Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 72.84 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі72.84 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

С-О-5


83282

112430


I. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ, 160013, Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Аль-Фараби ауданы, Диваев көшесі, 110, анықтама тел. (8 7252) 324730, 324322, факс (8 7252) 321567, электронды мекен – жай: ukode@mail.ru Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Әкімшілік-қаржылық, кадрлық, құқықпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты (1бірлік).

Функционалды міндеттер: Бөлімнің қызметіне басшылық ету және ұйымдастыру; құзыреті шегінде кадрлық мәселелерді қарастыру; Департаменттің іс жүргізуіне бақылауды және мониторингті жүзеге асыру; заң жұмысын ұйымдастыру және жүргізу; Департаменттің барлық бөлімдерімен есептілікті ұсынудағы бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің бюджеттік қаражатын дұрыс жоспарлауын және шығындалуын бақылау; құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалар мен тапсырыстарды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; бөлімнің бас мамандарымен өз функционалдық міндеттерін уақытылы және сапалы орындалуына және олардың алмастырушылығына бақылауды жүзеге асыру; Департаменттің бұйрықтарын дайындалуына және тиісті ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру; бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы қаралауын қамтамасыз ету; құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім: заңгер мамандығы.Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамашылық, коммуникотивтік, аналитакалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапасына назар аудару, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, (5 бірлік).

Функционалды міндеттер: Құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар, кестелер, ұсыныстар және басқа құжаттар негізінде табиғат пайдаланушылармен экологиялық заңнамалардың сақталуына тексерістерді жүзеге асыру; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысу; перспективалы және ағымдық жұмыс жоспарын әзірлеу; тексерістердің нәтижелері бойынша актілерді жасау, құзыреті шегінде бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды шығару; құзыреті шегінде әкімшілік істерді қозғау және қарау; шығындарды есептеу және экономикалық бағасын ұсыну; кінәлі тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдау; қоршаған ортаның жағдайына әсер тигізетін табиғатты қорғау және өзге объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу; Министрлік, Комитет, департамент басшылығының хаттамалық тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау; құзыреті шегінде есептер мен ақпараттарды тиісті органдарға уақытылы дайындау және ұсыну;белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда ұсыну, соның ішінде қажетті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету; департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамаға сәйкес жергілікті жерлерде субъектілердің қызметін тексеруді ұйымдастыру және қатысу; мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамаға сәйкес жергілікті жерлерде субъектілердің қызметіне жүргізілген тексерістер туралы есептер дайындау, статистикалық есептерді жүргізяу; рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұзуды жою жөнінде шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының бұзылуы туралы уәкілетті және құқық қорғау органдарына материалдар әзірлеу; Е – лицензиялау мемлекеттік мәліметтер қорында жұмыс; қауіпті қалдықтар паспорттарын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім. Инженер – эколог, инженер – технолог, инженер – механик, инженер – гидрогеолог, инженер – құрылысшы, жаратылыстану ғылымдары (экология, биология), мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, агрономиялық, орман инженерлік ісі, экономикалық, заңгер мамандықтары. Осы санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет