Менің Отаным – Қазақстан



жүктеу 33.72 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі33.72 Kb.
Менің Отаным – Қазақстан.
Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, аумағы ұшқан құстың қанатымен, жер танабын қуырған тұлпар тұяғының дүбірімен өлшенген кең де келісті өлкені мекендеген «қазақ» деген елміз. Тағдырымыз таразыға түскен шақтарда «күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мініп», «қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып», жауына атой салған батыр бабаларымыздың ерлігіне сүйендік. Құт дарып, қыдыр қонған қасиетті жеріміздің, қабырғалы жұртымыздың шаңырағын шайқалтпауға жанын салған, теңдік пен татулықты ту етіп ұстатқан, «бастаса елдің көсемі, сөйлесе сөздің шешені» болған қазына кеуде қарттарымыздың, қылыштың қыры, найзаның ұшына қасқая қарсы тұрған азамат ағаларымыздың арқасында еліміздің іргесі сөгілмей бұл күнге жеттік.

«Елу жылда – ел жаңа» дегендей, Қазақстан дербес, егеменді ел болып танылып, дүниежүзілік аренаға шығып, үлкен беделге ие болғандығын мақтан тұтамыз. Шет мемлекеттер өздерінің елшіліктерінен ашып, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен өкілдіктері де шет мемлекеттерде ашылып, қызмет жасауда.

2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да басшылық жасауы, біздің еліміздің әлемдік аренада үлкен беделге ие болғанын және осы мақсатта Қазақстан тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға алпауыт мемлекеттер – АҚШ, Ресей, тағы басқа еуропа мемлекеттерінің қолдау көрсетуі біздің Тәуелсіз елімізді дүние жүзіне өзін құқықтық мемлекет ретінде жоғары дәрежеде таныта білуінің толық дәлелі деп білуіміз керек. Осы жоғары деңгейге көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен егемендіктің, тәуелсіздіктің аясында қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламыз.

Еңселі еліміздің ертеңі болар келер ұрпақты, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеуде елеулі рөл атқарып, салиқалы да көреген саясат ұстанып келе жатқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті қараша айының 29 жұлдызында «Менің Отаным – Қазақстан» атты Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты арнайы акция өткізді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарихында мұсылман елдері мен ТМД кеңістігіндегі мемлекеттер арасында төрағалық ету құқығының Қазақстанға тапсырылуы біздің еліміз үшін үлкен мәртебе. 1-2 желтоқсан аралығында Елордамыз Астана қаласында ЕҚЫҰ Саммиті оздырылуына орай, еліміздің барлық оқу орындарында түрлі акциялық шаралар өз жалғасын табуда. Біздің университетіміз де осынау игі бастамаларды қолдау мақсатында көптеген маңызды шаралар өткізіп, өз үлесін қосуда. Егемен еліміздің тең құқықтық мәселелерін қамтып қана қоймай, жалпы қоғам дамуындағы айтарлықтай өркениетті шаралардың арқауы болған біздің университетіміз түрлі саяси мәселелерге өз үлесін қосып келе жатқаны айғақ. Демократиялық принциптерге сүйене отырып, жарқын болашаққа жол ашқан, еңселі еліміздің ішкі-сыртқы саясатына өзіндік ықпал жасай алатын, білімді кадрларды даярлауда университетіміз көптеген істер атқарып келеді.

ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер ұйым төрағалығын Қазақстанға бергенде, еліміздің барлық саладағы үрдістерін, қол жеткізген табыстарын, саяси және экономикалық әлеуетін, халықаралық деңгейдегі беделін ескергендігі барша қазақстандықтарға аян. Бұл біздің тәуелсіз Қазақстанды әлемдік қоғамдастың мойындағанының белгісі; елімізде табысты жүзеге асырылған реформаларды және еліміздің ұстанған салиқалы саясатын ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің жоғары бағаланғандығының нәтижесі; Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке беделінің арқасы деп түсіну қажет. Қазақстанның халықаралық беделі мен мемлекет басшысының бейбітшілікті нығайту жолындағы ерен еңбегін әлемнің мойындауы – бұл Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі болып табылады. Еліміздегі ұлтаралық татулық пен келісімнің бірегей моделінің, республиканың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерінің нәтижесін әлем мемлекеттерінің түгелдей мойындауы - біздің Еуразия барысына айналуымызға салынған сүрмелі соқпақ екені даусыз.

Үстіміздегі жылдың 14 қаңтар күні мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қызметіне кірісуіне орай Үндеу жариялаған болатын.Үндеуде еліміздің өз миссиясын атқаруда қандай ұстанымды алға тартатынын жария етті. Қазақстан төрағалығының ұраны төрт «Т»-ға негізделген. Яғни, «траст» - сенім, «традишн» - дәстүр, «транспаренси» - ашықтық. «толеранс» - төзімділік ұраны таңдап алынды. Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің өтуі осы сенім, дәстүр, ашықтық, төзімділік ұранымен қарастырылған.

Республиканың «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі өзіндік «жол картасы» болды. «Қазақстандық жолды» ұстану бізді Еуропамен барынша терең саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени гуманитарлық байланыстарға кеңінен жағдай-жасауға мүмкіндік туғызды. Өзінің аз ғана тәуелсіздік жолында егемен Қазақстанды әлемнің жаппай тануы – бұл елбасының көрегендігінің, сара саясатының, білгір басшы, сардар саңлақ екендігінің дәлелі.

Ендеше, елбасымыздың сөзімен айтсақ, Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық Қолымызда – тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда – бар халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз.



Арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар!Лайым бетімізден жарылқасын!Үлкен жолдың үстінде ата-бабалармыздың аруағы желеп-жебеп жүрсін!
: images -> stories -> downloads -> news
news -> 2011 жылдың 24 қарашасында Бөрлі ауданы Ақсай қаласында алғаш рет І азаматтық форум болып өтті
news -> 29 наурызбен 2-сәуір аралығында 68-інші «Студент және ғылым» атты студенттік ғылыми апталық болып өтті
news -> Ғылыми жобалар конкурсы
news -> В настоящее время более 20 желающих студентов зкгу им. М. Утемисова факультета «Туризм», «Международные отношения» и«Иностранные языки» подало необходимые документы для прохождения практики в вузах Турции
news -> Ардагерлермен кездесу кеші
news -> Университетте соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді
news -> Сәуір күндері Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында 5В011200-химия мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы 12 команда қатысты
news -> Химия пәнінен өткен 4 республикалық пәндік олимпиада
news -> Конференцияның жұмыс бағыттары: Теориялық және қолданбалы математика, физика, информатика саласындағы қазіргі заманғы мәселелері




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет