Менің халқЫМ─ Қонақжай қонақжайлылық белгісі



Дата02.05.2016
өлшемі33.36 Kb.








МЕНІҢ ХАЛҚЫМ─ ҚОНАҚЖАЙ




Қонақжайлылық белгісі
Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп, қол алсаң,

Бірінші еткен құрметің.

«Түсіңіз», – деп түс беріп,

Шылбырына оралсаң,

Екінші еткен қызметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң,

Үшінші еткен құрметің.

Мейман риза болғаны –

Құрметпен үйге қонғаны.
Қонақасы

(аңыз)
Ертеде Алаш деген данышпан қарт өмір сүріпті. Оның Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты. Ұлдары қайырымды болып өсіпті.

Бір күні қарт үш ұлын шақырып:

– Балаларым, дәм-тұзым таусылатын шақ таяп қалды. Көзімнің тірісінде сендерге қалдыратын еншімді бөліп берейін,– депті қарт.

– Менің мал-мүлкімді теңдей төрт бөлікке бөліңдер, өз еншілерінді алып әке ісін әрі қарай жалғастырыңдар. Ынтымақ бірлікте өмір сүріңдер. Балалары әкелеріне қалдырған еншісі үшін рақметтерін айтып, әке алдында бастарын иіп тағзым етеді де былай дейді:

– Әке біз сізді түсінбей қалдық. Біз үшеуміз ғой, еншіңізді неге төрт бөлікке бөлдіңіз?

– Әкесі былай деп жауап береді: «Мал-мүлкімнің төртінші бөлігін сендердің қонақтарыңа қалдырамын. Шаршап шалдығып келген қонақтың еншісі – қонақасы болсын. Егер сендердің қонақтарың дәмнен бас тартса, олардың өз «сыбағалары» екенін айтарсыңдар», – депті.

Ғасырлар өтіп жатты. Адамдар көбейіп, далаға тарап кетті. Үлкен ұлдың ұрпақтары үлкен орданы – ұлы жүзді, ортаншы ұлдың ұрпақтары орта орданы – орта жүзді, кенже ұлдың ұрпақтары кіші орданы – кіші жүзді басқарды. Содан бері өмірде көп өзгеріс болды. Бірақ барлық уақытта – ғасырлар, жылдар, күндерде қырдағы қонақжайлылық әдет әрдайым берік болып келеді. Қазақтың үйіне күндіз немесе түнде кім кірсе де, әрқайсысын жылы қабақпен күтіп алу және құрметтеу, жомарттықпен ас-су тарту дәстүрі – «қонақасы» тосып тұрады.

Қонақ күтуден адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, жылы шырай танытушылық, кең пейілділік, жылы жүректілік байқалады.




– «Сыбаға» – құрметті қонаққа немесе өздерінің жақындарына арнап сақтаған кәделі тағамдары.

– «Қонақасы» сөзі «қонақ» және «ас» деген екі сөздің бірігуінен құрылған. «Қонақасы» ұғымы келген қонаққа арнайы дайындалатын ас деген түсінікті білдіреді.

«Дастарқанға берілетін батадан» үзінді
Асқа байлық,

Денге саулық берсін,

Дастарқаның берекелі болсын,

Әр күнің мерекелі болсын.

Бақытың мол болсын,

Абыройың зор болсын.


– Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарқанға бата жасаумен аяқталады. Дастарқанға батаны төрде отырған ең сыйлы қонақ береді. Бата қонақжай үй есіне, қонақжай отбасына арнап жасалады. Бата арқылы үй иесіне деген ризашылық білдіріліп, жақсы тілектер айтылады. Бата қазақ халқы үшін қасиетті де қастерлі тілек. Сондықтан халық арасында осы тілектер орындалады деген сенім бар. Жасы үлкеннен, қариядан, сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылықтарға жетеді.


Ал енді, ән айтайық!


Қазақы дастарқан

Ей, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Уайым қайғы жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.
Қайырмасы:

Дастарқан-ау, дастарқан,

Мерекелі дастарқан

Берекелі дастарқан, ей (2рет).


Жақсы келсе, құт болар,

Жаман келсе, жұт болар.

Жолаушымыз біз деген,

Асыл мұра іздеген.


Қайырмасы:

Дастарқан-ау, дастарқан,

Мерекелі дастарқан

Берекелі дастарқан, ей (2рет).


МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР


Қонақ аз отырып, көп сынайды. Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.

***** *****

Қонақ бір күн қонса – құт, Келгенше қонақ ұялар,

Екі күн қонса – жұт. Келген соң үй иесі ұялар.

***** *****

Қонағын сыйламаған баласын ұрады, От жағылмаған үй – қора,

Я үйін сыпырады. Кісі келмеген үй – мола.

***** *****

Бұрын келген қонақ, Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады,

Кейін келген қонаққа орын берер. Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

***** *****



Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза. Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр.
Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова

Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет