«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»


Мемлекеттік сатып алу туралы шарт



бет5/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      155. Тапсырыс беруші қол қоюға және тапсырыс берушінің уәкілетті ґкілі әр бетіне бұрыштама соғуға тиіс осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сай үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын тапсырыс беруші ґнім берушіге жібереді.


      Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары шығарылған жағдайда, тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына қорытындылар туралы хаттаманың бір данасын жібереді.

      156. Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.


      Ескерту. 156-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      157. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша ґз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

      158. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мґлшерін мемлекеттік сатып алу туралы шартта авансты тґлеу кґзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мґлшерінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді.
      Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс тґлеу кґзделген жағдайда, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді авансқа тең мґлшерде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем болмауы тиіс.
      Ескерту. 158-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      159. Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:


      1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында кґзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
      2) Осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.
       Ескерту. 159-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      160. Ґнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бґлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.

      161. Тапсырыс берушінің ґнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда кґзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.

      162. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы талап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып aлу қорытындысы бойынша тауар биржалары арқылы айқындалған ґнім берушілерге, сондай-ақ оны Заңның 8-бабының 8-тармағында кґзделген жағдайда берген ґнім берушілерге қолданылмайды.


       Ескерту. 162-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2009.12.20 N 2138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.

      163. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта кґрсетілген мерзімде немесе ґнім беруші шарт бойынша ґз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ґнім берушіге қайтарады.


      Ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне тґлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
      Ескерту. 163-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      164. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді ґнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.


      Ескерту. 164-тармақта мемлекеттік тілдегі мәтіні ґзгеріссіз қалдырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      164-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жґніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін ґз конкурстық ґтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.


      Ескерту. Ереже 164-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.11.15 N 1450 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      164-2. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт Қазақстан Республикасы салық заңнамасының, Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы кеден заңнамасының талаптарына сәйкес қосылған құн салығын және акциздерді тґлеу шарттарын қамтуы тиіс.
      Ескерту. Ереже 164-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.06.2013 № 641 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау

      165. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.

      166. Тапсырыс беруші мен ґнім беруші кґрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда шарт орындалды деп есептеледі.

7. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгі талаптар

Әлеуетті ґнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала
іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне
қойылатын талаптар

      167. Арнайы тәртіпті Заңның 42-бабының 1-тармағында кґрсетілген тапсырыс берушілердің басқару органдары бекітеді және мыналарға:


      1) әлеуетті ґнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне;
      1-1) біліктілік талаптарын белгілеуге;
      2) білікті әлеуетті ґнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;
      3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден ґткен әлеуетті ґнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде ґнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне;
      4) отандық тауар ґндірушілерге, жұмыстарды, қызмет кґрсетулерді берушілерге қолдау кґрсету тәртібіне қойылатын талаптарды қамтиды.
       Ескерту. 167-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      168. Білікті әлеуетті ґнім берушілер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу үшін әлеуетті ґнім берушілерге біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін біліктігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы әлеуетті ґнім берушілерге берілетін хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) мәтінін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

      169. Хабарлама мәтінінде бұлардан басқа, тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген әлеуетті ґнім берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұрау салу болуға тиіс.
       Ескерту. 169-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      170. Ескерту. 170-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      171. Тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің арасында біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы Хабарлама беруді жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға;
      3) уәкілетті органға Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің интернет-ресурсының электрондық мекен-жайын жіберуге;
      4) тапсырыс берушінің интернет-ресурсында хронологиялық тәртіппен Хабарлама алған адамның орналасқан жері, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ол туралы басқа да мәліметтерді кґрсете отырып, Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны табыс ету фактісінің тіркелуін қамтамасыз етуге тиіс.
      Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында кґзделген талаптарды орындауға тиіс.
      Ескерту. 171-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      172. Білікті әлеуетті ґнім берушілер тізбесіне енгізу үшін әлеуетті ґнім берушілерді біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға әлеуетті ґнім берушілердің ґтінімдерін (бұдан әрі - Ґтінім) қарау директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген мерзімде жүргізіледі.

      173. Әлеуетті ґнім берушілер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тізбесін ұсынуға тиіс.

      174. Әлеуетті ґнім берушілердің Ґтінімдері тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.


       Ескерту. 174-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      175. Тізбеге енгізуге ґтінімдерді қарауды директорлар кеңесі не бірінші басшы құрған комиссия жүзеге асырады.

      176. Ґтінімдерді қарау кезінде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:
      1) Ґтінімдерді қарауды жеңілдету үшін әлеуетті ґнім берушілерден олардың Ґтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді;
      2) Ґтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.
      Ґтінімді жетіспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Ґтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге орай Ґтінімді Хабарламаның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сауал жіберуіне және ґзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

      177. Комиссия Ґтінім, егер Ґтінімде берілген мәнді қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.

      178. Комиссияның отырысына әлеуетті ґнім беруші және (немесе) оның уәкілетті ґкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатыса алады.

      179. Әлеуетті ґнім беруші, егер:


      1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) оның Ґтінімі Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, Тізбеге енгізілмейді.

      180. Егер әлеуетті ґнім беруші Тізбеге енгізілмеген жағдайда, онда Тізбеге енгізу туралы хаттамада Ґтінімді қайтарудың негіздемесі кґрсетіледі.

      181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті ґнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілу үшін уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

      182. Комиссия Ґтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және Хабарламаның ґзге де талаптарына сай келетін әлеуетті ґнім берушілерді айқындайды және оларды Тізбеге енгізеді.

      183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы іріктеуден ґткен әлеуетті ґнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қойды.
      Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      184. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ґтінім берген әлеуетті ґнім берушілерді комиссияның қабылдаған шешімі туралы:


      1) Тізбеге енгізу туралы хаттаманың кґшірмесін беру не жіберу;
      2) қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы хабарлауға тиіс.

      185. Комиссияның Тізбеге енгізу туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.



Білікті әлеуетті ґнім берушілердің тізбесін
қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар

      186. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тізбені қалыптастырады.

      187. Директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) Тізбенің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына тізбе мәтінін орналастыруға тиіс.
       Ескерту. 187-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      188. Тізбе директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген білікті әлеуетті ґнім берушілердің ең аз санынан тұруға тиіс.


      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тізбені жаңартып отыруға тиіс. Тізбеге енгізілген әлеуетті ґнім берушілер директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде олардың тапсырыс берушінің басқару органы белгілеген біліктілік талаптарына және Хабарламада кґрсетілген талаптарға сәйкестігін растауды беруге тиіс. Осындай талаптарға сәйкестігі расталмаған жағдайда, кґрсетілген әлеуетті ґнім беруші директорлар кеңесі немесе бірінші басшы бекіткен мерзімде Тізбеден шығарылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженің 187-тармағының 2) және 3) тармақшаларында кґзделген талаптарды орындауға тиіс.
       Ескерту. 187-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден ґткен әлеуетті ґнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде ґнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

      189. Сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу мерзімін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

      190. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелікті, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шарттың елеулі талаптарын, сондай-ақ ґнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрі - Талаптар) әзірлейді және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.

      191. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші Талаптарды бекіткеннен кейін олардың сатып алу затын жеткізуге Ґтінімдер беру мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай ґтінімдерді қарау тәртібін кґрсете отырып, оларды Тізбеге енгізілген әлеуетті ґнім берушілерге жібереді.

      192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жґніндегі конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда кґрсетілген күні, уақыты мен орнында ґткізіледі. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жґніндегі конкурстық комиссияның отырысына әлеуетті ґнім беруші және (немесе) аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізуге құқығы бар оның уәкілетті ґкілі қатысуға тиіс.

      193. Әлеуетті ґнім берушілер немесе олардың уәкілетті ґкілдері конкурстық комиссияға Талаптарда кґрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.

      194. Әлеуетті ґнім берушінің бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына ґзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

      195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсынған әлеуетті ґнім берушілер туралы мәліметтерді Талаптарда белгіленген мерзім ґткенге дейін енгізеді.

      196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті ґнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті ґкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.

      197. Әлеуетті ґнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті ґкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

      198. Конкурстық комиссия әлеуетті ґнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;
      2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бґлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.

      199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның тґрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.

      200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазын анықтаған күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді, оған отырысқа қатысқан барлық конкурстық комиссия мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.
      Ескерту. 200-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      201. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары кґрсетіледі.

      202. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:
      1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (2010 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен ґткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.
       Ескерту. 202-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға ґтінімдерді тіркеу журналына ґзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті ґнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың кґшірмесін ґтемсіз негізде табыс етуге тиіс.

      204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті ґнім берушіге жібереді.

8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі

       Ескерту. 8-бґлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Ескерту. "Жалпы ережелер" кіші бґлімінің тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      205. Электрондық мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер беру арқылы жүзеге асырылады.


      Ескерту. 205-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      206. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.

Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастырушыларды және әлеуетті ґнім берушілерді
Жүйеге тіркеу

      Ескерту. Кіші бґлімінің тақырыбы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      207. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулыcымен.
      208-220. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары

       Ескерту. Кіші бґлімі мен 221-231-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.



Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру

       Ескерту. Кіші бґлімі мен 232-234-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.



Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу

       Ескерту. Кіші бґлімі мен 235-248-тармақтары алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.



9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

Жалпы ережелер

      249. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      250. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда кґзделген мемлекеттік сатып алуды ґткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі

      Ескерту. Кіші бґлім жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.23 № 345 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.



      251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
      Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен ґткізіледі.
      252. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында және тапсырыс берушілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен жүзеге асырылатыны туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттамалардың мәтіндерін, конкурсқа қатысуға ґтінімдері бар конверттерді ашу, конкурста қатысуға жіберу туралы және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы қол қойылған хаттамаларды орналастырмастан жүзеге асырылады.
      253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ґткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жазбаша шақыру хатында белгіленген мерзімде олардың осындай шақыру алғанын растау шартымен кемінде екі әлеуетті ґнім берушінің атына жазбаша шақыру жібереді.
      254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыру хат жіберілетін әлеуетті ґнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
      254-1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін шақыруды отандық тауар ґндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тамақтандыруды ұйымдастыру жґніндегі кґрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды отандық кәсіпкерлерге жібереді.
      Отандық тауар ґндірушілерге және/немесе отандық кәсіпкерлерге жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыруды жіберген кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы олардың отандық ґндірістің азық-түлік тауарларын жеткізу шартын кґрсетеді.
      Ескерту. Ереже 254-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2013 № 1395 қаулысымен.
      255. Аттарына шақыру жіберілетін әлеуетті ґнім берушілердің тізімін тапсырыс беруші Заңның 6-бабында кґзделген шектеулерді ескере отырып жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
      256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, кґрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық кґлемі құндық тұрғыдан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік кґрсеткіштің тґрт мың есе мґлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы ґкілеттігін жүзеге асыратын ґзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам шешімімен конкурстық комиссия бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
      2) конкурстық ґтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті ґнім берушіге жазбаша шақыру жіберіледі. Конкурстық құжаттама конкурстық ґтінімді берудің маңызды талаптары мен нысандары кґрсетілген шарт жобасымен қоса, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адам қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай:
      мемлекеттік сатып алу үшін бґлінген сомаларды кґрсете отырып, ґткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің кґлемі туралы;
      сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетілетін қызметтердің (техникалық талаптарын кґрсете отырып), қысқаша сипаттамасы;
      тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету орны;
      тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді кґрсетудің талап етілетін мерзімдері;
      әлеуетті ґнім берушілердің конкурстық ґтінімдерді ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Әлеуетті ґнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұратылмайды;
      3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында кґрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық ґтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық ґтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
      4) әлеуетті ґнім берушілердің конкурстық ґтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық ґтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және конкурстық баға ұсыныстарын салыстырады да ең тґмен конкурстық баға ұсынысын ұсынған әлеуетті ґнім берушіні жеңімпаз етіп анықтайды.
      Егер ең тґмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті ґнім беруші ұсынса, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті ґнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті ґнім беруші жеңімпаз болып танылады;
      5) әлеуетті ґнім берушінің конкурстық ґтінімі, егер:
      ол осы тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бґлінген сомадан асатын болса;
      әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не ґзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
      әлеуетті ґнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса, кері қайтаруға жатады.
      Конкурстық ґтінімдерді ґзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
      6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
      тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атаулары, олардың почталық мекен-жайы;
      ґткізілген тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
      конкурстық ґтінімдерін конкурстық ґтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынған әлеуетті ґнім берушілердің толық атаулары, олардың тауарларға, жұмыстарға, кґрсетілетін қызметтерге мәлімделген бағалары;
      кері қайтару себептерін негіздей отырып, кері қайтарылған конкурстық ґтінімдер туралы;
      конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер кґрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
      7) конкурстық ґтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу жолымен конкурстық ґтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті ґнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуі тиіс.
      257. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет