«МӘШҺҰр-жұсіп: Өмірдің философиялық МӘНІ, ізденістері» атты оқушылар арасындағы интеллектуалдық сайысының ережесі негіздеме



жүктеу 47.17 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі47.17 Kb.
: files -> blogs
blogs -> Ақсу қаласы гимназиясының тарих пәні мұғалімі Альдекенова Анар Толыбайқызы Тест
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. К. Ахметовтың есебінің тезисіне тұрғындардың сұрақтары, ескертпелері мен ұсыныстарды жинау үшін қойылған жәшіктердің орналасқан жерлері
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Тәуекел хан Пән мұғалімі: Ибраева Б. Ш
blogs -> Сабақ Тақырыбы: Excel-де формулалар мен функцияларды енгізу Сынып: 8
blogs -> Табиғи газ өндіруден алдынғы орындағы ел: а Өзбекстан; в Ұлыбритания; с Индонезия; д Ресей
blogs -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ақсу қаласы гимназиясы
blogs -> Оқулық § 1 Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары Дене құрылымының
«МӘШҺҰР-ЖҰСІП: ӨМІРДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ, ІЗДЕНІСТЕРІ» АТТЫ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫНЫҢ

ЕРЕЖЕСІ

Негіздеме

Мәшһұр – Жүсіп Көпейұлы XIX ғасырдың бірінші жартысы мен XX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын, философ, тарихшы, фольклоршы. М-Ж. Көпейұлы ­ өмір сүрген дәуірі, қоршаған ортасы жағынан, тыныс тіршілігі алған рухани нәрі Абай, Шәкәріммен үндес, жолы бір адам.

М-Ж. Көпейұлының өз тұстарынан артықшылығы ­ бір ғасырды Абаймен аяқтап, екінші ғасырды кеңес дәуірі ақын-жазушыларымен бастады. М-Ж. Көпейұлының ұш кітабы: «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сары арқаның кімдікі екендігі?» 1907 жылы Қазан қаласында жарық көрді.

М-Ж. Көпейұлының әсіресе «Сарыарқаның кімдікі екендігі?» Ресейлік патша үкіметіне зиянды, көтерген идеясы теріс болып көрінді, ақын үзақ жылдар қуғында болды. Бұл кітаптың идеясы қоғамдық формация өзгерген соң да қызыл кеңесшілерге ұнамады.

Кеңес дәуірінде М-Ж. Көпейұлының бар-жоғы 2 томы жарық көрді (1990, 1992 ж.). Ақын шығармаларын, шығармашылығын шыны керек, Қазақстан Республикасы егемендігін алған соң ғана кеңінен насихаттауға мүмкіндік тиді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің «Мәдени мұра» орта арнаулы бағдарламасын қолға алғаны М-Ж. Көпейұлының мол мұрасын жарыққа шығаруға қозғау салды. Айталық, С. Торайѓыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанынан «Мәшһұртану» ғылыми-практикалық орталығы қүрылды. М-Ж. Көпейұлының шығармаларының жоспардағы 20 томдығының 15 томын басып шығарды. Ақын кесенесі 2006 жылдың 11-қарашасында ашылды. Жерлесіміз Мәшһұр Жүсіптің туғанына 2008 жылы 150 жыл толды.

М-Ж. Көпейұлы ғылымның қай саласын алсақ та қалам тартқан кісі. Дін, философия, тарих, фольклор, тіл, шығыс әдебиеті, орыс әдебиеті т.б. Әттең, өкініштісі сол, М-Ж. Көпейұлы Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты Кеңес дәуірінде зерттеліп, халқына ерте танылмады. Сондықтан да, қазақ жұртшылығы түгіл өз үрпақтары, павлодарлықтар да Мәшһұр-Жүсіп Көпейұлының шығармаларын аса тереғ біле бермейді.

Павлодар облысы көлемінде өткізілетін «Мәшһұртану» бағдарламасын дайындау қолға алынды. Ол үшін Республикалық «Абай оқулары» сияқты алқалы «Мәшһұ-Жүсіп оқулары » атты Республикалық байқауын өткізуді қолға алатын кез келді. Осыған орай, республика оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру және ақын, тарихшы-философтың шығармашылығын зерттеу жұмылдыру мақсатында осы турнирді өткізу жоспарланып отыр.


Мәселенің идеясы

- Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы жалпы ұлттық менталитетті қалыптастыруға әсер етеді



Мақсаты:

Міндеттері:

  • Мектеп оқушылары арасында Мәшһұр-Жүсіп шығармаларын кеңінен насихаттау;

  • Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық, философиялық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту;

  • Оқушыларды ақынның шығармаларына, ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру;

  • Ақынның шығармаларын зерттеушілерді, тарихи тұлғаларды, маңызды мәдени тарихи жәдігерлерді жєне өлкетанушыларды облыс, республика мектептерінде кеңінен насихаттау.



Сайысының тәртібі мен шарттары:
Сайыс үш бағытта өтеді.

I - бағыт : «Алдыма өлењ жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»

Мәшћұр – Жүсіп Көпейұлының шығармашылық тақырыптары бойынша мүшәйра. Қатысушылар берілген тақырып бойынша (мысалы, «Анама хат») осы өлеңнің идеясын, тақырыбын дамытып, өздері ойдан өлең шығарып, шығарған өлеңдерін мәнерлеп, образға кіру арқылы оқиды.

- «Анама хат»

- «Ана тілі туралы»

- «Аңыз-хиқаяттар»

- «Ақыл туралы»

- «Тіршілік қамы»


II - бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»

Мәшһүр Жүсіптің философиясына байланысты дайын ғылыми зерттеу Жобасын қорғау (қорғауға берілетін уақыт 7-8 минут). Ғылыми жобаға қойылатын талап, оқушылардың ғылыми жобалар ережесіне байланысты жазылады.


ІІІ – бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»

- Мәшһүр – Жүсіптің шығармашылығы бойынша философиялық эссе жазу ( А4 форматында бір бет, орындалуы 2 сағат).


Бағалау критериі:

«Мәшћүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» оқушылардың интеллектуалды турнирінің бақ сынау үшін қатысатын оқушылардың еңбектері әр бағыттар төмендегідей үпаймен бағаланады:

I - бағыт : «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген.»


  • Тақырыпты қаншалықты дамытты 15 ұпай

  • Оқушының жеке өзінің қөзқарасы 15 ұпай

  • Өлең құрылысы теориялық тұрғыдан қаншалықты сақталды

10 ұпай

  • Мәнерлеп оқуы 10 ұпай

II - бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы»



(теориялық және практикалық маңызы ) 13 ұпай

  • Ғылыми жаңалығы 20 ұпай

  • Қойылған тұжырымдары 20 ұпай

  • Алынған нәтижелері 30 ұпай

  • Жұмыстың орындалу сапасы 7 ұпай

  • Ғылыми жұмысты дәлелдеудегі шеберлігі 10 ұпай

III – бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»



  • Тақырыптың ашылуы 20 ұпай

  • Оқушының стилі 20 ұпай

  • Грамматикалық сауаты 10 ұпай


Марапаттау рәсімі:

Жеңімпаздар (І, ІІ, ІІІ орын) жекелей сынақта анықталады.


Турнирді үйымдастырушылар:

  1. Павлодар облысының білім беру басқармасы.

  2. «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы.

  3. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Мәшһүртану» ғылыми-практикалық орталығы;


Турнирге қатысушылар:

Облыстық турнирге жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және басқа оқу орындарының 5-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.


Жұмыс органдары:

Турнирді дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады.

- облыстық ұйымдастыру комитеті облыстық байқаудың жалпы тәртібін белгілейді;

- тікелей басшылық жасауды жұзеге асырады;

- байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап

қорытады ;



- турнирдің өту барысын БАҚ жариялайды.
Қазылар алқасы:

«Мәшћүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» оқушылардың интеллектуалды турнирінің қазылар алқасы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мұшелерден түрады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет