Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi



жүктеу 57.88 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі57.88 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы
ӨЗЕКТI МӘСЕЛЕ
Авторлық құқықты қорғау – маңызды iс
Тотай Ерiмбетов,

Көкшетау қалалық мамандандырылған

әкiмшiлiк сотының судьясы
Авторлар құқы хартиясында: “Мемлекет автордың жеке табыстарымен ғана шектелiп қоймай, оның қоғам байлығына қосқан үлесiн де ескере отырып, мейлiнше ауқымды әрi берiк қорғалуын қамтамасыз етуге тиiс” – деп көрсетiлген.
Авторлық құқықтың бұзылуы мемлекеттiң экономикасы
мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi. Төл
туындысының қолды болып, әлдекiмдердiң оңай пайда
табуының құрал-көзiне айналып кетуi авторға тек материалдық қана емес, сонымен бiрге моральдiк те ауыр соққы болып тиетiнi рас. Тiптi бұл заңсыз әрекеттi бөтеннiң мүлкiн тонаумен, ұрлаумен теңестiруге болады. Сондықтан да қазiргi күнде авторлық құқықты қорғау мәселесiне мемлекетiмiз ерекше назар аударып отыр. Бұл бiр жағынан халықаралық қауымдастық алдындағы абыройымыз үшiн де маңызды.

1996 жылдың 10 маусымында ТМД аумағында алғашқылардың бiрi болып Президентiмiз Н. Ә. Назарбаев “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңды бекiттi. Бұл заң заман талабына сәйкес жетiлдiрiлуде.

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiнде зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 22 қараша 2005 жылғы ҚР заңымен ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстiң “Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды бұзу” жайлы 129 бабына өзгерiстер енгiзiлдi.

Бұрынғы өңдеуде:



Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектiлерiн сату, прокатқа беру немесе заңсыз өзгеше пайдалану, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, шығармалар мен фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салу және осы көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер – шығармалар мен фонограммалардың даналарын тәркiлей отырып, азаматтарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салу көзделген болатын.

Ал, жаңа өңдеуде мұндай құқықтарды бұзу әрекетi нақтыланып, жеке-жеке түсiндiрiлiп, көрсетiлген:

1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында туындылардың және фонограммалардың контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, – туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ, құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -туындылардың және фонограммалардың даналары, сондай-ақ, құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстiң 34 бабының 3 тармағына сәйкес осы кодекстiң баптарында заңды тұлғаның жауаптылығы көзделген жағдайларда жеке кәсiпкер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ҚР Азаматтық кодексiнiң 19 бабының 3 тармағында белгiленген ережелер ескерiле отырып, заңды тұлға ретiнде жауаптылықта болады.

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңға сәйкес музыкалық туындыларды тек қана салтанатты кештерде, ресми және дiни рәсiмдер, сондай-ақ, жерлеу кезiнде көпшiлiк алдында автордың немесе авторлық құқық иелерiнiң келiсiмiнсiз әрi авторлық сыйақы төлемей орындай беруге болады. Ал, мейрамхана-кафелерде әуендi ойнату, теледидар мен бейнетаспалар, DVD дискiлерi арқылы фильмдер көрсету үшiн авторлардың өздерiмен немесе Қазақстан Авторлар қоғамымен лицензиялық келiсiм-шартқа отырып, арнайы авторлық сыйақы төленуi керек. Себебi, бұл жерде әлгiндей туындылар мейрамхана-кафелерге халықты көп жинауға, сол арқылы пайда көзiн молайтуға ықпал ететiн амал болып табылады.

Авторлардың құқықтарын қорғау бойынша бiздiң Көкшетау қалалық мамандандырылған әкiмшiлiк сотымызда қаралған iстер сипаты жағынан әр алуан. Соларға шолу жасап көрсек.

Қаладағы “Әсел” дүкенiнiң iшiнде орналасқан компьютерлiк залда Б.Ж. деген азаматша автормен немесе автор құқын иеленушiлермен келiсiм-шарт жасаспай үш компьютердi ойнауға жалға берген. Сот оған айыппұл салып, қатты дискiдегi ойындарды өшiртуге қаулы еттi.

“Айналайын” кафесiнiң өндiрiстiк меңгерушiсi С.С. деген азаматша автормен немесе автор құқын иеленушiлермен келiсiм-шарт жасаспай механикалық қондырғы арқылы музыкалық туындыларды пайдаланған. Бұл жағдай бойынша да айыппұл салынды.

К.Р. есiмдi жеке кәсiпкер “Олжа” дүкенiнде бейнетаспаларды жалға берудi автормен немесе автор құқын иеленушiлермен келiсiм-шартсыз iске асырған. Сот кәсiпкердi ӘҚБтК-тiң 129 бабының 1 бөлiгiмен айыпты деп тауып, оған айыппұл салып, контрафактiлiк бейнетаспаларды жоюға қаулы қабылдады.

Я.О. дейтiн азаматша “Кәсiподақспортқұрылыс” АҚ-на қарасты Фок “Мир” кинозалы әкiмшiсiнiң дискiсiмен компьютер арқылы проектормен кинозалда “Константин – повелитель тьмы” деп аталатын фильмдi заңсыз көрсеткен. Сот оны айыпты деп тауып, айыппұл салған.

Ш.Т. деген студент болса, бiлiм мен сауданы “ұштастырып”, университет оқытушысының компьютерiн жөндеу кезiнде профессор дайындаған дәрiстер мен емтихан-мәтiн жауаптарын дискiге ұрлап көшiрiп алып, оны көбейтiп, өзге студенттерге сату үстiнде ұсталған. Ол осы заңсыз әрекетi арқылы бүкiл оқу жұмысына залал келтiрiп, университет студенттерi заңсыз жолмен жақсы бағалар алған. Бұл студенттiң әрекетiнде қылмыс құрамы болмағандықтан ол әкiмшiлiк жауапқа тартылды және одан келтiрiлген залалдың шығыны өндiрiлдi.

Ақмола облысының әдiлет департаментi тексеру кезiнде кәсiпкерлердiң “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңды толық сақтауына ерекше мән бергенi дұрыс. Себебi, Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстiң 8 бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдар принциптерiнiң маңызы мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша жүргiзiлген iстi жарамсыз деп тануға, осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не бұл орайда жиналған материалдардың дәлелдiк күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.

Яғни, кез келген жеке кәсiпкердi тексеру ол жайлы қаулы прокуратурадағы орталық құқықтық статистикалық тiркеуден өткiзiлген соң ғана жүргiзiлуi тиiс. Осы заң талабы орындалмаған жағдайда тексеру нәтижелерi заңсыз болып табылады.

Сотта қаралған iстердегi кәсiпкерлердiң түсiнiктемелерiн оқығанда, ҚР “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының талаптары оларға толық түсiндiрiлмегенi және авторлардың құқықтарын қорғау жұмыстарында да елеулi кемшiлiктердiң кездесетiндiгi байқалады.

Мысалы, ауылдық жерде бiр жеке кәсiпкер жаңадан асхана не кафе ашып, онда түрлi әуендердi ойната бастайды. Бiрақ, бұл жерде ол авторлық сыйақы туралы талаптың орындалуы керектiгiне мән берiп жатпайды. Мұның өзi бiзде авторлық құқықты қорғау төңiрегiндегi түсiндiру жұмыстарының жеткiлiксiздiгiн көрсетедi.

Қазақстан Авторлар қоғамы белгiлеген мейрамхана-кафелер бойынша төленетiн авторлық сыйақы мөлшерi ауыл тұрғындары үшiн ауырлау болуы мүмкiн. Мысалы, 50 орыннан астам жайы бар кафелерден ай сайын ең төменгi жалақының мөлшерiнде авторлық сыйақы төлеу үлкен қаладағы кәсiпкерге қиын болмағанымен, тұрғындары аз елдiмекендердегi мұндай кафе иелерiнiң бұған шамасы жетiңкiремейдi. Демек, бұдан авторлық сыйақы мөлшерiн әдiлеттi, дұрыс белгiлеу қажеттiлiгi туындайды.

Кәсiпкерлер авторлық сыйақыны ерiктi түрде уақытылы төлеп тұруды дағдыға айналдырмағандықтан әдiлет департаменттерiнiң қызметкерлерi кәсiпкерлерге ҚР “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңын толық түсiндiру жұмыстарын ұдайы жүргiзiп тұрса құба-құп болар едi.

Сотта iс қарағанда көрiп жүргенiмiздей, осы саладағы бiлiктi мамандардың және Қазақстан Авторлар қоғамы өкiлдерiнiң елiмiз бойынша жеткiлiксiз екенi байқалады.

Сондай-ақ, бүгiнгi күнде авторлар құқын қорғаумен айналысатын заңгер мамандардың да қажеттiлiгi туындап отыр. Олар бiрнеше туынды авторларымен келiсiм-шарт жасап, ол туындыларды арнайы бағдарлама бойынша компьютерге енгiзiп, компьютер автор құқығының бұзылғанын көрсеткен жағдайда автор еңбегiн заңсыз пайдаланушыға шара қолдану және одан авторға келтiрiлген материалдық, моральдiк нұқсандарды сот арқылы өндiру жұмыстарымен айналысулары қажет.



Қорыта келе айтарым, уақыт бiр орында тұрмайды. Әлi-ақ кейбiр жекелеген азаматтар, кәсiпкерлер, заңды тұлғалар авторлардың туындыларын пайдалануда “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заң талабын сақтаудың маңыздылығын жете түсiнедi деген үмiттемiз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет