Менің алғашқы ұстазым! Дәл осындай тақырыпта облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы форумы облыстық түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында өтті



жүктеу 37.43 Kb.
Дата27.04.2016
өлшемі37.43 Kb.
: uploads -> docfiles
docfiles -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
docfiles -> 12 шағын аудандағы жаңадан ашылған №32 балабақшаға №54, 31, 35, 36 балабақшаларда кезекте тұрған төмендегі балалар өз кезегімен жіберілді
docfiles -> П/п Наименование компании Ф. И. О. руководителя
docfiles -> МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2012 жылға арналған іс-қимыл жоспа р
docfiles -> Бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну қағидаларына
docfiles -> Мадиицина қызметкерлері мерекесіне орай марапатталған қызметкерлер тізімі
docfiles -> «Білім берудің инновациялық стратегиясы мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы»
docfiles -> «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
Менің алғашқы ұстазым!
Дәл осындай тақырыпта облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің алғашқы форумы облыстық түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында өтті. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-қоғам назарын білім беру саласына аудару, бастауыш сынып мұғалімдерінің мәртебесін көтеру және бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа педагогиялық технологиясы мен әдістемесін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева қатысып, форум жұмысына сәттілік тіледі.

-Алғаш қолымызға қалам ұстатып, әліппені үйреткен алғашқы ұстаздарымызды біз жақсы білеміз. Бастауыш сыныпта білімнің іргетасы қалай қаланса, сапалы білім де сол бағытта болмақ. Сондықтан да бастауыш сынып ұстаздарына артылар үміт зор. Сіздердің мықты шәкірттеріңіз көбейіп, үміттеріңізді ақтай берсін дегім келеді. Мереке құтты болсын, шаңырақтарыңыздан береке кетпесін!,-деген Б. Ғаниқызы, бірқатар ұстаздарды облыс әкімінің атынан алғысхатпен марапаттады.

Марапатталғандардың арасында Ақшұқыр мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Үмітхан Бисенова да бар. Білім саласында 7 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ұстаз қызының да осы саланы таңдап, ұрпақтар сабақтастығын жалғағанын қалайды. Сол мақсатпен үлкен қызын мұғалімдікке оқытқан.

-Отбасында үш перзентті тәрбиелеп отырған анамын. Үлкен қызымыз жоғары оқу орнының соңғы курсында оқып жатыр, болашақ география пәнінің мұғалімі. Екінші қызымыз 10 сыныпта, кенже ұлымыз 5 сынып оқушысы. Балаларымның тәрбиесінен бөлек, өзімнің біліктілігімді арттыру үшін әр түрлі курстарға қатысып отырамын. 2013 жылы Алматы қаласына барып, «Өрлеу» біліктілік арттыру курсынан өтіп, білімімді шыңдадым. Қазіргі таңда «Өрлеудің» қойған барлық талаптарымен жұмыс жасап, сол жерден үйренгенімді сабағымда пайдаланып, оқушыларымды жаңа бағытта тәрбиелеудемін,-дейді Ү. Бисенова.

Форум барысында әдістемелік-тәжірибелік мақсатта шеберлік сыныптары мен коучингтер өткізіліп, ұстаздардың инновациялық-шығармашылық көрмесі жасақталды. Форумға қатысып, әріптестерімен тәжірибесін бөліскендердің қатарында Ақтау қаласындағы №14 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанат Алдабергенова да бар. Жалпы бүгінгі таңда Алдабергеновтар отбасында жеті ұстаз еңбек етеді. Барлығы да өз ортасына сыйлы, беделді мамандар. Ал, бала жанының бағбаны Жанат ұстаздан дәріс алған оқушылар бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп, Отанымыздың дамуына өз үлестерін қосуда.

-Өзім ұстаздар отбасында тәрбиеленгендіктен мұғалімдіктен басқа саланы таңдауды ойламаппын. Әкем Алдаберген ұстаздық салада 47 жыл еңбек етіп, ҚР Білім беру ісінің үздігі атанды. Мен де әкемді үлгі тұтып, осы саланың өркендеуіге өзімше үлес қосудамын. Ұстаздық салада жұмыс жасағаныма 22 жыл болыпты. Ұстаз бақыты шәкірттерінің үлкен өмірге аяқ басып, мықты маман атануымен, азамат болуымен өлшенетіні ақиқат ғой. Осы уақытқа дейін менен білім алған шәкірттерімнің басым көпшілігі-білім, денсаулық саласында еңбек етіп, еліміздің гүлденуіне үлес қосуда,-дейді Жанат Алдабергенова.

Сондай-ақ, форум аясында бастауыш сыныптардағы білім сапасын арттыру мақсатында арнайы «Тұжырымдама» қабылданды. Жаңа бағыттағы жүйе баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне және шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал етпек. Мамандардың айтуынша, білім берудің бұл моделі әлемнің 80%-дан астам елдерінде қолданылады.

- Қазіргі таңда елімізде 12 жылдыққа көшу бойынша 30 мектепте апробация жүріп жатыр. Олардың қатарында біздің облыстан №11 мамандандырылған мектеп-интернаты мен Түпқараған ауданына қарасты М. Горкий атындағы мектеп таңдалып алынды. Осы апробацияның негізінде жақсы қорытындысы шығарылатын болса, 2016 жылдан бастап бастауыш сыныптар мемлекеттік жаңа стандартқа көшуге енеді. Тұжырымдамамыз сол стандартты дұрыс негізде әрі қарай жалғастыру үшін біздер неге мән беруіміз керек деген сауалдарға жауап береді. Біз тұжырымдама арқылы бастауыш сыныптағы сапаны көтеру бағытындағы өзіміздің бекітілген іс-шара жоспарларымызды жасақтайтын боламыз. Жаңа стандартқа оңай еніп кету үшін қазірден барлық шараны қолға алуымыз керек. Бүгінгі форум бір жағынан осы мақсатта ұйымдастырылды деп айтуға да болады. Сонымен қатар, ұстаздар күнін мерекелеу аясында аудандық, қалалық деңгейлерде жас мамандардың «Мен таңдаған мамандық» деген атпен эссе-байқауы, «Ұстаз оқушының көзімен», «Менің алғашқы ұстазым» тақырыптарында оқушылардың сурет, шығармалар байқауы ұйымдастырылды,-дейді облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.

Мұғалімдер күнін мерекелеу аясында облыста 30-қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ф-ның мәжіліс залында «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайындағы тұлғалық зияткерлікті дамытудағы педагогикалық ізденіс» тақырыбындағы республикалық педагогикалық идеялар фестивалі өткізілмек. Шараға республика көлемінен деңгейлік бағдарламалар бойынша сетификатталған мұғалімдер, оқытушылар, әдіскерлер мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 150-ге жуық маманы қатысады деп жоспарланған. Шара соңында фестивальдің үздік материалдарының жинағы шығып, авторлар марапатталмақ. Сонымен қатар, 5-қазан күні «Хан Шахар» салтанат сарайының үлкен залында «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» деген атаумен аймақтың педагог қызметкерлеріне арналған салтанатты шара ұйымдастырылады. Шарада «Үздік білім беру ұйымы-2015», «Үздік педагог-2015», «Мемлекеттік тілдің үздік ұстазы-2015» байқауларының жеңімпаздары, «Алтын белгі» иегерлерін дайындаған және шығармашыл мұғалімдер марапатталып, «Маңғыстаудың алтын түлектері» фото-альбомының тұсаукесер рәсімі өтеді. 300-ге жуық ұстаз қатысатын шарада облыстың білім беру қызметкерлерінің жаңа Гимні орындалмақ.


Венера МИРЛАН



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет