Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 16 шілде 2015 жыл Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



жүктеу 47.31 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі47.31 Kb.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
16 шілде 2015 жыл
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 16 шілде күні, Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының басшысы Т.Махимов және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Ащысай ауылдық округі әкімі аппараты ұсынған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Ащысай ауылдық округнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 12 түрі бойынша жұмыстары қаралды:

1.Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау;

2.Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау;

3.Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;

4.Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау;

5.Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру;

6.Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою;

7.Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдау.

8.Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

9.Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

10.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

11. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу;

12. Ветеринариялық анықтамалар беру

Ащысай ауылдық округі.

Ауыл әкімі – М. Ізтұрғанов

Қазіргі таңда, ауыл әкімі М.Ізтұрғанов кезекті еңбек демалысында.

Ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2014 жылғы 05.08. № 12 өкіммен А. Қалдығұлов тағайындалған.

Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері түгел орналастырылмаған (6 стандарт пен регламент). Сенім телефоны және бағыттауыш сілтеме жоқ. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылмаған. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою көне стандарты орналастырылған. 6 мемлекеттік қызметтердің өтініштерін тіркеу журналы 2015 жылға арналмаған, тек 2014 жылғы журналдар бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспары бар, бірақ жоспар тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат жоқ.

2015 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша ХҚКО арқылы өтініш түспеген, ал электронды түрде 51 қызмет көрсетілген.

Аталған қызметті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы және электрондық түрде алу бойынша іс-шаралар дұрыс ұйымдастырылмаған.

Мемлекеттік орган 1 қабатты ғимаратта орналасқан, алайда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған, яғни пандус жоқ.

Ауылдық округтің ветеринар маманы Ж. Жақсыбаев .

Ауылдық округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2015 жылғы 12.05. № 95 бұйрықпен Ж. Жақсыбаев тағайындалған. Алайда жауапты маман іс-сапарда болды.

Ақпараттық стендтің атауы дұрыс жазылмаған. Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу және ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметтердің стандарттары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің паспорттары орналастырылмаған. Сенім телефоны мен бағыттауыш сілтеме және арыз-шағымдарды тіркеу журналы жоқ.

Көрсетілетін Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсетуге түскен өтініштерді тіркеу журналы арналмаған, жылдың басынын 510 рет қызмет көрсетілген.

Журналдары тігулі, нөмірленген, мөр басылған. Алайда журналда түзетулер корректормен бар екендігі анықталды.

Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметіне арналған журнал бойынша 84 қызмет көрсетілген. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы №664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартының 9 тармағы бұзылған, яғни артық құжат талап етіліп, жеке басын куәландыратын куәліктің көшірмесі алынған.

Қорытындылар:


  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтары орындалмаған.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

  3. Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері түгел орналастырылмаған. Сенім телефоны және бағыттауыш сілтеме жоқ.

  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.

  5. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар Ащысай ауылдық округінің лездемесінде қаралмаған.

  6. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.

Ұсыныстар:

1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде тиісті деңгейде орындау.

2.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшінің біліктілік деңгейін арттыру.

3.Ақпараттық стендті қажетті ақпараттармен толықтыру.

4.Мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері талаптарының сақталуын қатаң бақылау .

5.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

6.Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру.

7.Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.



8.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімшесіне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

9.Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган ғимаратында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.
: sites -> default -> files -> Node 23530
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының
Node 23530 -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 13 мамыр 2015 жыл Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет