Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты Жалпы ережелер



Дата01.05.2016
өлшемі126.96 Kb.


«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты


  1. Жалпы ережелер

      1. «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
      3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi Министрлiктiң Мәдениет және өнер істері Департаменті (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi, кеңсе не www.elicense.kz
«Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi – портал);

2) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметiн үйлестiру комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi – ХҚО);

3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.


  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын

тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде:

лицензия беру – 15 (он бес) жұмыс күнi;

ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру (бұдан әрi – лицензия) не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсетiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн лицензиялық алым мөлшерлемесi 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес:



тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн – 10 (он) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);

Лицензиялық алымды төлеу екiншi деңгейдегi банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу түрiнде жүргiзiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға электрондық өтiнiш портал арқылы берiлген жағдайда, төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн. Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) ХҚО-ның жұмыс кестесi – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiмен көрсетiледi, электрондық кезектi портал арқылы «броньдау» мүмкiндiгi бар;

3) порталда – тәулiк бойы (жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:



Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге және (немесе) ХҚО-ға:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушыны сәйкестендiру үшiн талап етiледi);

бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;     

нотариат куәландырған сенiмхат (құжаттарды өкiлi берген жағдайда).

Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша тарих пен мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;

      көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхаты.

     Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

      осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.

      ХҚО қызметкерi құжаттарды қабылдау кезiнде түпнұсқалардың дұрыстығын құжаттардың көшiрмелерiмен және мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден берiлген мәлiметтермен салыстырып тексередi, одан кейiн түпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.
      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) ХҚО қызметкерi мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚО қызметкерлерi мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн ХҚО ұсынған нысан бойынша алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушыдан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкiн ақпаратты талап етуге жол берiлмейдi.



Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензияны алу үшiн порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

«электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке лицензияны алу үшiн лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны;

сұрау салуға қоса тiркелетiн, көрсетiлетiн қызметтi алушының тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымхатының электрондық көшiрмесi.



Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi лицензияны алуға көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн қосымша:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк органдардың уәкiлеттi адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

10. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға:

1) осы субъектiлердiң санаттары үшiн қызмет түрiмен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;

2) тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгiзiлмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оған тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия берудiң келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;

6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде соттың көрсетiлетiн қызметтi алушыға лицензия алуға тыйым салуы негiз болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн стандартында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО-ның қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады, осы мемлекеттiк көрсетiлетiн стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.


3. Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн
қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының,
халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың
қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi
бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану
тәртiбi
11. Қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО-лардың және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттiк қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына не Министрлiк басшысының атына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi 8, Министрлiктер үйi, 15 кiреберiс, 263-кабинет.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңселерi арқылы қолма-қол тапсырылады.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тiркелгеннен кейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн жiберiледi.

ХҚО қызметкерлерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдар орталық басшысына www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы жолданады.

Шағымның тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады) қолма-қол да, пошта арқылы да келiп түскен шағымның ХҚО-ның кеңсесiнде қабылдануын растау болып табылады. Тiркелгеннен кейiн шағым ХҚО басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиiстi шаралар қабылдау үшiн жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚО-ның мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң немесе ХҚО-ның кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.


      12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы
көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге
талаптар
13. Денсаулық жағдайына байланысты, ХҚО-ға өзi келу мүмкiндiгi жоқ көрсетiлетiн қызметтi алушылардан мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қажеттi құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерiне шығып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлетiн орындардың мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң www.mki.gov.kz, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде;

ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі 
археологиялық және (немесе)     
ғылыми-реставрациялық жұмыстарды   
жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру»
мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына
1-қосымша             

__________________________________________________________________


                    (лицензиардың толық атауы)
кiмнен_____________________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендiру нөмiрi/жеке
            тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
                           сәйкестендiру нөмiрi)

Өтiнiш

_________________________________________________________________


                     (қызметтiң түрiн көрсету)

_____________________________________жүзеге асыруға лицензияны берудi сұраймын.

Заңды тұлғаның мекенжайы__________________________________________
                           (пошталық индекс, облыс, қала, аудан,
__________________________________________________________________
    елдi мекен, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)
Электрондық поштасы_______________________________________________
Телефондары/Факс__________________________________________________
Банктiң есеп-шоты__________________________________________________
                  (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметтi жүзеге асыру мекенжайы(лары)_______________________________
      (пошталық индекс, облыс, қала, аудан, елдi мекен, көше атауы,
__________________________________________________________________
                үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмiрi)

      Қосымша__________парақта


      Мыналары:

көрсетiлген барлық деректердiң ресми деректер болып табылатыны
және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелерi бойынша кез келген ақпаратты жiберуге
болатыны;
      көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызметтiң лицензияланатын түрiмен
және (немесе) кiшi түрiмен айналысуға сот тыйым салмағаны;
      қоса берiлiп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес
келетiнi және жарамды болып табылатындығы расталады.

Басшы/Жеке тұлға_____________________________________________


      _______________________________________________________________
          (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      М.О. (болған жағдайда)  Толтырылған күнi: 20__ жылғы «___»_____


     

Ақпараттық жүйелердегi мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын


ақпараттарды пайдалануға келiсiм беремiн.

      20___ж «___»________ __________


                             (қолы)

«Тарих және мәдениет       


ескерткiштерiндегі археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялық  
жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру» мемлекеттiк   
көрсетiлетiн қызмет стандартына 
2-қосымша
Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін
қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер
нысаны

1. Ғылыми жетекшi:

1) мамандығының және бiлiктiлiгiнiң атауы______________________

Дипломының нөмiрi_________________________________________

Дипломының берiлген күнi_____________________________________

Дипломды берген оқу орнының атауы_____________________________

2) археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау
саласындағы жұмыс өтiлi

_______________________________________________________________

Жұмыс орны__________________________________________________

Атқаратын қызметi____________________________________________

Жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтың немесе жеке еңбек шартының нөмiрi және күнi_________________________

Жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмiрi және күнi______________


    2. Мамандандырылған жабдықтар

1) мамандандырылған жабдықтардың тiзбесi_______________________


_____________________________________________________________
_____________________________________________________________

2) мамандандырылған жабдықтарды сатып алу/сату/жалдау шартының


нөмiрi___________________________________________________________
Жасалу күнi___________________________________________________
     Шарт жасалған тұлға (заңды және (немесе) жеке тұлғаның
атауы)___________________________________________________________

«Тарих және мәдениет     


ескерткiштерiндегі археологиялық және
(немесе) ғылыми-реставрациялық  
жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi
қызметке лицензия беру» мемлекеттiк  
көрсетiлетiн қызмет стандартына
3-қосымша          

Нысан


(көрсетiлетiн қызметтi алушының Т.А.Ә. 
не қызмет алушы ұйымның атауы)     
__________________________________________
(көрсетiлетiн қызметтi алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан
бас тарту туралы қолхат
      «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының №__ бөлiмi (мекенжайы көрсетiлсiн) «Тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiне құжаттарды қабылдаудан Сiздiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) _______________________________________________________;

2) ___________________________________________________________;

3) ....

Осы қолхат екi данада әр тарапқа бiр данадан жасалды.



Т.А.Ә. (ХҚО қызметкерiнiң)                               (қолы)

Телефоны_______________

Алдым: Т.А.Ә./көрсетiлетiн қызметтi алушының қолы

   




Каталог: data -> nws -> kaz
kaz -> Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету орындары Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының мекенжайы
kaz -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің ведомствалық бағынысты мекемелерінің тізімі
kaz -> Мәдениет саласы Саланың инфрақұрылымын 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымдары
kaz -> Ақпараттық хабарлама «ҚазМұнайГаз»
kaz -> 2011 жылы 5 мамырда 10 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы
kaz -> «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының хаттамасы 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, мекен-жайы бойынша орналасқын «ҚазМұнайГаз»
kaz -> Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне бағынысты ұйымдардың тізімі
kaz -> «Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Қаражатының есебінен оқуына ақы төлеу үшін кандидаттарды іріктеудің ережесі п-25-34
kaz -> № исх: 395 от: 29. 04. 2013 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет