«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»



жүктеу 2.38 Mb.
бет11/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.38 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

     орындау жґніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер кґрсету
    кезіндегі қоса орындаушылар) туралы мәліметтер, сондай-ақ
          әлеуетті ґнім беруші қосалқы мердігерлерге (қоса
    орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлері
                (конкурстың толық атауын кґрсету қажет)

Р/с
N

Қосалқы мердігердің (қоса орындаушы) - заңды тұлғаның атауы не жеке тұлға болып табылатын қосалқы мердігердің (қоса орындаушының) - Т.А.Ә.

Қосалқы мердігер (қоса орындаушы) бизнес-сәйкестендіру нґмірі, оның толық заңды және пошталық мекенжайы, байланыс телефоны

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (кґрсетілетін қызметтердің) атауы

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (кґрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі кґлемі

Техникалық ерекшелікке сәйкес орындалатын жұмыстардың (кґрсетілетін қызметтердің) ақшалай мәндегі кґлемі





































Осы қосалқы мердігер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы




теңге




кґлемі-
нің %





































Осы қосалқы мердігер (қоса
орындаушы) бойынша барлығы




теңге




кґлемі-
нің %

Барлық қосалқы мердігерлер (қоса
орындаушылар) бойынша жиыны




теңге




кґлемі-
нің %

      Осымен конкурсқа (конкурстың толық атауын кґрсету) қатысуға ґтінім беретін әлеуетті ґнім берушінің қосалқы мердігері(лері) (қоса орындаушысы(лары)) конкурс (конкурстың толық атауын кґрсету) тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысудың шарттары туралы ґзінің хабардар екендігін білдіреді және әлеуетті ґнім берушінің қосалқы мердігерлеріне (қоса орындаушыларына) қатысты бґлігінде конкурстық құжаттамада кґзделген талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікті ґзіне қабылдайды.

Қосалқы мердігер
(қоса орындаушы) -
заңды тұлғаның атауы
не жеке тұлға болып
табылатын қосалқы
мердігер (қоса
орындаушы) Т.А.Ә.

Қосалқы мердігер-
дің (қоса
орындаушының)
уәкілетті ґкілі-
нің Т.А.Ә.

Қолы






















      Әлеуетті ґнім беруші қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) беретін жұмыстар мен қызметтердің кґлемі жұмыстар мен қызметтердің жалпы кґлемінің үштен екісінен аспауға тиіс.                         

                                                   Үлгі конкурстық


                                                     құжаттамаға
                                                      13-қосымша

______________________әлеуеттi ґнiм берушi бағаларының кестесi
(әлеуеттi ґнiм берушiнiң атауы)
(лоттың нґмірі кґрсете отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.



Р/с№

Мазмұны

Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы

1

Қысқаша сипаты




2

Шығарылған елi (жұмыстарды сатып алу кезiнде алынып тасталады)




3

Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтердi сатып алу кезiнде алынып тасталады)




4

Ґлшем бiрлiгi




5

_______бiрлiктің бағасы ___________
ИНКОТЕРМС 2000 шарттары
бойынша _________
(межелі орны)




6

Саны (кґлемi)




7

Барлық бағасы =__________
5-бет х 6-бет,




8

Жалпы бағасы,_________ИНКОТЕРМС
2000 шарттары бойынша __________
межелі орны, әлеуеттi
ґнiм берушiнiң тасымалдауға
арналған, кеден бажын, ҚҚС және
басқа тґлемдер мен алымдарды,
жинақтаушы бґлшектер мен
мiндеттi қосалқы бґлшектер
бағасын, бiр ґлшем бiрлiгiне
пайдаланудың бастапқы мерзiмi
iшiнде қызмет кґрсетуге арналған
барлық шығыстарды қоса алғанда,
басқа да шығыстар




      Бiз Сiздердiң конкурстық құжаттамада айтылған тґлем шарттарыңызға келiсемiз

      ________________ _______________________


            (Қолы)        (лауазымы, Т.А.Ә.

      М.О.


      Ескертпе: әлеуеттi ґнiм берушi жалпы бағаның құрауыш бґлiктерiн кґрсетпеуi де мүмкiн, бұл ретте осы жолда кґрсетiлген бағаны әлеуеттi ґнiм берушiнiң барлық шығындарын, болған кезде жеңілдіктерді ескере отырып конкурстық комиссия қарайды және қайта қарауға жатпайды.

                                                           Ережеге


                                                          4-қосымша

       Ескерту. 4-қосымшаға ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.



Тауарларды/кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу
                      туралы үлгі шарт

__________________ _________ж. _____ _______________


(Орналасқан жері)

Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын ___________________________


                                   (Тапсырыс берушінің толық атауы)
атынан,___________________________________________________________
          (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі Ґнім беруші деп аталатын
_____________________________________________________________атынан
     (ґнім беруші - конкурс жеңімпазының толық атауы)
_____________________________________ негізінде әрекет ететін
  (Жарғының, Ереженің және т.б.)
__________________________________________________________________
      (уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
екінші тараптан, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның (бұдан әрі - Заң) және мемлекеттік сатып алу (конкурс, баға ұсыныстары, бір кґзден алу тәсілімен) қорытындылары негізінде_____жылы___ _______ ґткен осы Мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты және мына тґмендегілер туралы келісімге келді:
      1. Ґнім беруші (сомасы цифрлармен және жазумен кґрсетілсін) мґлшердегі сомаға (бұдан әрі - Шарттың бағасы) тауарларды/кґрсетілетін қызметтерді Тапсырыс берушіге жеткізуді міндетіне алды.
      2. Осы Шартта тґменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:
      1) "Шарт" - Тапсырыс беруші мен Ґнім беруші арасында Заңға және Қазақстан Республикасының ґзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
      2) "Шарттың бағасы" Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Ґнім берушіге ґзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін тґленуге тиіс соманы білдіреді;
      3) "Тауарлар" нәрселерді (заттарды), оның ішінде жартылай фабрикаттарды немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізатты, электр және жылу энергиясын, шығармашылық зияткерлік қызметтің объектіленген нәтижелерін, сондай-ақ Ґнім беруші Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде беруге тиіс Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтарды білдіреді;
      4) "Ілеспе кґрсетілетін қызметтер" Тауарларды беруді қамтамасыз ететін қызметтерді, мәселен, тасымалдау және сақтандыру және мәселен, монтаждау, іске қосу, техникалық жәрдем кґрсету, оқыту қамтылатын кез келген басқа да кґмекші қызметтер және Ґнім берушінің осы Шартта кґзделген басқа да осыған ұқсас міндеттерін білдіреді;
      5) "Қызмет кґрсету" - Тапсырыс берушінің мұқтажын қанағаттандыратын, заттық нәтижеге ие емес, қызмет;
      6) "Тапсырыс беруші" - мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
      7) "Ґнім беруші" - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта оның агенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында ґзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум).
       Ескерту. 2-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Тґменде санамаланған құжаттар және оларда баяндалған талаптар осы Шартты құрайды және оның ажырамас бґлігі болып саналады, атап айтқанда:
      1) осы Шарт;
      2) сатып алынатын тауарлардың/кґрсетілетін қызметтердің тізбесі;
      3) техникалық ерекшелік;
      4) Шарттың орындалуын қамтамасыз ету.
      4. Ереженiң 158-тармағында кґрсетiлген жағдайларда және мґлшерде Ґнiм берушi Шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күнi iшiнде Шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзеді. Ґнiм берушi Шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында кґзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) банктік кепілдікті таңдауға құқылы.
      Ескерту. 4-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Ґнім берушінің Шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бґлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді. Тапсырыс берушінің ґнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда кґзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
      6. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу шарты бір қаржы жылынан астам мерзімге:
      1) дайындаудың технологиялық мерзімінің ұзақтығы, тауарларды келесі (кейінгі) қаржы жылында беруге себепші болатын тауарларды (мұндай фактіні растайтын әзірлеушінің анықтамасы болуға тиіс);
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскери құралымдарының жеке құрамын тамақтандыруды ұйымдастыру жґніндегі қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін. Мемлекеттік сатып алу туралы мұндай шарттың қолданылу мерзімі үш жылдан аспауға тиіс;
      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, бір қаржы жылынан асатын мерзімге кґрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы мүмкін.
      Бұл ретте жоғарыда кґзделген жағдайларда бір қаржы жылынан астам қолдану мерзімімен мұндай мемлекеттік сатып алу туралы шартты бәсекелестік негізде жүргізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша белгіленген ґнім берушілермен ғана жасасуға жол беріледі.
      Ескерту. 6-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ дауыс беретін акциялардың елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар даму жоспарында (бизнес-жоспарда) белгіленген, басқару органдары немесе аталған тұлғалардың жоғары органдары бекіткен келесі (кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) аяқтау мерзімімен іс-шаралар жоспарын орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарт жасасуы мүмкін.
       Ескерту. 7-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8. Жылдық қаржы есептілігінің аудиті бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт үш жылдан аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін.
      9. Ґнім беруші тауарды (кґрсетілетін қызметтерді) Ґнім берушінің конкурстық ґтініміне және осы Шарттың ажырамас бґлігі болып табылатын Тапсырыс берушінің (конкурсты ұйымдастырушының) конкурстық құжаттамасына сәйкес санда және сапада сатуды және беруді (кґрсетуге), ал Тапсырыс беруші қабылдауды және тґлеуді міндетіне алады. Ақы тґлеу нысаны__________________________________
                       (аударым, қолма қол есеп айырысу, және т.б.)
      10. Тґлеу мерзімі_____________________________________________
(мысал: тауарды тағайындалған пунктте қабылдағаннан кейін % немесе алдын ала тґлеу және т.б)
      11. Ақы тґлеу алдындағы қажеттi құжаттар:
      ______________________________________________________________
      (шот-фактура немесе қабылдау-беру актiсi немесе т.б.)
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт Заңда кґзделген жағдайларда мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа ґзгерiстер енгiзу талаптарын кґздеуі тиiс.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына не жасалған шартқа мемлекеттiк сатып алу шарттарының және (немесе) ґнiм берушi таңдау үшiн негiз болған ұсыныстың мазмұнын ґзгертетiн ґзгерiстердi Заңның 39-бабының 1 және 2-тармақтарында кґзделмеген негiздемелер бойынша енгiзуге жол берiлмейдi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Осы Шарт шеңберінде берілетін тауарлар немесе кґрсетілетін қызметтер техникалық ерекшелікте кґрсетілген стандарттарға сәйкес келуге немесе олардан жоғары болуға тиіс.
      13. Ґнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын адамға Шарттың мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ Тапсырыс беруші немесе осы Шартты орындау үшін Ґнім беруші тартқан персоналды қоспағанда, оның атынан басқа адам берген техникалық құжаттаманы, жоспарларды, сызбаларды, модельдерді, үлгілерді немесе ақпаратты ашпауға тиіс. Кґрсетілген ақпарат бұл персоналға құпия түрде және шарттық міндеттемелерді орындау үшін қажетті шамада берілуге тиіс.
      14. Ґнім беруші Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз қандай да болмасын жоғарыда санамаланған құжаттарды немесе ақпаратты Шартты іске асыру мақсатынан басқа пайдаланбауға тиіс.
      15. Тапсырыс беруші немесе оның ґкілдері Тауарларға, егер бұл техникалық ерекшелікте айтылса, олардың техникалық ерекшелікке сәйкестігін растау үшін техникалық бақылау және/немесе сынақ жүргізуі мүмкін. Осы сынақтарға жұмсалатын барлық шығыстарды Ґнім беруші жүктейді. Техникалық ерекшелікте Тапсырыс берушіге қандай түрдегі тексеру мен сынақ талап етілетіндігі, сондай-ақ олар қай жерде жүргізілуге тиіс екендігі кґрсетіледі. Тапсырыс беруші Ґнім берушіні осы мақсаттарға арналған ґзінің ґкілдері туралы жазбаша түрде және уақтылы хабардар етуге тиіс.
      16. Техникалық бақылау мен сынақ Ґнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында, тауарларды жеткізу орнында және/немесе соңғы пунктінде жүргізілуі мүмкін. Егер олар Ґнім берушінің немесе оның қосалқы мердігерінің (лерінің) аумағында жүргізілсе, Тапсырыс берушінің инспекторларына Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз сызбаларға және ґндірістік ақпаратқа қол жеткізуді қоса алғанда, барлық қажетті құралдар берілетін және жәрдем кґрсетілетін болады.
      17. Егер техникалық бақылаудан немесе сынақтан ґткен тауарлар техникалық ерекшелікке жауап бермесе, Тапсырыс беруші олардан бас тарта алады және Ґнім беруші ақаулы тауарды не алмастырады не Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын қосымша шығынсыз техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес қажетті ґзгерістер енгізеді.
      18. Жоғарыда кґрсетілгендердің бір де бір тармағы Ґнім берушіні осы Шарт бойынша кепілдіктерден немесе басқа да міндеттемелерден босатпайды.
      19. Ґнім беруші тауарларды оларды соңғы тағайындалған пунктіне тасымалдау кезінде зақымдануды немесе бұзылуды болдырмауға қабілетті орауға қамтамасыз етуі тиіс. Орам қандай да болмасын шектеулерсіз қарқынды кґтергіш-кґлік ґңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне тґзуге тиіс. Оралған жәшіктердің габаритін және олардың салмағын анықтау кезінде жеткізу пунктінің алыстығы және тауарларды алып жүрудің барлық пункттерінде қуатты жүк кґтергіш құралдардың болуы ескерілуі қажет.
      20. Жәшіктерді орау мен таңбалау, сондай-ақ ішінен және сыртынан құжаттамалау Тапсырыс беруші белгілеген арнайы талаптарға қатаң сәйкес келуге тиіс.
      21. Тауарларды беруді Ґнім беруші сатып алынатын Тауарлардың/Кґрсетілетін қызметтердің тізбесінде айтылған Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес мынадай түрде жүзеге асырады:
      а) шетелден келетін Тауарлар үшін:
      Тауарды түсіргеннен кейін Ґнім беруші Тапсырыс берушіге және сақтандыру компаниясына телекспен немесе факспен Шарттың нґмірін, тауарлардың сипаттамасын, санын, кемені, коносамент нґмірін және оның күнін, жґнелтілген портын және күнін, түсіру портын және т.б. қоса алғанда, тасымалдаудың барлық егжей-тегжейі туралы хабардар етуге тиіс:
      1) Тауарлардың сипаттамасымен, Тауардың санын, бірлігінің бағасын және жалпы сомасын кґрсетіп, Ґнім берушінің шот-фактурасының кґшірмесі;
      2) кґліктік жүк құжаттың түпнұсқасы мен 3 кґшірмесі;
      3) әрбір орамның құрамын кґрсетіп, орау парағының кґшірмесі;
      4) сақтандыру Сертификаты;
      5) дайындаушының немесе ґнім берушінің кепілдік сертификаты;
      6) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау ґткізу туралы куәлік, сондай-ақ Ґнім берушінің зауытында техникалық бақылау ґткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
      7) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
      Жоғарыда кґрсетілген құжаттарды Тапсырыс беруші Тауарлар портқа немесе жеткізу пунктіне келгенге дейін ең болмағанда бір апта бұрын алуға тиіс және олар алынбаған жағдайда Ґнім беруші осы шығыстарға байланысты жауапты болады.
      б) Жергілікті Тауарлар үшін:
      1) тауарлардың сипаттамасымен, тауарлардың санын, тауарларға бірлік бағаны және жалпы сомасын кґрсетіп, Ґнім берушінің шот-фактурасының кґшірмесі;
      2) кґліктік жүк құжат, темір жол түбіртегі немесе автожүк түбіртегі;
      3) Дайындаушының немесе Ґнім берушінің кепілдік сертификаты;
      4) уәкілетті инспекциялық қызмет берген техникалық бақылау ґткізу туралы куәлік, сондай-ақ Ґнім берушінің зауытында техникалық бақылау ґткендігі туралы есеп (егер мұндайлар болса);
      5) тауардың шыққан жері туралы сертификат.
      22. Шартқа сәйкес берілетін тауарлар оларды дайындауға, сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және жеткізуге байланысты бүлінуден немесе бұзылудан теңгемен (немесе еркін айырбасталатын валютада) толық сақтандырылуға тиіс (қажетті сақтандыру түрін кґрсету). Сақтандыру полисінде Тапсырыс беруші Ґнім берушімен бірге сақтандыру компаниясынан ґтемақы алатын тарап ретінде аталуға тиіс.
      23. Сақтандыру әскери іс-қимылдарға және кґтерілістерге байланысты қатерлерді қоса алғанда, "барлық қатерлерден" сақтандыру кезінде "қоймадан қоймаға" Шарт сомасының 110 % мґлшерінде болуға тиіс.
      24. Ґнім беруші Тауарларды тағайындалған пунктіне дейін беруге тиіс. Осы тауарларды тағайындалған пунктіне дейін тасымалдауды Ґнім беруші жүзеге асырады және тґлейді, ал оған байланысты шығыстар Шарттың бағасына қосылады.
      25. Осы Шарттың шеңберінде Ґнім беруші конкурстық құжаттамада кґрсетілген қызметтерді кґрсетуге тиіс.
      26. Ілеспе қызметтерге баға Шарттың бағасына енгізілуге тиіс.
      27. Тапсырыс беруші Ґнім беруші дайындайтын немесе ґткізетін қосалқы бґліктер туралы мынадай ақпаратты, атап айтқанда Тапсырыс беруші сатып алу үшін Ґнім берушіден таңдай алатын және оларды кепілдік мерзімі ґткеннен кейін пайдалана алатын қосалқы бґліктердің құны мен номенклатурасын беруді Ґнім берушіден талап етуі мүмкін.
      28. Ґнім беруші қосалқы бґлшектерді шығаруға тоқтатқан жағдайда:
      а) Тапсырыс берушіні оған қажетті санда қажетті сатып алуды жүргізе алуына мүмкіндік беру үшін ґндірістің алдағы уақыттағы тоқтауы туралы алдын ала хабарлауға;
      б) қажет болған жағдайда ґндіріс тоқтағаннан кейін артынша Тапсырыс берушіге қосалқы бґліктерге жоспарларды, сызбалар мен техникалық құжаттаманы тегін беруге тиіс.
      29. Ґнім беруші Шарт шеңберінде берілген Тауарлар, егер Шартта ґзгеше кґзделмесе, жаңа, пайдаланылмаған, конструкциялар мен материалдардың барлық соңғы түрленулері кґрсетілген жаңа не сериялық модель болып табылатындығына кепілдік береді. Ґнім беруші, бұдан әрі, осы Шарт бойынша берілген Тауарлар Тапсырыс берушінің елі үшін әдетте қолайлы жағдайларда берілген Тауарларды қалыпты пайдаланған кезде конструкцияларына, материалдары мен жұмысына байланысты ақаулары болмайтындығына бұдан әрі кепілдік береді. Тапсырыс беруші берген техникалық ерекшелікке қатаң сәйкестікте Ґнім беруші дайындаған конструкцияларда, материалдарда ақау пайда болған жағдайда Ґнім беруші Тапсырыс берушінің оның (Тапсырыс берушінің) техникалық ерекшелігінде жібергені үшін жауап бермейді.
      30. Бұл кепілдік Тауарлардың бүкіл партиясын немесе оның бґлігін нақтылы жағдайға және оларды Шартта кґрсетілген тағайындалған нақты пунктіне қабылдағанға орай
_________________________________________________ішінде жарамды.
(кепілдіктің талап етілетін мерзімі кґрсетілсін)
      31. Тапсырыс беруші Ґнім берушіні осы кепілдікке байланысты барлық талап қоюлар туралы жазбаша түрде жедел хабардар етуге міндетті.
      32. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Ґнім беруші ақау шыққан Тауарды немесе оның бґлігін Тапсырыс берушінің тарапынан қандай да болмасын шығынсыз жедел жґндеуге немесе алмастыруға тиіс.
      33. Егер Ґнім беруші хабарлама алып, Тапсырыс беруші талап еткен мерзімде ақауды(ларды) жґндемесе, Тапсырыс беруші Ґнім беруші есебінен және Тапсырыс беруші Ґнім берушіге қатысты Шарт бойынша иеленуі мүмкін басқа да құқықтарға қандай да болмасын залалсыз ақауларды жґндеу жґніндегі қажетті санкциялар мен шараларды қолдана алады.
      34. Ґнім берушіге берілген Тауарларға ақы тґлеу осы Шарттың ____ және________ -тармақтарында кґрсетілген нысанда және мерзімде жүргізілетін болады.
      35. Тапсырыс беруші Шартта кґрсеткен баға Тапсырыс берушінің конкурстық ґтінімінде ол кґрсеткен бағаға сәйкес келуге тиіс.
      36. Екі тарап қол қойған жазбаша ґзгерістерді қоспағанда, Шарттың құжаттарына ешқандай ауытқулар немесе ґзгерістер (сызбалар, жобалар немесе техникалық ерекшеліктер, тиеу, орау әдістері, жеткізу орны немесе ґнім беруші кґрсететін Қызметтер және т.б.) Шарттың құжаттарына жіберілмейді.
      37. Егер кез келген ґзгеріс Ґнім берушіге Шарт бойынша тауарлардың кез келген бґлігін беру үшін қажетті құнның немесе мерзімнің азаюына әкелетін болса, Шарттың бағасы немесе беру кестесі немесе сол немесе ґзгелері тиісті түрде түзетіледі, ал Шартқа тиісті түзетулер енгізіледі. Осы бап шеңберінде Ґнім берушінің түзету жүргізуге барлық сауалдары Ґнім беруші Тапсырыс берушіден ґзгерістер туралы ґкім алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде кґрсетілуге тиіс.
      38. Ґнім беруші қандай да болмасын біреуге осы Шарт бойынша ґзінің міндеттемелерін Тапсырыс берушінің алдын ала жазбаша келісімінсіз не толық не ішінара бермеуге тиіс.
      39. Ґнім беруші Тапсырыс берушіге, егер бұл конкурстық ґтінімнің құжаттарында айтылса, осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың кґшірмесін беруге тиіс. Қосалқы мердігерлердің болуы Ґнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.
      40. Тауарларды берудi және Қызметтердi кґрсетудi Ґнiм берушi кестеге сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      41. Тапсырыс беруші тарапынан беруді орындауды кешіктіру оған жүктелетін мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап немесе тұрақсыздық айыбын тґлеп Шарттың күшін жою.
      42. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      43. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Ґнім беруші  тауарларды Шартта кґзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді кґрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші ґзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, шарт шеңберінде әрбір мерзімі ґткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
      44. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін қандай да болмасын басқа санкцияларға зиян келтірместен, Тапсырыс беруші Ґнім берушіге міндеттемелерді орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, осы Шартты толық немесе ішінара бұза алады:
      а) егер Ґнім беруші Тауардың бґлігін немесе барлығын Шартта кґзделген мерзімде (дерде) немесе Тапсырыс беруші берген осы Шартты ұзарту кезеңі ішінде бере алмаса;
      б) егер Ґнім беруші Шарт бойынша қандай да болмасын басқа да ґзінің міндеттемелерін орындай алмаса.
      Ескерту. 44-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні ґзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      45. Ґнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, ґзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын тґлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
      Ескерту. 45-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні ґзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      46. Осы Шарттың мақсаты үшін "форс-мажор" Ґнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Ґнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
      47. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Ґнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден ґзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Ґнім беруші Шарт бойынша ґзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
      48. Тапсырыс беруші, егер Ґнім беруші банкрот немесе тґлеуге қабілетсіз болса, Ґнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады  және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Ґнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
      49. Тапсырыс беруші Ґнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі кґрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің кґлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
      50. Жоғарыда кґрсетілген жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Ґнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.
      51. Заңның 6-бабында кґзделген шектеулердің бұзылуы анықталған, сондай-ақ ұйымдастырушы Ґнім берушіге Заңда кґзделмеген жәрдем кґрсеткен жағдайда Мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылуы мүмкін. Ґнім берушіге мұндай негіздеме бойынша Шарттың бұзылуымен байланысты болған шығындар ґтемін талап ету құқығына ие емес.
      52. Тапсырыс беруші мен Ґнім беруші тікелей келіссґздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
      53. Егер осындай келіссґздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Ґнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
      53-1. Отандық тауар ґндірушілермен немесе отандық қызметтерді кґрсетушілермен шарт жасалған жағдайда, шарт алдын ала ақы тґлеу және тауарларды жеткізгені не қызметтерді кґрсеткені үшін толық ақы тґлеу туралы шартты қамтуы тиіс. Бұл ретте толық ақы тґлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
      Ескерту. Қосымша 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      53-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы  салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді тґлеу шарттарын қамтуы тиіс.
      Ескерту. 4-қосымша 53-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
      54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резиденті емеспен жасасқан жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресімдеуге жол беріледі.
      55. Шарт қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жасалады. Шартты тґрелiкте қарау қажет болған жағдайда Шарттың қазақ және/немесе орыс тiлдерiндегi данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      56. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалуға тиіс.
      57. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
      58. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену кґрсетілген күні (егер хабарламада кґрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
      59. Салық және бюджетке тґленетін басқа да міндетті тґлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тґленуге тиіс.
      60. Ґнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді конкурстық құжаттамада кґзделген нысанда, кґлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
      60-1. Ґнім беруші жергілікті қамтуды конкурстық ґтінімге (болған кезде) сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.
       Ескерту. Үлгі шарт 60-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен, жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      60-2. Ґнім беруші жеткізілетін тауардың бүкіл (барлық) партиясына (партияларына) CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынуға міндеттенеді.
      Ескерту. Үлгі шарт 60-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      61. Осы Шартта Тапсырыс беруші мен Ґнім беруші белгіленген тәртіппен келісілген ґзге де айыппұл санкциялары не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ґзге де шарттар кґзделуі мүмкін.
      62. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бґлімшелерінде (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) тіркеуден ґткізгеннен кейін және Ґнім беруші осы Ереженің 156-тармағында кґрсетілген жағдайларда Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
      63. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:

      Тапсырыс беруші                         Ґнім беруші


  _____________________________         ________________________
      (толық атауы)                           (толық атауы)
  _____________________________         ________________________
  _____________________________         ________________________
      (мекен-жайы)                              (мекен-жайы)
  _____________________________         ________________________
      (телефоны, факсы)                      (телефоны, факсы)
  _____________________________         ________________________
         (Т.А.Ә.)                                (Т.А.Ә.)
  _____________________________         ________________________
         (қолы)                                  (қолы)
  ________ж."__"__________              _________ж."___" _______

      М.О.                                   М.О.

      Аумақтық қазынашылық органында тіркеу үшін (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін):____________________
      Осы Тауарларды/кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің тауарларды/кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Ґнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Тапсырыс беруші осы Шартты пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде ґзінің тауарларды/кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартының жобасын әзірлеуге тиіс. Бұл ретте осы Шартқа енгізілетін кез келген ґзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына, Тапсырыс берушінің конкурстық құжаттамасына, Ґнім берушінің конкурстық ґтініміне және Конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес келуге тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп кґрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.

                                                           Ережеге


                                                          5-қосымша

       Ескерту. 5-қосымшаға ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

         Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет