Менің сүйікті жануарым Ж.Қошқарбаева Ақ лақ



жүктеу 34.82 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі34.82 Kb.





Менің сүйікті жануарым

Ж.Қошқарбаева



Ақ лақ
Көктемде ешкім ақ лақ туды. Мен оның атын «Ақ қоян» деп қойдым. Ол өте сүйкімді, әрі тым кішкентай. Оны енесі кейде емізбейді. Енесінің мүйізінен ұстап тұрып, лақты еміземін. Ақ лағым маған әбден үйреніп алған. Кешке жақын «Ақ қоянды» енесіне емізуге келе жатқанымда, ол секең – секең етіп ойнақтап мәз болады. Мен лағымның әппақ жүнінен сипап, құшақтап көтеріп аламын. Оны өте жақсы көремін. Кейде лағымды ұстап, сипап жатқанымда, енесі жүгіріп келеді. Көйлегімнен тістейді. Ешкі де лағын өте жақсы көреді-ау деп ойлаймын. Менен қызғанатын сықылды. Мені тістеп қуған болады. Ақ лағымның қасынан менің кеткім келмейді. Өзінің маңыраған үні тәтті, әдемілігіне тіл жетпейді!

Б.Тәжiмбетов



Тiршiлiк
Ызыңдап ұшып бал Ара,

Гүл iздеп шықты далаға.

Көлдегi қаздар қаңқылдап,

Көлбеңдей ұшты Шағала.


Ұмтыла жүзiп жарыққа,

Шоршиды суда Балық та.

Шақырды Әтеш көңiлдi,

Хабарлап таңды халыққа.


Өрмелеп көкке құлшынып,

Келедi алтын Күн шығып!

Жарықпен, түрлi әуенмен

Қызықты бүкiл тiршiлiк!



АЛФАВИТТІК ЖҰМБАҚТАР
Мейізде бар, Кірпікте бар, Ауылда бар, Халықта бар,

Өрікте жоқ. Қаста жоқ. Елде жоқ. Елде жоқ.

Киізде бар, Кірпіште бар, Дауылда бар, Халатта бар,

Сырмақта жоқ. (З) Таста жоқ. (К) Желде жоқ. (У) Көйлекте жоқ. (Х)






Е.Өтетiлеуов Қ.Мұқышев



Қар – көрпе Түйенiң түсiнiгi

– Қалай, Қарға, суық па? Көп жүрген құмда да, шөлде де,

– Айтпа, Құрым, жуықта Шыдаудай шыдаған шөлге де,

Өлетiн де шығармын, Су iздеп бiр түйе шаршады,

Қайтiп ендi шыдармын – Жұтым су iшсем деп аңсады.


Түндi өткiзем баяғы, Қалжырап құлайтын шақта ендi,

Қу ағаштың басында. Алдынан бiр теңiз тап келдi.

Ал таңертең аяғым, Су iшпек болды да, бас салды,

Сенсең, тiптi басым да. Бiрақ та жұта алмай шашалды.


Ырқыма бiр көнбейдi, «Бұл өзi тым ащы су ғой», – деп,

Қозғалтуға келмейдi. Қиналып көзiне жас та алды.

Тас боп қатып қалады, «Қаншама суы мол десек те,

Қағылмайды қанатым... Суыңды iшпес-ау есек те!» –


Ақыл айтты досқа Құр; Деп түйе алты аттап қашықты,

– Бүрiскенше босқа құр, Теңiздi тастай сап қашыпты.

Ағашыңның басынан Сондықтан түйелер шөлде де

Кешке жерге секiргiн, Шыдайтын болыпты шөлге де.




Омбы қардың астына

Терең сүңгiп сен кiргiн.

Қалың қарың кәдiмгi

Қалың көрпе тәрiздi.
Аяз, суық өтпейдi,

Үрген желiң жетпейдi.

Қыстың қаһар-кәрiнен

Қорықпайсың, саспайсың,

Ең жақсысы бәрiнен,

Көзге түсiп жатпайсың.




ЖҰМБАҚТАР
Өзі үлкен жануар, Аласа ғана бойы бар, Өзі айлакер, өзі бір қу,

Үстінде екі тауы бар. Айналдырып киген тоны бар. Жүрген жері айқай да шу.

(Түйе) (Қой) (Түлкі)
Терісі бар, жүні жоқ, Қық – қық етеді, Көзін жұмады,

Жүрісі бар, ізі жоқ. Кезіп жүріп көшені. Көзін ашады.

Қанаты бар, ұшпайды. Жата қалса орнына, Сыбысын білдірмей,

Су астында қыстайды. Ақ доп тастап кетеді. Ақырын басады.

(Балық) (Тауық) (Мысық)
Қолыңмен тиме, Аяғы бар, басы бар, Қорықпайды күшті аңнан,

Үсті толған ине. Арқалаған тасы бар. Қорқады тек тышқаннан.

(Кірпі) (Тасбақа) (Піл)
Түрі жылқы бейнесі, Алға қарай, артқа қарай жүреді, Адамға серік,

Жолақ – жолақ жейдесі. Еңбек сүйгіш, оны бәрі біледі. Күзетке берік.



(Зебр) (Құмырсқа) (Ит)


Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова


: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет