Мерекелі Алтын күз!



Дата28.04.2016
өлшемі38.83 Kb.

Мерекелі Алтын күз!


Мақсаты: Балаларға күз туралы түсінік беру. Ой - өрісін, тілін дамыту. Жылдың төрт мезгілін айыра білу.

Тәрбиеші:

Тырна көкте тыраулап,


Қош,қош айтты,
«Кеттім» - деп
Шөптің басына қыраулап,
Күзде келіп «жеттім» деп.
Құрметті ата – аналар, балалар күз мерекесіне арналған «Мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Күз кіреді



Жасұлан:
Алақай,күз келді.
Қарық қып жеміске,
Сарғайды түз, белде.
Толқысын егіс те.
Дильназ:
Алмұрт алмасы,
Жүзімі өрікпен;
«Біреуін таңдашы» -
Дегендей көрікпен.



Күз: Тәрбиеші апай менің арманым бар. Сіз, қалай ойлайсыз мен өз арманымды айтсам балалар орындай ма ?
Тәрбиеші: Айтып көріңіз.Балалар тыңдайық. Күздің қандай арманы бар екен?
Күз: Мен көптеген мерекелерде болдым: өлең, ән, тақпақтар тыңдадым. Ал мен қазір ертегі көргім келіп тұрғаны. Маған ертегі көрсете аласыңдар ма?
Тәрбиеші: Балалар біз қандай ертегілерді білеміз есімізге түсірейікші.
Балалар: «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Алдар көсе мен бай», «Қасқыр мен жеті лақ».
Тәрбиеші: Балалар күзге қандай ертегі қойып берейік?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісін.
Тәрбиеші: Ал, балалар ендеше ертегіні бастайық, күздің арманын орындайық.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де Ата мен Әже болыпты.



Ата - Салауат: Кемпірім бауырсақ пісірші.
Әже - Наргиз: Жарайды шалым – ау пісірейін.
Қоян - Ерхат: Сен кімсің? Қандай әдімісің? Иісің қандай әдемі.




Бауырсақ - Жасұлан: Мен бауырсақпын.
Қоян: Дәмді шығарсың мен сені жеймін.
Бауырсақ: Қоян мені жемеші. Мен саған өлең айтып беремін.
Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.
Тәрбиеші: Қоян не болды?
Қоян: Бауырсақтан айырылып қалдым қашып кетті.
Тәрбиеші: Сен ренжіме одан да бізбен бірге көңіліңді көтер. Балалар би билемекші.
Би: «Жапырақпен»
Бауырсақ әндетіп билеп, жерден жапырақ теріп, қыдырып келе жатса, алдынан қасқыр шығады.




Қасқыр- Нұрсәлім: Сен кімсің? Мұнда не қылып жүрсің?
Бауырсақ: Қасқыр сен, мені жеме мен саған әдемі өлең айтып беремін.
Қасқыр: Сен не өлең айта аласың ба?
Бауырсақ: Әже қойма тырмалап,
Екі уыс ұн жинаған.
Бал қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.
Қасқыр: Аузын ашып, тұрып қалады.
Ызаланып аспанға қарап ұлиды.
Тәрбиеші: Қасқыр сізге не болды?
Қасқыр: Қарным ашып тұрғанда, бауырсақ қашып кетті.
Тәрбиеші: Сіз ренжімеңіз оданда біздің балалардың биі, тақпақтарын бар соны тамашалаңыз, күз мерекесіне арнап жаттаған.
Қасқыр: Бауырсақ тағы келді ме?
Тәрбиеші: Күтіңіз келеді. Ендеше балаларды өлеңін тыңдайық.
Ерхат:

Ой, балалар, балалар,


Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егін орыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойнайық та, күлейік,
Мәз боп, бірге жүрелік.
Жанура:
Күз сыны бәрі де,
Табиғат дәулеті.
Туған жер әрі де
Күзбенен сәулетті.
Мадияр:
Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.



Кәусар :

Алтын сары, қызыл, көк

Алуан-алуан жапырақ

Амира:

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Мерей:

Күн шуақта маужырап

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

Жұмбақ: Жарып жаңғақ – жөрігін.
Қызыл моншақ тергені(Анар)
Балалар біз тақпақ, өлең, жұмбақ шеше алады екенбіз.

Ендігі кезекті әнге берейік.


«Алтын күз» әні
Тәрбиеші: Ой, балалар қандай керемет , рақмет.
Бауырсақ: Адасып жүріп әндетіп билеп секіріп келе жатса алдынан аю шыға келеді.




Аю- Дидар: Сені танимын. Иісің қандай әдемі, түрің пішінің қандай дәмдісің – ау, ә деп жақындағанда бауырсақ секіріп кетеді.
Бауырсақ: Аю тоқташы мен саған әдемі өлең айтып беремін.
Аю: Қандай өлең?
Бауырсақ:

Әже қойма тырмалап,


Екі уыс ұн жинаған.
Бал қаймаққа былғаған,
Пісіріп маймен сылаған.
Аю: Тоқта, тоқта бауырсақ,- деп жүгіріп бара жатып, жерге құлап аяғын ауыртып алып жылайды.
Тәрбиеші: Жарайды жылама сен нені жақсы көресің, соны айтшы.
Аю: Мен балды, вареньені жақсы көремін.
Тәрбиеші: Ал сен кәмпитті жақсы көрерсің бе?
Аю: Әрине егер ол тәтті болса, неге жақсы көрмеймін.
Тәрбиеші: Ал балалар біз аюға кәмпит тасу ойынын ойнайық.
Ойын: «Кәмпит тасу». Ата – аналармен ойнау.

Екі командаға бөлініп, үш баладан алты баланы себетке кәмпитті тасу ойынын ойнайық.


Екі командаға бөлініп, үш баладан алты баланы себетіне кәмпитті боксшы қолғабымен тасу.
Бауырсақ: Келе жатса алдынан түлкі бикеш шыға келеді.




Түлкі- Кәусар: Ой, мынау бауырсақтың әдемісін – ай!
Бауырсақ: Мен сізге өлең айтып беремін. Маған тимеңізші деп тәрбиешінің артына тығылады. Осы кезде күз келіп.
Күз: Түлкі сен бауырсаққа тиіспе.Одан да бұл мерекені бұзбайық, ойын ойнайық балалармен.




Ойын: «Картоп жинау»

Күзде картопты қалай жинап алады екен.


Түлкі өзіне жинайды.Күз өзіне , балалар жинайды.Екі команда болып.
Тәрбиеші: Күз біздің мерекеміз сізге ұнады ма?
Күз: Әрине ұнады.
Тәрбиеші: Күз сізге арналған «Қара жорға» биін орындап берейік.Би.
Күз: Балалар мерекелерің өте жақсы екен. Мен енді кетейін, ал түлкі бикеш сен бауырсаққа тиіспе.
Түлкі: Жоқ, мен бауырсақты жемеймін. Мен тек, тауық етін, әтешті, қаймақты жеймін деп қылмыңдайды.

Ән : «Қуырмаш»


Күз: Ал тәрбиеші апай менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін.Сіз балаларға таратып беріңіз. Ал, балалар мен қайтып келгенше, аман сау болыңдар.
Тәрбиеші: Күз бізге сыйлық әкеліп бергеніңізге рахмет! Сіз де сау болыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет