МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет11/15
Дата03.04.2016
өлшемі2.71 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ТӘКИЕ - Тақия. М-Ж. Көпеев ќолданысындаѓы «ќазаќ таќиясы», «таќия ‰й» тек ќана ѓаріп - ѓасірлерді ќабылдайтын таќия болмаѓан ќажылыќќа, ислам діні жолына т‰скен адамдардыњ да жатын-орыны болѓан. Мысалы: «Сонан кейін бұл жүз жиырма кісі ортасынан расход шығарып: «қазақ тақиясы» деген тақия салдырып, ол үйді Құнанбай атына жаздырып, мұнан былай қазақтың келген хажы осында түсетұғын болсын деп, қазақтың өзінен ие болып бір шайхы тұратын болсын деп» (Мәшһүр-Жүсіп). Н.Д.Оњдасыновтың айтуынша:Тєкие − 1) кезбе, жићанкез, ќањѓырушыларды ќабылдайтын ‰й, жай, орын; 2) дєруіштердіњ т±ратын ‰й-жайы; 3) тірек, таяныш, с‰йеніш. Б.Сапаралы: «Сол ќазаќтан барѓан аќылдасып, Меккеден ќонаќ ‰й салѓызбаќ болады. Ќаражаттыњ кµбін Мырќы берсе керек, басќа ќажыѓа барѓандар елге ќайтќанда, Ќ±нанбай ќалып, екі айдай жатып, ќонаќ ‰йді бітіріп, «Ќазаќ Ќ±нанбай таќиясы» - деп жазѓызып елге ќайтады» Х.Маданов: Ќ±нанбай, Мырќы, Досжан хазіреттердіњ 1876 жылы меккеге барып, одан µлењмен жазылѓан шежіре алып келгенін жазады. Тєкиені арѓын Ќ±нанбай салѓандыќтан б±л таќия бірнеше кісіден µтіп барып, кіші ж‰з Досжан халфеніњ ќолына µтеді. Демек, тєкиеніњ салынѓаны шындыќ. «Мекеде уыќып ‰й салып, Пєтер ќып, жаќќан шыраќты демей ме?» -дейді Абай; Тєкие//таќия: є/а Сол сияқты: к/ќ дыбыстырдың өзгерісінен қалыптасқан. Оныњ (тє+кие) тєжім ететін ‰й дейтіндей ислєм дінімен ешќандай ќатысы жоќ. Түйін. М-Ж. Көпеев Мекеге барып, қонақ үй (гостиница) тақия салдырғаны тарихтан белгілі. Сондықтан да «тақия» баспана сияқты қолданылған.

Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 252.



ТОЗАҚ جهنم – адам баласы кеудесінен Жаны шығып, дүниеден қайтқаннан кейін Жан күнаһар болса азапталып, жазаланатын азап орны, жанның мәңгілік мекені. Мұндай жерге ең алдымен Аллаһқа, үкімдеріне қарсы келіп, оған серік қосқандар. Мұндай адамдар кәпір болады. Ислам жолынан өзге харам жолдарда кеткендер, Адам хақысын жеп, кісі өлтіргендер, Аллаһқа құлшылық қылудан бас тартып, Аллаһтың емес дүниенің құлдығына бас ұрғандар Аллаһтың әмірімен осы азап мекеніне айдалады. Шексіз азап, адам баласының тілі жетпейтін мәңгі қиындық көреді. Аллаһтың қаһарына іліккендер ол мекенде мәңгі қалып, ал кешірілгендер жазасын өтеген соң қайта жұмаққа қайтарылады.

Азап түрлері ауырлығына қара арта бергендіктен оның жазасы да түрліше болады, сол себепті тозақтың да түрлері бар.



  1. Жаһаннам;

  2. Жаһим;

  3. Сақыр;

  4. Сижжил;

  5. Һадилазад;

  6. Хатм

  7. Тамұқ.

Қазақ ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармалары діни жырлар болғандықтан тозақ туралы мәліметтер табуға болады. Ақын дінді жырлап қана қоймай, адамзат баласын ислам дініне шақырып, адал жолмен мейірімді түрде салиқалы өмір сүруге үндеу тастап жүргендігі ақиқат. Сол себепті Мәшһүр-Жүсіп «тозаққа» да тоқталған. Мысалы:

«Тозақ оты қиын!» - дейді, -

Жұрттың бәрі солай сөйлеп.

Мұнан артық от болар ма,

Зағыпырандай жүзі солмақ?!

- деген. Ақын шығармаларының ішінде тіпті тозаққа байланысты бесінші бап «Жеті тозақ баянын» жазған.

... Тозақтың ғазабы бар тастан қатты,

От жанып, қайнатады адамзатты.

Отыны адам мен тас – ол тамұқтың

Құранда мазкор болған көр аяты.

Ішінде әр бөлменің жетпіс орын,

Қайнатар оған кірген жанның сорын.

Әр орында жетпіс мыңнан жыландар бар,

Жаралған һаммалары соның бұрын.

Ғазап бар, заһар, зақым бәрі де анық

Жазалы дамыл-дамыл жатар жанып.

Сол жыланның бір демі шықса титтей,

Бұл дүние бір сағатта кетер жанып.

- дейді. Данагөй ақынның тозақ жайында жазғандары басқа да өлеңдерде кездеседі. Осыдан ақынның дінге деген көзқарасының жетік, білімі артық екенін байқаймыз.

Әдеб.: Лүтфи Шентүрк Исламда сенімнің негіздері. Анкара – 2000. –Б. 76. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 86.

ФИРДАУС فردوس – сегізінші жұмақ. қ. «Жұмақ».

ІНЖІЛ إنجيل – Исаѓа (а.с) т‰скен кітап. Інжіл «с‰йінші, таѓылым» деген маѓыналарды білдіреді. Ќ±ранда: «Біз пайѓамбарлардыњ артынан Мєриям ±лы Исаны µзінен б±рын т‰скен Тєуратты растаушы етіп жібердік. Оѓан (Исаѓа): µзініњ алдында т‰скен Тєуратты растаушы єрі таќуаларѓа тура жол жєне н±рды ќамтыѓан Інжілді бердік (Маида с‰ресі, 46.)», - делінеді. Ќазіргі тањда Інжілдіњ Аллаћ Таѓала тарапынан т‰скен т‰пн±сќасы жоќ. Христиандардыњ ќолында «Жања хабар» атты кейіннен адамдар тарапынан ќ±растырылып жазылѓан єр т‰рлі кітаптар бар. Б±лардыњ тµртеуіне «Інжіл» делінеді. Б±л Інжілдер Иса (а.с.) д‰ниеге келген соњ 325 жылдан кейін халыќ арасында кењінен тараѓан, бір-біріне ќарама-ќайшы пікірлерге толы Інжілдіњ кµптеген н±сќасынан тањдалып, ќ±растырылѓан. «Мата», «Маркос», «Лука», «Югонна» делінген адамдардыњ атымен аталатын б±л тµрт Інжілдіњ ішіндегі баяндалатын оќиѓалар бір-бірімен м‰лде сєйкес келмейді. Бірінде харам делінген нєрсе екінші бірінде адал болып жатады.

Мєшћ‰р-Ж‰сіп Кµпеев «Миѓраж» дастанында Алла Таѓала тарапынан адамдарѓа Пайѓамбарларымыз арќылы жеткен кітаптарға тоқталған. Мәселен:

Исаѓа «Інжіл» берсем, сен де жоќ па?!

Інжілден с‰ре ыќласы кем болып па?

Дєуітке «Забур»берсем, саѓан «Ясин»,

Ясинге басќа кітап тењ болып па?!

Не Інжіл, не Таурат, Забурде жоќ,

Жын-пері С‰лейменге ќараса кµп.

Періште ќызметіње т±рмады ма?!

Солардыњ ќалѓаныњ ба осал-аќ боп?!

- десе, тағы бір жырында:

Алланың өзі жалғыз, құдіреті кең,

Бір ғажайып аты бар дүр, заһары – мың.

Таурат, Інжіл, Забурда – тоғыз жүзі,

Құранда тоқсан тоғыз аты бар шын

- дейді. Інжіл жайында ақынның шығармаларынан көптеген мәліметтер алуға болады.



Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 154. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 318. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115.

ЯСИН ­ يس ќасиетті Ќ±ранныњ 83-аяттан т±ратын 36-с‰ре. Б±л с‰ре Меккеде т‰скен. С‰реніњ таќырыбы «йа» жєне «син» єріптерініњ ќосындысынан ѓана т±рѓандыќтан, адам баласыныњ аќылына сыймайды. Сондыќтан, б±л «йасин» сµзініњ маѓынасын тек Аллаћ ќана біледі деп кµрсетіледі. Бұл с‰ре «Ќ±ранныњ ж‰регі» деп ерекше дєріптеледі. Осы с‰реде тура жолѓа т‰сіп, Аллаѓа серік ќоспайтындар, Аллаћ ємірімен ж‰ріп, пайѓамбардыњ с‰ннетіне ергендер, µзіне де, µзгеге де зияны тимеген жандарды ќияметте жєннаттіњ тµріне шыѓарып, аса ‰лкен ќ±рмет кµрсететінін жєне кері ж‰ріп Аллаћтыњ ќаћарына ±шыраѓан залымда тозаќта отын ретінде ж±мсалатынына Ќ±ран атымен Аллаћ серт береді. Сондай-аќ, б±л с‰реде Аллаћтыњ т‰рлі ќ±діреттері аталып, дєлелел етеді. ¦лы Аллаћ т‰рлі кемшіліктен пєк екені баяндалады.

Аќын Мєшћ‰р-Ж‰сіп-Кµпеев те µз µлењінде Ясин с‰ресі жайында былай айтќан:

Исаѓа «Інжіл» берсем, сен де жоќ па?!

Інжілдіњ с‰ре ыќласы кем болып па?

Дєуітке «Забур» берсем, саѓан «Ясин»,

Ясинге басќа кітап тењ болып па?!



Әдеб.: Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 2 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 217. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 154.

БИСМИЛЛӘҺ -(بسم الله ) –би арабтың тіліндегі грамматика бойынша -мен -бен –пен көмектес септігінң жұрнақтарын білдіреді. «исми – есім, аты», ал, «ллаһи – Аллаһ» сөзінен шығып, жалпы мағынасы «Аллаһтың есімімен». Бұл сөзді толық түрде айтқанда: «Бисмилләһи – рахмани - рахим» яғни «Мейірімді, рахымды Аллаһтың атымен бастаймын»деген мағына береді. Ислам дінінің негізін қалаушы, адамзаттың сұлтаны хазіретті Мұхаммед (с.а.с.)-ға пайғамбарлық келгенде, Аллаһ Құранның алғашқы «Ғалақ» сүресінің 1-2- аяттары: «Оқы! Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!» - деп, түскен. Содан бастап күллі мұсылман халқы әрбір істің басында, Құран оқығанда, әрбір амал-қимылда, тіпті шошынғанда да «Бисмилләһи рахмани рахим» деп, Аллаһтың есімімен бастайды. Себебі, Аллаһтың есімімен басталған дүниеге шайтан араласа алмайды деген ұғым бар.

Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің дінижырларында да «Бисмилләһ» сөзі жиі кездеседі. Мысалы:

Бастаймын пісмілләдан сөздің басын,

Екі елу он бес дейді ердің жасын.

Кей надан ғалымдарға қас болады,

Айтайын соның бірер хикаясын

- дейді. Ақын бисміллә және пісміллә п/б вариантын қолданған.

Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 74, 25. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. (Екі томдық шығармалар жинағы). – Алматы, 1990. –Б. 140.

ӘЛХАМДУЛИЛЛА (الحمد الله) – араб тілінде «әл» артиклі белгілі халдегі сөзге қосылып айтылады да, «хамд» сөзі «мақтау, мадақ», «лиллаһ» «Аллаһқа» деген мағыналарын береді. Яғни діни мағынасы: «Әлемдегі күллі мақтаулар мен мадақтарға тек Аллаһ ғана лайық». Мұсылман жұрты бұл сөзді бір-бірімен хал сұрасқанда, бір істі аяқтағанда, жақсы бір нығметке бөленгенде, шүкіршілік еткенде айтады. Бұл сөздің: әлхам, алхамду, алхамдилла, алхамдулла, әлхамдүлелла, алхамділилла, әл-һамду-лилла т.б. варианттары бар. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларында да Аллаһты мадақтау сөздері кездеседі. Мысалы:

Көзден соң мұрынына жан беріпті,

Жыбырлап сонда мұрын түшкіріпті.

Аузына жан барған соң, хамд айтып,

Дегенде: «Әлхамдулилла!» - тіріліпті.

Ақынның шығармалары діни лирикаға жазылғандықтан басқа да өлең – жырларында Аллаһты мадақ ету, шүкірлік етуде алхамдулиллаһ сөзі қолданған.



Әдеб.: Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 41. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО», ҒӨФ, - 2003. –Б. 122.

ФАТИМА БИНТ МУХАММАД ­ Ислам дінін негізін салған пайғамбарлар мөрі әрі адамзаттың асылы болған хазіретті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ең кенже, ең сүйікті әрі пайғамбарымыздың пәк ұрпағын жалғастырған қызы. Ол пайғамбарымыздың ең алғаш Ислам дінін дүниеге әкелгенде алғаш иман еткен, асыл жары Хадиша Кубрадан Пайғамбарымызға әлі пайғамбарлық міндеті берілместен аз ғана уақыт бұрын дүниеге келген. «Қаралы жылда» Хадиша Кубра дүние салып, Фатима ананың аялы алақанынсыз қалады. Мейірімділік Пайғамбары (с.а.с.) оған әрі әке, әрі шеше бола білді. Өзінің ұрпағын осы қызы жалғастыратынын сезіп білген Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны көзінің қарашығындай көретін. Хазіретті Фатиманы сахабалар да жақсы көріп, құрмет көрсететін. Әкесіне аумай тартқан оны «Умму Әбиһа» (Әкесінің анасы) деп атайтын еді. Бұл жайында Хазіретті Айша (р.а.) анамыз: «Фатима үйге кіргенде Расулаллаһ орнынан тұрып, қызының маңдайынан сүйіп, өз орнына отырғызатын. Пайғамбар оның қасына барған кезде ол да орнынан тұрып, әкесін сүйіп, өз орнын беретін. Жүріс-тұрысы, мінез-құлқы жағынан Аллаһ Расулына Фатима сияқты ұқсас адамды көрген емеспін. » - дейді. Сахабалар арасында хазіретті Әбу Бәкір (р.а.) және Омар (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.а.с.) туыстық қатынас орнату үшін оның сүйікті қызына құда түседі. Фатимада хазіретті Әлидің де көңілі болған еді. Аллаһтың әмірімен Мұхаммед (с.а.с.) Әлиге (р.а.) қызын қосып, некесін өзі қияды. Бір жылдан кейін хазіретті Хасан мен Хусейн дүниеге келді. Мұхаммед (с.а.с.) «Дүниеде иіскеп сүйген қос райханым» деп екі немересін екі тізесіне отырғызып, ерекше еркелететін. Пайғамбарымыздың мүбәрәк ұрпақтары осы екі немересінен тарады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанда хазіретті Фатимаға өмірдің мәні қалмады. Күндіз-түні көз жасын төгіп, жүрегі қан жылады. Пайғамбарымыздың жоқтығына алты ай ғана шыдай алды. Хазіретті Фатима хижраның он бірінші жылының рамазан айында ақтық сапарға аттанды. Жаназасын құдай қосқан қосағы хазіретті Әли өзі шығарды.

Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің діни лирикасында Мұхаммед пайғамбарға, оның өміріне арнап жазған жыр-дастандарында осы хазіретті Фаима анамыз жиі айтылады. Себебі, хазіретті Фатиманың барлық өмірі мүбәрәк әкесі Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбармен тығыз байланысты еді.

Ақын хазіретті Фатима жайлы «Ғалының ниеті» атты өлеңінде былайша деген еді:

Дүлдүлді сояйын деп сыртқа шықса,

Фатима намаз оқыр хұжырасында...

-деп діндарлығын көрсетсе:

... Дұғасы Фатиманың қабыл болып,

Тағамы сегіз жұмақ көшкен екен...

- деп, Аллаһтың сүйген құлы екендігін дәлелдейді. Сондай-ақ Фатима қыздың мүбәрәктігі мен хазіреттілігін мына өлең жолдарымен сипаттаған:

Фатимаға қонаққа келген жанға

Құдайым тозақ отын арам етті...

- дейді. Бұл өлең жолдары ақынның жазған бір ғана өлеңінде жырланса, басқа да жыр-дастандарда түрліше сипаттарын ашады.



Әдеб.:Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар –Алматы, 2004. – Б.238-243. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 64-65.

ЖЕБІРЕЙІЛ (جبرئل) – періште қ. «ЖӘБІРЕЙІЛ».

ӘЛИ ӘЛ- МУРТАДА ­ Негізгі аты ­ Әли ибн Әбу Талиб ибн Әбу Муталиб ибн Хишам ибн Әбди Манап ибн Қусаий ибн Киләб ибн Мурра ибн Кағб Луей Әл-Қураиши Әл- Хашими. Ол Хижрадан жиырма жыл бұрын дүниеге келген, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ағасы Әбу Талибтің шаңырағындағы кенже ұл. Хазіретті Әли төрт ұл мен тоғыз қыздың әкесі. Фатима анамыздың көзі тірісінде ол екінші рет үйленбеген. Мүминдердің әміршісі, жәннәтпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) күйеу баласы, Аллаһтың арыстаны, ғылым қаласының қақпасы ретінде танылған төртінші халифаның ғұмыры дастанға толы. Оның шыншылдығы, батырлығы, Расулаллаһқа (с.а.с.) жақындығы, тақуалығы және парасаттылығы кейінгі ұрпаққа өнеге. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғұмыр кешкен уақытындағы маңызды соғыстарға қатысып, сайыпқыран батырлықтың үлгісін көрсетті. Әлиге (р.а.) тағдыр тамаша сыйын тарту етіп, оны Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қарауына алды. Ол кезде Әлидің жасы бесте еді. Ол тарих деректеріне қарағанда 9-10 жасында мұсылманшылықты қабылдады. Әлидің (р.а.) аты аталғанда қас батырдың жау жүректігі мен жауынгерлігі дұшпандарын тітіркендіретін еді. Табук шайқасынан басқа Ислам үшін жасалған бүкіл шайқастарда ол аңызға айналарлық ерлік танытты. Табук соғысына Аллаһ Елшісінің арнайы бұйрығы арқылы қатыспады. Соғыстың мезетінде дұшпандардың бала-шаға мен әйелдер мен аналарға, қыз-келіншектерге тиіп кетуі мүмкін деген қауіппен Мадинада қалады. Ол Хайбар, Ухуд, Бадр соғыстарына қатысып, көптеген жеңістерге қол жеткізді. Ерлігіне риза болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) риза болғаны соншалықты, Әлиге Зульфиқар қылышын сыйға тартты. Ал Әли болса сол қылышты өмірінің соңына дейін өзімен тастамады. Аллаһтың Елшісі дүниеден өткен кезде де барлық жерлеу істерінің рәсімдерімен тікелей Әли (р.а.) айналысты. Омар (р.а.) халифа болғаннан кейін халифа болған осы Әли (р.а.) болды. Ол сахабалардың арасындағы аса білімділердің бірі еді. Ол уахиді хатқа түсіргендердің бірі. Құранды Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден өткен соң алты ай ішінде жинастырды. Әлидің халифалығы төрт жыл тоғыз айға созылды. Хижра жыл санағының қырқыншы жылы рамазан айының он жетісінде, жұма күннің таңында таң намазын оқуға шыққан Әлиді (р.а.) харижит Абдуррахман ибн Мулжамулы қылышымен басынан жарқаттауының салдарынан, алпыс үш жасында Әли де өтті дүниеден... Жаназа намазын ұлы Хасан оқыды және түнде жерленді. Ислам үмбеті арыстан жүректі, даналық дариясы Әлисіз қалды...

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни шығармаларында Мұхаммед пайғамбардың ғұмыры мен пайғамбарлығын жыр еткенде Әли (р.а.) бірге жырланды. Мейірімділіктің теңізі болған хазіретті Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбармен бірге бар ғұмырын бірге өткізген. Сол себепті Әли де ерекше жырға қосылған.

Мысалы:

Ѓалыѓа пайѓамбарым берді жауап,

Шерленіп жиылѓандар т±рды ќарап.

Егілген Ахтам хазірет балалары,

Ѓалы да жылай берді оларды аяп.
Кµзінен жасы парлап Ѓалы т±рды,

Алдына пайѓамбардыњ таѓзым ќылды:

-Мен ‰шін жанын пида ќылѓан болса,

Иа, таќсыр маѓан р±ќсат бергіл! – деді.


Ѓалыѓа р±ќсат бермей енді болмас!

Ќасына ерері жоќ жалѓыз жолдас!

Сапарын, д±ѓа ќылсам, оњѓарар! – деп,

Ойлады сол арада кµзіне ап жас

- дейді. Ақынның өлеңдерінде Әли Ғалы түрінде айтылады. Басқа да дінилирикасында Мәшһүр-Жүсіп Әлидің басқа да қырларын сипаттап өлеңге қосқан.

Әдеб.:Әділбаев А. Саңлақ Сахабалар –Алматы, 2004. – Б.83-103. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б.- 99.

Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 107.



ЃАЗАЗІЛ-қараңыз: «ІБІЛІС» шайтанның аты. Оттан жаратылған. Адамды жаратқанда барлық періштелер сажде жаса дегенде Аллаһ әмірін тыңдамағандықтан құдайдың қарғысына ұшырап, «лағынет» атанған. Содан бастап, адамды аздырып, түзу жолдан тайдырып, түрлі айла-амалмен адам баласын бақытсыздыққа ұрындыруға тырысады. Өлгеннен соң адам жанының азап шеккенін қалаған Ібіліс тозақты адамдарға толтырмақты көздеген. Аллаһ рахымын жаудырып, Адам ата мен Хауа ананы мәңгі жұмақта өмір сүруге қалдырғанда ғазазілдің азғындығының кеселінен екеуі де жұмақтан қуылады. Екеуін Аллаһ жер бетіне сынақтан өтпек үшін жіберілді. Бұл жайында Аллаһтың қасиетті кітабы Құранда да: «Єй Ібіліс! Сен неге сєжде ќылушылармен бірге болмадыњ» деді.» Ібіліс: «Сен бейнеленген ќара балшыќтыњ кеуіп, сыњѓырлаѓанынан жаратќан адамѓа сєжде етуіме болмайды» деді» - делінген. Қиямет күні төнгенше әр қадамда алдап-арбаумен айналысатын ғазазәл жөнінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те түрліше айтқан еді.

Мәселен:


Ѓазазіл Ж±мысым м±ныменен бітпейді ѓой,

Дегендей Ібіліс лаѓын болмады шат.



- деген. Е.Ж‰сіпов ақынның «Ібіліс лаѓын, шайтан хикаясы» шығармасын талдаѓанда: осы орайда барлыќ періштелер мойынс±нѓанда, оттан жаралѓан µзін, топыраќтан пайда болѓан адамнан жоѓары санайтынын мєлімдеп, Ібіліс кµнбегені, сонысы ‰шін жазаѓа ±шыраѓаны келтіріледі. Кейін жаза µтеу мезгіліне шегеру болѓанда, Ібіліс б±дан кейін адамдарды алдау жолына т‰сетінін мєлімдейді. Рүстемовтің айтуынша: Ібіліс [іблис: сатана, дьявол, черт] - 1. рел. ибилс имя дьявола, созданного из огня ангела, который отказался поклониться сотворенному Аллахом из глины адам, за что был низвергнут с небес. Л.Гумилев: Ібілістіњ отпен байланысы барлыѓын жазады. Батыс хандардыњ аттары да жиі кездеседі: «Иби» - «Ибрис» (барыс). Бухатын Базилхан: кµне мон. гол. ірбіс, хал. хамон. ирвэс, ќаз. ілбіс, леопард –. Кейбір деректерде: албасты < албарсты т±лѓалары: албас < албарыс сµзі –лы//-ты ж±рнаќтары арќылы пайда болѓан дейді. Албарыс сµзі алтай-шор мифологиялыќ бейнеде ара парс, ала марс (немесе алты кöст‰ ала парс) - ертегі єлеміндегі мысыќ баќсыныњ тері керілген аспабыныњ т±тќасында салынѓан тіршілік иесіндегі бейне. Тура маѓынасында алты кöст‰ ала парс `алты кµзді ќызыл ала барыс` жєне хакас тілінде ќатарласа. алты кöстиг ак чагал, алты кöстиг пай чагал `алты кµзді аќ жыртќыш ањ, алты кµзді текті жыртќыш–баќсыныњ тері керілген аспабыныњ бір тетігініњ аты. Сонда да кењ тараѓаны жыртќыш ањ (шакал) емес, барыстыњ бейнесі болды. Б±л жµнінде сіб.-тат. илбис `барс, тигр`; ќырѓ. илбирс `ирбис, ќар барысы`, як., тув. илбис `ашулы ќ±дай, соѓыс ќ±дайы`, алт. илбис `жер мен судыњ т.б. аруаќтары. Ала `ќызыл ала` эпитеті `ала парс` халаќ этимологиясын еске т‰сіреді. Ењ алдымен албарс сµзі, *элбэрс (мына елдерде илбирс, илбис:тат., ќырѓ., хакас., як., тув. ), ал-барс немесе ал барс-ы `ашулы аруаќ ал барыс т‰рінде болѓан. Кµптеген Азия халыќтарында: якут, т‰рік, армян, парсы, тєжік, к‰рттер де - албасты (албаста) от (ал) аруаѓы л. Т‰ркімендерде л, л-арвах `ќорќынышты т‰с, аруаќтыњ рухы, ±йќыдаѓы адамныњ бастырылуы` (аравх `µлгенніњ аруаѓы`), ќырым татарларында ал карысы `ашулы аруаќ кемпір, босануѓа бµгет жасайтын` (кары `кемпір`). Аруақ – души умершихъ, предковъ, призракъ. Иран халќында ал, л - `оттыњ аруаѓы, от басыныњ иесі, `баланыњ тууын созады` (ќара.: тєжік., ауѓан. модариол `от анасы`: модар `ана`, ол `от`). Жалпы алѓанда ал жєне барс сµздері бірлікте алѓанда: ал барс ирандардан ауысуы м‰мкін. Кейбір монѓол жєне т‰рік тілдерінде албас, албарыс аруаѓыныњ бірнеше варианты бар: албан, албын, алмыш, албар, м‰мкін монѓол тіліндегі ал барын `ал-барыстан` шыѓуы, ќарањыз.: монѓ. бар, барун, барин `жолбарыс, барс` (ауслаут с-ныњ т‰сіп ќалуын былай т‰сіндіруге болар еді, м‰мкін с кµне монѓолдыќ кµптік ж±рнаќ ретінде ќабылданѓан) (–із//-ыз кµне кµптік маѓына беретін ж±рнаќ ретінде ќарастыратыны т‰ркі тілінде де бар-автор). Бір ќызыѓы, монѓол халќы алби, албан, альбан сµздерін от аруаѓы - деп т‰сінеді. Шайтан, пері, дию, жын мұсылман дініндегі - ғажайып ыбылыстарды жатқызады.

Түйін. Ібіліс > барыс сияқты діни мифология дәрежесіне дейін көтерілген аңның аты болуы мүмкін. Ыбырсып-сөзі осы ыбылыс<>ібіліс. Қалай дегенмен албасты сөзімен мағынасы жағынан өте тығыз байланысты екендігін зерттеу көрсетті. Ібілістің > ілбріс > илбарыс > ыбылыс > элбэрс > илбис > ірбіс > ала парыс > ал барыс т.б варианттары ұшырасады. Ібіліс пен албасты (қара албасты) байланысты екендігі жоғарыда айтылғандықтан тағы да қайталап жатпаймыз. Қара эпитеті қосылып албастының жаманшылық іс-әрекеті, рөлі одан сайын күшейді. Тілдің даму барысында қара албасты ықшамдалып, қара бассын түрінде айтылған. Мазмұны жағынан бұл екі тіркестің бір бірінен айырмашылығы шамалы ғана. Жүсіп ібіліс лексикасын албасты, ғазазіл сиқты мағынада қолданған. Қара албасты мен қара бассын синоним сөздер екендігі байқалады.

Мәселен:
(Жан) айтар сол арада:

-Ай, Ѓазазіл,

Жанымды ќай жерімнен аласыњ?! – дер

-Калима айт, ќайтарымныњ уаќыты жетті,

Жаныњды мен аѓзањнан алармын ! – дер.


Сµйледі Ѓазазілге аѓза (аѓыз) сонда:

-Ќ±даны зікір ќылдым к‰ндіз-т‰нде.

Ќ±ран оќып бір µзін (±зын), жад ќыламын,

Жол бермен, «Жан алам!» - деп, келме м±нда!

- дейді.

Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. –Б. 108-109. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 183.

БАЛГЕР ­ болашақты болжаушы. [ фал: предсказание, предзнаменование; гадание ] Анықтап бір көрмей көзбен, Бал ашыппыз түшкіріп (Қ.А.). Балгер п. [см. Бал +гир: суффикс] – гадальщик, гадалка, ворожея. Мұны естіп, Кебек кетті өз жайына, Батса да, балгер сөзі шымбайына (М.Ә.). Былтыр мен саған күйеуге шығасың, сонда бір перзент көресің деп едім. Қалай, менің айтқаным келді ме? – дейді балгер («П.ә.»). Сонымен балгер лексемасы бал түбір тұлғасынан және –гер (зергер) қосымшадан тұрады.

Мәшһүр – Жүсіп өз қолжазбаларында осы балгер сөзін де қолданысқа түсірген. Мысалы: Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, жаурын жағып, құмалақ салып айтып отырғаным жоқ.

Немесе:

Ғайып істі балгер мен бақсы айтады,



Құмалақпен тамырын тапса айтады.

Сөзімді жалған айтты деп ойламас – деп,

Ишандар мен қажылар жақсы айтады

- дейді.


Әдеб.: Мәшһүр Жүсіп Көпеейұлы. Қазақ Шежіресі. –Алматы, Жалын. 1993. - Б. 12. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 108. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 57. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. (Екі томдық шығармалар жинағы). –Алматы, 1990. –Б. 98.

Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> М ж. КӨпеев шығармаларындағы кірме сөздер тарихы оқУ ҚҰралы
buuk -> Іскери – КӘсіби қазақ тілі
buuk -> Қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Павлодар Кереку 2009 (07) ббк 81. 2 каз- 9 Қ 17 С. Торайғыров атындағы пму-дың қазақ тілі кафедрасының оқу-әдістемелік кеңесі басуға ұсынған Рецензент
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> М. Аллаберген тарих тудырған тұлғалар
buuk -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Қылмыстық ҚҰҚЫҚ (Жалпы бөлімі)
buuk -> Музыкалық психология, музыкалық білім беру психологиясы, музыкалық іс-әрекет психологиясы Мамандығы «Музыкалық білім беру»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет