«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы»



жүктеу 2.38 Mb.
бет8/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.38 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады

2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың кґшірмесін алған әлеуетті ґнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі

      5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті ґнім беруші 200__жылғы "__"___________ _______ сағ.___ мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінуге құқылы. Әлеуетті ґнім берушілердің сұрау салуларын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының почталық мекен-жайын, сұрау салуларды қабылдау жүргізілетін бґлімшені және бґлме нґмірін кґрсету қажет).


      6. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап беруге және сұрау салу кімнен келіп түскенін кґрсетусіз:
      1) олар туралы мәліметтер конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіруді жіберуге;
      2) конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялауға міндетті.
      7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы 200__жылғы "__"___________ _______ сағ.___ мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамашылығы бойынша немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың кґшірмесін берген әлеуетті ґнім берушінің сұрауына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға ґзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге тиіс. Конкурстық құжаттамаға ґзгерістер енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.
      Енгізілген ґзгерістердің міндетті күші болады және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы оларды конкурстық құжаттамаға ґзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ґтеусіз негізде конкурстық құжаттаманың кґшірмесі берілген барлық әлеуетті ґнім берушілерге жібереді. Бұл ретте конкурсқа қатысуға ґтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға ґтінімдерде осы ґзгерістерді әлеуетті ґнім берушілердің есепке алуы үшін кемінде кемінде он күнтізбелік күн мерзімге ұзартады.
      Ұйымдастырушы енгізілген ґзгерістер мен (немесе) толықтыруларды кґрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.
      8. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың кґшірмелері берілген әлеуетті ґнім берушілермен не олардың уәкілетті ґкілдерімен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін _____ (кездесу ґтетін орынды, күні мен уақытын кґрсету қажет) кездесу ґткізеді.
      9. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті ґнім берушілермен кездесудің хаттамасын жасайды, онда әлеуетті ґнім берушілердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы олардың кґздерін кґрсетпестен, ұсынылған сұратулары, сондай-ақ осы сұратуларға жауаптар кґрсетіледі. Хаттама әлеуетті ґнім берушілермен кездесу ґткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияға және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттама алған әлеуетті ґнім берушілерді тіркеу журналында кґрсетілген почталық деректемелері бойынша конкурстық құжаттаманың кґшірмесін берген барлық әлеуетті ґнім берушілерге жіберіледі.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті ґнім берушілермен болған кездесу хаттамасының мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында жариялайды.

3. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ґтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді әлеуетті ґнім берушілердің ұсынуы

Конкурсқа қатысуға ґтінім

      10. Конкурсқа қатысуға ґтінім осы конкурстық құжаттамада кґзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер кґрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті ґнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.


      11. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға ґтінім мыналарды қамтуға тиіс:
      1) әлеуетті ґнім беруші осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес толтырған және қол қойылған ґтінімді;
      2) әлеуетті ґнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың тізбесін:
      құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке басын растайтын куәлігінің кґшірмесі) растайтын нотариалды куәландырылған құжаттарды;
      заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайда қоспағанда, заңды тұлға заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының нотариалды куәландырылған кґшiрмесiн ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тiлдерiне аудармасымен сауда тiзiлiмiнен нотариалды куәландырылған, заңдастырылған үзiндi кґшiрмесiн ұсынады;»;
      лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз кґшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, әлеуеттi ґнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды ґндiруге, қайта ґңдеуге, беруге және ґткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi кґрсетуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариалды куәландырылған кґшiрмелерiн;
      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған кґшірмесі. Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы ґтініштің нотариалды куәландырылған кґшірмесі.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен ґкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша ґзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, ґкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан (егер жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы қамтылмаған жағдайда) нотариалдық куәландырылған үзіндісін не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кеш емес берілген акция ұстаушылардың тілімінен белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған үзіндінің түпнұсқасын;
      тґлем қабілетін растайтын құжаттарды:
      осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті берушіге қызмет кґрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мґрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі ґткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті ґнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық ґтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдың ішінде берілуі тиіс;
      конкурстық ґтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тґлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын.
      Конкурстық құжаттама әлеуетті ґнім берушінің конкурсқа қатысуға ґтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз процентіне тең мґлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше банк-резиденттердің банктік кепілдіктері түрінде шартты орындауды қамтамасыз ету арқылы тґлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растау құқығы туралы ақпаратты қамтуы тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуетті ґнім берушілерге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге беріледі;
      3) әлеуеттi ґнім берушiнiң арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      осы Үлгi конкурстық құжаттамаға 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысуға арналған бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi.
      Егер әлеуетті ґнім беруші жұмыстардың не қызмет кґрсетулердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды кґздеген жағдайында әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;
      осы Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жґніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер кґрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті ґнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет кґрсетулер кґлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шартын;
      4) тауарлардың, жұмыстардың, кґрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтердi кґрсету кґлемдерi мен сапасына, тауарға қызмет кґрсетуге, тауарды пайдалануға арналған шығыстарға, қызмет кґрсету шығыстарына кепiлдiк беру суреттелген техникалық ерекшелiктердi;
      5) банктік кепілдік не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын тґлем құжаты түрінде Заңда белгіленген мґлшерде конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді;
      6) (Ескерту. 6) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      7) (Ескерту. 7) тармақша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен;
      8) әлеуетті ґнім берушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті ґнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті ґнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға ґтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат.
       Ескерту. 11-тармаққа ґзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 N 1363 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

Конкурсқа қатысуға ґтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

      12. Конкурсқа қатысуға ґтінімді әлеуетті ґнім беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нґмірленген беттерімен береді және соңғы бетіне оның қолымен, ал заңды тұлға үшін - мґрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.


      Конкурсқа қатысуға ґтінімнің техникалық бґлігі (тігілген түрде, нґмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті ґнім берушінің қолымен және мґрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға ґтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.
      13. Конкурсқа қатысуға ґтінімнің нысаны басылуы немесе ґшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті ґнім беруші қол қоюы, әлеуетті ґнім берушінің мґрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.
      14. Конкурстық ґтінімде әлеуетті ґнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай ґндірме, ґшірілген сґздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
      15. Әлеуетті ґнім беруші конкурсқа қатысуға ґтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті ґнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға ґтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін кґрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖҐНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың дәл атауы кґрсету қажет) және "ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" (конкурсқа қатысуға ґтінімдерді ашатын күн және уақыты кґрсету қажет)".

Конкурсқа қатысуға ґтінімді беру тәртібі

      16. Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді әлеуетті ґнім берушілер не олардың уәкілетті ґкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе мекен-жайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып: сағаттан бастап (конкурстық ґтінімдерді қабылдау аяқталатын дәл күн және уақыт кґрсету қажет) қоса алғанда (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық почталық мекен-жайы, бґлме нґмірі, конкурсқа қатысуға ґтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның (дардың) Т.А.Ә. кґрсету қажет) береді.


      17. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық ґтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық ґтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерде кґрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті ґнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті ґнім берушілердің тиісті уәкілетті ґкілдеріне жеке ґздеріне қайтарылады.
      18. Әлеуетті ґнім берушілер немесе олардың уәкілетті ґкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға ґтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қабылдау күні мен уақытын кґрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.
       Ескерту. 18-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      19. Осы конкурстық құжаттамада кґзделген конкурсқа қатысуға ґтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

Конкурстық ґтінімдерді ґзгерту және оларды қайтарып алу

      20. Әлеуетті ґнім беруші ґзінің конкурсқа қатысуға ґтінімін конкурстық ґтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін ґзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, ґзінің конкурсқа қатысуға ґтінімін ґзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Ґзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға ґтінімнің ґзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.


      Конкурсқа қатысуға ґтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті ґнім беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда әлеуетті ґнім беруші қол қойған және мґрімен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған ґтініш түрінде ресімделеді.
      Конкурсқа қатысуға ґтінімге ґзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға ґтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға ґтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
      21. Конкурсқа қатысуға ґтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға ґзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      22. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға ґтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған ґтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті ґнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті ґнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:
      1) оның конкурсқа қатысуға ґтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;
      2) осындай ґтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
      23. Әлеуетті ґнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды кґтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды ґтеу жґніндегі міндеттемелерді кґтермейді.

4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

      24. Конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті ґнім берушілердің немесе олардың уәкілетті ґкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді (конкурстық ґтінімдер ашылатын және конкурс ґткізу туралы хабарландыруда (хабарламада) кґрсетілген конкурстық комиссияның отырысы ґткізілетін дәл күнін, уақытын және орнын кґрсету қажет). Конкурстық ґтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспауға тиіс.


      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті ґнім берушілердің ґтінімдер салынған конверттер ашылуға жатады.
      Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана ґтiнiм ұсынылса, онда сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған осы ґтiнiм ашылады және қаралады.
      Ескерту. 24-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      25. Конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті ґнім берушілердің уәкілетті ґкілдері ґздерінің қатысуын растай отырып, олардың ґкілеттіктерін растайтын құжаттарды кґрсетуге және әлеуетті ґнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркеу орнын, күнін және уақытын кґрсету қажет, бұл уақыт конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашатын уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі ґткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс).
      Әлеуетті ґнім берушілер мен олардың уәкілетті ґкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.
       Ескерту. 25-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      26. Конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу жґніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті ґнім берушілердің және оның уәкілетті ґкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті ґкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
      Ескерту. Орыс тілдегі мәтінге ґзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні ґзгеріссіз қалады - ҚР Үкіметінің 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      27. Конкурстық комиссияның кґрсетілген отырысында:
      1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер кґрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті ґкілі ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:
      конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;
      конкурстық құжаттаманың кґшірмесін алған әлеуетті ґнім берушілердің саны;
      әлеуетті ґнім берушілердің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жґніндегі әлеуетті ґнім берушілермен кездесу ґткізгені;
      конкурстық құжаттамаға ґзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;
      тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға ґтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті ґнім берушілер;
      2) конкурстық комиссияның ґкілі не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан тґраға белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашады және ґтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
      3) конкурстық комиссияның хатшысы:
      тиісті конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;
      әлеуетті ґнім берушінің уәкілетті ґкілдерін конкурстық комиссия отырысының кґрсетілген хаттамасының кґшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.
      Конкурсқа қатысуға ґтiнiмдер салынған конверттердi ашу жґнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.
      Конкурстық комиссияның кґрсетілген отырысы хаттамасының кґшірмесін конкурсқа қатысуға ґтінімдер салынған конверттерді ашу жґніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті ґнім берушілерге немесе олардың уәкілетті ґкіліне конкурстық комиссияның кґрсетілген отырысы ґткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.
      Ескерту. 27-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2010.04.02 № 280 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға ґтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті ґнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

      28. Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті ґнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.


      29. Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті ґнім берушілерден конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың ґтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;
      2) конкурсқа қатысуға ґтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
      Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға ґтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен ґзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға ґтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға ґтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға ґтінімді, егер онда ұсынылған ґтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.
      30. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті ґнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) әлеуетті ґнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;
      2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;
      3) біліктілік талаптары жґнінде жалған ақпарат ұсынған.
      Әлеуеттi ґнiм берушiнi Заңның 9-бабының 1-тармағында және осы Ереженің 87-1 және 87-2-тармақтарында кґзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.
      Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мґлшерде ґтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға ґтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.
      Ескерту. 30-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің  2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      31. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды:
      1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға ґтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;
      2) конкурстық комиссияның:
      конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;
      қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған ґтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, кґрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың атауын;
      банктік кепілдік түрінде ұсынылған ґтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;
      конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету белгілеген тұлғаны;
      конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан кґрініс табатын конкурсқа қатысуға ґтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген.
      Конкурсқа қатысуға арналған ґтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді ґзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.
       Ескерту. 31-тармаққа ґзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз), 2012.05.04 N 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      32. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті ґнім беруші, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;
      3) конкурсқа қатысуға арналған оның ґтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).
      Егер әлеуетті ґнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында кґзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:
      конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті ґнім берушінің конкурсқа қатысуға ґтінімін кейінге қалдыру негіздемесі кґрсетіледі;
      Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті ґнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.
      33. Конкурсқа қатысуға ґтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
      1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді айқындайды;
      2) Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада кґзделген ґлшемдердің проценттік мәнін қолданады;
      3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.
      34. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.
      Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кґрсетілген хаттаманың кґшірмесін конкурсқа қатысуға ґтінім берген барлық әлеуетті ґнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.
       Ескерту. 34-тармаққа ґзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1356 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет