Мемлекеттік сатып алу туралы



жүктеу 1.57 Mb.
бет1/9
Дата02.05.2016
өлшемі1.57 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
: irj
irj -> Оқу, ғылыми және басқа мақсаттағы материалдарды бір көзден мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы Хаттама
irj -> Сауықтыру жөнiндегi кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 17 маусымдағы №660 Қаулысы «Дағдарыстан кейiн қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы»
irj -> 1 Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері Республикалық бюджетке «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табыс бөлігінен аударымдар»
irj -> ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті қызметінің 2014 жыл жағдайы қорытындысы бойынша ақпарат Республикалық меншіктегі акциялардың
irj -> Нұрлы жол – болашаққа бастар жол Құрметті қазақстандықтар!
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебі
irj -> Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы
irj -> «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
irj -> «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
irj -> Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Мемлекеттік сатып алу туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 303-III Заңы



МАЗМҰНЫ

Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "веб-сайттарда", "веб-сайттың", "веб-сайты", "веб-сайтында", "веб-сайтта", "веб-сайт", "Веб-сайтта", "веб-сайтынан", "веб-сайтын" деген сөздер тиісінше "интернет-ресурстарда", "интернет-ресурстың", "интернет-ресурсы", "интернет-ресурсында", "интернет-ресурста", "интернет-ресурс", "Интернет-ресурста", "интернет-ресурсынан", "интернет-ресурсын" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.07.10 № 178-IV Заңымен.

Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ашық тауар биржалары" деген сөздер "тауар биржалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.05.04 № 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.

Осы Заң мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектілерінің арасында мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті олардың жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аукцион адымы – аукцион нысанасының бағасы төмендетілетін ақшалай аралық;

2) аукциондық комиссия – осы Заңда көзделген аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

3) аукциондық құжаттама – аукционға қатысуға өтінімді дайындау үшін әлеуетті өнім берушіге берілетін құжаттама, онда аукционға қатысуға өтінімге қойылатын талаптар, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізудің шарттары мен тәртібі қамтылады;

4) әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;

5) әлеуетті өнім берушінiң үлестес тұлғасы – аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты аталған әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

6) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдас бөлiктерден тұратын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;

7) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік әрбір келесі үлестес тұлғаға өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызының тиесілі болатынын білдіреді;

8) демпингтiк баға – конкурсқа қатысушының жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге ұсынған бағасы, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында ұқсас жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қолданылып жүрген бағалармен салыстырғанда көрiнеу төмен баға болып табылады;

9) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

10) жұмыстар – шикiзат кен орындарының құрылысымен, жайластырылумен байланысты, заттық нәтижесi бар қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыстарға жатқызылған өзге қызмет;

11) жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi отандық берушілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар және (немесе) жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету бойынша Қазақстан Республикасының жергiлiктi еңбек ресурстарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар;

12) конкурстық комиссия – осы Заңда көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін орындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган;

13) конкурстық құжаттама – конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды өткізудiң шарттары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмді әзiрлеу үшiн әлеуетті өнім берушіге табыс етiлетiн құжаттама;

14) көрсетілетін қызметтер – тапсырыс берушінің қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған заттық нәтижесi жоқ қызмет;

15) Қазақстан Республикасының резиденттерi – шет мемлекетте тұрақты тұру құқығына сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес берiлген құжаты бар азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде шетелде уақытша жүрген немесе оның шегiнен тыс жерлерде мемлекеттiк қызметте жүрген азаматтары;

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаты бар шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, оның аумағында орналасқан заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi;

Қазақстан Республикасының өз шегiнен тыс жерлердегi дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi;

16) қаулы – бақылау нәтижелерiн растайтын және ол жолданған мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдері бар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде айқындалған сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылау органы қабылдаған акт;

17) мемлекеттiк кәсiпорындардың үлестес тұлғалары – еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар;

18) мемлекеттік сатып алу – мыналарды:

жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;

кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын қызметтерді;

Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырманы және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді;

жарналар (салымдар) енгізуді, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді қоспағанда, осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы;

19) мемлекеттiк сатып алу веб-порталы – электрондық мемлекеттiк сатып алудың электрондық қызмет көрсетулеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттiк ақпараттық жүйе;

19-1) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы – бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы;

19-2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімі – әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, тиісті комиссия осы Заңға сәйкес жүзеге асыратын өзара байланысты, дәйекті іс-шаралар кешені;

19-3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға не өзін құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін құрылымдық бөлімше;

20) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

21) мемлекеттiк сатып алу жүйесi – мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң және олардың мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыру процесінде бiртұтастық және өзара байланыс арқылы айқындалатын қатынастарының жиынтығы;

22) мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi – мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

23) мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет – мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және өткiзу, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау және (немесе) олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтер көрсету, мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;

24) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында тапсырыс берушінiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларын не жарғылық қызметін атқару үшiн тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету туралы жасалған азаматтық-құқықтық шарт;

24-1) мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған және мемлекеттік сатып алу веб-порталында жасасылатын электрондық-цифрлық нысандағы мемлекеттік сатып алу туралы шарт;

25) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

26) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

27) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

28) отандық тауар өндiрушiлер – Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын және:
      Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес толығымен Қазақстан Республикасында өндiрiлген тауарлар;

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеу критерийлеріне сәйкес Қазақстан Республикасында жеткiлiктi қайта өңделген тауарлар өндiретiн әлеуетті өнім берушілер (бұдан әрi – отандық тауар өндiрушiлер) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

29) өнім беруші – кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, тапсырыс берушiмен мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта оның келiсiмшарт жасаушы агентi ретiнде әрекет ететiн заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум). Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда өнiм берушi болуы мүмкiн;

30) сараптама комиссиясы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші құратын алқалы орган;

31) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеуге қатысу және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің техникалық ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің үздік техникалық ерекшелігін (үздік техникалық ерекшеліктерін) айқындау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

32) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтердi, ұлттық холдингтердi, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;

33) тауарлар – нәрселер (заттар), оның iшiнде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi шикiзат, электр және жылу энергиясы, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң объектiленген нәтижелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмiлелерiн жасасуға болатын заттық құқықтар;

33-1) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқоры – мемлекеттік сатып алу веб-порталының бір бөлігі болып табылатын, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қалыптасқан ең төменгі, орташа және ең жоғарғы бағалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық кіші жүйе;

33-2) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) – өзінің бірегей коды бар, мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жүйеленген тізбесі;

33-3) ұлттық режим – егер мұндай режимді ұсыну туралы талап Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленсе, шетелде шығарылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілердің отанымызда шығарылатын тауарлармен, жұмыстармен, қызметтермен және осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ұсынатын әлеуетті өнім берушілермен тең шарттарда мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейтін режим;

34) ұсыну – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және (немесе) оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ осы бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылық шараларын қолдану үшiн бақылау объектiлерiне жiберiлетiн уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қаржылық бақылау органының орындауға мiндеттi актiсi;

34-1) үздік техникалық ерекшелік – өз сипаттамалары бойынша тапсырыс беруші мәлімдеген техникалық және сапалық сипаттамалардан асып түсетін, тапсырыс беруші үшін қажетті сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) сипатын қамтитын техникалық ерекшелік;

35) шартты баға – конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына конкурстық құжаттамада көзделген критерийлердiң салыстырмалы мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын айқындау мақсатында конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде ғана пайдаланылатын баға;

36) электрондық аукцион (бұдан әрі – аукцион) – тапсырыс беруші сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер аукциондық құжаттамаға сәйкес келетін және оларға баға төмендетілген кезде айқындалған ең төмен бағаны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін кездегі электрондық мемлекеттік сатып алу тәсілі;


      37) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

38) электрондық мемлекеттiк сатып алу – ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу;

39) электрондық мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын, акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет немесе ұлттық холдинг болып табылатын, электрондық мемлекеттiк сатып алу саласында бірыңғай техникалық саясатты iске асыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.

 Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми арияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн үнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.



2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаттары

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсету қағидаттарына негізделеді.

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



4-бап. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу

1. Осы Заңның өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмай мемлекеттік сатып алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

1) егер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын болса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

3) жедел-іздестіру қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыруға уәкілетті органдардың оларды жүзеге асыру үшін:

жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келісім берген адамдар көрсететін қызметтерді;

қызметтік үй-жайларды, көліктік және өзге де техникалық құралдарды, мүлікті;

жасырын ұйымдар құру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;

қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететін қызметтерді сатып алу;

4) табиғат пайдалану құқығын сатып алу;

5) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және уәкілетті орган бекіткен тауарлар тізбесі бойынша шетелден сатып алынатын тауарларды сатып алу;

6) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды кейіннен өңдеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша сатып алуы;

7) өкілдік ету шығыстарына байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

8) көрмелердің, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің материалдарын сатып алу, сондай-ақ аталған іс-шараларға қатысқаны үшін ақы төлеу;

9) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатып алу;

9-1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ интернет-ресурстарда орналастырылған ақпаратты беру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

10) қызметкерлерді шетелде даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, егер жеке тұлға кредиттік (банктік) ұйымды өзі анықтаса, алушылардың (жеке тұлғалардың) шоттарына жалақыны есептегені үшін қызметтер көрсету бөлігінде, сондай-ақ жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражаты бойынша операциялар бөлігінде қаржылық қызмет көрсетулерді сатып алу;

11-1) банк қызметімен байланысты қаржылық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;

13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;

14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;

15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;

16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;

17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

18) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi иелікке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесіп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);

21) алып тасталды - ҚР 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;

21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;

22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

23) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

24) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино-, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;

25) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

26) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

27) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;

29) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

29-1) дамуға ресми көмек шеңберінде шет мемлекеттер аумағында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;

31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерінен сатып алуы;

31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан, мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында көзделген жағдайларда, сатып алуы;

31-2) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

31-3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан мұндай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;

32) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

33) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;

33-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге де күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

34) халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;

35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

36-1) шетелдік депозитарийлердің және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

37) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

 38) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден азық-түлік тауарларын, сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;

39) статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

40) мыналарды:

Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;

Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;

 мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;

41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;

42) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;

43) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алу;

44) алынып тасталды - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

45) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

46) электр энергиясын сатып алу;

47) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;

48) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;

49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;

50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

51) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

52) отандық тауар өндірушілердің — мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың "Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

53) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымның мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;

56) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;

58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

59) алып тасталды - ҚР 14.01.2014 № 161-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

60) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;

62) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу;

63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

64) театрдың, филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және көпшілік алдында өнер туындыларын орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

65) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу;

66) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомстволары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;

67) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;

68) спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу осы Заңның 3-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаты сақтала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Осы баптың 1-тармағының 5)6)9-1), 11-1), 13)21-1)21-2)33-1)38)48)53)55)64), 66) және 67) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 182-IV, 2009.07.16 № 186-IV, 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.29 № 233-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 № 334-IV, 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.02.18 № 408-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.24 № 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 543-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.06.28 № 22-V (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 125-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.12.2014 № 264-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет