Мемлекеттік орган туралы ақпарат «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты»



Дата28.04.2016
өлшемі214.88 Kb.

  1. Мемлекеттік орган туралы ақпарат

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы

  1. Мұсаев Әскер Мырзанұлы 26.04.1973 ж

  2. Білімі Жоғары

  3. Оқыған орны: Алматы қаласы, Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық унив - 26.05.1998 -28.06.2002 ж

  4. Атқарған қызметі: Бірлік кеңшарында жұмысшы 01.11.1990-17.09.1996, Алматы қаласы «Ханхва-Достар» АҚ АЗС операторы 13.03.1997-06.11.1998, Алматы қаласы Алматы обл. Жылжымайтын мүлік орталығында жүргізуші 18.06.1999-03.03.2000, Алматы қаласы ТОО«АСЭМ» заңгер 01.04.2000-29.04.2002. Ақүйік ауылдық округі әкімінің аппараты ММ жетекші маман 11.05.2004-08.02.2013. Ақүйік ауылдық округінің әкімі- Осы кезге дейін:

  5. Отбасы жағдай – үйленген Зейдалиева Ботагоз 1999, 2011 бір ұл бір қыз


2. Негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 38-бап 1 тармағына сәйкес, әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын. Облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және аудандық мәслихаттардың шешімдерін орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді оған ведмоствалық қарасты мекемелер мен ұйымдардың олардың жүзеге асыруына бақылау жасайды.

Іс-жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, ауылдық округі әкімі аппараты жұмысын реттейтін басқа құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді.

«Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдарда кадр саясаты мәселелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдіктерінің, облыс, аудан әкімдерінің бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, істердің жағдайын жүйелі талдауды өткізеді, кадр құрамындағы өзгерістер мен үрдістерді бақылап кадрлардың оқуы мен қайта даярлауын үйлестіріп отырады.

Ауылдық округтің және ауылдың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлеріне жәрдемдесу, облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттейді және қорытады.

Ауылдық округі әкімінің іс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз етеді.

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Пошта индексі: 120304;
Мекен-жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы Н.Түршеков көшесі, №36;
Тел/факсы: 8 (72435) 92-1-43;
Электрондық поштасы: e-mail:birlik_birlik@bk.ru


  1. Құрылымы



Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Мусаев Аскер Мырзанович

Ауыл әкімі

92-1-35

2

Бердібеков Кенжебай

Бас маман

92-1-35

3

Тилеукабылов Женис Кайратович

Жетекші маман

92-1-35

4

Абсаттарова Айгул

Жетекші маман

92-1-35

5

Кожаметова Есенкул

Іс жүргізуші

92-1-35















  1. Жұмыс тәртібі

Аппараттың жұмыс режимі бес күндік жұмыс апталығында, күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағатты құрайды.


  1. Ереже

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аппарат) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары: Тиісті әкімшілік- аумақтың бірлігінде орналасқан мемлекеттік және жеке балалар бақшалары.

3. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы, Түршеков көшесі №36 үйде орналасқан. Индекс: 120304

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады және экономикалық және қаржылық негiзiн:

      1) жергiлiктi бюджет;

       2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.

13. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңында көзделген кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:

      1) ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

      3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

     ауылдық округі аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

     ауылдық округі аумағы арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;

     ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

      ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы;

      4) ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 165, 300, 311 және 387-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер.

Ал, басқа қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес,

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді

және Ақүйік ауылдық округі аумағының мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.



15. Міндеттері:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 38-бап 1 тармағына сәйкес, әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын. Облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және аудандық мәслихаттардың шешімдерін орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді оған ведмоствалық қарасты мекемелер мен ұйымдардың олардың жүзеге асыруына бақылау жасайды.

Іс-жүргізу жөніндегі нұсқаулықты, ауылдық округі әкімі аппараты жұмысын реттейтін басқа құжаттарды сақтауды қамтамасыз етеді.

«Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдарда кадр саясаты мәселелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдіктерінің, облыс, аудан әкімдерінің бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, істердің жағдайын жүйелі талдауды өткізеді, кадр құрамындағы өзгерістер мен үрдістерді бақылап кадрлардың оқуы мен қайта даярлауын үйлестіріп отырады.

Ауылдық округтің және ауылдың экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшін жағдай жасау, әлеуметтік ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, меншіктің барлық түрлеріне жәрдемдесу, облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тәжірибесін зерттейді және қорытады.

Ауылдық округі әкімінің іс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз етеді.

16. Функциялары:

1) «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабына сәйкес:

азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады;

салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады:

тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі және өзге де әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетеді;

      мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

      халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

      ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

    жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

уәкiлеттi орган бекiткен статистикалық әдiснамаға сәйкес шаруашылық және шаруа қожалықтары кітаптары бойынша есепке алу мен уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша тiркеу жазбаларын жүргiзудi ұйымдастырады;

жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихаттың сессияларының жұмысына қатысады;

мектепке дейінгі тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ елдi мекенде мектеп болмаған жағдайда бiлiм алушыларды таяудағы мектепке дейiн және керi қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабының 5 тармағына сәйкес:

мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

      берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

      басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

      берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

      кіріс көздерін қалыптастырады;

      бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

      бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері мен шығыстары жоспарын бекітеді;

      мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» № 339 Заңының 10-1- бабына сәйкес:

елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;

елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру;

профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын жүргізу;

ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;

 ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;

 ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына табыс ету;

тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізу;

тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізу;

ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы ережені бекіту;

жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру;

ветеринариялық анықтаманы беру;

жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету кіреді;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме беру;

биологиялық материалдың сынама алу және оны ветеринариялық зертханаға жеткізу.

2) Тиісті әкімшілік- аумақтың бірлігінде орналасқан мемлекеттік және жеке балалар бақшасының функциялары:

Қазақстан Республикасы үкіметінің «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес:

Балаларды 3 жастан 6 жасқа дейін жан – жақты дамыту және олардың ата – аналарына баланы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда кеңес беру – әдістемелік қолдау көрсету, балаларды әлеуметтік бейімдеу;

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдейді;

Балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамытады;

Мектеп жасына дейінгі балаларға бастамшылықты, білім құмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін – өзі көрсету қабілетін дамытады;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруге жағдай жасайды;

Мектеп алды даярлаумен қамтамасыз етеді;

Тәрбиеленушілердің ата – аналарымен іс – қимыл жасайды;

Кәсіпорын алға қойылған міндеттерді орындау мен оларға жету үшін жеке шаруашылық базасын дамытады;

Тәрбиелеу және оқыту тілі: қазақша (қосымша орыс және ағылшын тілін ата – аналардың мүмкіндіктері мен сұранысы бойынша үйрету);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекелемерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету» Ережесін басшылыққа ала отырып кәсіпорындарда ата – аналардың өтініші бойынша ақылы білім беру, сауықтандыру және тағы басқа қызметтер көрсетеді;

Ақылы білім беру қызметін көрсетуді іске асыратын кәсіпорындар, оның ата – аналарымен өзге де заңды өкілдері арасындағы қарым-қатынас білім беру деңгейін, оқу мерзімін, оқуға төленетін ақы мөлшерін өзге де жағдайларды белгілейтін шартпен реттеледі. Сонымен бірге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалатын негізгі білім беру, сақтандыру және басқа қызметтерін қысқартуға және сапасын төмендетуге мүлдем тиым салынады;

Кәсіпорын азық – түлікті тұтынудың ҚР заңдарымен белгіленген мөлшеріне сәйкес балалардың теңгермелі тамақтануларын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын балалардың тамақтандыруды өзінің жұмыс тәртібін ескере отырып ұйымдастырады, оның жиілігі Жарғымен белгіленеді, сонымен бірге кәсіпорынмен ата – анасының немесе олардың орнындағы жасалған шартпен нақтыланады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 576-4 бабының 4 бөлігіне сәйкес:

осы Кодекстің 165, 300, 311 және  387-баптарында көзделген, ауылдық округтің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолдануға.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабының 1 тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес:

стратегиялық жоспарды және (немесе) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғмдастық жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша жергілікті маңызы бар мәселелерді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығаруға құқылы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес:

Тиісті әкімшілік- аумақта орналасқан барлық меншік түріндегі кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан ауылдық округі әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат, құжаттар немесе материалдар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға.

Ауылдық округі әкімінің құзырына жатқыщылған мәселелерді шешу кезінде тиісті мамандарды шақырып қатыстыруға.

Тиісті әкімшілік – аумақта орналасқан коммуналдық заңды тұлғалардың мемлекеттік басқару органы бола алады.

Ауылдық округі әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.



3. Мемлекекттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

19. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының Президентi белгілейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады.

20. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына


сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (заңда көзделген жағдайда) болуы мүмкін.

21. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi.

2) Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады.

3)Ауылдық округі аумағында ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу және шаруашылық субъектілерімен үнемі өзара қатынаста болуды қамтамасыз етеді, ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізеді.

4) Өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды, аппарат қызметкерлерінің орындалуына міндетті аппарат бойынша өкімдер шығарады және тапсырмалар мен нұсқаулар береді, олардың орындалуын қадағалайды.

5) Заңнамамен бекіткен тәртіпке сәйкес аппарат қызметкерлерін марапаттау және тәртіптік жазалау шараларын қолданады.

6) Аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

7) Аппараттың қаржы құжаттарына және басқа да құжаттарға қол қояды.

8) Аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді, оның орындалуына бақылау жасайды.

9) Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы, азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыр туралы заңнама талаптарының іске асырылуын қамтамасыз етеді.

10)Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін мемлекеттік органның басшысы дербес жауапкершілікте болады.

11) Гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.

12) Қазақстан Республикасының заңдарына және ҚР Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13) «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде аппарат басшысының қызметі көзделмеген.

4. Аппараттың жұмыс режимі

24. Аппараттың жұмыс режимі бес күндік жұмыс апталығында, күнделікті жұмыс ұзақтығы 8 сағатты құрайды.


5. Мемлекеттік органның мүлкі

25. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

26. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Аппарат басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беруі мүмкін.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары тиісті әкімшілік- аумақтың бірлігінде орналасқан мемлекеттік және жеке балалар бақшалары болып табылады.


  1. Халықпен жұмыс

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңның 10 бабының 1 тармағына сәйкес «Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының азаматтарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі:



Мемлекеттік мекеме атауы

Тегі, аты-жөні

Мекен жайы

Байланыс телефондары

Жеке қабылдаукүндері мен уақыты

1

«Ақүйік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттікмекемесі

Мусаев Аскер Мырзанович

Инд: 120304; Қызылордаоблысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы Н.Түршеков көшесі, №36

8-(724-35)

92-1-35;


Әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері, сағат 15:00-18:00-ге дейін.

Каталог: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Деректі фильмнің беташары
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет