Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет алу үшін қажет құжаттарды ресімдеу»



жүктеу 109.44 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі109.44 Kb.
: akimsemey -> upload
upload -> БАҒдарламасы семей қаласы, 2010 жыл мазмұны паспорт
upload -> Шешіміне 3-қосымша Семей қаласыының елді мекен бойынша жер салығының түзетілген базалық коэффициенттік ставкалары
upload -> Сборник очерков, статей усть-каменогорск 2004 Редакционная коллегия: А. А. Аубакиров Т. А. Черных
upload -> «Қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> «Лизингке техника алу үшін анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> «Мал басының бар-жоғы туралы мәлімет» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты жалпы ережелер
upload -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі жариялаған 2010-жылғы маусым ның 1-30 аралығындағы хабарламалар тізімі
upload -> Городские производство Республика Казахстан
upload -> 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмыс жоспары кіріспе 2011 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының жұмысы «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, сақтау
upload -> Шығыс Қазақстан облысыныңмұрағаттар және құжаттама басқармасы Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23 2012 жылға Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты»
Қалы әкімдігінің

2008 жылғы «02» сәуірдегі

№ 336 қаулысына

7 қосымша



Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

«Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет алу үшін қажет құжаттарды ресімдеу»

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет алу үшін қажет құжаттарды ресімдеу психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесіне, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйіне жолдама алу үшін қажет құжаттарды жинастыру болып табылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - автоматтандырылмаған.

3. Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне, жалпы


үлгідегі қарттар мен мүгедектер үйіне жолдама алу үшін қажет құжаттарды
жинастыру, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау»
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІП Заңының
24 бабына сәйкес жүргізіледі.

4. Аталған мемлекеттік қызметті «Семей қалалық жұмыспен қамту және


әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі үсынады. Қозыбағаров
көшесі,40.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі психоневрологиялық


медициналық-әлеуметтік мекемесіне, жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектер
үйіне жолдама алу үшін қажет құжаттарды облыстық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне жіберу.

6. Мемлекеттік қызмет



  1. бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;

  2. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне;

  3. жалғыз басты егде жастағы азаматтарға көрсетіледі.




  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттар 10-нан 20 минутқа дейін қабылданады, азаматтардан қабылданған құжаттар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің қабылдау бөлмесіне Өскемен қаласындағы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне жіберу үшін беріледі.

  2. Аталған мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі;

  3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары туралы ақпарат жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің фойесіндегі ақпараттық және анықтамалық стендтерде орналасқан. Қозыбағаров көшесі, 40.

10. Аталған мемлекеттік қызмет дүйсенбіден бейсенбіге дейін, сағат
8.30.дан 13.00-ге дейін, 208- бөлмеде жүргізіледі. Демалыс күндері: сенбі,
жексенбі. Алдын ала жазылу мен жылдам қызмет көрсету қарастырылмаған.

11. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету 208 бөлмеде жеке жүргізіледі. Оны мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету міндетіне кіретін жауапты тұлға жүзеге асырады. Күту және қажетті құжаттарды дайындау жағдайлары ыңғайлы, орындықтар және үстелдермен күту залы бар, қажетті ақпараты бар стендтер орналастырылған.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

12. Мемлекеттік қызмет төмендегідей құжаттар негізінде көрсетіледі:



  1. белгіленген үлгідегі өтініш;

  2. жеке бас куәлігі;

  3. тұрғындарды тіркеу кітапшасы;

  4. белгіленген үлгідегі дәрігерлік анықтама;

  5. өкпе суреті;

  6. әлеуметтік-материалдық жағдайын тексерген актісі;

  7. мүгедектік туралы анықтама;

  8. жеке оңалту бағдарламасы;

  9. зейнетақысы туралы анықтама;

10) соттың шешімі;

  1. салық төлеушінің нөмірі;

  2. әлеуметтік жеке код.

13. Өтініш бланкілері мүгедектермен жұмыс жасау секторының
маманынан алуға болады. Семей қаласы, Қозыбағаров көшесі,40, 208-бөлме,
телефон (7222) 56-22-14.

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет құжаттар мен өтініштерді қабылдауды мүгедектермен жұмыс жасау секторының жауапты маманы «Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде, 208-бөлмеде жүргізеді. Қозыбағаров көшесі,40, телефон:56-22-14.

  2. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажет құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне жіберген құжаттың жіберілген уақыты көрсетілген қосымша хатымен, жіберілген құжаттардың тізімі болып табылады.

  3. Өтініш қажет құжаттармен қоса аталған мемлекеттік қызметті алу үшін Өскемен қаласындағы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментіне құжаттарды қарастыруға және жолдама беру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қабылдау бөлмесі арқылы жіберіледі.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.




3. Жұмыс қағидаттары

18. Мүгедектермен жұмыс жасау секторының мамандары басшылыққа


алатын жұмыс қағидаттары:

  1. сыпайылық;

  2. мемлекеттік қызметті көрсету туралы толық ақпарат беру;

  3. құжаттардың сақталуын және қүпиялылығын қамтамасыз ету;

4) тапсырыс берушінің уақытында алмаған құжаттарын сақтауын
қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

  1. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы қүрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

21. Шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға жәрдем


көрсететін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының
орынбасары, 301 бөлме, телефоны 56-69-48 және жалпы бөлім, 304, 312
бөлмелер, телефоны: (87222) 56-27-83, (87222) 56-74-46 және қабылдау бөлмесі,
телефоны: (87222) 56-17-88, факс: (87222) 56-74-76, электрондық пошта:
Czn@mail.kz

  1. Шағым жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің бастығының атына мына мекен-жайға беріледі: Семей қаласы, А.Қозыбағаров көшесі 40, 304, 301 бөлмелер, қабылдау бөлмесі, электрондық пошта: Czn@mail.kz

  2. Шағым жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің қабылдау бөлмесінде қабылданып, кіріс хат-хабар журналына тіркеледі. Қарау мерзімі 30 күн.

6. Байланыс ақпараты

24. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»


мемлекеттік мекеме, Семей қаласы, Қозыбағаров көшесі, 40, 208-бөлме,
электрондық пошта: Czn@mail.kz

Мүгедектермен жұмыс жасау секторының жұмыс кестесі: сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі, телефон: (87222) 56-22-14.



Мекеме бастығының және сектор меңгерушілерінің азаматтарды қабылдау

кестесі



Т.А.Ә

Лауазымы

Азаматтарды қабылдау уақыты

телефон

Төлесбаев Қанатжан Есентайұлы

Бөлім бастығы

әр айдың 2-ші және 4-ші сейсенбісі сағ. 15.00-17.00

56-17-88

Жұмабай Қалияс Абылғазыұлы

Бөлім бастығының орынбасары

әр аптаның

сәрсенбісі

сағ. 15.00-17.00


56-15-72

Смаилова Ғалия Жақыпқызы

Бөлім бастығының орынбасары

әр аптаның

дүйсенбісі

сағ. 15.00-17.00


56-69-48

Никушев Жанат Нығметұлы

Бөлім бастығының орынбасары

әр аптаның

бейсенбісі

сағ. 15.00-17.00


52-44-71

Петрова Любовь Ивановна

Мүгедектермен жұмыс жасау секторының меңгерушісі

күнделікті сағ. 9.00-13.00

56-22-14

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаменті: Өскемен қаласы, Киев көшесі, 1, электрондық пошта: oblzan@mail.kz

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру Департаментінің мүдірі - Шерубаев Айтқазы Сейітұлы.

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат (шақыруларды өңдеу орталықтарының телефондары, қосышма қызметтер туралы ақпарат және т.б.) жоқ.



«Семей қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Қ.Төлесбаев





Мемлекеттік қызмет

көрсетудің стандартына



қосымша

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және қол жетімділік

Көрсеткіштің

Көрсеткіштің

Көрсеткіштің

көрсеткіштері

нормативтік

келесі

есепті




МӘНІ

жылдағы

жылдағы







нысаналы

ағымдағы







МӘНІ

МӘНІ

1

2

3

4

1 .Уақтылығы

1.1 .Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

Дейін100%

98%

97%

1.2.қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

Кем емес 85 %

83%

82%

2.Сапасы

2.1.қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушыларды % (үлесі)

Кем емес 90 %

87%

86%

2.2.құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) %(үлесі)

Дейін100%

99%

98%

3. Қол жетімділік

З.І.қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

Кем емес 90 %

86%

85%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

Кем емес 80 %

77%

76%

3.3.интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

Дейін 50 %










4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %

(үлесі)


0,5 % дейін

0,1 %

ОД %

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

100%дейін

10%

10%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90% кем емес

86%

85%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90% кем емес

89%

88%

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90% кем емес

89%

88%


«Семей қалалық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Төлесбаев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет