Мен және менің достарым



жүктеу 35.17 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі35.17 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары





Мен және менің достарым

Балалар, ертеде ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:



  • Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып:

  • Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.

  • Дұрыс-ақ. Оны қалай ажырата аламыз? – дегендерге:

  • Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап беріпті Әйтімбет би.


Жүректен жүрекке

  • Досың кімдер?

  • Досыңның қандай мінезі ұнайды?

  • Досыңа ренжіген кездерің болды ма?

  • Досыңның көп болғанын қалайсың ба?

  • Досыңның әрқашан қасыңда болғанын қалайсың ба?

  • Досыңнан көмек сұрайсың ба?

  • Досыңа сырыңды айтасың ба?

  • Үлкен адамдардың достығы туралы білесің бе?

  • Қандай адамдар бір-бірімен достаса алады?


Адал дос

Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі – Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмайтын. Демікпе сырқаты болатын.

Бір үйдің жанынан өте бергендерінде дәу қара төбет арсылдап, тура алдарынан шыға келді.

Абыз:


– Аблан, қаш, әне ит келіп қалды! – деп қатты қорқып, айғайлап жіберді.

Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бірнеше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды.

Абыз Абланның жанына келіп:

Мен қаш дегенде, неге қашпадың? Қашып кеткенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жырт-паған болар еді, – деп жатыр.

– Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өйткені, сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, – деді Аблан.

– Адал дос деген осылай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп.



М.Төрежанов
 «Өзің жақсы болсаң, досың көп» деген жақсы сөзді есімізде ұстайық.

Ал достар бір-бірін түсінеді, сыйлайды, құрметтейді. Бәріміз дос болайық!




Күнде шат, күліп күн,

Шаттанамыз бәріміз.

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз.


"Ұрпақ тәрбиесі - ұлылықтың бастауы"
Досымды өкпелеттім Дос болайық бәріміз!

Алып қойдым машинамды Әрқашан дос, біргеміз,

Досымнан мен қасымдағы. Ажырамас іргеміз.

Үйден сонда ол шығып кетті, Ілгері жүріңдер,

Маған қатты өкпелепті. Достық жырын біліңдер.

Қалдым енді жалғыз өзім, Ту ғып ұстап бірлікті,

Ойнамаймын, көңілсізбін Еңбекті сүйіңдер!

Оның қысып қолын алып, Қайырмасы:

«Кешір» деймін қазір барып. Дос болайық, бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Алады ма құлыншақты, Тыныштықты сақтаймыз,

Қалайды ма қуыршақты, Атсын күліп таңымыз

Жүргізе ме трамвайды.... Сөзі – Х.Талғаровтікі

Оған, сірә, не ұнайды!? Әні – И.Нүсіпбаевтікі

Қалағанын сол-ақ алсын,

Тек менімен бірге ойнасын.



Қадыр Мырза Әли
Достық көмек




Қайсысына қандай көмек көрсете алар едiң?


Достар тілін ұғамын

Шәу-шәу үрсе күшiгiм, Үйшiктiң де тәуiрiн,

Жат дыбысты бiлгенi. Соған арнап жасадым.

Мияуласа мысығым, Жас болсам да әлi мен,

Тамақ iздеп жүргенi. Достар тiлiн ұғамын.

Қыт-қыттаса тауығым, Сондықтан да бәрiмен,

Алдына дән шашамын. Өте тату тұрамын.

Б. Тәжiбаев

Достық

Ортақ мекен жер шары, Әрқашан тiлектес,

Төбемізде бір аспан. Досыңа көмектес.

Барлық ұлттың баласы Досы көппен сыйлас,

Достығымыз жарасқан. Досы жоқпен сырлас.

Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы. Достарым көп болсын десең,

Еңбек ортақ, жыр ортақ, Айтпа жалған ешқашан.



Ортақ бізге барлығы. .

Сөзі – Е.Елубаевтікі

Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова






©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет