Меновной ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі



жүктеу 104.75 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі104.75 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Меновной ауылдық округі әкімінің есептік кездесуі

2011 жылғы 11 қаңтарда Ахмер ауылында (ИП «Адилия») сағат 15.00-де Меновной ауылдық округінің әкімі Нұралдинов Е. Қ Ахмер ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өткізілді.

Қайырлы күн, құрметті ауылдастар!
Сіздермен есепті кездесуде кездескеніме қуаныштымын. Мемлекетіміздің Елбасының тапсырмаларына сәйкес, елімізде барлық деңгейдегі әкімдерінің жылсайынғы халық алдында есеп-беру кездесіуінің өтетіні жайлы Сіздерге мәлім. Бүгінгі күні мен Сіздерге өткен жылда қандай жетістіктерге жеткеніміз туралы, алдымыздағы келер жылда, яғни 2011 жылы қандай жұмыстар атқару керектігі және де сіздердің сұрақтарыңызға жауап беру барысында сөзімді бастағым келіп отыр.

Біздің ауылдық округтің дамуы Өскемен қаласының дамуымен үздіксіз байланыста.

Облыс орталығына жақын болу және оған әкімшілік бағыну халықтың тұрақты өсуіне және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді. Бүгінгі күні ауылдық округте қажетті барлық инфроқұрылымдар бар.

Округ орталығы – Меновной ауылында полиция бөлімшесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы, пошта бөлімі, № 10 кітапхана филиалы, «Огонек» бос уақыт өткізу орталығы, шаштараз, ветеринарлық клиника, 24 дүкен мен сауда орындары бар, 3 дәріханалық дүкен, базар, қоғамдық тамақтандыру және автосервис (ЖҚС, доңғалақ жөндеу) кәсіпорындары қызмет көрсетеді.

Барынша ірі ауылдарда (Меновной, Жаңа-Ахмер, Ново-Явленка және Ново-Троицкое) 4 орта мектебі бар. Үш шағын ауылдардың балалары (Самсоновка, Ахмер, Прудхоз) күнделікті жақын маңдағы мектептерге дейін және кері қайтуға бөлінген автобустар арқылы жеткізіледі.

Ауылдардағы барлық орталық көшелер жарықтандырылған, Меновной ауылында жолдардың үлкен бөлігі асфальтталынған, су құбырлары бар, округтің барлық ауылдары телефондандырылған.

Ауыл шаруашылығы ауылдық округтің экономикалық жетекші бағыты болып табылады. Қаланың ауыл шаруашылығына көзделген жерінде 3 ауыл шаруашылық кәсіпорыны мен 60 шаруа қожалығы орналасқан, оның ішінде 51 іс-әрекетте. Іс-әрекет ететін шаруа қожалықтарының қатарынан ағымдағы жылда 24 қожалық ауылшаруашылық дақылдарын өндірумен, 9 шаруашылық малшаруашылығымен және 18 әр түрлі ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысты.

Көктемгі егіс және егінді жинау жұмыстары мен өсімдік шаруашылы-ғының өнімдерінің сапасымен және шығымдылығын арттыру үшін, 2010 жылы 9 ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерімен, жанаржағар май материалдарының құнын арзандатуға және басқа да тауар-материалдық құндылықтарының қажетті-лігіне байланысты субсидия алуға тапсырыстар берілді. Республикалық бюджеттен дәнді дақылдар үшін 1,2 млн. теңге бөлінді, сомасы 4 210 294 теңге. Май тұқымдарын өңдейтін ауылшаруашылық тауар өндіруші кәіспорындарына сомасы 1 269 917, 44 теңге субсидия төленіп берілді. 2010 жылы көктемгі егіс және егінді жинау жұмыстарына 259 тонна дизельді отын бөлінді. Дизельді отынды тасымалдау бойынша операторы «Юпитер–Шульгин и К» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

2010 жылы «Шығыс-Несие» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін жалпы сомасы ____ млн. теңге көлемінде несие бөлінді.

2010 жылы күнбағыс пен мал азығы дақылдарының алқаптарының өсуі көрі-ніп отыр. Бұның өзі сұраныстың артуын айқындап отыр, дәлірек айтқанда қайта өңдеушілер мен тұтынушылар тарапынан.

Ағымдағы жылдағы өнімнің егілгені:

Дақылдардың аталуы

Шаруашы-лықтың барлық санаттары

соның ішінде:

ауылшаруа-шылық кәсіпорын-дары

шаруа қожалық-тары

ауыл тұрғындары

Егілетін жердің барлығы, га

6079,3

1739,6

4201,6

138,0

Дәнді және бұршақты – барлығы

2320,2

512,4

1807,8

-

Соның ішінде:

– жазғы бидай

– күздік бидай


1285,0

203,0


462,4

-


822,6

203,0




– арпа

332,2

50,0

283,2



қарақұмық

449,0

-

449,0



– астық бұршақ-тары

0,1





0,1

Техникалық дақылдар (күнбағыс)

1646,7

776,7

869,9



Картоп

115,1

-

20,0

95,1

Көкөніс

62,4

0,0

20,0

42,4

Жемшөп дақылдары

1951,4

450,5

1500,9



Ең ірі шаруа қожалықтары және ширақ қарқында дамып келе жатқан: Ново-Явленка ауылындағы «Екимбаев Т.К.» ш/қ – басшысы Т.Қ. Екімбаев, Ново-Троицкое ауылындағы «Суровское» ш/қ – басшысы В.И. Звонов, Ново-Явленка ауылындағы «Шаукен» ш/қ – басшысы Қ. Құрманбаев. Т.К. шаруа қожалықтары болып табылады.

2010 жылы астықтың орташа өнімі гектарынан – 12,4 центнерді құрады, жалпы өнімі 1,818 мың тоннаны құрады. Картоптың өнімі гектарынан 125 центнерді, көкөніс гектарынан 230 центнерді құрады.

Ауылшаруашылығы өндірісінде ауыл тұрғындарының үй шаруашылығының үлесі де зор. 2010 жылдың 01 шілдесіне округтің жеті ауылында 3274 аула есептелінді, оның ішінен мал ұстайтыны 481.

2010 жылдың 1 шілдесіне шаруа қожалықтарының, тұрғындардың мал бас келесіні құрады:

ІҚМ іріқара мал – 1942 басты

Сиырлар – 849 бас

ҰҚМ ұсақ қара мал – 3709 бас

Жылқы – 705 бас

Шошқа – 4244 бас

Құс – 5006 бас

2010 жылы «Ауыз суы» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен қаржы бөлінді:

1. Меновной ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы – құрылыстың сметалық құны 206 496,95 мың теңге.

2010 жылы Меновной ауылының сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 77 924,4 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, 100 пайызға игерілді.

2. Ново-Явленка ауылын сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру – құрылыстың сметалық құны 294 790,10 мың теңге.

201 жылы Ново-Явленка ауылын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына республикалық бюджеттен 60000,0 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді, 100 пайызға игерілді.

2011 жылға республикалық бюджеттен келесі нысандарға қаржы бөлінді:

1. Меновной ауылының сумен жабдықтау құрылысының жалпы құны 128,573 млн.теңге, бөлінгені 27,000 млн. теңге. 2012 жылы – 90,001 мың теңге; 12 857 теңге жергілікті бюджеттен.

2. Ново-Явленка ауылын сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру құрылысының жалпы құны 234,790 млн.теңге, бөлінгені 34,715 млн. теңге. 2012 жылы – 204,790 мың теңге; 30,000 жергілікті бюджеттен.

3. Самсоновка ауылын сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтірудің жалпы құны 137,867 млн.теңге, бөлінгені 124,081 млн. теңге.

4. Ахмер ауылының сумен жабдықтау жүйесін қалпына келтірудің жалпы құны 656,079 млн. теңге, бөлінгені 583,692 млн.теңге.

5. ЖМК-Ахмер екіжіп суаққысының жалпы құны 310,395 млн. теңге, бөлінгені 279,121 млн. теңге.

6. 23-нші ықшамауданын сумен жабдықтау жүйесі, жалпы құны 418,204 млн. теңге, бөлінгені 376,384 млн. теңге.

Шығыс материалдары «Градопроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тапсырылды. Мемлекеттік сараптамадан өтпеген құрылыстың бағдарлық құны 198 млн. теңге. меновной ауылының канализация жүйесінің құрылысы үшін қажетті материалдар жинау бойыеша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысына мемлекеттік сараптамадан сомасы 51,28 млн.теңге болатын қорытындысы алынды. («Центрэнергоэкспертиза» ЖШС кәсіпорыны).

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша округтің Меновной ауылының М. Горький көшесіне жалпы сомасы 50,6 млн. теңге болатын орташа жөндеу жұмыс-тары жүргізілді. Бордюрлі тастарды құраламау, жол бөлігінің беткі қабаттарына асфальт төсеу, жаяу жүргіншілердің жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Жаңа-Ахмер ауылының Балалар ауылына қарама қарсы тұрғын үй массивтерінің құламасына жағдай жасау бойынша жұмыстары жүргізілді.

Ново-Явленка ауылындағы 280 орынды бала-бақша құрылысына республика-лық бюджеттен 310,800 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 600 орынды орта мектептің құрылысына (бірінші кезекте) жергілікті бюджеттен 436,000 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2011 жылы бала-бақша құрылысына 82 155 мың теңге бөлінді, мектептің құрылысына 439,234 мың теңге бөлінді.

2011 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Меновной ауылдық округінің жолдары мен көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланбаған.

Көріктендірудің жаңа ережелеріне сай ағымдағы жылдың көктем және күз айларында санитарлық жағдаймен қамтамасыз ету барысында аумақты санитарлық тазалау бойынша айлықтар өткізілді. Нәтижесінде 2000 текше метрден астам қоқыстар шығарылды. Советский, Новый және Юбилейный көшелерінің тұрғын-дарының өз күштерімен 5 контейнерлі алаңдар орнатылды, қоқыстарды шығаруға «Өскемен тәртіп» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен шарттар жасалынды. Жеке секторлармен де «Өскемен тәртіп» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен шарттар жасалынды.

Округте білім беру, денсаулық сақтау, кедейліктің деңгейін төмендету, көші-қон саясаты, демографиялық даму, мүгедектерді сауықтыру және басқа да жүйе-лердің салалық бағдарламасының дамуы іске асырылуда.

2010 жылы Меновной ауылдық округі тұрғындарының қатарынан 275 адам жұмысқа орналасуға өтініш етті, 176 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 22 адам орналастырылды. Жастар практикасына 24 адам, қоғамдық жұмыстарға 45 адам жіберілді.

Кәсіптік білім алу курстарында 5 адам оқыды, оқудан кейін 5 адам жұмысқа орналастырылды.

2011 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 32 адам-ды құрайды, оның ішінде әйелдер – 24 адам немесе 75 пайыз.

2010 жылы «Кедейлік деңгейін төмендету» бағдарламасы аясында округ бойынша :

● тұрғын үй көмегі - 854,41 мың теңге сомасында 73 адамға;

● «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек» - 453,14 мың теңге сомасында 42 адамға;

● «18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы» - 179,09 мың теңге сомасында;

● «аса қажетті және жағдайы нашар отбасыларына материалдық көмек» - 174,9 мың теңге сомасында 28 адамға

● «жағдайы нашар отбасыларына отын алуға материалдық көмек» - 525,0 мың теңге сомасында 35 адамға тағайындалып, берілді.

Округтің білім беру жүйесін толық жетілдіру және дамыту бойынша шаралар қабылдануда. Меновной ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша шараларды орындай отырып, Өскемен қаласының мектептерінде 2010 жылдың 12 айында келесі жұмыстар атқарылды:

2010 жылы Меновной ауылдық округінің төрт мектебіне республикалық бюджет және қалалық бюджет есебінен қаржыландыруға 261 639,0 мың теңге қаржы бөлінді, соның ішінде:

Ахмер мектебіне 97 347,0 мың теңге;

Меновной мектебіне 78 803,0 теңге;

Ново-Явленка мектебіне 55 471,0 теңге;

Ново-Троицкое мектебіне 30 018,0 теңге.

Ауылдық жерде тұратын жетім балаларға және тұрмыстары нашар отбасылар-дың мүгедек балаларына және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен қатар тұрмыстары нашар отбасылардың балаларына жазғы мектеп жанын-дағы лагерлеріндегі тамақтарына жалпы білім беру қорынан 1 937,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде:

Ахмер мектебіне 775,0 мың теңге;

Меновной мектебіне 869,0 теңге;

Ново-Явленка мектебіне 271,0 теңге;

Ново-Троицкое мектебіне 22,0 теңге.

2010 жылдың жаз маусымында Меновной ауылдық округінің оқушыларына демалыстар, сауықтыру ұйымдастырылды. Тегін жолдамамен қаладан тыс лагерлерде 42 оқушы дем алды, ақылы туристік жолдамаммен 15 оқушы, сауықтыру алаңында 42 оқушы, Ново-Явленка ауылының 1 оқушысы Семей қаласында болып қайтты.

2010 жылы оқушыларды мектепке дейін апарып-әкелуге - 1855,0 мың теңге қарастырылды. «Жол картасы» жобасы бойынша жалпы білім беру мектептерінде мектепке дейінгі шағын-орталықтар ашуды ұйымдастыру үшін бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 52 266,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Ахмер мектебіне 75 балаға – 15 774,0 мың теңге;

Меновной мектебіне 75 балаға – 17 245,0 теңге;

Ново-Явленка мектебіне 50 балаға – 13 375,0 теңге;

Ново-Троицкое мектебіне 25 балаға - 5872,0 теңге.

2010 жылдың маусым айында Ново-Троицкое ауылнда балалар және жасөспірімдер клубы ашылды. Ахмер, Ново-Явленка, Ново-Троицкое ауылдарының мектептерінде психо-неврологиялық диспансерия инспекциясының есебінде тұрғандар жоқ. Меновной ауылы мектебінің 2 оқушысы аталған орында есепте тұр. 2009 жылы 5 оқушы болатын, бұның өзі мұғалімдердің кәсіптік білімділігі деп есептеймін.

2010 жылы оқу-тәрбиелік үдерісін материалдық-техникалық жабдықтау, білім беру құрамын жетілдіру үшін мектептерге тауарлар сатып алу үшін 1 776,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, соның ішінде:

Меновной орта мектебіне асханаға арналған техникалық құралдарға – 546,0 мың теңге сомасында;

Ахмер орта мектебінің қазандығының электрмен жабдықтау көзінің апат жағдайына – 1 250,0 мың теңге сомасында.

Меновной ауылында «Огонек» мәдени-бос уақыт өткізу орталығы қызмет етеді. Округте өтетін барлық мерейлі және маңызды күндерге арналған мәдени-жаппай шаралар аталған орталықпен өткізіледі. Ауылдарға барып мерекелік шаралар жүргізіледі.

Меновное ауылында барлық елдімекендерге қызмет көрсететін кітапхана бар.

Ауылдық округтің елдімекенінде және саяжай аймақтарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыспен күресті ішкі істер органдарымен құрылған № 20 жедел аймақ және қалалық ішкі істер басқармасының аттылар взводы жүргізеді. Күнделікті учаскелік инспекторлар жедел жағдай бойынша әкімді хабардар етіп отырады. Өкінішке орай қылмыстық істерді түбімен жойып жіберу мүмкін емес. 2010 жылдың 12 айында 165 қылмыстық істер болған, оның 79 ашылды, қылмыстарды ашу пайызы 47,8 құрайды. Ішімдікті, есірткі, психотропты және психоактивті заттарды қолданатын алдын алу есебінде 94 адам тұр.



Әлеуметтік-экономиканың дамуы, ақпараттық-идеологиялық жұмыстардың белсенділігін, саяси партиялар мен азаматтық бөлімнің қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас жасауын, саяси-қоғамдық тұрақтылығын, ауылдық округ халқының әлеуметтік әл-аухатының жақсаруы мен билік органдарына деген сенім деңгейін арттыру қабілеттілігін оңтайландырады.

Құрметті ауыл тұрғындары! Ел басымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-тың тапсырмасы бойынша 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізілетін халықпен кездесулер көкейкесті қоғамдық мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттік билік органдардың шұғыл қозғалуына мүмкіншілік туғызады. Бүгін көтерілген барлық мәселелердің шешілуі Өскемен қаласының жергілікті атқарушылық билік органдары мен Меновной ауылдық округінің әкімдігінде тұрақты бақылауда болатыны туралы сенім білдіремін.
Назарларыңызға рахмет!






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет