Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік



жүктеу 0.91 Mb.
бет1/3
Дата17.04.2016
өлшемі0.91 Mb.
  1   2   3
: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda
kanat-korda -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2013 жылдың 1-31 желтоксан аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> Он алтысында от кешкен
kanat-korda -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
kanat-korda -> Хабарландыру
kanat-korda -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі
kanat-korda -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 наурыз аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> ДСҰ санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Комитетімен 2013 жылғы 1-28 ақпан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> Үзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
kanat-korda -> Выписка о награждении многодетных матерей подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» постановляю
kanat-korda -> Жергілікті баспасөзде жариялануға тиіс
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа 5-қосымша

Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік

Қызылорда облысының білім басқармасы

(мемлекеттік бағдарламалардың атауы)
2011-2015 жылдарға арналған,

(жоспарлы кезең)



«Қызылорда облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының орындалуы

(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық немесе нормативтік құқықтық актінің атауы)
2010 жылғы «30» Желтоқсан № 997
Есепті кезең: «1» қаңтар 2013 жылға

1- бөлім Міндеті және пайымы
Міндеті: Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

Пайымы: Жоғары білімді, бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт.

2 - бөлім. Ағымдағы жай-күйді талдау

1. Стратегиялық бағыт. 1. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету

1.1. Мектепке дейінгі тәрбие

1.1.1) Реттелетін саланың немесе қызмет аясының өркендеуінің негізгі көрсеткіштері

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны жыл сайын өсуде. Мекемелердің санының өсуімен бірге тәрбиеленушілердің де саны артып келеді. 2010 жылы 306 бала бақша жұмыс жасаса оның ішінде (174 бала бақша, 132 шағын орталық) 174 бала бақшаның ішінде 49 жеке бала бақша, онда 19116 бала қамтылып тәрбиеленді.

Қазіргі таңда облыста 449 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 29359 бала тәрбиеленуде. 449 мектепке дейінгі ұйымның 221- балабақша, 228-і мектепке дейінгі шағын орталық, яғни 2010 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйым саны 143-ке өсіп отыр. 221 балабақшаның 139-і мемлекеттік, 1-ведомствалық, 81-і жеке меншік балабақша.



Балабақшалардың материалдық-техникалық жағдайы: жұмыс жасап жатқан 221 балабақшалардың 66 пайызы ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 77-і су тасымалданады, 70 –і пешпен жылытылады, 91-і кәріз жүйесі іске қосылмаған.

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 қаулысына сәйкес «Қызылорда облысындағы «Балапан» бағдарламасы туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 18 маусымдағы №816 қаулысы аясында облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына сәйкес бағдарламасы аясында облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға 2733 орын мемлекеттік тапсырыс орналастыруға республикалық бюджеттен 295967 мың теңге қаражат бөлінді. 2010 жылмен салыстырғанда жеке меншік балабақша саны 16 -ға, шағын орталық саны- 100-ге өсті. Мектепке дейінгі қызметтің үлгі ережесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымның жаңа түрі- «Саукел» отбасылық балабақшасы облыста алғаш рет 2010 жылдың маусым айында Қызылорда қаласында ашылып, қазір 26 баламен жұмыс жасауда. 2011 жылы республикалық бюджеттен 880 орындық 3 балабақша, облыстық бюджеттен 450 орындық 5 балабақша құрылысы іске қосылды.

«Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысы аясында 2010 жылы 6 балабақшаға: Арал ауданында 280 орындық «Мереке» балабақшасына, Қазалы ауданында 140 орындық 2 балабақшаға, Сырдария ауданында 50 орындық «Қызғалдақ» балабақшасына, Шиелі ауданында 60 орындық «Жансая» балабақшаларына және Қармақшы кентінде №27 мектепті 280 орындық балабақшаға айналдыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып, жергілікті бюджеттен 161224,0 мың теңге игерілді. 2011 жылы 1675 орындық 11 балабақшаға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, 194102,8 мың теңге игерілді.

Облыс бойынша бұрынғы балабақша ғимараттарын қайтару тұжырымдамасы әзірленіп, оларды қайтарудың іс-шаралар жоспары дайындалып, бекітілді. Облыс бойынша 26 бұрынғы балабақша ғимараты қайтаруға жатады. Соның ішінде Жаңақорған ауданының Қаратөбе ауылдық округіндегі Абызтөбе ауылында №21 «Аққайың» бұрынғы балабақшасы ғимараты қайтарылып, балабақша жұмыс жасауда. Сонымен қатар. Қызылорда қаласындағы Талсуат елді мекеніндегі бұрынғы «Ласточка» 90 орындық балабақшасының ғимараты қайтарылып, коммуналық меншікке алынды. Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №4, №93 балабақшалардың 100 орындық блоктары қайтарылды. 2011 жылы Жаңақорған кентінде 60 орындық «Ақбота» балабақшасы қайтарылып, іске қосылды. Сонымен қатар Жаңақорған ауданындағы Жанарық 90 орындық және Байкенже 50 орындық елдімекендеріндегі бұрынғы балабақшалар қайтарылып, күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылуда.

Мектепке дейінгі ұйымдардың саны және олардағы бала саны






Мектепке дейінгі ұйым саны

Ондағы бала саны

Оның ішінде балабақша саны

Шағын орталық

2010 жыл

306

18607

174

132

2011 жыл

424

26980

201

223

2012жыл 1.шілдеге

431

27722

208

223

1.2 Облыс бойынша жалпы білім беретін мектептердің жүйесі мен қонтингенті

2011-2012 оқу жылында жалпы саны 126405 мың оқушыны қамтыған 291 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеді. Олардың ішінде 41 мектеп-шағын комплектілі мектептер: 40 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын бастауыш мектеп, 100 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын негізгі мектеп және 280 оқушыға дейінгі контингентті құрайтын орта мектеп. Жалпы білім беретін мектептің желісі 2011 жылға 2 бірлікке өсіп отыр Сырдария мөлтек ауданында № 264 мектеп- лицей, Қазалы ауданында № 266 мектеп пайдалануға берілді, бұл 3 ауысымда оқитын мектептердегі балалар санын кемуіне оң ықпал жасалды.

Бүгінгі күні жалпы білім беретін 290 мектепте 125729 бала білім алады. Шағын жинақталған мектеп саны 36 болды. Облыста қазіргі таңда жаңа тұрпатта 25 мектеп жұмыс жасайды, олардың 17-і мектеп-лицей, 8-і мектеп гимназия.

Сонымен қатар №2 «Мұрагер» мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп жұмыс жасауда. Облыста 39 мектепте ерте жастан ағылшын тілін оқыту саясатын іске асыруда. Ол мектептердің 1 сыныбынан бастап ағылшын тілін оқуда.

Негізгі және салалы мектептердің білімдердің анықтау үшін жұмыс жүргізілуде. 12 жылдық білім беру және мемлекеттік білім стандарты бастауыш білімдеріне негізгі ережесі бекітілген. 12 жылдық білім берудің оқу процесінде пайдаланатын пәндердің тізімдері анықталып, әрбірдің мектеп сатысының оқу жоспарында ерекше пән ретінде орын алуына жоғары дәрежеде ықпал жасайды. 2010 жылдың жалпыға міндетті оқу стандартында оқу процесіне жаңадан «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп, ол 1-11 сынып аралығында жүргізілуде.

Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде материалдық-техникалық базаның жай-күйі қазіргі заманның талаптарына сай болмай отыр: 2011-2012 оқу жылында жалпы саны 291 мектептің 65,6 %-ы типтік ғимаратта, 34,3 %-ы теңестірілген, 32 мектеп авариялық жағдайда болған. Мектептің 23,3 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Мектептің 70,13 %-ы 1990 жылға дейін салынған. Мектептің 85,41 %-ы екі, ал 7 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді.

2012 жылы жазғы маусымда облыстағы 1-10 сынып оқитын 116901 баланың 103080-і барлық демалыс шараларымен қамтылды. Аудан, қала сыртындағы демалыс лагерінде- 6970, 221 мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерінде- қамтылса, тамақсыз ұйымдастырылған топтар мен орталықтарда –бала түске дейінгі тәрбиелік-танымдық шараларға тартылды.



Облыс бойынша 201 жалпы білім беру мектептерінде спорт залдары бар. Оның мектеп үлесі стандартты спорттық залдармен және спорттық жабдықтармен жабдықталғаны 57%.

Облыс бойынша аудандар мен Қызылорда қаласында «Жас ұлан» қоғамдық бірлестігі қызмет атқарады, оның ішінде – 45000 (35,7%) балалар мен жасөспірімдермен қамтылған.

Халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның оқушылары жеңіп алған медальдардың саны жыл сайын өсуде. 2011-2012 оқу жылында түрлі халықаралық ғылыми жарыстар мен олимпиадаларға қатысқан 14 оқушы ҰБТ-ден босатылып(125 балл), 5 оқушы түрлі жоғары оқу орындарының сертификатымен марпатталынды. Сонымен қатар 2 алтын, 12 қола медаль, 6 мақтау грамотасы жеңіп алынды. Мұғалімдер, басқармалар және әдістемелердің білімін жетілдіру және қайта даярлауда жүйелік жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда 1 компьютерге 12 оқушыдан, ал елді мекендерде 10 оқушыға 1 компьютер келіп отыр.

Мектептердің 98,7%-ы Интернет желісіне қосылды. Мектептердің 100 %-ы, ауыл мектептерінің 100 %-ы байланыс желісіне қосылған.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасын, оқушылыр білімінің, шеберлігінің, дағдысының деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі - мектептерде пәндік кабинеттердің болуы болып табылады. 2005 жылдан бастап мектептерді мультимедиалық-лингофондық кабинеттермен жабдықтауды қамтамасыз ету іс-шараларын жүзеге асырылып келеді. Осы кабинеттер арқылы оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгереді. Лингофондық-мультимедиалық кабинеттер мен мектептерді жабдықтауда орташа қамтамасыз ету 79,7%-ды құрайды.

2006 жылдан бастап облыс бойынша мектептер жаңа үлгідегі пәндік кабинеттермен жарақтандырылды. Мектептердің жалпы санынан 2011-2012 оқу жылында оқу кабинеттері мен орташа қамтамасыз етілуі: физика-20,2%-ын, химия-25,7 %-ын, биология-41,2 %.



Қазіргі таңда 285 мектеп интернет желісіне қосылған, оның 175-і кең жолақты интернет желісіне қосылған. 2015 жылы мектептер кең жолақты интернет желісіне 84,9%-ға қосылады деп жоспарлануда.

Мектептер кең жолақты интернет желісіне 100% қосылуы қажет. Интернет желісіне мектептердің шығу бағасының басты мәселенің бірі болып отыр.

Облыс бойынша жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдары саны – 290, оның ішінде 6-ы интернаттық мекемелер, соған сәйкес 284-інде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру қажет. Бүгінгі күнге 284 мектептің 246-да -асхана, 29-да тек- буфет ұйымдастырылған, яғни барлық мектептің 275-де (96,8%) оқушыларға ыстық және буфеттік тамақ беруге жадайлар жасалынған.

284 мектепте білім алатын 124214 оқушының 77 158-і ыстық тамақпен (62,0%), 3365-і тек буфеттік тамақпен қамтылған. Тегін ыстық тамақпен – 28730 оқушы, оның ішінде әлеуметтік күнкөрісі төмен отбасында тәрбиеленетін- 20222 оқушы 100%, 1-сыныпқа келген 13432 баланың 92%-ы тегін ыстық тамақпен қамтылған (Шиелі ауданы 1-сыныптарды 37,0%-ын қамтып отыр, қалған аудандар 100%,).

Жалпыға міндетті оқу қорына бөлінген қаржы 0,1%-ға көбейген (768589,0 мың теңге). 2011-2012 оқу жылында 2,8%-ды құраса, 2012-2013 оқу жылында 2,9%-ы құрайды. Жалпыға міндетті оқу қоры есебінен 20222 балаға тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға 573524,0 мың теңге(74,6%) қаралған, 18680 бала киім-кешекпен (138895,0 мың т.), 9576 бала лагерьлерге (56170,0мың т.) демалуға жіберілді. Бүгінгі күнге қордың 72,1%-ы игерілген.

Облыс бойынша 32 мектебі жоқ елді мекендерде тұратын халық саны 2685-ті құрайды. Онда оқу жасындағы бала саны – 463, оның 113-і мектеп жанындағы интернаттарға орналастырылған, 256-сы туыстарының үйінде тұрады, 80 балаға автокөлікпен тасымал ұйымдастырылған.

Сонымен бірге саяжайлардан, мектебі шалғай орналасқан мөлтек аудандардан қатынайтын оқушыларға жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен тасымал жасалынуда. Барлығы облыс бойынша 2698 бала тасымалды қажет ететін болса, оның 85,0 %-на тасымал ұйымдастырылған. 2011 жылы мектепке қарасты 11 автокөлік және 3 жеке меншік автокөліктермен тасымалдау ұйымдастырылса, 2012 жылы 14 мектепке қарасты, 1 әкімдіктің ұйымдастыруымен, 4-і жеке мекншік автокөліктер. 2012 жылы мектептерге қосымша 3 автокөлік алып берілген (Қызылорда қаласындағы -2 мектепке 2- «Газель», Қазалы ауданындағы 1 мектепке- 1 мектеп автобусы) және Қызылорда қаласындағы 1 мектептің «Газель» автокөлігі мектеп автобусымен ауыстырылды.






Мекеме атауы

2009-2010 оқу жылы

Саны

Бала саны

Үйірме саны




Қосымша білім беру ұйымдары



19

9663

255

2010-2011 оқу жылы

19

9851

254

2011-2012 оқу жылы

19

10396

264

Облыстық білім басқармасы жанында 2012 жылдан бері облыстық оқу (әдістемелік) орталығы жұмыс істейді. Осы орталықтың көмегімен облыстық білім басқармасы әдістемелік жұмыстарды аудандық және қалалық білім бөлімдері бойынша ұйымдастырылуын іске асырады. Осы орталық арқылы қазір облыстық ішкі істер департаменті ұсынысымен білім мекемелері оқушыларының жас ерекшеліктері, оқыту тілдеріне қарай сауалнамалар әзірленуде.

Білім ұйымдары мен қоғамдық балалар ұйымдарында тәрбиеленушілердің тиімділігін арттыруда өте төмен.

1.2.3) Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау

Сыртқы фактор:

Демографиялық, миграциялық, экономикалық факторлардың өңірлік дамуының әсері және білім объектілерін уақытында іске қосу.

Мұғалімдер тәжрибелі еңбегінің төмендеуінен, мұғалім мамандығының дәрежесі төмендетуге әкеліп соғады.

Апатты жағдайдағы мектептерді төменгі сатыға дейін қысқарту. Жыл сайын апатты жағдайдағы мектептерді анықтау.

Балалар денсаулығын төмендетуде, денсаулық өмір кепіл шеберлігінің жоқтығына байланысты.

Ішкі фактор:

2015 жылға дейін оқушылар контингентінің өсімі межеленуде. Бастауыш мектептерге 6 жастан бастап қабылдау қамтамасыз етіледі.

Бұл жасына қарай оқытуды қамтуды қамтамасыз ету (ойын бөлме, қосымша топтарға бөліп оқыту және т.б) және мектептерге нақты жүктемеге енгізу.

Оқулықтарды құрауда тәжрибе жеткіліксіз. Жалпы білім беру ұйымдарында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілмеген.

Интернет желісіне қосу жылдамдығы төмен болуынан электронды оқу жүйесін пайдалану саны азайып және электронды ресурстар арқылы алынатын білімге қажетті материалдар мүмкіндігі аз. Электронды ресурстарда өңдеуде мамандардың болмауынан және мұғалім кадрларын тәжрибесінің жоқтығынан.

Спорттық залдың толымдылығынан, денешынықтырудың үш сағатын толық енгізу.

Қосымша білім беру ұйымында материалдық-техникалық базаның нашарлауы мен кадрлардың жоқтығынан.

1.3. Техникалық және кәсіптік білім беру

1.3.1) Теңестірілген саланың немесе қызмет аясының өркендеуінің негізгі көрсеткіштері



1.3. Техникалық және кәсіптік білім беру

1.3.1) Теңестірілген саланың немесе қызмет аясының өркендеуінің негізгі көрсеткіштері



Облыста 13 кәсіптік және 24 колледж лицей жұмыс атқарады. 2012-2013 жаңа оқу жылында кәсіптік лицейлерде 5136 оқушы оқытылуда, оның ішінде 4967 оқушы мемлекеттік тапсырыс есебінен.

2011 жылы кәсіптік лицейлерде барлығы 6010 оқушы оқыды. Оның ішінде 5538–і мемлекеттік тапсырыс есебінен және 341 адам мемлекеттік емес оқу орнында оқыды. 2011-2012 оқу жылында колледждерде 21950 адам оқытылды олардан 7362 адам мемлекеттік тапсырыс негізінде оқытылды. 2012-2013 жылында 21087 оқытылуда оның ішінде 6471 мемлекеттік тапсырыс.

2011-2012 оқу жылымен кәсіптік лицейлерде оқушылар үлесі 25 пайызға кеміді, ал колледждерде 4 пайызға кеміді. Қазіргі таңда облыста әр 10,0 мың халыққа шаққанда кәсіптік лицейлерден 51 оқушыдан және колледждерден 210 оқушылардан келеді. 12 кәсіптік лицейлерден 7-уі типтік ғимараттарда орналасқан. Ал Қызылорда қаласындағы № 6, Арал қаласындағы № 2 кәсіптік лицейлердің ғимараттары күрделі жөндеуді қажет етеді. М.Маметова атындағы гуманитарлық колледжге және Қазанғап атындағы музыкалық колледжге жаңа оқу кешені қажет.

Ауыл жастарын техникалық кәсіптік біліммен қамтып тарту үшін жатақханамен қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күнге 22 кәсіптік техникалық білім саласында 10 жатақхана бар. Оның ішінде 7-уі типтік жобадағы ғимаратта 1186 адам тұрады. Жатақханамен орташа есеппен 350-380 адам қамтылуы қажет. Бүгінгі күнге техникалық кәсіптік білім саласында облыста 2345 инженерлік-педагогикалық жұмысшылар, оның ішінде колледждерде 1565 адам, кәсіптік лицейлерде 780 адам жұмыс істейді. Олардың Ғылыми лауазымдары, дәрежелерімен біліктілік санаттары бойынша: ғылым докторы-4 (0,2 %), ғылым кандидаты- 9 (0,4 %), жоғарғы категориялы 240 (10,2%) адам, 1 категориялы 455 (19,4%) адам құрайды. Кәсіптік лицейлерге соңғы 3 жылда педагогтардың 45 жастан жоғарғы үлесі 17,3 пайыздан 20,1 пайызға дейін кәсіптік білім саласында педагогикалық кадрлардың қартаюы тенденциясы өсті. Мамандандырылған алдынғы қатарлы мұғалімдердің айлық жалақысының төмен болуына байланысты және әлеуметтік пакеттің жетімсіздігінен мамандардың тұрақсыздануы байқалуда. Кәсіптік білім саласынан жылда білім жетілдіру инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың мамандықтарының курстарынан 320-350 дейін өтуде, ол 15-17 пайызды құрайды.

Кәсіптік лицей мен колледждерде оқу үдерісі сапасын жоғарлатуға төмендегідей кедергілер бар. Олар: оқу әдістемелік қамтамасыз етілудің төмендігі, заманауи оқу әдеби кітаптары, әсіресе мемлекеттік тілдегі арнаулы пәндер оқулықтарының аздығы, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бағытында қызмет жасайтын арнайы мекеменің жоқтығы, интерактивтік құрал-жабдықтармен қамтылу деңгейінің төмендігі.

Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру саласы бойынша коллеждердің 87,5 пайызы және лицейлердің 100 пайызы интерактивтік тақтамен қамтамасыз етілген.

Облыстың кәсіптік техникалық білім беру саласының құрал-жабдықтары ескірген. Сонымен қатар, құрал-жабдықтардың орта есеппен 54 пайызы үлесін құрайды.

Оқу орындарында жұмысшы берушілермен білім беру қызметтерінің клиенттерімен тұрақты байланыс жоқ. Білім беру бағдарламаларының мазмұны еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, кең базалық біліммен және іскерлікпен қамтылған қажетті дағдылар алуға ұмтылатын білім алушылардың талаптарына да жауап бермейді. Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу-әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қазіргі заманғы, әсіресе арнайы пәндер бойынша оқу әдебиетіне тапшылық оқу үрдісінің сапасын арттыруға едәуір кедергі болып табылады.



Республикалық және жергілікті басқармалар арасында шешім қабылдауға, ресурстарды пайдалануға белгілі бір жауапкершіліктер қаралмаған. Техникалық және кәсіптік білім берудің тәжірибесінде қолданыстағы жүргізу жүйесінің қазіргі сұраныстардың нақты бағасын беруге және қажетті кадрларды даярлауға мүмкіншіліктері сай емес. Әр саладағы бюджеттік бағдарламалардың басқармалар арасында бастауыш және орта кәсіптік білім берудегі кадрларды даярлау мәселесі бойынша нақты үйлестіру жоқ.

Техникалық және кәсіптік білім берудің дамытудың ең басты факторы қаржыландыру көлемінің төмендігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беруде бір оқушыға шаққандағы шығыстар жалпы ішкі өнімнің жалпы ішкі өнім 1 тұрғынға шаққандағы көрсеткіші (орта есеппен 20%) жоғарғы оқу орында оқитын 1 оқушының шығысымен салыстырғанда жалпы ішкі өнім 1 тұрғынға шаққандағы көрсеткішінен (50 пайызыдан жоғары) төмен.

Лицейлерде оқушыларға әлеуметтік көмек көрсету дұрыс деңгейде емес. Оқушылар стипендиялық қаражатпен қамтылмаған. Кәсіптік лицейлерде оқушыларды жергілікті бюджет есебінен тамақпен қамтылуға бір күнге орташа есеппен 101 теңгені құрайды. Келесі 2013-2014 оқу жылынан бастап кәсіптік лицейлердің колледжге айналуына байланысты оқушыларға республикалық бюджеттен шәкіртақы төленетін болады.

1.3.2) Негізгі мәселеге талдау

материалдық-техникалық базаның жай-күйі қазіргі заманның талаптарына сай болдыру, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқулық және оқу-әдістемелік оқулықтар;

бағдарламалар және әлемдік стандарттарда әдістемелік қамтамасыз ету;

инжинер мұғалімдік қызметтік мамандардың тиімділігін жоғарлатуда және оның мүмкіндіктердің қызығыушылығын арттыру;

Қазіргі ережеге сәйкес облыстың мамандандырылған білім жүйесінің теңін түпкілікті өзгеруіне және жоғары дамыған мемлекеттің тәжрибелерінде кадрларды дайындау.

Мамандандырудың талабына сай мамандардың мамандығына тең сәйкестігін жаңарту, кез келген уақытта бұл өндірістің жаңа технологиясына сәйкес келмейді.

Өндірісте еңбек өтілінің жүйесі және мұғалім мамандарын арттыруда жаңа талапқа сай болмайды. Инжинер мұғалімдік жұмысшылардың төменгі сатысы жоғары мамандандырылған кадрларға әсер етуі мүмкін емес.

Сонымен қатар бірқатар мәселелер де орын алуда, әлемнің индустриалды-инновациялық дамуда мамандандырылған кадрларды дайындауды қамтамасыз етуде кедергілер болып отыр:

ұзақ мерзімде кадрлардың қажеттілік жобасы іске аспай отыр;

кадр дайындауда жұмыс берушіні қатыстыруда нормативтік -құқықтық база жеткіліксіз;

1.3.3) Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау

Сыртқы фактор:

техникалық және еңбек қызмет көрсетуші кадрларын нарық қажеттілігіне анықтауда мониторинг сапасын көтеру;

мемлекеттік білім алатын тапсырысты арттыру жолымен жастардың техникалық және кәсіптік білім қажеттілігін кеңейту;

облыс көлемінде және шет елдерде мұғалімдердің еңбек өтілін және білімін жетілдіруде нысанды қаржыландыруды енгізу;

техникалық және кәсіптік білім жүйесін дамыту келісімі мен үш және көп жақты меморандум жолымен мемлекеттік-жеке серіктестік жағдайын дамыту;

материалдық-техникалық базаның дамуы мен жаңа білім объектілері арқылы техникалық және кәсіптік білім жүйесін көлемді қаржыландыруды ұлғайту;

техникалық және кәсіптік білім басқару жүйесін жетілдіру;

техникалық және кәсіптік білім жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын көлемі жеткіліксіз;

жұмыс берушінің ынтасыз техникалық және еңбек қызмет көрсетуші кадралрда дайындауы;

ұзақ мерзімде кадр қажеттілігінің болжау әдістемесінің болмауы.

Ішкі фактор:

жатаханада орынның жоқтығы;

материалдық-техникалық базаның әлсіздігі;

еңбек ақы төлеу деңгейі төмендегеннен техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі инжинер-мұғалімдік қызметкерлердің шығуы;

білім беретін қызметкер мен өндірістік оқыту мастер мамандарының жетіспеушілігі.
2. Стратегиялық бағыт. 2. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қатыстыра отырып балалар мен жасөспірімдердің дамуына жағдай жасау.

2.1. Әлеуметтік жетімдік, балалардың қараусыз және қадағалаусыз қалу фактілері, балалардың өмір сүру сапасы кепілдігінің жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

2.1.1) Теңестірілген саланың немесе қызмет аясының өркендеуінің негізгі көрсеткіштері.

Білім органның мәліметіне орай 2012 жылдың 1 қазанына облыс бойынша 1027 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Олардан қорғаншы-қамқоршы - 582 бала, 244балаға - патронат тәрбиешілері белгіленген, интернаттық ұйымдарда – 196 бала анықталып отыр.

Облыста жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мақсатында қорғаншы (қамқоршы), патронат, бала асырап алу құрылғы түрлерініне қарай дамыту.

Облыста кең тараған патронат түрі, бүгінгі таңда облыс бойынша - 244 бала тәрбиеленушілер болып анықталса, осы балаларға 179 патронат тәрбиеші бекітілген. Осы мақсатта бөлінетін қаражат жылда көбеюде, 2011 жылы 136681,0 мың теңге қаржы бөлінсе, 2012 жылға – 145 764,0 мың теңге қаржы қаралды.

2011-2012 жылдары төмендегідей іс-шаралар қабылданған:

1) Балалар үйінің базасында «Қабылдаушы ата-аналар» мектебі ашылып, тыңдаушыларға курстар өткізілді. «Қабылдаушы ата-ана мектебі» жобасы аясында «Патронаттық тәрбие беру технологиясы» бойынша оқыту семинарлары өткізіліп, курсқа Арал-Жаңақорған аудандары арасынан 21 тыңдаушы қатысып, толық курстан өтті. Курс тыңдаушыларына арнайы сертификат берілді. «Игілік» корпоративтік қоры демеушілік жасады.

2) 2011 жылдың 6 қыркүйекте «Сыр самалы» мәдени-сауықтыру орталығында «Балаларға арнаймын жүрегімді» атты отбасылық қабылдау өткізілді. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үйінің тәрбиеленушілерін облыс әкімінің жанұясы қабылдап, «Мектепке жол» акциясы аясында интернат тәрбиеленушілеріне демеушілік көмек сыйлықтарын табыстады. Іс-шара барысында «Қонақжай отбасы» жобасына қатысып, интернат тәрбиеленушілеріне қонақжайлық танытқан отбасыларға құрмет көрсетілді. Республика бойынша 1 қыркүйекте бастау алған бірыңғай жасөспірімдер мен балаларды «Жас ұлан» ұйымына интернаттың оқу озаттарынан 2 оқушысы, «Жас қыранға» 2 оқушысы салтанатты түрде қабылданды.

3) телевизиялық ақпарат құралдарын пайдаланып облыстық телеканал арқылы «Бауырыңызға бала басыңыз» бейнеролигі арқылы жетім балаларды отбасына орналастыру жұмыстарын актілендірілген ақпараттық түсіндіру;

4) жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы түрлеріне орналастыруды түсіндіріп тарату бағыттарына қарай «Қамқоршылық күні», «Қуан сәби», «Ризашылық», «День опекуна» республикалық акциялары жүргізілуде;

5) жергілікті атқарушы органдар стратегиялық жоспарына әлеуметтік жетімдікті қысқарту индикаторы мен көрсеткіштерін көрсету.

2.1.2) Негізгі мәселені талдау



Қазіргі таңда патронаттық тәрбиедегі жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 33-ке қысқартылды.

2.1.3) Ішкі және сыртқы негізгі факторларды бағалау

Сыртқы фактор: қамқоршы және қорғаншылықты насихаттап, бөтен баланы тәрбиелеуге психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.

Ішкі фактор: жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға есеп жүргізу, оның ішінде балаларға есеп ақпараттық жүйе жасау, балалардың өнегелі-рухани білім алуы және ата-анасы арқылы барлық білім ұйымдарында адам өнегелі-рухани дамудың «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу және толық жетілдіру.

2012 жылғы қыркүйек айында 2012 жылғы қазан айында облыстық статистикалық басқарма есебімен 0-18 жас аралығындағы 252 789 балалар саны нақтыланды. 2012 жылғы 9 айда білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын жүргізіп, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарының сақталуын қамтамасыз еткен білім саласындағы қызметкерлерге талдау жүргізілді. Оның ішінде, 103 мектеп полиция инспекторы, 319 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 437 мектеп педагог-психологы, 80 әлеуметтік педагог, 283 тәлімгерлер бар.

Облыстық ішкі істер департаментімен бірге ішкі істер органдарында есепте тұратын 449 баланың және 469 қолайсыз отбасы балаларының тізімі толықтырылды. Мектепішілік бақылаудағы бала саны анықталды. Бүгінгі күні облыс мектептерінде әртүрлі себептермен 623 бала есепке алынды.




  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет