әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға қажетті қаражатты аударуды жүргізеді.

Мемлекеттік әлеуметтік  


сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдердің  
мөлшерін есептеу (айқындау),
қайта есептеу және арттыру
қағидаларына       
1-қосымша         

Ауданның коды _______________________


Қазақстан Республикасы              
______________________ облысы бойынша
Бақылау және халықты                
әлеуметтік қорғау департаменті      

Өтініш

_____________________________________________________________________


(өтініш иесінің Т.А.Ә.)

      Туған күні «___» _______ 19__ ж. тұрғылықты мекенжайы: ________


      Банктегі шотының № ___________ Банк филиалының № ______________
      Байланыс бөлімшесінің № _______________________________________
      Менің (ЖСН) ___________________________________________________
      Жеке куәлігінің (паспортының) деректері: ______________________
      Кім берді _________________ Берілген күні _____________________
      Маған _________________________________________________________
      (еңбек ету қабілетінен айырылған* жағдайда, асыраушысынан
айырылған жағдайда*, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілікке және
босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда,
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан
айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер - керегін жазыңыз)
тағайындауыңызды сұраймын
      1) ____________________________________________________________
      2) ____________________________________________________________
      3) ____________________________________________________________
      4) ____________________________________________________________
      5) ____________________________________________________________
      6) ____________________________________________________________
      7) ____________________________________________________________
      («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 21, 22, 23, 23-1, 23-2-баптарына сәйкес құжаттар ұсынылды).
      Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары бар: иә/жоқ
(қажет емесін сызып тастаңыз).
      Әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне әсер ететін барлық
өзгерістер, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің, анкета деректерінің,
банктік деректердің (оның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс
жерге кету) өзгергені туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде
хабарлауға міндеттенемін.
      Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін
құқықтық жауапкершілікті мойныма аламын.

      Өтініш берген күн ___________ Өтініш берушінің қолы ___________


      Азамат ________________________________________________ өтініші
                 (өтініштің құжаттармен қабылданған күні)
      «___» ________ 20__ ж. № __________________________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:


      _______________________________________________________________
      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

Р/с


Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе



























































































_____________________________________________________________________
                              (кесу сызығы)
      Азамат ________________________________________________ өтініші
№ _______________ тіркелген
      Құжаттар қабылдаған күн _______ Шешім қабылдаған күн __________
      Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:
      _______________________________________________________________
      __________________
      Ескерту:
      * - еңбек ету қабілетінен айырылған немесе асыраушысынан
айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемге өтініш берген
кезде жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін немесе
асырауындағылардың санын көрсету керек.

Мемлекеттік әлеуметтік  


сақтандыру қорынан төленетін
әлеуметтік төлемдердің  
мөлшерін есептеу (айқындау),
қайта есептеу және арттыру
қағидаларына       
2-қосымша         

Ауданның коды _______________________


Қазақстан Республикасы              
______________________ облысы бойынша
Бақылау және халықты                
әлеуметтік қорғау департаменті      


  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет