Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын тексеру және Мәртөк ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру қорытындысына анықтама



Дата25.04.2016
өлшемі248.5 Kb.
Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын тексеру және Мәртөк ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру қорытындысына

АНЫҚТАМА
2013 жылдың 18 – 22 қараша аралығы
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына және «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ 2013 жылға арналған операционды жоспарының 1.3, 1.7 тармақтарына сәйкес, 2013 жылдың 18 – 22 қараша аралығында, Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Б.Күзембаева, аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Көлкебаев және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Қаламғазиннің қатысуымен облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің бас маманы – Ж. Жалғаспаева және инженері – А.Жарикесова мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын тексеру және Мәртөк ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізді.

Тексеру барысында білім; дене шынықтыру және спорт; экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік; жер қатынастары; архитектура, қала құрылысы және құрылыс; жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар; тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімдерінің; Хазірет, Родников, Хлебодар, Тәңірберген, Құрмансай, Байторысай, Қызылжар, Қарашай, Қаратоғай, Байнассай, Аққұдық, Жайсан, Мәртөк ауылдық округтердің мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуы қаралып, келесі деректер анықталды:


1. Жұмыспен қамту және әлеуметтк бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – Г.Алматбаева.

Бөлім бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша бақылау жұмысына жауапты қызметкер ретінде 2013.21.10. № 01-4/26 бұйрығымен бөлім басшысының орынбасары С.Қалдыбаев тағайындалған. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты қызметкерлердің тағайындалғаны жөнінде бұйрығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 18 түрі бойынша жұмыстар жүргізіледі:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

2) семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу және оларға куәліктер беру;

3) жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

4) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

5) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды рәсімдеу;

6) мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу;

7) тұрғын үй көмегін тағайындау;

8) мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу;

9) ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау;

10) жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою;

11) қозғалуы қиындық туғызатын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекші беруге және есту бойынша мүгедекетерге ымдау тіл маманын беру үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

12) мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін құжаттарды рәсімдеу;

13) мүгедектерге санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу;

14) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру;

15) жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

16) тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру;

17) жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу;

18) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу.

Ақпараттық стенд бар, алайда мемлекеттік қызметтер стандарттары мен мемлекеттік қызметтер регламенттерінің бекітілгені туралы қаулылар, мемлекеттік қызметтер регламенттері, өтініштердің үлгісі, жауапты қызметкерлер туралы бұйрық орналастырылмаған.



Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынбаған, графалардың атаулары дұрыс жазылмаған.

Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы нөмірленбеген және тігілмеген. Журналда реттік нөмірлері қате толтырылған.

Мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу, мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде мемлекеттік қызметтер стандарттарында көрсетілмеген қосымша құжаттарды (үй кітапшасы) талап ету фактісі анықталды.

2013 жылдың 6 айлық қорытындысына ұсынылған есептік ақпаратта кейбір мемлекеттік қызметтер бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер санында айырмашылықтар анықталды, Мүгедектерді сурдо - тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттар рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта – 41, факт – 42, үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта – 17 қызмет делінген, алайда өтініштерді тіркеу журналында 4 қызмет көрсетілген, жалғыз басты, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта – 19, факт – 20, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру мемлекеттік қызметтер бойынша есептік ақпаратта – 103, факт – 111.

Тексеру барысында тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру, жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою мемлекеттік қызметтері бойынша жауапты қызметкер жұмыс орнында болмай, бөлім басшысы қажетті құжаттарды көрсете алмады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметтер көрсету мерізімі туралы толық білмейді.

ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша үлесі 74 %-ды құрайды, бірақ 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметінен басқа баламалы түрде ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған 8 мемлекеттік қызметтері ХҚКО арқылы бірде рет көрсетілмеген.
2. Білім бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – А.Қилыбаев.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.01.08. № 254 бұйрығымен Ш.Көбенова, Қ.Алдажаров, А.Шакимова, М.Шауменова, Г.Ергалиева, Ж.Альжанова, Н.Щевелева, Ж.Жұмабаев тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің келесі түрі бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

2) жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар рәсімдеу;

3) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру;

4) зейнетақы қорларына, Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтама беру;

5) тұрғын үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді жасау үшін қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесінің шешіміне анықтама беру;

6) шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау;

7) білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;

8) меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін жалпы орта білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жалпы білім беретін мектептерге, мектеп-интернаттарға құжаттарды қабылдау және тіркеу;

9) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім мекемелеріне денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

10) мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және тіркеу;

11) арнайы жалпы білім беру оқу бағдарламалары бойынша мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім ұйымдарына алу;

12) оқудан тыс уақытта қосымша білім беруге қосымша білім беру ұйымдарына балалардың құжаттарын қабылдау және оқуға алу;

13) жалпы білім беретін мектептердің жеке санаттағы оқушылары мен тәрбиеленушілеріне тегін тамақтану үшін құжаттар қабылдау;

14) аз қамтылған отбасы балаларына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге демалыс беру шарттарын қамтамасыз етуге құжаттарды қабылдау;

15) экстернат нысанында бастапқы, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдарда оқуға рұқсат беру;

16) жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық санаттар мен разрядтарын беру мемлекеттік қызметі 2013 жылдың 29 шілдесіндегі № 195 аудан әкімдігінің қаулысымен білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен дене шынықтыру және спорт бөлімі дербес құрылымдық болуына байланысты, дене шынықтыру және спорт бөліміне берілді. Ағымдағы жылдың шілде айына дейін аталған қызмет бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Ақпараттық стендте 2 мемлекеттік қызметтер стандарттары және бөліммен көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштердің үлгілері орналастырылмаған.

Ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысында кейбір мемлекеттік қызметтердің көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны бойынша есептік ақпаратта айырмашылықтар табылды. Атап айтқанда, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілген қызметтер саны есептік ақпаратта – 260 қызмет, өтініштерді тіркеу журналы бойынша – 159.

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтер саны есептік ақпаратта – 2, факт – 3.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға құжаттар рәсімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының 11 тармағы бұзылып, бөлім қызметкері, талап етілетін барлық құжаттарды толық қабылдамай қызметті көрсете берген, яғни мемлекеттiк қызметтi алушы жұбайының жеке куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi, мемлекеттiк қызметтi алушының жұмыс орнынан берiлген мiнездеме, мемлекеттiк қызметтi алушы жұбайының сотталмағаны туралы анықтамаларын қабылдамаған.


ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрі бойынша үлесі 99 %-ды құрайды, дегенмен тек қана ХҚКО арқылы көрсетілуге тиіс қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру мемлекеттік қызметін мемлекеттік орган өздігінен көрсетіп келеді.

Бүгінгі күні, 16 мемлекеттік қызметтердің 5 түрі электрондық түрде көрсетіледі, соның ішінде бір қызмет бойынша (мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою) ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысына сәйкес 4 қызметтің белгіленген мерізімінің бұзылуымен көрсетілгені анықталған.


3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысы – Н.Беккалиев.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер тағайындалғаны туралы бұйрығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен тек қана ХҚКО арқылы көрсетілу қарастырылған жасөспірімдер арасындағы екінші және үшінші, бірінші, екінші және үшінші разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық санаттар мен разрядтарын беру мемлекеттік қызметі көрсетіледі.

Ақпараттық стенд жоқ.

2013 жылдың 29 шілдесіндегі № 195 аудан әкімдігінің қаулысымен білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінен дене шынықтыру және спорт бөлімі дербес құрылымдық болып бөлінді, дегенмен осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстар жүргізілмеген.
4. Жер қатынастары бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысы – Қ.Отаралин.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.13.09. № 1 бұйрығымен А.Даримова тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетіледі:

1) жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі;

2) жер учаскаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;

3) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

4) іздестіру жұмыстары үшiн жер учаскесін қолдануға рұқсат беру.

Алайда, бөлім ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы көрсетілетін «Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актілерді ресімдеу және беру», «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру», «Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру», «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметтер бойынша да жұмыстарын жүргізіп келеді, себебі «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК Мәртөк ауданы бойынша бөлімінің басшысы аталған қызметтер бойынша түскен өтініштерді қабылдамаған.


«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 Қаулысымен бекітілген бөлімнің 4 мемлекеттік қызметтер стандарттарының 11 тармақтары бұзылған, яғни тұтынушының өтінішісіз мемлекеттік қызметтер көрсетіле берген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді тіркеу журналдары арналынбаған.


Ақпараттық стенд дұрыс емес, бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері және олардың бекітілуі туралы қаулылары, өтініштердің үлгілері орналастырылмаған.
5. Архитектура, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)
Бөлім басшысының м.а. – Р.Көпжан.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерді бекіткен жөнінде бұйрық жоқ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 3 түрі көрсетіледі:


  1. сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру

  2. Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру

  3. елді мекендердің көшелері және облыс пен аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру.

Ақпараттық стенд бар, алайда мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы қаулылары және өтініштердің үлгілері орналастырылмаған.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне, көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны мен мемлекеттік қызметтерді алған адамдар саны туралы есептік апарат ай сайын ұсынылмайды. Мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы (Н.Қаламғазин) есептік ақпаратты ХҚКО-нан алады.

Мемлекеттік қызметтерге түскен өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.

Тексеру кезінде бөлім басшысының м.а. денсаулығына байланысты демалыста, ал жауапты қызметкер жұмыстан босатылғаны анықталды, сол себепті бөлімде мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізілген жүмыстарды толық тексеруге мүмкіндік болмады.


6. Тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – Б.Мулькаев.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.25.01. № 4 бұйрығымен Б.Унбаева тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен баламалы негіздегі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2013 жылдың бірінші жартыжылдыға бойынша 67 қызмет көрсетілген, есептік ақпаратта - 27, барлық қызмет ХҚКО арқылы көрсетілген.

Өтініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынған, алайда 66-шы болып 2013 ж.7 маусымында тіркелген өтініштен кейін 67-ші болып 2013 ж. 8 сәуірде К.Ф.Клюмованың өтініші тіркелген.


7. Экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі (бұдан әрі – Бөлім).
Бөлім басшысы – А.Жұмабаева.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2011.26.05. № 33 бұйрығымен З.Имағамбетова тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, бөліммен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қорғау шараларын көрсету мемлекетті қызметі көрсетіледі.

Ақпараттық стендте мемлекеттік қызмет регламенті және мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы жоқ.

2013 жылдың жартыжылдығына өтініш түспеген. Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.
Ауылдық округтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.20.07. № 745 қаулысына сәйкес, ауылдық округтермен мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша жүргізілген жұмыстары қаралды:


  1. жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру;

  2. жануарларға ветеринариялық паспорт беру;

  3. ветеринариялық анықтамалар беру;

  4. шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау;

  5. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

  6. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

  7. ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу жөнінде әлеуметтік көмек тағайындау;


8. Мәртөк ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – И.Еспағанбетов

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2012.13.03. № 19-Ө және 2012.24.09. № 94-Ө өкімдерімен К.Абишева, Г.Казтуғанова тағайындалған.

Ақпараттық стенд бар, бірақ мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекітілуі туралы қаулылар және өтініштердің үлгілері жоқ.

2013 жылдың жартыжылдығына Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 133 рет көрсетілген, бірақ 2013 ж.06.05. күні түскен бір өтініш, өтініштерді тіркеу журналына тіркелмеген. 2013 ж. 08.05. күні түскен М.А.Джумагалиевтің өтінішіне №0075 ветеринарлық анықтамасы берілген деп жазылған, алайда М.А.Джумагалиевке №0076 ветеринарлақ анықтамасы берілген.

2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 117 рет көрсетілген. Өтініштерді тіркеу журналы бойынша 2013 ж.18 ақпан күні түскен өтінішке 2013 ж. 18 мамыры күні жауап берілген, бұл ҚР Үкіметінің 2011 ж.29.04. № 464 қаулысымен бекітілген «Жануарларға ветеринарлық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандартының 7 тармағы 1 тармақшасы бұзылып 3 күннің орнына 3 ай бойы көрсетілген.

Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.



18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.

ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1119 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аталған мемлекеттік қызметті ауылдық округ әкімдіктері көрсетілу қарастырылған, алайда бұл қызмет бойынша ауылдық округ әкімдігінде жұмыс жүргізілмеген. Аудандық білім бөлімінің ақпараты бойынша Мәртөк ауылдық округінде 232 оқушы тегін тасымалданады.


9. Жайсаң ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Ж. Есмухамбетов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2008.27.05. № 13, 2012.12.03. № 10 өкімдермен Ә.Таева, Ә.Закенов тағайындалған.

Ақпараттық стенд бар, мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекітілуі туралы қаулылардан басқа барлық қажетті ақпарат орналасқан.

2013 жылдың 6 айы бойынша ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметтері 33 рет көрсетілген. Аталған қызмет бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларында бағалары қойылмаған және бір мемлекеттік қызметтер көрсету карточкасында өтініш берушінің аты-жөні жазылмаған.

Өтініштерді тіркеу журналы арналған, тігілген және нөмірленген.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.

10. Аққұдық ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Н.Ашимов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.10.04. № 16 өкімімен К.Мухашев, С.Базарбаева тағайындалған.

Барлық қажетті ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенд бар.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша 2013 жылдың жартыжылдығында 74 қызмет көрсетілген, алайда есептік ақпарат бойынша 69 қызмет көрсетілген делінген.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынған, алайда жыл басынан қазан айына дейін түскен өтініштер тіркелмеген, мемлекеттік қызметтер көрсету карточкалары жүргізілмеген.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналында 48 қызмет көрсетілгені анықталды, алайда есептік ақпарат бойынша 39 қызмет көрсетілген делінген. 12 мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларында «нашар» бағасы қойылған.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.

11. Байнассай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – С.Кошмағамбетов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.18.10. № 99 өкімімен К.Агайдарова тағайындалған.

Ақпараттық стенд бар, бірақ стендте тек қана бір мемлекеттік қызмет стандарты мен регламенті орналастырылған.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 21 рет көрсетілген, алайда есептік ақпарат бойынша 31 қызмет.

2013 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілген қызмет саны есептік ақпаратта – 19, факт – 11.


12. Қаратоғай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Д.Боранқұл.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.21.05. № 31 және 2013.26.09. № 70 өкімдерімен А.Торошева, Б.Нурпейсов тағайындалған.

Ақпараттық стенд бар, бірақ стендте күші жойылған мемлекеттік қызметтер стандарттары ілулі тұр. Мемлекеттік қызметтер көкрсету стандарттарының бекітілуі туралы қаулылар, мемлекеттік қызметтер регламенттері орналастырылмаған.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша есептік ақпаратта 2013 жылдың жартыжылдығында 42 қызмет көрсетілген делінген, алайда өтініштерді тіркеу журналы бойынша 43 қызмет.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 32 рет көрсетілген, ал есептік ақпаратта көрсетілген қызмет саны – 43.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 11 рет көрсетілген, бірақ есептік ақпаратта көрсетілген қызмет саны – 9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша бұл қызмет ақылы көрсетіледі, дегенмен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің тек қана 2 түбіртектері бар.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметтері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
13. Қарашай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімінің м.а. – Р.Байденов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2012.02.04. № 15 өкімімен Ж.Жапахова тағайындалған.

Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің бекітілуі туралы қаулылыр, сенім телефон нөмірі жоқ.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы тігілмеген, нөмірленбеген. Журнал бойынша жыл басынан қызмет көрсетілмеген.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналы дұрыс арналынған. Мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларында мемлекеттік қызмет атауына басқа мемлекеттік қызмет атауы жазылған.
14. Қызылжар ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – А.Ахметов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.09.08. № 34 өкімімен Т.Казыдуб, Г.Артығалиева тағайындалған.

Ақпараттық стендте күші жойылған қаулымен бекітілген мемлекеттік қызметтер стандарттары ілулі тұр, мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерінің бекітілуі туралы қаулы орналастырылмаған.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметіне арналған өтініштерді тіркеу журналы бойынша 89 қызмет көрсетілген, есептік ақпарат бойынша – 90.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 93 рет көрсетілген, ал есептік ақпаратта – 92.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналы арқылы 74 қызмет көрсетілгені анықталды, алайда есептік ақпаратта – 78. Мемлекеттік қызметтер стандарты бойынша аталған қызмет ақылы көрсетіледі, бірақ көрсетілген қызметтің 5-уінде түбіртек жоқ. 4 мемлекеттік қызметтер карточкаларында «нашар» бағасы қойылған.
15. Байторысай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – К.Жұмабаев.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2012.27.12. № 67, 2013.18.11. №64 өкімідерімен А.Молданиязов, А.Ажниязова тағайындалған.

Ақпараттық стенд бар, бірақ тек бір мемлекеттік қызметтер регламенті және тек қана бір мемлекеттік қызметтер стандарты орналастырылған. Қалған қажетті ақпараттар бар.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметіне арналған өтініштерді тіркеу журналы бойынша 75 қызмет көрсетілген, есептік ақпаратта – 72. 2 мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларында бағалары қойылмаған.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметі 128 рет көрсетілген, алайда есептік ақпарат бойынша 144 қызмет көрсетілген делінген.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі бойынша арналған өтініштерді тіркеу журналында 8 қызмет көрсетілгені анықталды, ал есептік ақпарат бойынша – 5. Мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларының барлығында басқа мемлекеттік қызмет атауы жазылған. Бір ветеринарлық анықтама құны 25 теңге, бірақ ауылдық округ арқылы 2 анықтама 20 теңгеге берілген.
16. Құрмансай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – М.Жамаладинов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2013.22.10. № 64 өкімімен А.Ратушный тағайындалған.

Ақпараттық стендте тек қана бір мемлекеттік қызмет стандартынан басқа қажетті ақпараттар орналастырылмаған.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 57 рет көрсетілген, есептік ақпаратта – 56.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметіне арналған өтініштерді тіркеу журналы бойынша 45 қызмет көрсетілген, есептік ақпаратта – 35.

Тексеру кезінде ауылдық округ әкімдігінде тек қана бір бас маман болды, ауылдық округ әкімі және бір маман іссапарда, сол себепті басқа қызметтер бойынша жұмыстарын тексеру мүмкіндігі болмады.


17. Тәңірберген ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Ә.Ділжанов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.16.04. № 1 өкімімен Б.Бисинбаев, А.Абикенова тағайындалған.

Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер регламенттері орналастырылмаған, тек қана 2 мемлекеттік қызметтер стандарттары орналастырылған.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі бойынша толтырылған мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларының біреуінде «нашар» бағасы қойылған.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру, ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметтеріне жауапты қызметкердің жұмыс орнында болмауына байланысты қажетті құжаттарды көрсете алмады.
18. Хлебодар ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – А.Төлегенов.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2012.28.05. № 27-ө өкімімен А.Сакирова, С.Жолмағанбетова тағайындалған.

Ақпараттық стендте ауылдық округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тек 2 мемлекеттік қызметтер стандарттары орналастырылған.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметіне арналған өтініштерді тіркеу журналы бойынша 12 қызмет көрсетілген, есептік ақпаратта – 13.

ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1119 қаулысымен бекітілген «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды тегін әкелу және кері апару қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, аталған мемлекеттік қызметті ауылдық округ әкімдіктері көрсетілу қарастырылған, алайда бұл қызмет бойынша ауылдық округ әкімдігінде жұмыс жүргізілмеген. Аудандық білім бөлімінің ақпараты бойынша ауылдық округте 174 оқушы тегін тасымалданады.


19. Родников ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – Т.Рапнева.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.12.08. № 37-ө өкімімен А.Есенаманова, Л.Баков тағайындалған.

Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер стандарттары мен олардың бекітілуі туралы қаулылар орналастырылмаған.

Жануарларға ветеринариялық паспорт беру мемлекеттік қызметіне арналған өтініштерді тіркеу журналы бойынша 80 қызмет көрсетілген, есептік ақпарат бойынша 11 қызмет. 2 мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларында «нашар» бағасы қойылған.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметі бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
20. Хазірет ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімінің м.а. – М.Матен.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкерлер ретінде 2013.09.08. № 17 өкімімен Ю.Юденко, М.Нугманов тағайындалған.

Барлық қажетті ақпараттар орналастырылған ақпараттық стенд бар.

Жеке қосалқы шаруашылығының бары не жоқтығы туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі 30 рет көрсетілген, есептік ақпарат бойынша 29 қызмет көрсетілген.

Ауылдық округ бойынша ветеринар маманы болмағандықтан ветеринариялық анықтамалар беру мемелкеттік қызметі көрсетілмеген.



Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау мемлекеттік қызметтері бойынша жұмыстар жүргізіледі. Алайда, өтініштерді тіркеу журналы арналынбаған.
Қорытындылар:


  1. Жекелеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

  2. Көптеген мемлекеттік органдардың ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер стандарттары, мемлекеттік қызмет регламенттері, сонымен қатар олардың бекітілуі туралы қаулылар орналастырылмаған. Өтініштердің үлгілері жоқ.

  3. Дұрыс емес есептік ақпараттарды ұсыну фактілері анықталды.

  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.

  5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жергілікті атқарушы органдарда стандарттар мен регламенттердің ережелерінің сақталуына қатысты аудан әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеген.

  6. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар аудан әкімдігі коллегияларында қаралмаған.

  7. Аудан деңгейінде көрсетілетін 12 электрондық мемлекеттік қызметтердің ішінде тек қана 1 қызмет бойынша жұмыс жүргізіледі.

  8. Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Кейбір көрсетілген қызметтерге мемлекеттік қызмет тұтынушылары «нашар» бағасын қойған. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.

  9. Мемлекеттік қызметтер көрсететін аудандық бөлімдер мен ауылдық округтерде мемлекеттік қызметтер стандартының 7 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету барысында уақыт бойынша шектеу сақталған.

  10. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарда пандустармен, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер тұтынушыларына арналған құжаттарды толтыру және күту орындармен қамтамасыз етілген.


Ұсыныстар:


  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

  2. Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру.

  3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.

  4. Ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру.

  5. Мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері ережелерінің сақталуына қатысты ішкі бақылау жүргізу.

  6. Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

  7. Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру.

  8. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді уақытылы өңдеу.

  9. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.

  10. Мемлекеттік қызметтер көрсету карточкаларын жүргізу.

  11. Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

  12. Аталған ұсыныстар бойынша тиісті шаралар қабылдап, 2013 жылдың 23 желтоқсанына Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөліміне ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету.



Комиссия төрайымы Ж. Жалғаспаева


Комиссия мүшесі А.Жарикесова


Анықтамамен таныстық:
Мәртөк ауданы

әкімінің орынбасары Б.Күзембаева

Мәртөк ауданы әкімі

аппаратының басшысы Т.Көлкебаев


Мәртөк ауданы әкімі

аппаратының мемлекеттік

қызметтер мәселелерін

үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Қаламғазин





Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет