Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарын оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы



жүктеу 127.71 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі127.71 Kb.
: sites -> default -> files -> Node 757
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 757 -> Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы
Node 757 -> Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы
Мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарын оңтайландыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 501 Жарлығы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 599-құжат


      Ескерту. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы Президентi


мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс       

      "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құрылымдары мен штат кестелерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

      3. Мемлекеттiк органдарға Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiнде аталған лауазымдар атауларына қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнайы қосымша атаулар қолдану құқығы берiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi бiр ай мерзiмде заңнамада белгiленген тәртiппен:


      1) бұрын қабылданған өз актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мына жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмi мен мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 559-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; N 32, 339-құжат; 2003 ж., N 20, 201-құжат; 2004 ж., N 19, 234-құжат; N 21, 265-құжат; N 33, 439-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат; N 30, 380-құжат; 2006 ж., N 23, 229-құжат; N 39, 429-құжат):

      атауындағы "тәртiбi туралы ереженi" деген сөздер "ережесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      1-тармақтағы "тәртiбi туралы ереже" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмiнде:


      "Қазақстан Республикасының Парламентi Сенаты және Мәжiлiсi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының басшылары, олардың орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Президентiнiң Iс басқармасы аппараттарының басшылары" деген жолда "Iс басқармасы" деген сөзден кейiн ", Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Заңды тұлға құқығы бар комитеттердiң төрағалары, олардың бiрiншi орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:


      "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi комитетiнiң төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының Медицина орталығының бастығы және оның орынбасарлары";

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлерге тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi туралы ережеде:


      атауындағы "тәртiбi" деген сөз алып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 31 желтоқсандағы N 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 562-құжат; 2002 ж., N 18, 196-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат):

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiне тәртiптiк жаза қолдану ережесiнде:
      1-бөлiмнiң сегiзiншi абзацындағы "С-О-7," және ",С-R-6" деген санаттар алып тасталсын;

      3) "Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 357 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 141-құжат; 2001 ж., N 18, 222-құжат; 2003 ж., N 15, 149-құжат; 2004 ж., N 14, 172-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде:

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:


      "8. Жаңадан құрылған не басқа мемлекеттiк органда жұмыспен қамтылатын тұлғалар Заңның 24-бабының 4-тармағына сәйкес өздерiнiң келiсуiмен тиiстi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға өздерiнiң бiлiктiлiгiне сай конкурссыз тағайындалады.
      9. Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасу құқығын өз өкiлеттiгiн тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентiнiң бұрынғы депутаттары, мәслихаттардың тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн депутаттары, мемлекеттiк саяси қызметшiлер мен судьялар, өз өкiлеттiктерiн жағымсыз себептер бойынша тоқтатқандарды қоспағанда, депутаттық, мемлекеттiк саяси қызметшiнiң немесе судьяның өкiлеттiгi тоқтатылған сәттен бастап бiр жыл бойы сақтайды.";

      10-тармақтағы "Заңның 24-бабының 4-тармағында және осы Ереженiң 9-тармағында" деген сөздер "осы Ереженiң 8 және 9-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-1-тараудың тақырыбындағы "әкiмшiлiк қызметшiнiң" деген сөздер "қызметшiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18-1-тармақтағы "әкiмшiлiк қызметшiсiн" деген сөздер "қызметшiсiн" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18-2-тармақтағы "әкiмшiлiк қызметшiнi", "әкiмшiлiк қызметшiнiң" деген сөздер тиiсiнше "қызметшiнi", "қызметшiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы үшiншi сөйлеммен толықтырылсын:


      "Кадр қызметi мемлекеттiк қызметшiнiң талап етуi бойынша оған комиссия шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн бередi және оны растайды.";

      4) "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшiлерi антының мәтiнiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң ант беру тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 13 сәуiрдегi N 372 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 19, 200-құжат; 2005 ж., N 27, 329-құжат):

      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "республиканың төтенше және өкiлеттi елшiлерi;" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшада:


      екiншi абзацтағы "Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының бiрiншi орынбасары және орынбасарлары" деген сөздер "Премьер-Министр Кеңсесi Басшысы, оның бiрiншi орынбасары және орынбасарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртiншi абзацтағы:


      "Қазақстан Республикасы Президентi Мұрағатының директоры мен оның орынбасарлары," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi мұражайының директоры мен оның орынбасарлары;" деген сөздермен толықтырылсын;

      "республика Президентi Iс басқармасының Медицина орталығының бастығы, оның орынбасарлары;" деген сөздерден кейiн "республика Президентi Iс басқармасы аппаратының басшысы;" деген сөздермен толықтырылсын;

      бесiншi абзацтағы "бiрлiктердiң әкiмдерi;" деген сөздерден кейiн "облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкiмдерi аппараттарының басшылары;" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:


      "- Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiне - республиканың төтенше және өкiлеттi елшiлерi.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:


      "4-1. Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша өзге лауазымды тұлғаға Ант бередi.
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi аппаратының басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғаға Ант бередi.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi аппаратының жетекшiсi Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасына немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды тұлғаға Ант бередi.";

      мынадай мазмұндағы 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:


      "5-2. Мемлекеттiк қызметшi мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтен мемлекеттiк саяси қызметке ауысқан кезде Ант қабылдайды.
      5-3. Мемлекеттiк саяси қызметшiлер мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке ауысқан жағдайда, сондай-ақ басқа мемлекеттiк саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланғанда, Қазақстан Республикасының Президентiне Ант берудi көздейтiн жағдайларды есептемегенде, қайталап Ант беруден босатылады.";

      аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк саяси қызметшiлерiнiң Ант беру тәртiбiнде:


      мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Салтанатты ант беру рәсiмi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң орындалуымен басталады.";

      үшiншi абзацтағы "сол" деген сөз алып тасталсын.

      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының санаттары бойынша тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәселелерi жөнiндегi кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi N 1556 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 15, 174-құжат);

      3) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерi және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 30 маусымдағы N 1598 Жарлығының 3-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 329-құжат);

      4) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 6 шiлдедегi N 1606 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 28, 345-құжат);

      5) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 13 шiлдедегi N 1614 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 30, 380-құжат).

      7. Осы Жарлық 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 


Президентiнiң     
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
N№501 Жарлығымен   
БЕКIТIЛГЕН     

      Ескерту. Тiзiлiмге өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008.02.19. N 542 , 2009.02.25. N 749 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.09.22 N 1066 Жарлықтарымен.



Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер
лауазымдарының санаттары бойынша
ТIЗIЛIМI

А санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi

А-1 санаты

      Сектор меңгерушiсi

А-2 санаты

      Инспектор, консультант

А-3 санаты

      Сарапшы

А-4 санаты

      Референт

В санаттарының тобы

Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының
аппараттары
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың
қызметiн қамтамасыз ету департаментi (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты)
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң аппараты
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
аппараты
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
жөнiндегi есеп комитетi

В-1 санаты

      Құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi

В-2 санаты

      Құрылымдық бөлiмше жетекшiсiнiң орынбасары

В-3 санаты

      Премьер-Министрдiң көмекшiсi, кеңесшiсi
      Парламент Палатасы Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Жоғарғы Сот Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Конституциялық Кеңес Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Премьер-Министр Кеңсесiнiң, Президент Iс басқармасының бас инспекторы
      Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi

В-4 санаты

      Премьер-Министр орынбасарының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Премьер-Министр Кеңсесi Басшысының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Президенттiң Iс басқарушысының, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi Төрағасының көмекшiсi, кеңесшiсi
      Парламент Палатасы Төрағасы орынбасарының көмекшiсi
      Парламент Палатасы аппараты басшысының көмекшiсi
      Жоғарғы Сот аппараты басшысының көмекшiсi
      Сектор меңгерушiсi
      Бас консультант

В-5 санаты

      Бас сарапшы
      Парламент депутатының көмекшiсi

В-6 санаты

      Сарапшы

С санаттарының тобы

Қазақстан Республикасының Президентiне
тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар
Орталық атқарушы органдар
Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық
Орталық атқарушы органдардың ведомстволары
Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi

С-1 санаты

      Аппарат жетекшiсi 1
      Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталық жетекшiсi
      Орталық атқарушы орган комитетiнiң төрағасы

С-2 санаты

      Департамент директоры 2
      Орталық атқарушы орган комитетi төрағасының орынбасары
      СIМ Ерекше тапсырмалар жөнiндегi елшiсi
      Сенiмдi уәкiл
      Халықаралық ұйым жанындағы тұрақты өкiлдiң орынбасары
      Бас консул
      Шетелдегi мекеменiң кеңесшi - уәкiлi

С-3 санаты

      Департамент директорының орынбасары
      Ұлттық Банк өкiлдiгiнiң жетекшiсi
      Шетелдегi мекеменiң кеңесшiсi

С-4 санаты

      Басқарма бастығы
      Адам құқықтары жөнiндегi ұлттық орталықтың бөлiм меңгерушiсi
      Орталық органның бiрiншi басшысының көмекшiсi (режим бойынша), кеңесшiсi, баспасөз хатшысы
      Шетелдегi мекеменiң бiрiншi хатшысы
      Консул - консулдықтың жетекшiсi

С-5 санаты

      Бас сарапшы
      СIМ кеңесшiсi
      СIМ бiрiншi хатшысы
      СIМ және шетелдегi мекеменiң екiншi хатшысы
      Бас консулдықтың консулы

С-6 санаты

      Сарапшы
      СIМ және шетелдегi мекеменiң үшiншi хатшысы
      Бас консулдықтың вице-консулы
      СIМ және шетелдегi мекеменiң атташесi
      СIМ және шетелдегi мекеменiң референтi
_________________
1 Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша жауапты хатшы лауазымы енгiзiлмейтiн орталық атқарушы органдарда енгiзiледi
2 Орталық атқарушы органдардың ведомстволарынан басқа (ведомстволар құрамында департаменттер көзделмейдi)

Орталық мемлекеттiк органдардың өңiраралық және
облыстық бөлiмшелерi мен олардың ведомстволары 3
Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың кеңселерi

С-О-1 санаты

      Өңiраралық, облыстық аумақтық департаменттiң, инспекцияның жетекшiсi
      Ұлттық Банк филиалының директоры

С-О-2 санаты

      Өңiраралық, облыстық аумақтық департаментi, инспекциясы жетекшiсiнiң орынбасары
      Облыстық және оған теңестiрiлген соттың кеңсе меңгерушiсi
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Тәртiптiк кеңесi хатшылығының меңгерушiсi
      Ұлттық Банк филиалы директорының орынбасары

С-О-3 санаты

      Өңiраралық, облыстық аумақтық департаментi, инспекциясы басқармасының бастығы 4
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органының құрылымдық бөлiмшесiнiң жетекшiсi

С-О-4 санаты

      Өңiраралық, облыстық аумақтық департаменттiң, инспекцияның бөлiм бастығы
      Аумақтық бөлiмнiң жетекшiсi - аға сот орындаушысы
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органының консультанты
      Ұлттық Банк филиалының бөлiм бастығы

С-О-5 санаты

      Бас маман
      Облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң аға сот приставы
      Сот орындаушысы

С-О-6 санаты

      Жетекшi маман
      Облыстық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң сот приставы
__________________
3 Орталық мемлекеттiк органдардың өңiраралық және облыстық бөлiмшелерiне орталық мемлекеттiк органдардың республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы бөлiмшелерi де теңестiрiледi
4 Орталық мемлекеттiк органның өңiраралық, облыстық бөлiмшесiнiң (аудандық аумақтық органдарды есептемегенде) кемiнде 100 бiрлiк штат санында енгiзiледi

Орталық мемлекеттiк органдардың аудандық
бөлiмшелерi мен олардың ведомстволары 5
Аудандық және оған теңестiрiлген соттардың кеңселерi

С-R-1 санаты

      Аудандық аумақтық басқарманың жетекшiсi
      Аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң меңгерушiсi

С-R-2 санаты

      Аудандық аумақтық басқарма жетекшiсiнiң орынбасары

С-R-3 санаты

      Аудандық аумақтық басқарманың бөлiм бастығы

С-R-4 санаты

      Бас маман
      Аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң аға сот приставы

С-R-5 санаты

      Жетекшi маман
      Аудандық және оған теңестiрiлген сот кеңсесiнiң сот приставы

________________
5 Орталық мемлекеттiк органдардың аудандық бөлiмшелерiне орталық мемлекеттiк органдардың облыстық маңызы бар қалалардағы және республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы аудандардағы бөлiмшелерi де теңестiрiледi

D санаттарының тобы

Облыстар әкiмдерiнiң аппараттары 6
Облыстар мәслихаттарының аппараттары

D-1 санаты

      Облыс әкiмiнiң аппаратын қоспағанда, облыстық аппараттың жетекшiсi

D-2 санаты

      Аппарат жетекшiсiнiң орынбасары

D-3 санаты

      Құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi
      Облыс әкiмiнiң көмекшiсi (режим бойынша), кеңесшiсi, бас инспектор

D-4 санаты

      Бас маман

D-5 санаты

      Жетекшi маман

___________________________


6 Облыстарға республикалық маңызы бар қалалар мен астана да теңестiрiледi

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
облыстық атқарушы органдар

D-О-1 санаты

      Басқарма бастығы

D-О-2 санаты

      Басқарма бастығының орынбасары

D-О-3 санаты

      Бөлiм бастығы

D-О-4 санаты

      Бас маман

D-О-5 санаты

      Жетекшi маман

D-О-6 санаты

      Маман

Е санаттарының тобы
Аудандар әкiмдерiнiң аппараттары 7
Аудандар мәслихаттарының аппараттары

Е-1 санаты

      Аудан әкiмiнiң орынбасары

Е-2 санаты

      Аппарат жетекшiсi

Е-3 санаты

      Құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi
      Аудан әкiмiнiң көмекшiсi, кеңесшiсi, бас инспектор

Е-4 санаты

      Бас маман

Е-5 санаты

      Жетекшi маман
_______________
7 Аудандарға облыстық маңызы бар қалалар және қалалардағы аудандар да теңестiрiледi

Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын
аудандық атқарушы органдар

Е-R-1 санаты

      Бөлiм бастығы

Е-R-2 санаты

      Бөлiм бастығының орынбасары

Е-R-3 санаты

      Сектор меңгерушiсi

Е-R-4 санаты

      Бас маман

Е-R-5 санаты

      Жетекшi маман

Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер,
ауылдар (селолар) әкiмдерiнiң аппараттары

Е-G-1 санаты

      Әкiмнiң орынбасары

Е-G-2 санаты

      Құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi
      Әкiмнiң көмекшiсi, кеңесшiсi

Е-G-3 санаты

      Бас маман

Е-G-4 санаты



      Жетекшi маман



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет