«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»



бет1/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.38 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 1301 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 49, 600-құжат




      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің        
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1301 қаулысымен     
бекітілген       

       Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "нысан бойынша" және "нысандар бойынша" деген сґздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «веб-сайтында», «веб-сайтының», «веб-сайтына», «веб-сайтын», «веб-сайттың», «веб-сайтта» деген сґздер «интернет-ресурсында», «интернет-ресурсының», «интернет-ресурсына», «интернет-ресурсын», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурста» деген сґздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі

      Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.



1. Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау

      Ескерту. Кіші бґлімі және 1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.



Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту

      7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.


      7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджетті (бизнес-жоспарды, кірістер мен шығыстар сметасын) бекіткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      1) жылдар бойынша үш жылдық кезеңге қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бґлінген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің номенклатурасын. Жұмыстардың номенклатурасы осы жұмыстарды орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлардың кґлемі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс. Тиісті бюджетте бекітілген сома болмаған жағдайда, болжамдық сома кґрсетіледі;
      2) Заңның 4-бабында кґрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдерін;
      3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді кґрсетудің жоспарланған мерзімдерін;
      4) Заңның 37-бабында кґзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бґлінген және кґзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бґлуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді кґрсетудің жоспарланған мерзімдерін.
      Заңның 4-бабы 1-тармағының 3), 28), 32) және 33-1) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына енгізуге жатпайды.
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) қаулысымен, ґзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 641 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      8. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.


      Мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының ґкiлеттiгiн жүзеге асыратын ґзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ґзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланусыз берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында енгізілген ґзгерістерді және (немесе) толықтыруларды орналастырады.


      Кґрсетілген шешімге тапсырыс берушінің бiрiншi басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын, жауапты хатшының ґкiлеттiгiн жүзеге асыратын ґзге де лауазымды тұлға не оның мiндетiн атқаратын тұлға қол қояды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды екі кезеңді рәсімді пайдаланып, конкурс тәсілімен ґткізген жағдайда ғана бюджет бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдай алады.

2. Жалпы ережелер

      12. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу рәсімдерін орындау үшін тапсырыс беруші Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтайды.

      13. Егер тапсырыс беруші ґзінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бґлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жағдайда әрекет еткен жағдайда тапсырыс беруші ґзінің бұйрығымен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және ґткізуге жауапты етіп анықтайды.
      Егер тапсырыс берушінің құрылымдық бґлімшесі заңды тұлға болып табылған жағдайда тапсырыс беруші бұйрықпен оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және ґткізуге жауап етіп айқындайды.
      Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып үшінші заңды тұлға әрекет ететін болса, онда тапсырыс беруші онымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және ґткізуге шарт жасасады.
      Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен, әлеуетті ґнім берушілермен, тиісті комиссиялармен және сарапшымен ґзара қарым-қатынаста білдіретін лауазымды тұлғаны анықтайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының ґкілі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бґлімше қызметкерлерінің қатарынан анықталады.
       Ескерту. 13-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      14. Тапсырыс беруші тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы бір тараптан әрекет ететін жағдайларды қоспағанда, алдағы мемлекеттік сатып алуларда оның мүддесін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасын анықтайды.


       Ескерту. 14-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеме, оған қатысты мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлға не оған қатысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып әрекет ететін заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.


      Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға ґздерімен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып әрекет етуге құқылы.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оған қатысты ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
       Ескерту. 15-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      16. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ґткізу мақсатында:


      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны белгілеуге құқылы;
      2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың арасынан бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны белгілеуге құқылы;
      3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;
      4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекеме немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын белгілеуге құқылы;
      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі оларға қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы.
      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында кґзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны) анықтауға Заңның 7-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған кезде жол беріледі.

      17. Осы Ереженің 16-тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны анықтаған жағдайда тапсырыс берушілер конкурсты ұйымдастырушыға ол белгілеген мерзімде конкурсты ұйымдастыру мен ґткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде белгіленген жылдық жоспарды, сатып алынатын тауарлардың (қызметтердің) техникалық ґзіндік ерекшелігін, құрылыс жұмыстарын сатып алу кезінде объект салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынады, сондай-ақ конкурсты бірыңғай ұйымдастырушыны осы ақпараттағы барлық ґзгерістер туралы тез арада хабардар етеді. Бұл ретте тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды ґткізу жґніндегі рәсімдерге қатысу үшін ґзінің уәкілетті ґкілдерін анықтайды.


      Бірыңғай ұйымдастырушы ґткізген конкурстың қорытындысы бойынша тапсырыс берушілер жеңімпаздармен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасады.

      18. Күрделi техникалық сипаттамалары және ерекшелiгi бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген жағдайда мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi осы Ережеде айқындалған тәртiппен заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiктерiнен (консорциумдардан) сатып алады. Мемлекеттiк сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiктерi (консорциумдар) қатысқан жағдайда, онда аталған консорциумның қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар ґз бiлiктiлiк талаптарын растау үшiн осы Ережеде белгiленген құжаттармен қатар мынадай құжаттарды беруге тиiс:


      1) заңды тұлғалардың (консорциумның) мүшелері арасында жасалған нотариалды куәландырылған ортақ жауапкершілік шарты;
      2) бiрлескен шаруашылық қызметi туралы шартта кґзделген қызмет бґлiгiнде тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету құқығына арналған тиiстi лицензиялардың нотариалды куәландырылған кґшірмелері не электрондық құжаттың қағаз кґшірмесі түріндегі лицензия.
      Ескерту. 18-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

3. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу

      19. Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын кґздейді:


      1) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті ґкілін белгілеуі;
      2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті ґкілін анықтауы;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі, сондай-ақ қажет болған кезде сараптау комиссиясының құрамын (сарапшыны) қалыптастыруы және бекітуі;
      4) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын, конкурстық комиссияның хатшысын қалыптастыруы және оны бекітуге ұсынуы;
      5) тапсырыс берушінің конкурстық құжаттаманы бекітуі;
      6) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлауы;
      7) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім берушілерге конкурстық құжаттаманың кґшірмесін ұсынуы, сондай-ақ осындай әлеуетті ґнім берушілер туралы мәліметтерді конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізуі;
      8) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының осы Ереженің 47-49-тармақтарында кґзделген жағдайларда оның кґшірмесін алған әлеуетті ґнім берушілерге конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруі;
      9) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға арналған ґтінімдерді тіркеу журналына тіркеуі;
      10) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашуы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырысының тиісті хаттамасын ресімдеуі;
      11) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуға қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасының кґшірмесін әлеуетті ґнім берушілерге не олар туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға ґтінімдерді тіркеу журналына енгізілген олардың уәкілетті ґкілдеріне жіберуі;
      12) конкурстық комиссияның біліктілік талаптарға және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарауы;
      13) конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат етілген әлеуетті ґнім берушілердің тізбесін қалыптастыруы және жіберу туралы тиісті хаттаманы ресімдеуі;
      14) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім берушілерге рұқсат беру туралы хаттаманың кґшірмелерін жіберуі;
      15) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілер ұсынған конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналында мәліметтерді тіркеуі;
      16) конкурсқа қатысушылардың баға ұсыныстары салынған конверттерді ашу, конкурстық комиссияның конкурстық баға ұсыныстарын бағалауы және салыстыруы (конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындыларын шығару);
      17) конкурстық комиссияның конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеуі және оған қол қоюы және Заңның 27-бабына сәйкес оны мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жіберуі;
      18) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жүргізген конкурстың қорытындылары бойынша тапсырыс беруші конкурстың жеңімпазымен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
      Ескерту. 19-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Тапсырыс беруші Заңның 5-бабы 10-тармағында кґзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту

      21. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізу шарттары мен тәртібін анықтау үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес үлгі конкурстық құжаттаманың негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманы әзірлейді және оны тапсырыс берушімен келіседі.


      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтуы тиіс:
      1) әлеуетті ґнім беруші ґзінің (және олар тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға ұсынатын құжаттардың тізбесі;
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекетке қабілеттілігін растайтын нотариалды куәландырылған құжаттар (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің кґшірмесі);
      заңды тұлға қызметті үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған кґшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудара отырып, нотариалдық куәландырылған сауда тiзiлiмiнен жария етiлген үзiндiні ұсынады;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз кґшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi ґнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды ґндiруге, қайта ґңдеуге, беруге және ґткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi кґрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған кґшiрмелерi;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған кґшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Үлгі жарғының негізінде жүзеге асырса, онда мемлекеттік тіркеу туралы ґтінішінің нотариалды куәландырылған кґшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен ґкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша ґзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, ґкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалдық куәландырылған үзiндiсін (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) не конверттердi ашатын күннiң алдындағы бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және мґрмен расталған акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзіндінің тұпнұсқасын;
      тґлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті ґнім берушіге қызмет кґрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мґрі бар әлеуетті ґнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі ґткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті ґнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық ґтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кейін алынуға тиіс.
      Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның ґкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті ґнім берушіні біліктілік талаптарға сәйкес келмейді деп тануға негіз болып табылмайды;
      конкурстық ґтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір ай ішінде берілген үш айдан астам (тґлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға ґтініммен бірге әлеуетті ґнім берушінің ґткізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының бір жүз пайызына тең мґлшерде Қазақстан Республикасының бір не бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдігі түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну арқылы тґлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің толық орындалуы үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге әлеуетті ґнім беруші ұсынады;
      2) әлеуетті ґнім беруші ґзінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін беретін құжаттар тізбесі:
      Үлгі конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерді;
      3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
      4) Үлгі конкурстық құжаттамаға 2, 3-қосымшаларға сәйкес  белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ґзіндік ерекшелікті, ал қажет болған кезде нормативтік-техникалық құжаттаманы кґрсете отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары. Ґндірістік және тұрғын-үй азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен үй-жайларды, сондай-ақ кґлемді, жазықты немесе желілік объектілерді салуға, қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделі жґндеуге арналған мердігерлік жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде конкурстық құжаттама сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманы қамтуға тиіс;
      5) лот нґмірін, ґлшем бірлігін, жеткізу санын, шарттарын, жеткізу мерзімі мен орнын, тґлем шарттарын және сатып алуға бґлінген соманы кґрсете отырып, Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен кґрсетілетін қызметтердің тізбесі;
      6) осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттың негізінде әзірленетін елеулі шарттарын кґрсете отырып, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы;
      7) бағаны қоспағанда, оның негізінде конкурс жеңімпазы анықталатын ґлшемдер, оның ішінде осындай ґлшемдердің әрқайсысының салыстырмалы мәні және шартты бағаны есептеу әдісі;
      8) конкурстық баға ұсынысының мазмұнына қойылатын талаптар, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің бағасынан басқа, оларды тасымалдауға және сақтандыруға, кеден баждарын, салықтарды және алымдарды тґлеуге арналған шығыстарды, сондай-ақ тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау шарттарында кґзделген ґзге шығыстарды, сондай-ақ Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес баға ұсынысын беру нысанын кґрсету;
      9) конкурсқа қатысушының баға ұсынысы кґрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында шартты бағаны бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын бағам;
      10) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурсқа қатысуға конкурстық ґтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптар, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар;
      11) конкурсқа қатысуға конкурстық ґтінімді енгізу шарттары, мазмұны және қамтамасыз ету түрлері;
      12) әлеуетті ґнім берушінің конкурсқа қатысуға ґзінің ґтінімін оларды берудің соңғы мерзімі біткенге дейін ґзгерту немесе қайтарып алу құқығына нұсқама;
      13) конкурсқа қатысуға ґтiнiм салынған конверттi ұсыну тәртiбi, тәсiлi, орны және соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергiлiктi уақытпен он бес сағатынан кешiктiрмей) және конкурсқа қатысуға ґтiнiмдердiң талап етiлетiн қолданылу мерзiмi (тауарларды, жұмыстарды және кґрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жґнiндегi конкурсқа қатысу үшiн әлеуеттi ґнiм берушi ұсынатын конкурстық ґтiнiмнiң қолданылу мерзiмi конкурстық ґтiнiмдер ашылатын күннен бастап кемiнде 35 күнді құрайды. Конкурстық құжаттамада кґрсетiлгеннен қолданылу мерзiмi неғұрлым қысқа конкурстық ґтiнiм кейiнге қалдырылады);
      14) оның кґмегімен әлеуетті ґнім берушілер конкурстық құжаттаманың мазмұны жґнінде түсіндірулер, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті ґнім берушілермен кездесу ґткізу орнын, күнін және уақытын сұратуы мүмкін тәсілдер;
      15) конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей);
      16) конкурс тәсілімен алдағы мемлекеттік сатып алуларда білдіруге уәкілетті тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының ґкілдері туралы мәліметтер;
      17) осы Ереженің 156-тармағында анықталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарттары, түрлері, кґлемі мен тәсілі;
      18) конкурс тәсілімен ґткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді сатып алуға бґлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лот бойынша);
      19) жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайы;
      20) Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жґніндегі қосалқы мердігерлер туралы және:
      әлеуетті ґнім берушінің қосалқы мердігерлерге (қоса орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке жиынтығы жұмыстар (құрылыс құнының), кґрсетілетін қызметтер кґлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.
      Ескерту. 22-тармаққа ґзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.19 N 1618 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
      23. Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, кґрсетілетін қызметтерді ұсынған конкурсқа қатысушыны айқындау және отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін мынандай критерийлерді кґздеуге міндетті:
      1) әлеуетті ґнім берушіде:
      ґткізіліп жатқан мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, кґрсетілетін қызметтер нарығындағы жұмыс тәжірибесінің;
      техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отандық тауар ґндіруші үшін ұсынылатын тауарларды ерікті сертификаттау ґткізілгендігін растайтын құжаттың;
      сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, кґрсетiлетiн қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментiнiң сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      Ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған ортаны басқару менеджментiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза ґнiм стандартына сәйкестiгiн растаудың сертификатталған жүйесiнiң (сертификатталған жүйелерiнiң);
      2) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларының және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, техникалық қызмет кґрсетуге және жґндеуге арналған шығыстардың;
      3) жергілікті қамтудың болуы.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);  ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулыларымен.

      24. Конкурстық құжаттама ґзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын кґздеуі тиіс:


      1) әлеуетті ґнім берушіге халықаралық рейтинг ұйымының рейтингін беруді растайтын құжат;
      2) әлеуеттi ґнiм берушiнi ресми биржа листингiне енгiзу туралы қор биржасынан үзiндi кґшiрме;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.05.28. N 786 Қаулысымен.
      Ескерту. 24-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      25. Егер әлеуетті ґнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда, онда оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар не нотариус куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасы бар Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті ґнім берушінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттар ұсынылады.


      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      26. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге де лауазымды тұлға не оның міндетін атқаратын тұлға бекітеді.


      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы әзірлеген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, жауапты хатшы ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге де лауазымды тұлғалар не олардың міндетін атқаратын тұлғалар бекітеді.
       Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31.  N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      27. Әр түрлі тауарларды, жұмыстар мен кґрсетілетін қызметтерді сатып алу жґніндегі конкурсты ұйымдастыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осындай тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға, ал лоттарға біртекті тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер кґрсету) орны бойынша ұйымдастырады және бґледі.


       Ескерту. 27-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет