Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 1.41 Mb.
бет5/10
Дата03.05.2016
өлшемі1.41 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
: download
download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
download -> Построение таблиц истинности логических выражений
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
29-қосымшасына сәйкес іс құжаттарының ішкі тізімдемесі жасалады.

Іс құжаттарының ішкі тізімдемесі егер тақырыптары құжаттардың нақты мазмұнын ашпайтын құжаттардың әр түрлілігі бойынша қалыптастырылса, тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақталатын істерге де жасалады.

154. Істерді құрайтын құжаттар барлық құжаттардың мәтіні еркін оқылатындай мүмкіндікті ескере отырып, картоннан жасалған қатты мұқабаға кемінде төрт жерден тесіліп тігіледі немесе түптеледі. Бірінші және соңғы Істі тігуге (түптеуге) дайындағанда темір бекітпелер (түйреуіштер, қыстырғыштар және басқалар) құжаттардан алынады.

155. Уақытша (10 жылға дейінгі) сақталатын істерді іспапкаға сақтауға, істегі құжаттарға қайта жүйелеу жүргізбеуге, істің парақтарын нөмірлемеуге, куәландыру жазбаларын жасамауға рұқсат етіледі.

 

 

Құжаттарды жедел сақтау



 

156. Іс жүргізу аяқталғаннан кейін құжаттар ұйымның мұрағатына тапсырылғанға дейін олар қалыптастырылған орны бойынша істерде бір жыл бойы сақталады.

157. Ұйымның БҚҚ қызметі, құрылымдық бөлімшелердің басшылары құжаттар мен істердің сақталуын қамтамасыз етеді. Істер жұмыс кабинеттеріндегі шкафтарда және сейфтерде немесе осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады.

158. Істер ұйымның бекітілген іс номенклатурасына сәйкес орналастырылады, мұқабалардың түбіртектерінде олардың индекстері көрсетіледі.

159. Істер басқа ұйымдарға уақытша пайдалануға беру жазбаша өтініштің негізінде және ұйым басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Істерді ұйымның басқа бөлімшелерге беру құрылымдық бөлімше басшысының рұқсатымен ғана, ал құрылымдық бөлімше ішінде қол хатпен беріледі.



Берілген істерге істің орнын ауыстыратын карта жүргізіледі. Онда құрылымдық бөлімше, істің индексі, оның берілген күні, істің кімге берілгені, оның қайтарылу күні көрсетіледі, істі алғандығы мен қабылдағаны үшін қол қою бағандары көзделеді.

160. Істен құжаттар алғанда Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес құжаттардың куәландырылған көшірмесін және түпнұсқалардың алынғаны туралы актіні (хаттаманы) істе қалдырады.



 

 

Істерді ұйымның мұрағатына тапсыру



 

161. Істерді құрылымдық бөлімшелерден ұйымның мұрағатына тапсыру құжаттардың құндылығын сараптау нәтижелері бойынша жасалған істердің және іс жүргізуде аяқталған істердің тізімдемелері бойынша жүзеге асырылады. Уақытша (қоса алғанда 10 жылға дейін) сақтаудағы құжаттар ұйымның мұрағатына істер номенклатурасы бойынша тапсырылады.

162. Тізімдемелер тұрақты, уақытша (10 жылдан жоғары) сақталатын және жеке құрам бойынша істерге осы Үлгілік қағидалардың 30-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке-жеке жасалады.

163. Істер тізімдемесінің бағандары іс мұқабасына енгізілген мәліметтерге дәл сәйкестікпен толтырылады. Тізімдемеге тақырыптары бірдей істер қатарынан енгізілген кезде бірінші істің тақырыбы толық жазылып, қалған біртекті істер «бұл да сондай» деген сөзбен белгіленеді, бұл ретте олар туралы басқа мәліметтер тізімдемеге толығымен енгізіледі. Тізімдеменің жаңа парағына біртекті істердің тақырыптары толық көшіріледі.

164. Әрбір іс (істің томы, бөлігі) тізімдемеге жеке реттік нөмірімен енгізіледі.

165. Тізімдеменің «Ескерту» бағаны істің физикалық жай-күйінің ерекшеліктері туралы, істің басқа құрылымдық бөлімшеге (басқа ұйымға) берілгені туралы белгілерді қою үшін пайдаланылады.

166. Істер тізімдемесі екі данада жасалып, оның біреуі істермен бірге ұйымның мұрағатына беріледі, ал екіншісі - бақылау ретінде құрылымдық бөлімшеде қалады.

167. Істі қалыптастырудың және ұйымның мұрағатына тапсыруға дайындаудың дұрыстығын БҚҚ қызметі тексереді. Анықталған кемшіліктерді ұйымның құрылымдық бөлімшесі жояды.

168. Әрбір істі қабылдауды құрылымдық бөлімше қызметкерінің қатысуымен ұйымның мұрағатқа жауапты қызметкері жүргізеді. Бұл ретте тізімдеменің екі данасына оған енгізілген әр істің жанына істердің бар екендігі туралы белгі қойылады. Тізімдеменің әрбір данасының соңында нақты қабылданған істердің саны санмен және жазбаша, істерді қабылдау-беру күні, сондай-ақ мұрағатқа жауапты қызметкер мен істерді өткізген тұлғаның қойылған қолдары көрсетіледі.

169. Істермен бірге мұрағатқа құжаттарға және (немесе) бағдарламалық құралдарға және өткізілетін құжаттардың тіркелуі мен орындалуы туралы ақпаратты қамтитын деректер қорына тіркеу картотекасы беріледі. Әрбір картотеканың немесе деректер қорының тақырыбы тізімдемеге енгізіледі.

170. Құрылымдық бөлімше таратылса немесе қайта құрылған кезде осы құрылымдық бөлімшенің іс жүргізуге жауапты тұлғасы тарату іс-шараларының жүргізілуі кезінде қолда бар құжаттарды істерге қалыптастырып, істерді ресімдейді және сақтау мерзімдеріне қарамастан оларды ұйымның мұрағатына тапсырады.

Істерді өткізу істер тізімдемесі мен істер номенклатурасы бойынша жүзеге асырылады.

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

1-қосымша

 

 

Құжат деректемелерінің орналасу схемасы

 



 

Ескертпе:

1 - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісі) бейнесі

2 - ұйымның ресми атауы

3 - ұйым туралы анықтамалық деректер

4 - құжат түрінің атауы

5 - құжат күні

6 - құжаттың тіркеу нөмірі (индексі)

7 - кіріс құжатының тіркеу нөміріне (индекс) және күніне сілтеме

8 - құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жері

9 - құжатқа рұқсатты шектеу грифі

10 - адресат

11 - құжатты бекіту грифі

12 - бұрыштама

13 - құжат мәтініне тақырып

14 - бақылау туралы белгі

15 - құжаттың мәтіні

16 - құжатқа қосымшаның бар екендігі туралы белгі

17 - қолы

18 - құжаттың келісілгені туралы белгі

19 - мөр бедері

20 - құжат көшірмесінің куәландырылғаны туралы белгі

21 - құжат орындаушысы туралы белгі

22 - құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі

23 - құжаттың электронды көшірмесінің сәйкестендірушісі

24 - құжаттың ұйымға келіп түскендігі туралы белгі

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

2-қосымша

 

 

 

  

Ұйымның хат бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе ұйымның эмблемасы, логотипі, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)

Ұйымның ресми атауы

(мемлекеттік тілде)

Ұйымның ресми атауы

(орыс немесе өзге тілде)

Ұйым туралы анықтамалық деректер

(мемлекеттік тілде)

Ұйым туралы анықтамалық деректер

(орыс тілінде)

___________ № ___________                                                  Адресат       

       (күні)         (индексі)

_______________________________________

(құжаттың кіріс нөміріне және күніне сілтеме)

- Хат мәтінінің тақырыбы -

А4 (210Х297) форматы

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

3-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Ұйым құжатының нақты түрінің бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе ұйымның эмблемасы, логотипі, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі)

Ұйымның ресми атауы

(мемлекеттік тілде)

Ұйымның ресми атауы

(орыс немесе өзге тілде)

Құжат түрінің атауы

(мемлекеттік тілде)

Құжат түрінің атауы

(орыс немесе өзге тілде)

___________ № ____________

(күні)

 

 

Шығарылған жері                           Шығарылған жері

(мемлекеттік тілде)                       (орыс немесе өзге тілде)

 

 

|-Құжат мәтінінің тақырыбы-|

 


 

А4 (210Х297) форматы

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

4-қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ұйымның жалпы бланкісі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе ұйымның эмблемасы, логотипі, тауар белгісі (тауар белгісі)

Ұйымның ресми атауы

(мемлекеттік тілде)

Ұйымның ресми атауы

(орыс немесе өзге тілде)

____________________________

(уақыты)

______________

Шығарылған жері

(мемлекеттік тілде)

Шығарылған жері

(орыс немесе өзге тілде)

-Құжат мәтінінің тақырыбы-

 

А4 (210Х297) форматы

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

5-қосымша

 

 

 

 

 

 

 


Ішкі құжаттың үлгісі

БАЯНДАМАЛЫҚ ЖАЗБА

22. 06. 2010 № 3-5

                 АМК төрағасы

              Б.Т. Берсебаевқа

- Мұрағаттар және құжаттама

басқармасының штат санын ұлғайту туралы

 

Электрондық құжат айналымы мен электрондық мұрағатты енгізу бойынша жұмыс көлемінің едәуір артуына байланысты Сізден, басқарманың штат санын бір бірлікке ұлғайту мүмкіндігін қарауыңызды сұраймын.

Басқарма бастығы                 қолы            толық жазылуы

 

А4 (210Х297) форматы

 

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

6-қосымша

 

 

КЕЛІСУ ПАРАҒЫ

Құжат жобасының түр атауы, мәтінге тақырып

Келісілді

Ұйым атауы көрсетілген

лауазым атауы

Келісілді

Ұйым атауы көрсетілген

лауазым атауы

______________ қолтаңбаның

(өз қолы)     толық жазылуы

Күні

_________________ Қолтаңбаның

(өз қолы)     толық жазылуы

Күні

 

А4 (210Х297) форматы

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың

үлгілік қағидаларына

7-қосымша

 

 

«ЖҮЙЕЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУДІҢ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНСТИТУТЫ»

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»

жауапкершілігі шектеулі серіктестік



 

Товарищество с ограниченной ответственностью

«ИННОВАЦИОННЫЙ ЦЕНТР

«КАЗАХСТАНСКИЙ ИНСТИТУТ

МОДЕЛИРОВАНИЯ СИСТЕМ»

БҰЙРЫҚ

 

ПРИКАЗ

2009 жылғы 15 наурыз

Астана қаласы

 

51

город Астана

 Қызметкерлердің лауазымдық

нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

______________________________________________________________________________________________________________________

(негіздемесі)

______________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________ байланысты

БҰЙЫРАМЫН:

1. ЖШС қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) __________________________________________________________________________________________________________________

2) __________________________________________________________________________________________________________________

3) __________________________________________________________________________________________________________________

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау __________________________________________________________________________ жүктелсін.

 

Бас директор                         (қолы)                 (қолтаңбаның толық жазылуы)

 

Келіскендігі туралы белгі:

 

А4 (210Х297) форматы

 

Мемлекеттік және мемлекеттік



емес ұйымдарда құжаттама жасаудың

және құжаттаманы басқарудың



1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет