Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



жүктеу 141.17 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі141.17 Kb.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде


2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551


I. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, 010000, Астана қаласы, Орынбор көш, 8, 619-каб., анықтама үшін телефон: 8(7172) 74-98-89, эл. мекенжай: k.kensekremzk@economy.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Агроөнеркәсіп кешені саласын талдау басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Басқарманың жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық етуді жүзеге асыру; азаматтардан, заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Комитет басшылығы тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар білімі.

2. Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарын тергеу басқармасының басшысы (С-3 санаты, 1 бірлік, 2016 жылғы 15 маусымға дейінгі негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау. Басқарма қызметі мәселелері бойынша жоспарлар мен есептер әзірлеу. Өз құзыреті шегінде Комитет басшылығының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Нарық субъектілерінің және мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру ұйымдастыру және жүргізу. Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру. Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы қолдану практикасын жинақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де іс-қимылдар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес білімі.

3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 1 бірлік, 2016 жылғы 3 қыркүйекке дейінгі негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді, шарттарды, сондай-ақ мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу арқылы әзірлеуге қатысу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің жобаларын келісуге қатысу; нормативтік құқықтық актілерді, құқықтық актілерді сараптауды ұйымдастыру; келісімдер, шарттар, келісімшарттар, азаматтардың өтініштері және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары бойынша табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы қолданыстағы, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға сәйкес келуі нысанына құқықтық қорытындылар дайындауды ұйымдастыру; құқықтық сипаттағы өзге де құжаттаманы келісу. Қызметтік тексерулер жүргізуге қатысу. Басқарма құзыреті шегінде өзге де функциялар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық білімі.

4. Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Талап-арыз жұмысы мәселелері бойынша жұмыс жүргізу; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға түсіндіру, талап-арыз жұмысы мәселелері бойынша нұсқамалар, талдамалық материалдар дайындау; келіп түсетін Заңдар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; іс жүргізіліп жатқан сот істерінің материалдары бойынша талап арыздарды, пікірлерді (қарсылықтарды), шағымдарды, қолдаухаттарды және басқа құжаттарды уақтылы және сапалы дайындау; заңнамаға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын өзге де міндеттер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім немесе құқық білімі.

5. Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 1 бірлік, 2016 жылғы 1 шілдеге дейінгі негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Әкімшілік практика мәселелері бойынша жұмыс жүргізу; Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен әкімшілік практика мәселелері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау, нұсқамалар дайындау; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру; әкімшілік практиканы жинақтау, жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде лицензиялау мәселелері бойынша өтініштерін қарау; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы, оның ішінде лицензиялау мәселелері бойынша заңнаманы түсіндіруге қатысу; Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сот процестеріне қатысу; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерін тексеруге қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын өзге де міндеттер.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық білімі.

6. Электр энергетикасы саласын реттеу басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 1 бірлік, 2018 жылғы 7 тамызға дейінгі негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысту; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат дайындау; есепті кезең (тоқсан, жарты жылдық, жыл) үшін бөлім қызметінің қорытындысы бойынша есептер жасау; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өтініштерін қарау; Министрліктермен, ведомстволармен және басқа мемлекеттік органдармен Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейін бекітуге арналған өтінімдерді қарау; электр энергетикасы саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерді қарау; тарифтік сметалардың орындалуы және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметтеріне уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы есептерді қарау; тұжырымдамалар, бағдарламалар, болжамдар мен іс-шаралар бөлімдері жобалары бойынша ұсыныстар дайындау - басшылықты қамтамасыз ету және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметтеріне тарифтер жобалары және олардың шекті деңгейлерін қарауға және ұсыныстар дайындауға қатысу; табиғи монополист кәсіпорындарға қатысты баға белгілеу саласында мемлекеттік саясатты жүргізу; табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерін реттеу мәселелері бойынша талдамалық жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік және уақытша төмендетуші тарифтерді белгілеу бойынша ұсыныстар дайындау; кіріс хат - хабарлар мен ұсыныстарға хабарламалар, ақпарат, жауаптар жобаларын дайындау; аумақтық органдарға электр энергетикасы саласындағы реттеу мәселелері бойынша түсіндірулер дайындау, басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету; табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу және белгілеу мәселелері бойынша жобаларды қарау бойынша жария тыңдауларды дайындау және өткізу; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерін реттеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және шаруашылық субъектілермен өзара іс-қимыл жасау; кіріс хат - хабарлар мен ұсыныстарға хабарламалар, ақпарат, жауаптар жобаларын дайындауды ұйымдастыру; электр энергиясын беру және (немесе) техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi көрсетілетін қызметтерге тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентін бекіту; аумақтық органдарға жылу энергетикасы саласындағы реттеу мәселелері бойынша түсіндірулер дайындау, басшылықты ақпараттық қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы білімі.

7. Құбыржолдары жүйелері саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 1 бірлік, 2017 жылғы 12 ақпанға дейінгі негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Құбыржолдары жүйелері саласын реттеу мәселелері бойынша есептерді ұсынуға, өз құзыреті шегінде тоқсандағы қызмет қорытындылары бойынша есептерді және есепті кезең ішінде атқарылған жұмыс туралы есепті жасауға қатысу; құбыржолдары жүйелері саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу. Құбыржолдары жүйелері саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтік сметаларды, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге, инвестициялық бағдарламаларды бекітуге; тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициенттерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау; тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін), тарифтердің шекті деңгейлерін өзгертуге арналған өтінімдерді қарау кезінде жария тыңдауларды ұйымдастыру. Мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, газ саласындағы реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес бағаға сараптама жүргізу. Құбыржолдары жүйелері саласындағы мемлекеттік тарифтік саясатты іске асыруды қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау және оған қатысу. Құбыржолдары жүйелері саласындағы табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Құбыржолдары саласындағы табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы ТМС есептерін талдауды жүзеге асыру. Құбыржолдары жүйелері саласындағы тарифтік реттеу мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологияларнемесе құқық саласындағы білімі.

8. Стратегиялық талдау басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 3 бірлік, оның ішінде бір бірлік 2018 жылғы 3 ақпанға дейінгі негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Стратегиялық талдау мәселелері бойынша жұмысты дайындау, жүргізу. Әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті елдерінің салалық реттеуіштерін дамытудың халықаралық тәжірибесін зерделеу. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Үкіметке, министрліктер мен ведомстволарға Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиынтық ақпарат дайындау. Басшылықты Республика шегіндегі және одан тыс жерлерге іссапарға жіберу бойынша материалдар (қызметтік жазбалар, талдамалық жазбалар) дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар білімі.

9. Әдіснама басқармасының бас сарапшысы, (С-4 санаты, 2 бірлік, оның ішінде бір бірлік2016 жылғы 19 маусымға дейінгі негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы және бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы қолдану практикасын жинақтайтын ұсыныстарының негізінде, жалпы әдіснама мәселелері бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілер жобаларын әзірлеу; Комитетке келісуге келіп түсетін, өзге мемлекеттік органдар әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарауға Басқарма құзыреті шегінде қатысу мәселелері бойынша жұмысты бақылау және ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Басқарма құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Басқарма құзыреті шегінде бәсекелестік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу; Комитет басшылығына ұсыну үшін Басқарма құзыреті шегінде ақпараттық материалдар дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен қарау және түсіндіру; Комитеттің орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері ұсынған материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерді жинау, дайындау және жіберу; табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен кемсітпейтін әдістемелерді әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу; тарифтік саясат бойынша тұжырымдамалар, бағдарламалар, болжамдар мен іс-шаралар бөлімдерін әзірлеуге басшылық ету (Басқарма құзыреті шеңберінде); Комитет басшылығын әдіснама мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету. Әдіснаманы жүйелендіру бойынша жұмысты ретке келтіру. Басқарманың жұмыс жоспарларын, мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын, салалық бағдарламаларды, өңірлік аумақтарды дамыту жоспарларын, Қазақстанның ДСҰ-ға, Кеден одағына, ЕурАзЭҚ-ға, ЕЭК-ке кіруі шеңберінде Келісімдер жобаларын әзірлеуге қатысу. Өз құзыреті шегінде тоқсан үшін қызмет қорытындысы жөнінде есептерді және есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есепті дайындау бойынша жұмыс. Аумақтық органдарға әдіснама мәселелері бойынша түсіндірулер дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар саласындағы білімі.

10. Өнеркәсіп және құрылыс салаларын талдау басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Комитет басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ азаматтардан, заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерді орындау; тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу; бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу және тауар нарықтарының жұмыс істеуі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар білімі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.




: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет