Мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелерін даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесіне шолу



Дата03.05.2016
өлшемі232.22 Kb.
Мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижелерін

даулау туралы істер бойынша сот тәжірибесіне

ШОЛУ
Мемлекеттік сатып алу туралы заңдар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (үлестерінің) немесе акцияларының бақылау пакеті елу және одан да көбірек проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилилендірілген заңды тұлғаларының олардың қарауындағы ақшаларды тиімді пайдалану мақсатында өнім берушілерден тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру процесінде пайда болатын қатынастарды реттейді.

2002 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы (әрі қарай - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы №1158 қаулысымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргізу ережесі (әрі қарай - Ереже) тиісті саладағы негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады.

Қорытудың көрсеткеніндей соттар негізінен мемлекеттік сатып алуға қатысты істерді материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларына сәйкес дұрыс қараған.

Соттар прокурордың, ықтимал өнім берушілердің, мемлекеттік сатып алу процесін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылатын Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің (әрі қарай - Комитет немесе өкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері - облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы Басқармаларының талап арыздары бойынша істерді қарады.


Мемлекеттік сатып алу процесінің құқықтық реттеу қағидаларының бұзылуы конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын анықтау туралы шешімін заңсыз деп тану үшін негіз болып табылады.

Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Комитет Басқармасының "6654 Әскери бөлімшесі" ММ, "С." ЖШС берген талап арызы бойынша істі қарау кезінде ұйымдастырушының конкурс өткізу туралы хабарландыруында конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі 2006 жылғы 27 ақпанға дейін деп көрсетілгендігін анықтаған. Алайда бұл мерзім өтіп кеткеннен кейін төрт ықтимал өнім берушінің, соның ішінде "С." ЖШС конкурстық өтінімі қабылданды. "ТФК Д." ЖШС бағасы тоннасына 3 591 теңге болатын көмір ұсынғанына қарамастан, нәтижесінде көмірдің әр тоннасына 3 633 теңге баға ұсынған, аталған " С." ЖШС-нің конкурстық өтінімі жеңімпаз болып танылған. Конкурстық комиссия мемлекеттік сатып алу процесін құқықтық реттеудің сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаларды оптималды және тиімді жұмсау және барлық ықтимал өнім берушілерге теңдей мүмкіндік беру сияқты қағидалардың бұзылуына жол бергендіктен, сот талапты қанағаттандырған және конкурстық комиссияның шешімін заңсыз деп таныған.


Ықтимал өнім берушінің сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тиісті нарығында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы туралы Заңның 1-бабының 13) тармақшасында түсінігі берілген біліктілік талаптарына сай болуы керек.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Комитеттің "Астана қаласы әділет департаменті" ММ, "А."ЖШС-не оны жеңімпаз деп тану туралы конкуртық комиссияның шешімін және ғимаратты капиталдық жөндеуден өткізу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы берген талабы қанағаттандырылды. Екінші ықтимал өнім берушіні "А." ЖШС-нің мемлекеттік лицензияны 2005 жылғы 25 наурызда алғанына және 2005 жылғы 18 тамыздағы конкурс жүргізілген кезде жылдық жұмыс тәжірибесінің болмағандығына негізді сүйенген. Заңның 16-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес оның конкурстық өтінімі қабылдануға жатпайды, ал тиісті норманың 4-тармағына сәйкес конкурс өткізілмеген деп танылуға жатады.


Шағын кәсіпкерлік субъектілері мен мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдары жалпы негіздермен конкурсқа қатысқан кезде сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің нарығында жұмыс тәжірибелерінің болуы міндетті. Заңның 27-бабының тәртібімен өткізілген конкурстарға қатысқан кезде оларға тиісті талаптар таратылмайды.

Заңның аталған нормасы (27-бабы) тек шағын кәсіпкерлік субъектілері мен (немесе) мүгедектердің қоғамдық бірлестігімен құрылған, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді шығаратын ұйымдар ғана қатысатын конкурстардың өткізілуін реттейді.

Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "Г." ААҚ-ның "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы қалақұрылыс және құрылыс бөлімшесі" ММ және "А." ЖШС-не берген талап арызы қанағаттандырылды, конкурстық комиссия шешімінің "А." ЖШС Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы шағын аудандарды газдандыру бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық конкурстың жеңімпазы деп тану туралы бөлігі жарамсыз деп танылды.

Сот өз шешімін, "А." ЖШС-нің бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуының қажеттігі туралы біліктілік талаптарына сай келмейтіндігімен дәлелдеді. ЖШС жоғарғы қысымдағы газбен қамту жүйелерінің құрылғылары бойынша жұмыстарды орындауға лицензияны конкурс өткізілгенге дейін бір ай бұрын алған. Жауапкерлердің ЖШС-нің шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатыны және оған тиісті талаптардың таратылмайтындығы жөніндегі дәлелдемелеріне сот Заңның тиісті ережесінің (8-бабының 1-тармағы) Заңның 27-бабының тәртібімен жүргізілген конкурсқа ғана қолданылатындығын дұрыс көрсеткен. Тиісті жағдайда ЖШС конкурсқа жалпы негіздер бойынша қатысқандықтан, оның тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тиісті нарығында бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы керек.


Ықтимал өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы керек.

Өкілетті орган сотқа "Жамбыл облыстық экономика және бюджетті жоспарлау департаменті" ММ, "Жамбыл облысы Талас аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар автокөлігі және автожолдар бөлімі" ММ, "Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаменті" ММ, "Д." ЖШС-не қатысты конкурстық комиссияның 2005 жылғы 7 сәуірдегі және 2005 жылғы 31 наурыздағы "Д." ЖШС Талас ауданындағы Аққұм ауылындағы сумен жабдықтау объектілерінің және Т.Рысқұлов атындағы ауданның Құлан ауылындағы Туберкулезге қарсы диспансердің құрылысына қатысты жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың жеңімпазы ретінде анықтау туралы шешімін заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап арызбен жүгінді.

"Д." ЖШС конкурстық өтінімдері біліктілік талаптарына сәйкес келуінің негізінде сот шешімімен талаптан бас тартылды.

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, талап арызды толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданды.

Апелляциялық қаулының көрсеткеніндей, соттың дәлелдемелері іс материалдарына қайшы келеді. Демек, конкурстық өтінімдерде ЖШС прокурорлық тексерудің анықтағанындай, жалған заңды мекен-жайы көрсетілген. ЖШС қажетті қаржылық және материалдық ресурстары болмағандықтан, Заңның 8-бабы 1- тармағының 2) тармақшасының талаптары бұзылған. Конкурстық өтінімдерде өзінің меншігінде техникасының және өндірістік базасының бар екендігі туралы жалған ақпарат ұсынған. ЖШС сотқа техниканы жалдау туралы жалған шарт ұсынған. Ереженің 17-тармағы 2) тармақшасын бұза отырып, ЖШС-нің осы банктің басқа филиалында және басқа да банк филиалдарында есеп айырысу шоттары болғанымен, екінші деңгейлі банктің бір ғана филиалынан алынған қарызының жоқ екендігі туралы анықтаманы конкурстық өтінімге қосып өткізген. Келтірілген дәлелдемелердің жиынтығы мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ресурстардың жоқ екендігін растайды.

Бұл жағдайда талап негізді қанағаттандырылған.


Заңды тұлғаның филиалы Заңның 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасында қарастырылған азаматтық құқық қабілеттілікке ие болу туралы талаптарға сәйкес келмейді.

Заң талаптарына қарамастан, "Павлодар облысы Ертіс аудандық құрылыс бөлімшесі" ММ-нің конкурстық комиссиясы "А." АҚ филиалын Ертіс ауданы Қосағаш ауылындағы сумен жабдықтау объектілерін реконструкциялау және терең скважиналар қазу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың жеңімпазы деп таныған.

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен АК 33, 35, 43-баптарына сәйкес құқық қабілеттілікке заңды тұлғаның филиалдары емес, керісінше, оның өзі ие болатындықтан, уәкілетті органның конкурстық комиссияның шешімін заңсыз деп танып, күшін жою және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызындағы талаптары қанағаттандырылды.
Ықтимал өнім беруші таратылуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбаған, сондай-ақ оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тоқтатылмаған, төлем қабілетті болуы керек.

Семей қаласы прокурорының "ASG" ЖШС-не, "Семей қалалық қаржы бөлімшесі" ММ-не қатысты берген Шульбинск кентіндегі мүліктік кешенді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты өткізілмеген деп тану және осы конкурстың қорытындысы бойынша мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап конкурстық комиссияның екінші ықтимал өнім беруші - "И." ЖШС конкурсқа қатысуға заңсыз жібергендігі көрсетілген. Бұл серіктестік банктен мерзімі өтіп кеткен қарызының жоқ екендігі туралы анықтаманы тапсырмауына байланысты біліктілік талаптарына сәйкес келмеген.

Сот тиісті жағдайдың өздігінен конкурс нәтижесін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды деп есептеп, талаптан бас тартты.

Сол кезде, Шығыс Қазақстан облыстық сотының анықтамасының көрсеткеніндей, іс материалдарынан серіктестіктің Семей қаласында тіркелгендігі, алайда, оның конкурсқа "А." ААҚ-ның оған қызмет көрсетумен айналыспайтын Өскемен қаласындағы филиалынан алынған қарызының жоқ екендігі туралы анықтаманы тапсырғандығы анықталған. ЖШС Семей қаласындағы банк филиалдарының алдында қарыздары болған, бұдан басқа оның шоттарына және мүлкіне тыйым салынған.

Бұл жағдайлар Заңның 16-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес біліктілік талаптарына сай келмегендігі үшін ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімін қабылдамауға негіз болады. Осыған байланысты конкурс өткізілмеген деп тануға жатқызылады.
Уәкілетті органның WEB-сайтында сол және басқа ықтимал өнім берушілерге қатысты теріс пиғылды өнім беруші ретіндегі ақпаратты енгізуге, олардың біліктілік талаптары бойынша жалған ақпараттарды беру фактісі, сондай-ақ сенімсіз жабдықтаушы ретіндегі ақпаратты енгізуге, соңғы екі жыл ішінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша олардың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы заңды күшіне енген сот шешімі негіз болып табылады.

Теріс пиғылды өнім берушінің және сенімсіз өнім берушінің түсініктері Ереженің 98-тармағында берілген.

Заңның 8-бабының 3-тармағында қарастырылған негіздер болмағандықтан, уәкілетті органның WEB-сайтына "Э." ЖШС-не қатысты теріс пиғылды өнім беруші ретінде ақпарат енгізілген. Соның нәтижесінде серіктестіктің конкурстық өтінімі линиялық байланысты орнатудың мердігерлік құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу конкурсына қатысуға жіберілмеген.

Серіктестіктің арызы бойынша Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты аталған ақпараттың сайтта көрсетілуін заңсыз деп таныды.


Сатып алынған жұмыстардың (жолдарды ағымдық жөндеу және күтіп ұстау) сипатын ескере отырып, сот ықтимал өнім берушілердің арасында асфальтбетон қоспасын өндіру үшін асфальтбетон зауытын жалға алу шартының жасалу фактісін олардың арасындағы аффилиирлендірілгеннің негізі болады деп таныған.

Бір конкурсқа ықтимал өнім берушінің және оның аффилиирлендірілген тұлғасының қатысуына заңмен (7-баптың 3-тармағы) тыйым салынған.

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Қ." РМК-ның "Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлік құралдары және автожолдары департаменті" ММ қатысты берген жергілікті маңызы бар жолдардың ағымдық жөндеуі мен ұстап тұруы бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың қорытындысын жарамсыз деп тану және конкурстық комиссияның оның конурстық өтінімін қабылдамау жөніндегі әрекетін заңсыз деп тану туралы талап бойынша істегі талапкерді және басқа ықтимал өнім беруші "А." ЖШС аффилиирлендірілген деп таныды. Мұндай тұжырымға олардың арасындағы асфальтбетон қоспаларын өндіру үшін асфальтбетон зауытын жалға алу шартының жасалу фактісі негіз болып табылған. Сот осы шарттың негізінде олардың бір-бірінің шешіміне әсерін тигізе алатындығын дұрыс көрсеткен.
Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшері анықталатын жалпы мәлімденген (бір пайыздан үш пайызға дейінгі) сома ықтимал өнім берушінің жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстың және ұсынылатын қызметтің ақырғы бағасын құрайтын, барлық нақты шығындарын қамтуы керек.

Сотқа "С." ЖШС-і "Ақмола облыстық білім департаменті" ММ-нің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуге жалпы мәлімденген соманың үш пайызынан кемін енгізуіне байланысты оның конкурстық өтінімін қабылдамау әрекетін заңсыз деп тану туралы арызбен жүгінді. Серіктестік конкурстық өтінімнің 25 397 387 теңге болатын жалпы бағасынан шығарылған 770 000 теңгемен өтінімді қамтамасыз еткен.

Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен келесі негіздер бойынша арызды қанағаттандырудан бас тартылды.

ықтимал өнім берушінің жалпы мәлімденген соманың бірден үшке дейінгі пайыз мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету үшін енгізуге міндетті екендігі заңның 14-бабында қарастырылған. Конкурстық құжаттамада ықтимал өнім берушінің ұсынылған жұмыстың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуге енгізілетіндігі қарастырылған. Серіктестік 7-жолдағы "Барлық бағада" Ереженің 6 қосымшасындағы "Бағалар кестесінде" (әрі қарай-Бағалар кестесі) 26 492 092 теңге соманы көрсеткен. Демек, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету 794 762 теңгені құрауы керек. Арыз беруші 8-жолдағы "Жалпы бағада" көрсетілген 25 397 387 теңге сомаға қате сүйенген.

Алайда Ереженің 17-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ықтимал өнім берушінің ұсынған бағасы жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және ұсынылатын қызметтердің ақырғы бағасын құрайтын, барлық нақты шығындарын қамтуы керек. Бағалар кестесі көрсеткеніндей ақырғы бағасы туралы мәлімет 7-жолдағы "Барлық бағада" емес, керісінше 8-жолдағы "Жалпы бағада" көрсетіледі. Ықтимал өнім берушінің барлық шығындары дәл 8 жолға енгізіледі. Осыған байланысты конкурстық өтінімді жалпы бағаның үш пайызы мөлшерінде қамтамасыз ету дұрыс болып табылады.


Конкурстық құжаттамаға тауардың ерекшелігін ескере отырып, тиісті және басқа да құжаттарды ұсыну туралы талаптарды енгізу заңды болып табылады.

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "К." ЖШС-нің "Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті" ММ-не қатысты берген дәрілік құралдарды және медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс қорытындысын жарамсыз деп тану туралы талабынан бас тартылды. Сонымен ЖШС конкурс ұйымдастырушысының конкурстық құжаттамаға өндірушінің және (немесе) оның ресми өкілінің сенімхатын және (немесе) дәрі құралдарын өндірушілермен жасалған келісім-шарттардың көшірмелерін, сондай-ақ дәріхана қоймасының бар екендігі жөніндегі құжаттарды ұсыну туралы талаптарды енгізуіне дауласқан. Сот сатып алынатын тауарлардың ерекшелігін және тұтынушыларды жасандылықтан қорғау қажеттілігін ескере отырып, конкурс ұйымдастырушысының талаптарын заңды деп таныды.

Тиісті қорытынды Заңның 12-бабының 7) тармақшасына негізделген, оған сәйкес конкурстық құжаттамада бағадан басқа барлық критерийлердің сипаттамасы болуы керек, олардың негізінде жеңіп шыққан конкурстық өтінім анықталады.
Ықтимал өнім беруші құрылыстардағы жобалау жұмыстарын орындау үшін лицензия ұсынуы керек.

Ереженің 17 -тармағының 2) тармақшасына сәйкес ықтимал өнім беруші сатып алынатын жұмысты орындау құқығын куәландыратын құжаттардың бірі болып табылатын лицензияны ұсынуы керек.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Комитет Басқармасының "Астана қаласының табиғи монополиялар қызметін реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті" ММ-не, "К." ЖШС-не және басқаларына берген талап жөніндегі іс бойынша шығарылған шешімінде Ереженің 53-тармағының лицензияны ұсыну туралы талаптары жобалау жұмыстарын орындауға емес, керісінше құрылыс конкурсына қатысты болып табылады деген қорытындыға келген. Сондықтан да ықтимал өнім беруші лицензияны ұсынуға міндетті емес болған.

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы сот шешімінің күшін жойып, іс бойынша жобалаудың құрылыс жұмыстарының бір бөлігі болып табылатындығын көрсететін жаңа шешім қабылдады.


Бухгалтерлік баланс ықтимал өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстарының бар екендігін растайды. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімге конвертті ашып соңғы қаржы жылына бухгалтерлік балансты ұсыну Ережені бұзғандық болып табылмайды.

Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасында ықтимал өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын тиісті немесе өзге құжаттарын ресімдеу талаптары бекітілген.

Бухгалтерлік балансқа қатысты соңғы қаржылық жыл үшін оны ұсынудың жалпы тәртібі бекітілген. Аталған өткен, соңғы қаржылық жылдағы құжатты қаржылық жыл үшін ұсыну туралы ереже "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңның 19-бабының 3-тармағында белгіленген (келесі есептегі жылдың 30 сәуіріне дейінгі) мерзімі өткенге дейінгі жылдық қаржылық есепті тапсырмаған ықтимал өнім берушілердің де конкурстарға қатысуларына мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Комитет Басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті" ММ-не, Теректі ауданының Федеровский ТМО-на, "О." ЖШС-не қатысты конкурстық комиссияның шешімін заңсыз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы берген талап арызы бойынша "О." ЖШС-нің конкурсқа қатысуға заңсыз жіберілуі істегі талаптың негіздерінің бірі болған. Конверт 2006 жылғы 30 сәуірде ашылғандықтан, серіктестік 2005 жылдың емес, керісінше, 2004 жылдың бухгалтерлік балансын тапсыруға міндетті болған.

Сот өзінің тиісті негіз бойынша талаптан бас тартуын конкурс өткізілген кезде серіктестіктің 2005 жылға бекітілген бухгалтерлік балансының болғандығын көрсете отырып дұрыс дәлелдеген. Осыған байланысты серіктестік конкурсқа қатысуға заңды жіберілген.
Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасында аталған ықтимал өнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ресімдеу кезіндегі бұзушылықтарды, сот, мемлекеттік сатып алу процесінің құқықтық реттеу қағидаларын және тиісті және басқа да біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәселені шешудегі маңыздылығын ескере отырып бағалауы керек.

Уә кілетті орган Басқармасының "Қарағанды қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлік құралдары және автомобиль жолдары бөлімшесі" ММ-не, "Р." ЖШС-не қатысты конкурстық комиссияның конкурс жеңімпазын анықтау туралы шешімін заңсыз және мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы берген талабы бойынша істе екінші ықтимал өнім беруші "М." ЖШС-нің бухгалтерлік балансына бас бухгалтердің қолының қойылмағандығы анықталған. Сонымен қатар Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ықтимал өнім берушінің қажетті ресурстарының бар екендігі қалған құжаттармен расталғандықтан, талапты қанағаттандырудан бас тартты.


Бұрынғы жылдары жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жеткізілген құрал-жабдықтардың көлемі туралы мәліметтер біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға жатқызылады.

Уәкілетті орган Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, "К." ЖШС-не қатысты конкурстық комиссияның ЖШС-ін 2005 жылғы 08 сәуірдегі ашық конкурстың жеңімпазы деп тану туралы шешімін заңсыз, конкурс нәтижелері бойынша жасалған шарттарды жарамсыз деп тану және ақшаны қайтару бойынша міндеттеме жүктеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сонымен қатар алдындағы 2005 жылғы 28 наурыз - 6 сәуір аралығында өткізілген конкурста "К." ЖШС-нің және басқа ықтимал өнім беруші "К." ҒӨК ЖШС-нің біліктілік талаптары бойынша жалған ақпаратты ұсынғандары үшін конкурстық өтінімдері қабылданбағаны көрсетілген. Алайда заңның 8-бабының 3- тармағын бұза отырып, тиісті конкурсқа қатысуға жіберілген, ал "К" ЖШС конкурс жеңімпазы болып танылған.

Сотта анықталғанындай, аталған ықтимал өнім берушілердің алдыңғы конкурсты өткізу кезінде 2004 жылы Министрлікпен жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жеткізілген құрал-жабдықтардың көлемі туралы жалған деректерді көрсеткені үшін біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер ретінде олардың конкурстық өтінімдері қабылданбаған.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талаптан бас тартылды. Сонымен қатар сот Заңның 8-бабының 3- тармағына сәйкес біліктілік талаптары бойынша жалған ақпарат тапсырған жағдайда ықтимал өнім берушінің осындай факт анықталған кезден бастап бір жылдың ішінде мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуға жіберілмейтіндігіне сүйенеді. Бұрынғы жылдары жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша жеткізілген құрал-жабдықтардың көлемі туралы мәліметтер Заңның 8-бабының 1-тармағында аталған біліктілік талаптарына жатқызылмайды. Бұдан басқа біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізімі Ереженің 17- тармағының 2) тармақшасында келтірілгенін ескеру керек.

Алайда уәкілетті органмен бекітілген үлгі нысандағы мемлекеттік сатып алу процесіне қатысудағы біліктілік туралы мәлімет Ереженің аталған нормасына сәйкес, ондай құжаттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік сатып алу агенттігі төрағасының 2002 жылғы 31 қазандағы №8 бұйрығымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурстарға қатысуға конкурстық өтінімдерді дайындау үшін ықтимал өнім берушілерге конкурс ұйымдастырушыларының беретін Типтік конкурстық құжаттамаларының 4 қосымшасы "Біліктілік туралы мәліметтеріне" сәйкес, соңғы 5 жылдың ішінде ықтимал өнім берушілердің жеткізген/көрсеткен тауарларының/қызметтерінің және соңғы 3 жыл ішінде бас өнім беруші ретінде сипаты бойынша ұқсас жеткізілімдердің, орындалған жұмыстардың жыл сайынғы көлемі туралы мәліметтер ұсынылуы керек.
Жеңген конкурстық өтінім Заңның 16-бабының 6-тармағында аталған критерийлер ескеріле отырып, ең төменгі баға негізінде анықталады. Тауарларды жеткізіп берудің, жұмыстардың аяқталу және көрсетілетін қызметтердің мерзімдері, тауарлардың, жұмыстарды және қызметтердің кепілдік шарттары және біршама жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін, соның ішінде жұмыспен қамтуды ынталандырудың басқа да критерийлері жеке-жеке ескерілуге жатады.

"Л." ЖШС "Октябрь орта мектебі" ММ-не және К. ЖК-ге қатысты 2005 жылғы 29 сәуірдегі №2 лот бойынша "Шатырды күрделі жөндеуді" мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс қорытындысы бойынша ЖК конкурс жеңімпазы деп тануды және жауапкерлер арасында жасалған шарттарды жарамсыз деп тану және оның орындалуын тоқтату туралы талаппен сотқа жүгінген.

Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тиісті істі қарау кезінде конкурстық өтінім түпнұсқаларына сәйкес талапкердің жеңімпазға қарағанда біршама төмен баға, атап айтқанда 4 508 000 теңгенің орнына 4 168 000 теңге ұсынғандығы анықталған. Талапкердің конкурстық өтінімінде кепілдік мерзімі 5 жылдан кем емес, ал жеңімпаздың конкурстық өтінімінде - 3 жылдан кем емес.

Сот шешімімен конкурс қорытындысы және К. ЖК-мен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жарамсыз деп танылды.


Заңның 16-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін (қабылданбағандарын емес) қабылданған конкурстық өтінімдерді ғана салыстырады және бағалайды.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен "А." АҚ-ның Денсаулық сақтау министрлігіне, "Б." компаниясына қатысты берген конкурстық комиссияның компанияны конкурс жеңімпазы деп тану туралы шешімін, конкурс нәтижелері бойынша жасалған шартты даулау туралы талабынан бас тартылды. Талапкер төменгі емес бағаны ұсынған және отандық өндіруші болып табылмайтын өнім берушінің Заңды бұза отырып жеңімпаз деп танылғандығын көрсеткен. Сот өзінің бас тартуын талапкердің біршама төменгі бағаның бар болуымен біліктілік талаптарына сәйкес келмегені үшін конкурстық өтінімінің қабылданбауын талапты қанағаттандыру үшін негіз бола алмайтынымен дәлелдеді.


Жабық конкурс уәкілетті органның келісімімен ғана өткізілуі мүмкін.

Комитеттің Қарулы күштерді материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына, Қорғаныс министрлігіне, "Т." ЖШС-не, "U." ЖШС-не қатысты берген талабының негіздерінің бірі ретінде конкурсты ұйымдастырушы Заңды бұза отырып, олармен жабық конкурстың өткізілуін келіспегендігі көрсетілген. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талаптан бас тарта отырып, тиісті негіз бойынша жабық конкурстың ұйымдастырушысы ол туралы уәкілетті органды хабарландырмауы керек болатын деген қорытындыға келген.

Сонымен бірге Заңның 18-бабының 1-тармағы тек хабарландыруды ғана емес, сондай-ақ жабық конкурстың өткізілуін уәкілетті органмен алдын ала келісуді де талап етеді.
Уәкілетті органның оған заңмен берілген мемлекеттік шарт жасалғанға дейін жүзеге асыруға құқығы бар өкілеттігін қолданбауы конкурстық комиссияның шешімін заңсыз және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы оның талабынан бас тартуға негіз болып табылмайды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соттың қадағалау алқасы оның "Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет және құрылыс департаменті" ММ-не, "N." ЖШС-не, "Ш." МКК-на талабы бойынша іске қатысты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының талаптан бас тарту туралы шешіміне берген Комитет Басқармасының қадағалау шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Сонымен қатар талапкердің Заңның 5-бабының 2-тармағының 9) тармақшасымен берілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалуын тоқтатуға берілген құқығын пайдаланбағандығы көрсетілген. Конкурс 2005 жылғы 7 ақпанда өткізілген, шарт 2005 жылғы 14 ақпанда жасалған, ал талап арызы ақша құралдары серіктестіктің шотына аударылып, құрылыс басталып кеткеннен кейін тек 2005 жылғы 23 мамырда ғана берілген. Бұдан басқа Заңның 29-бабының 2-тармағына сілтеме жасай отырып, уәкілетті органның конкурс ұйымдастырушысының, тапсырыс берушінің немесе конкурстық комиссияның шешімін жарамсыз деп тану бойынша әрекеті шарт бекітілгенге дейін жасалуы керек, ал басқа жағдайда олардың күшін жою сатылып алынған жұмыстардың ерекшелігіне қарай қолайсыз болып табылады деген қорытындыға келген.

Алайда Заңның 29-бабының 2-тармағы шарт жасалып қойған жағдайда уәкілетті органды жіберілген заң бұзушылықты жоюға сотқа жүгіну арқылы шаралар қолдануды міндеттейді. Осыған байланысты өкілетті органның оған Заңмен берілген шарт жасауды тоқтату және конкурстық комиссия шешімін жарамсыз деп тану бойынша өкілеттігін пайдаланбауы талаптан бас тартуға негіз бола алмайды. Тиісті жағдай АК 253-бабының тәртібімен жеке ұйғарым шығару үшін негіз болып табылады.
Егер конкурс нәтижелері дауланбаған болса, онда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жарамсыз деп танылмайды.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасының "Д." ЖШС-нің уәкілетті органға конкурстардың қорытындыларының күшін жою туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы берген талабына қатысты іс бойынша шығарылған қаулысында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда өкілетті органның конкурс қорытындысын және олардың қорытындылары бойынша жасалған шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы екендігі көрсетілген.

Осы пікірге ұқсас Солтүстік Қазақстан облыстық соты егер конкурс нәтижелеріне шағым келтірілмеген болса, онда шартты жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырудан бас тарту керек деп есептейді. Оны негіздеуде шарттың конкурс нәтижелері негізінде жасалатындығын көрсетеді. Сондықтан да егер конкурс нәтижелері заңсыз деп танылмаса, онда шарттың жарамсыз деп танылуы мүмкін емес.
Соттың конкурстық комиссияның жеңімпазды анықтау туралы заңсыз деп таныған шешімі негізінде жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жарамсыз деп танылуға жатады.

Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Комитет Басқармасының "Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті" ММ-не және "А." ЖШС-не берген талабына қатысты іс бойынша санитарлық автокөліктерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың қолданыстағы заңдарды бұза отырып жүргізілгендігін анықтаған. Ондағы екінші ықтимал өнім беруші - Ч. ЖК біліктілік талаптарына сәйкес келмеген. Осыған байланысты Заңның 16- бабының 4- тармағына сәйкес конкурс өткізілмеген деп танылады. Демек осындай конкурс нәтижелері бойынша жасалған шарт АК 158- бабының 1- тармағына сәйкес заң талаптарына сәйкес келмейтіндіктен жарамсыз деп танылады.


Конкурс қорытындыларын сот қарауынан тыс жарамсыз деп тануға тек уәкілетті органның ғана құқығы бар.

Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау департаменті" ММ-нің Комитетке қатысты талапкерге конкурсты ұйымдастырушы ретінде ашық конкурстың қорытындыларының күшін жою туралы бұйрықты заңсыз деп тану және күшін жою туралы берген талабын қанағаттандырды. Негіздемеде конкурс ұйымдастырушысына заңмен оның қорытындысының күшін жою құқығының берілмегендігін көрсеткен. Тиісті құқық оны қолданбаған уәкілетті органға ғана тиесілі болып табылады.

Бұл тұжырымдар Заңның 29-бабының 2-тармағының, 5-бабының 8 - 9- тармақтарының 7) тармақшасының ережелеріне негізделген.
Мемлекеттік мекемелердің қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркелмеу негіздері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талаптары қанағаттандырылуға жатпайды.

"П." ЖШС "Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" ММ-не қатысты қарызды және шартты орындамағаны үшін төленетін айыпты өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінді. Негіздемеде ескі құрылыстарды бұзу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша тендері нәтижелері бойынша жауапкермен оның арасында шарт жасалғандығын көрсеткен. Тиісті шарт жағдайлары бойынша талапкер авариялық тұрғын үйді бұзу жұмыстарын орындауға міндеттенді, ол үшін жауапкер 470 000 теңге төлеуге міндеттенді. Олар жұмысты орындаған, алайда жауапкер аталған соманы төлемеген. Жауапкер шарттың қазынаның облыстық басқармаларында тіркелген кезінен бастап, оның күшіне енетіндігі туралы шарт жағдайларына сүйене отырып, шартты жарамсыз деп тану туралы қарсы талап мәлімдеген, алайда тіркеу жасалмаған.

Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен серіктестіктің талабы қанағаттандырылып, жауапкерден оның пайдасына 470 000 теңге қарызы және 87 980 теңге сомасында шартты орындамағаны үшін төленетін айып өндіріліп берілген. Қарсы талапты қанағаттандырудан бас тартылған. Тиісті шешім келесі жағдайлармен дәлелденген.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу АК 44- бабының 1-тармағында қарастырылған. Үкіметтің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер үшін бюджетті орындау және (кезеңдік және жылдық) есеп беру нысанын жүргізу бойынша қаржылық процедуралар Ережесімен тіркеу жөніндегі міндеттеме мемлекеттік мекемелерге жүктелген. Жауапкер бұл міндеттемені орындаудан жалтарған, сонымен қатар орындалған жұмысты қабылдап алған. АК 158-бабының 2-тармағына сәйкес заң талаптарын бұзатын мәмілені қасақана жасаған тұлғаның ондай талабы жауапкершіліктен жалтару ниетімен байланысты болатын болса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы жоқ.

Осы уақытта қолданыстағы Үкіметтің 2005 жылғы 5 ақпандағы №110 қаулысымен бекітілген республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау ережесінде де мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерді қазынашылықтың аумақтық органдарында тіркейтіндігі туралы ереже бар.
АІЖК 28-бабының 2-бөлігіне сәйкес Комитеттің бұйрығын даулау туралы іс Астана қаласы сотының қарауына жатады.

АІЖК аталған нормасы бұзыла отырып, "Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаменті" ММ-нің Комитетке қатысты бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы берген талабы бойынша іс Батыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралған.



Уәкілетті органның Заңның 29-бабының 2-тармағының бұзылуына мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалғанға дейін сотқа жүгінген жағдайда судья талап арызын АІЖК 154-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес қайтарады немесе АІЖК 249-бабының 1) тармақшасына сәйкес оны қараусыз қалдырады.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша Басқармасы "Жаңаөзен қалақұрылыс және құрылыс бөлімшесі" ММ-не және "О." ЖШС-не қатысты жеңімпаздың конкурстық құжаттамаларының және конкурстық өтінімдерінің заң талаптарына сәйкес келмеу негіздері бойынша конкурстық комиссияның Қызылсай ауылындағы коммуналдық тұрғын үй құрылысы жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың жеңімпазын анықтау туралы шешімін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талаппен сотқа жүгінді. Судья істі сотта қарауға дайындау кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жасалмағанын анықтаған және АІЖК 249-бабының 1) тармақшасына сәйкес талап арызын қараусыз қалдырады. Сонымен қатар, талапкердің тиісті санаттағы істер үшін заңмен белгіленген дауды алдын ала сотқа дейінгі шешудің міндетті тәртібін сақтамағандығына және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігінің жойылмағандығына негіздеген.


Талапты қамтамасыз ету шаралары мәлімденген талаптардың мәніне сәйкес келуі керек.

"С." ЖШС Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына қатысты музей ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың қорытындысы туралы хаттаманы беруге мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгінді. Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының талапкердің арызы бойынша шығарған ұйғарымымен конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бекітуге байланысты әрекеттерді жасауға тыйым салу түріндегі талапты қамтамасыз ету шаралары қолданылған.

Ондай шаралар мәлімденген талаптардың мәніне сәйкес келмейді. Сондай-ақ іс материалдары көрсеткеніндей, сот ұйғарымы шығарылған кездің өзінде шарт жасалып қойған. Нәтижесінде талапкердің талаптан бас тартуына байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.
АІЖК 280-бабының 1-бөлігінде белгіленген сотқа жүгінудің мерзімін (үш ай) өткізіп алу талапты қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болып табылуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен аталған мерзімді өткізіп алу негіздері бойынша уәкілетті органның "Семей қаласы құрылыс және сәулет басқармасы" ММ-не, "Семей қаласы коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу басқармасы" ММ-не және "Т." ЖК-не қатысты конкурс қорытындысының күшін жою және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы берген талабынан бас тартылды.

Тиісті мерзім конкурстық комиссияның шешімі туралы талапкерге белгілі болған күннен бастап есептеледі.

АІЖК 27-тарауындағы тәртіпте қарастырылған істер үшін қысқартылған қарау мерзімі (бір ай) белгіленген. Алайда Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 "Азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы" нормативтік қаулысының 15-тармағына сәйкес конкурс қорытындыларын және олардың нәтижелері бойынша жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың бірмезгілде даулануы кезінде іс жалпы екі айлық мерзім ішінде қаралуға жатады.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

азаматтық істер жөніндегі алқасы
Каталог: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 836609360ed73cc2462573070042e0c0 -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қазақстан Республикасының заңдары "Лицензиялау туралы"


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет