МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері



жүктеу 1.15 Mb.
бет3/6
Дата02.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5   6
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары

Сұрақтар
1. Махмұт Қашқари пікрінің құндылығы қандай?

2. Жазба ескерткіштердің тілі әдеби тілге ықпалы бар ма?

3. Ыбырай, Абай тілдерінің әдеби тілге ықпалы? Әсіресе Абай негізін салған әдеби тіл туралы не айтасыз?

4. Абай тілін зерттеген Р.Сыздықова Абай тілінің қандай жаңалықтарын атап өтті?

5. Ислам дәуір әдебиетінің әсері қандай?


2. М-Ж. Көпеев шығармаларындағы тілдік арналар
2.1. М-Ж. Көпеев шығармалары және ғасырлар тоғысындағы қазақ әдеби тілі

М-Ж. Көпеевтің әдебиеттегі орны айқындалып, бірнеше мәрте кандидаттық диссертациялар қорғалып, ғылыми айналымға түскеніне міне, бірнеше жылдың жүзі болды. Кез-келген әдебиет тіл арқылы жасалатыны әркімге аян.

М-Ж. Көпеев өзінің шығармаларын қай тілде жазған шағатай, араб, парсы, орыс т.б.? Рас, М­Ж. Көпеев бұл тілдердің бәрін де пайдаланған. Бірақ, соған қарап М­Ж. Көпеевтің тілі әдеби тіл емес деп күдіктенушілер арамызда әлі де болса табылады. Оның үстіне, М-Ж. Көпеевтің шығармаларының біразы діни мазмұнды болып келетіні де шындық. Біздің санамызға орнығып қалған әдетпен; діни өлеңдер мен дастандар, қиссалар болды-ақ, олардың бәрін бірыңғай сыпыра салып тілі шұбар, араб-парсы сөздерінен көз сүрінеді, аяқ алып жүргісіз деп байбалам салатынымызды қайтерсіз.

М-Ж. Көпеев ғасыр тоғысындағы өзі тұрғылас ақын-жыршылардан алысқа кеткен жоқ, солар сияқты қазақ еліне дендеп енген тіл қабаттарын бойына сіңіріп өсті, қазақыланып кеткен басқа елдің сөздерін ажыратып жатудың өзі де қиынға соқты. «Абай шығармаларының тілі» (Р.Сыздықова), «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі» (С.Хасанова), «Қазақ прозасының тілі» (Е.Жанпейісов), «Алғашқы газеттердің тілі» (Б.Әбілқасымов) т.б. зерттеулеріндегі сөз болған морфологиялық, лексикалық, грамматикалық жайттардың кейбірінің М-Ж. Көпеев шығармаларының тілінен табылып жатуы кездейсоқ жағдай болмаса керекті.

М-Ж. Көпеев ұлттық әдеби тілді қалыптасыруда екі түрлі әдеби тілді таңдап алды. Оның бірі: Орта Азиялық түркі әдеби тілі, екіншісі – халықтың ауызекі сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті. М-Ж. Көпеев Еуропа әдебиетін де жетік білді, әсіресе орыс тілін жақсы меңгергені шығармаларынан аңғарылып тұрады және өте орынды пайдалана білген. Орыс тіліндегі сөздерге қазақылы қосымшалар қосып, жаңаша түрлендірген. Араб, парсы сөздері де солай түрленген. М-Ж. Көпеев қазақ елінің ауыр жағдайын көре отырып, орыс империясының бодандығын ашына жырлап өткен адам. М-Ж. Көпеев «оян қазақ», «бостандық», «теңдік» т.б. тәуелсіздік ұранын қолдайтын сөздері бұрынырақ айтқан. Қазақ елінің мәдениетін, ғылымын, оқуын Күншығыс елдерінің тағдырымен бірге, Орта Азия елінің тағдырымен бірге, бірлікке алып қарастырады да, мұсылман жұртының, жалпы түрік елінің құрамында жүріп көтеруді армандайды. Бұл идеясы, көзқарасы Алаш партиясының өкілдерінің бірі: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхаметов, М.Дулат, әсіресе, Ш.Құдайбердиев т.б. үндестік тауып, Мұстапа Шоқай бастаған панисламистік, пантүрікшілдік қағиданы теріс көрмейді. Орыс халқымен бірлікте болып, өнер үйренуге үндей отырып патша отаршылдығының жер мен суды алып ел ішіне ептеп, дендеп енгеніне қатты наразы болады. Оны 1907 жылғы шыққан еңбектерінде ашық ашына жырлайды.

М-Ж. Көпеев Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин дәстүрінен үйрене отырып, кейбір қазақ сөздерін нақышына келтіре, орайын келтіре жұмсаған. Сол сияқты араб, парсы сөздерін де орынды қолданған. Орта ғасырлық әдебиет өкілдері, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Игүнеки, Сүлеймен Бақырғани, Рабғұзи, Құтып, Хорезми, Хұсам Кәтіп, Сейф Сарай әсіресе рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауий т.б. көп үлгі алған. Кейбір діни шығармаларын соларға ұқсатып жазған. М-Ж. Көпеев Қожа Ахмет Яссауиді айрықша құрметтеген, сол кісінің жәдігерлеріне, жазғандарына табынып өткен десек артық айтпаймыз. Орта Азия халықтарының да әдебиет өкілдерін оқып: Зихиридин Мұхаммед Бабыр, Низами Ганжауи, Әлішер Науаи, Ғабдолла Тоқай мұның сыртында ұйғыр, башқұрт, қырғыздардың «Манасы» түрікпен т.б. сусындаған, өзінің шығармаларына: дастан, қиссаларына жыр мазмұнын арқау еткен. Қазақ ішінде бар дүниелерді осы үлгіде жырлап, ел ішіне насихаттаған. Шығыс дәстүріндегі жырларды көп оқып, бала кезінен жатқа айтып, ел ішінде күн көрерлік дәрежеге дейін жеткен. «Бозжігіт», «Сейфулмәлік», «ТаһирЗухра», «МұңлықЗарлық», «Иранғайып шай Ғаббас», «ЖүсіпЗылиқа» кейінгі кездердегі жазған: дастан, қиссаларының мән–мазмұнының байып, өсе түсуіне, әрине, ықпалы болды.

Абай Құнанбаев шыққан белес М-Ж. Көпеев үшін елес болып көрінгенмен, 13 жас кішілігі бола тұра заманы бір болған соң бірі кәрі Ертістің ар жағында, бірі – бер жағында, бірі – Шынғыстауда, бірі – Баянтауда ел ішін кезе жүріп, қазақ әдеби тілінің түзелуіне, өңделуіне үйренерлігі болса соны үйреніп, көптеген жаңалықтар қосып, Абай салған үрдістен М-Ж. Көпеев те көріне білді. Әрқайсысының қазақ әдеби тілін дамытуда өте елеулі еңбектері бар. Абай Құнанбаев өлең құрылысында жаңа леп, түр енгізсе, М-Ж. Көпеев те ақын – жыраулар дәстүрін жаңғыртты. Әсіресе, қисса, дастандар үлгісіндегі жанр ерекшелігін ілгерірек дамытып, әрірек апарды. Діни ұғымдар арабша жазылған қағидаларды қазақ ұғымына лайықтап жырлады. Кезінде М.О.Әуезов: «Абай қалдырған әдебиеттік тіл жөнінен қорыта келе айтармыз, ол әдебиет тілін бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасына өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз» – деді (М.Әуезов. 19 том. Алматы «Жазушы» 1985, 253 б.).

М.О.Әуезовтың бұл аталы сөзіне қосыла отырып, М-Ж. Көпеев турасында да осы сөзді қолданса артық болмас дейміз. Ұлттық әдеби тілді дамыта байытқан би - шешендер, ақын - жыраулар, әнші - сазгерлер, күйшілер мен дала жыраулары, ел арасындағы ертекшілер мен әңгімешілер, айтыс өнерін ту еткендер т.б. бұлардың бәрі - бір сөзбен айтқанда қазақ тілінің тасушылары. Қала маңынан тыс өмір сүрген дала қазақтарының қазақ әдеби тілін қалай сақтағандығы бұл өз алдына бір әңгіме. Бұның сыртында сырт айналып жүрген діни әдебиет бар, ол да қазақ әдеби тілінен тыс өмір сүрмек емес. Х.Досмұхаметұлы: «Діни сипаттағы әдебиет (литература религиозного характера) ісіләмнің негіздерін, шариғаттың қағидалары мен талаптарын, тамұқтың азабын, жұмақтың рахатын және басқа о дүниелік өмірдің көріністерін суреттейді. Мұхаммет пен оның серіктерінің өмір жолдарын баяндау да бұл әдебиетте ерекше орын алады. Әсіресе, Әли халифа мен оның балалары Хасен, Хұсайын туралы өлең-хакиялар мол. О дүниелік өмірді суреттейтін, мысалы Молдағали ақынның «ЖұмақТамұғы» секілді көлемді поэмалары бар» – дейді. Бұны келтіріп жатқанымыз М­Ж. Көпеевтің қисса, дастандарды да осы мәселені қамтиды десек артық айтпаймыз. Таразының басын тең ұстаған М-Ж. Көпеев те қазақ әдебиетін, діни әдебиетті қатар жырлаған, насихаттаған. Абайдың да діни әдебиеттен айналып кете алмағаны, Шәкәрімнің де тереңдете жырлағаны мәлім.

М-Ж. Көпеев діни әдебиет арқылы адамгершілік, ибалық, имандылық, тазалық, сезім, парыз келеді деп бір тоқтаса, жер, аспан, күн, ай, жұлдыз адам жаратылысының тылсым дүниесімен байланысты екенін бір айтып, басын қайырады. Шексіз әлем мен діни ұғым арасындағы байланыс қазақ дүниесіндегі бар нәрселермен түсіндіріледі. Ал, бұл айтылғандардың бәрі – тек қана қазақ тілі арқылы жеткізіледі. Ішінара араб, парсы сөздері, көне морфологиялық тұлғалар: -мыш, -мыс есімшілердің орнында жүрсе, қалау райлы тұлғалар -йық, -йік, -лік көне шылаулар һәм, әм, ләкин, уа сөз арасында кездеседі. М-Ж. Көпеев шығармаларында -лар // -лер көптік жалғауы қазақтың төл сөздеріне де, кірме сөздерге де жалғанып келіп белгілі бір лексикалық өрнек құрайды.


Сұрақтар
1.Мәшһүр –Жүсіп шығармаларының тіл ерекшеліктері?

2. Мәшһүр – Жүсіп тіліне шығыс әдебиетінің әсері?

3. Діни шығармалар тілінің ықпалы?

4. Ғасыр тоғысы деген не? Оның тілдік сипаттары?

5. Мәшһүр – Жүсіп тілінің әдеби тілге ықпалы қандай?
2. 2. Мәшһүр-Жүсіп жинаған ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі
М-Ж. Көпеев ұлттық қазақ әдебиетін үш тағанда дамытты. Бірінші – бай ауыз әдебиетін жинап, өзі өңдеп хатқа түсірді, екіншісі, діни әдебиетті де қазақтық дүниеден ала бөтен қарамай бірлікте қарастырды, оны да жинап қағазға түсірді, өзі жаңадан жырлады, үшінші – Ортағасырлық әдебиеттің өкілдерін кеңінен шолып, тереңнен барлап оқыды. Әсіресе, Қожа Ахмет Яссауийді үлгі тұтты. Ауыз әдебиеті үлгілерін қағазға түсіргенмен, сол уақыттың табы тілдік таңбалар бізге жетті. Ауызекі сөйлеу тіл ерекшеліктерінің көріністері М-Ж. Көпеев жазбалары арқылы да жетті. Мысалы, «Төрт түлік» жырындағы: (Қошқар басы) (н) сенің үйінде, (Бұқа басы) (н) сенің үйінде деген конструкциялық қолданыстағы (н) былай қарағанда қолданылатын сияқты, бірақ негізінде өте дұрыс қолданған. Кей ауыз әдебиетінің жинағында (қошқар бассын//бұқа бассын) деп өзгеріске түскен. М-Ж. Көпеев ауыз әдебиетін қағазға түсіріп, жазып алғанда қатты мән бере отырып, дұрыс жазған. Экспрессивті – эмоционалды қолданыстағы cөз (Ботақайдың) -қай тұлғасының ілік септігінде тұрып, белгілі бір рең жамап, жырдың әрін ашып тұрғандығы байқалады. Есімше тұлғалы кісінеген, иіскеген, матаса байланысқан сөз Құлыншақтың атасы тіркесімен жымдасып, Айғыр басы бассы (н) емес қолданыстағы ауызекілік үлгіні көзге елестетеді. Жар-жар, ауыз әдебиетінің ең басты үлгісі бірыңғай қос сөзді аллитерациялық «жар-жар» қолданысы кезекті ұйқастың -а, -б, -а, -б ретімен келген жайы бар. Осы нұсқадағы (Қара насар, жар-жар) үшінші жолдағы Шашың (ды) басар, жар-жар болу керекті бір буын ауыз әдебиетінің ауызша жырлауына байланысты ықшамдалып отыратыны белгілі, осы ыңғайда -ды табыс септігінің ықшамдалып жасырын келген түрі де кездеседі.

Омонимдік жұрнақтар да М-Ж. Көпеевтің жинаған дүниелерінде ұшырасады мысалы, заттық ұғымдағы сөздерге жалғанып кішірейту мағынасын беретін сөздер: келіншек, құлыншақ, тұлымшақ зат есім тудырса (итіншек, тартыншақ) өздік етіс формасынан сын есімді сөздер тудырып, «Беташар жырының» реңдік мән - мазмұнын одан сайын арттырып, жыр мағынасын әсем күйге түсіріп тұрған жағдайы бар.



Вербалды мағына білдіретін етістікке тән қасиеті бар сөздер: сүйректеп, салпылдап, қолпылдап немесе адвербиалданған формалы үстеу сөз: көлпілдеп көсемшенің құранды -лап, -дап, -деп, -тап, -деп жұрнақтарын қабылданған үлгісі де жырдың маңызын арттырары сөзсіз. Бол етістігі де -ар есімшелі жұрнақпен тіркесіп келіп суреттемелі, сарамалы етістіктер жасайды:

Мүйізі пышаққа сап болар,

Терісі бұтқа қап болар.

Бұты толған бұлақ болар,

Іші толған шырақ болар (Мәшһүр-Жүсіп. Ауыз әдебиетінің үлгісі).

Ауызекі сөйлеу тілінде немесе ауыз әдебиетінде ұшырасатын -ғай, -гей, -қай, -кей қалау райының аффикстері де М-Ж. Көпеев жинаған ауыз әдебиетінде кездеседі:



Құрбың келсе күлгейсің,

Әдеппенен жүргейсің…

Немесе,


Құлдай малын баққайсың,

Күндей жұмыс қылғайсың,

Ата - енеңе жаққайсың ….

ІІ жақтағы жіктік жалғамының болымсыз етістіктің және де шартты райлы жұрнақ арқылы жыр жолдары өріліп, белгілі бір ұйқастың мәнін, сынын лексикаландырып семантикалық мағынасын көтереді:
Адам болсаң өлмессің,

Еш жамандық көрмессің

Жақсы болсаң, білмессің

Сол сияқты шартты рай жұрнағы арқылы ІІ жақтағы жіктік жалғауының қысқа түрі қосылып та жырдың әрін келтіреді. Жекеше форманың анайы ІІ жағының келуі де ауыз әдебиетіне тән қасиет:



Келістіріп дүниесін,

Ақ сұңқардай түлеткін

«Қазақ, қарақалпақ тілдерінде -ғай, -гей, -қай, -кей қырғыз тілінде гай, өзбек тілінде -ай, -ғай, ұйғыр тілінде –ғай, -гей, -қай, -кәй аффикстері етістіктің түбіріне қосылып қалау рай жасайды» – дейді Нұрмаханова (Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. 1971, 109 б.). -ғай, -гей тұлғасына синоним, ауызекі сөйлеу тіліндегі: жүрсейші, қаласайшы т.б. А.Байтұрсынов «Азалы рай» - дейді (Тіл тағылымы. Алматы. 1992, 244 б.).

М-Ж. Көпеевтің ауыз әдебиетінің үлгісінде: Бұ /л/ сөзіме наныңыз деген жыр жолында л үнді дауыссыз дыбысы түсіп қалса, Үсті – басы ылас болар, Хас құдайдың ұрғаны – деген /ы/ лас протезалық құбылыс, ал х/қ дыбысына алмасып келу де ауыз әдебиетіне тән құбылыс деп есептейміз. Б/п дыбысына келетін Біріңе – бірің тұтбайсың бірінші жолдағы Өз басын құрмет еткейсің қалау мәніне байланысты ұйқас қуғандығы байқалады.

Орнықты саба ұстаған

Бәйбішелердің саламаттығына...

М-Ж. Көпеевтің бұл жазылып алған жыр жолы ақын-жырау шығармаларындағы:



Орнықты қара сабадан,

Қымыз ішер күн қайда? (Махамбет).

Р.Сыздықова: «Ол – адам отыратын үй жабдығы («стул»)» – деп анықтама береді (Сөздер сөйлейді. Алматы. 1980, 98 б.). Біздің ойымызша, өз мағынасындағы орнықты (орындық) емес деп ойлаймыз, дәл осы қолданыста «орындық» мағынасында қолданылып тұрған жоқ. Бірақ, орындықтай деген сөз ақын -жырауларда кезедеседі.



«Өтірік өлеңдегі» (үрген) сөзі ақынның басқа да өлеңдеріне арқау болған. Жалпы «Өтірік өлеңді» М - Ж.Көпеевтің өзі шығарған, не болмаса көп жерін өзі өңдеген.

Дүниеде ауыр екен үрген қарын,

Жалғыз өзін көтердім соның бәрін...

деген өлең жолындағы (үрген) сөзі М.Ж.Көпеевтің төл шығармасында былай көрініс тапқан:



Үрген қуық бүгінгі жұрттың басы,

Бас болса, болар еді көздің жасы...
Немесе,

Өңшен үрген қарынға душар болдық,

Зарлап тұрсаң еститін құлағы жоқ...



Үрген сөздері есімшелі тұлғада тұрып сын есімді сөздің қызметін атқарып тұр. Көне сөздің бірі – шоралар да М-Ж. Көпеевтің ауыз әебиетін жинаған жадығатында ұшырасады. -Лар қосымшасы зат есімді сөзге жалғанып көптік ұғымды береді.

Азаматтар, шоралар,

Ақ шалмалы қожалар (Мәшһүр-Жүсіп).

Көн дабылды байлатып,

Байлар ұғлы шоралар (Бұқар жыра

М-Ж. Көпеевтің жинағандарында дыбыс ауытқулары да кездеседі: гөр//көр, қаюан//хайуан бүгінгі әдеби тіл нормасында й+у қосар әріпін ю әріпімен ауыстырмай айуан, хайуан түрінде жазылады. Себебі: и,й -ден кейін тұрған у дыбысы сонар дыбыс болады да буын құрай алмайды (Р.Сыздықова. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974, 22 б.).

Эпитезалық құбылыс: …мына ақсақал осы көптің алдында құр /ы/ қайтса, тахқа//таққа, әрі//ары дыбыс алмасулары да көнеден жеткен құбылыс.

-Ші, -шы қосымшалары да белгілі бір рөл атқарып сөз тудырушылық қабілеті байқалады: даушы, кезуілші, тосқауылшы // тасқауылшаға (барыс септікті сөз) Абай шығармаларына байланысты проф. Р.Сыздықова барыс жалғаулы есімшелі сөздер туралы айтқан болатын (Әдеби мұра және оны зерттеу. Алматы, 1961, 269 б.). Сол сияқты «сөйлеуші», «айтушы» туынды зат есімдер ұшырасады. «Алаш алаш» болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік» – деген ауыз әдебиетінен алынған мақалдағы «үйіміз ағаш» – деген сөз көңіл аударады. Бұл дегеніміз түрік құрамында жүргенде қазақ халқы Алтай өңірінде ағаштан үй салып, киіз үйге дейін ағаш үйде тұрғандығын меңзейді. Демек, үлкен қозғалыс кезеңінде қазақ елі де кең далаға иек артып, көшкен сияқты. Бұл туралы М.Аджи өзінің еңбегінде түріктердің «У кипчаков же именно ель издревне была священным деревом» – дейді (Полынь половецкого поля. Москва. 1994, 236 с.).



Сілтеу есімдігі мен белгісіздік есімдігінің сұрау есімдігінің орнында жүріп ІІ жақтағы түрленісі кездеседі. Мысалы, … Арғында Едіге деген бір жас бала бар деп естуші едім, солмысың, басқа біреумісің өзіңді танытшы, – деді. -Мы, -мі көне сұрау мағынасындағы демеуліктертердің әсерінен сұрау есімдігіне айналып тұр. Айталық, -мі демеулік деп берілген. «Онан соң» септеулік шылауының көне түрі «Анан соңыратын» түрі кездеседі. (С.Ж.Құдасов «Дана хикар сөздігінің тілі» 64-бет). Шағатай үлгісіндегі ғариплігінен, ханларына -лі, -лар формасы арқылы қолданыстағы сөздер. Мына сөздер кейіннен М-Ж. Көпеевтің өз стилі болса керек: ғақылды, жанлар, ақпарат (қазірігі қолданыстағы сөз) лоғатынын (сөздік) Диуани лұғати ит түрік М.Қашқари дегенде кездеседі. Қазір дұрыс қолданбай «лұғатты адам» дейміз. Байыбында «сөздікті адам» болып шығады.

-Дүр мен -дұр тұлғасы да ауыз әдебиетінен жеткен көне құбылыс. Бұл жөнінде профессорлар: (Р.Сыздықова. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы. 1993, 247 б; С.Исаев. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы. 1996, 142 б.) айтып өтті. Жалпы -дүр тұлғасы жөнінде кейінгі еңбекте кеңінен сөз болады. Мына, ауыз әбиетінен алынған мысалда:

Едіге деген ер дүрмін,

Үзілмес жібек кендірмін.

Немесе,


Еменнен шоқпар шекесіне,

Шық еткізетұғын мен дүрмін...

М-Ж. Көпеевтің бұл жазбасында -дүр тұлғасы етістіктермен ғана емес, есімді сөздерімен тіркеседі де мін жіктік жалғауы түбір сөзге тікелей жалғанады. Оның үстіне -дүр тұлғасы жағынан заттық мағынада жұмсалып тұрғанмен, сын есімнің қызметін атқарады. І жақтағы жіктік жалғауын қабылдайды. -Дүр тұлғасы түрлі морфологиялық ыңғайда жұмсалады. Құйқылжымалы -тұн мен –тынның толық түрі -тұғын формасы кездеседі.

-Дүр тұлғасының варианты -дұр да кездеседі. Мысалы:

Мынау қалай айуан – дұр деп айтты,

Белдеу ұстап, жағалай жүр деп айтты...

М-Ж. Көпеев жинап терген ауыз әдебиетінің нұсқасында: сөлкет (сөлекет), пәлен-пәстуан, бүрсүгін /і/ ат шаппаса, масұт (мақсат), милләтте, ғаріптердің, ғазилігі, әбдіре (сандық) (диалекті), ғибрат, ғазап, хожаңа, дабысына, ійінін (протезалық құбылыс), сауқым салса (зауқым дейміз), Аплатондай (Плотон), алдияр (қалмақ сөзі), ханзаданың, ұжмақтың (жұмақ) (протезалық құбылыс), ақ батса (патша) б/п дыбыстарының сәйкестігі, жандарал (генерал), сенат, есітіп (эпентезалық құбылыс), лағарға (лағып), әуліктірдің (желіктірдің), ұсап (ұқсап) -қ дыбысының процесін көрсетеді, кеп (келіп), пұрсат (мұрсат), орыс отаршылдығымен келген сөздер: (дуанбасы) сол уақыттың ығымен жасалған сөз, қазір елбасы деген сөздің жасалуына түрткі болды, аға сұлтан, софыалдияр (діни арап сөзімен, қалмақ сөзінің бірігуінің нәтижесінде пайда болған), Кептиектің (бір іс түскенді білдірсе керек), «мұңлы», «зарлы» сөздері -лы, -лық, -лік тұлғасының қысқарған түрі, ұдай /ы/ той ауыз әдебиетіне байланысты ықшамдалу, екі сыңары да түсініксіз қос сөздер: ұйқы-тұйқы, жиқы-қиқы, миқы-тиқы т.б. сөздер жиынтығы іздесе табылады. Бұл теріліп алынған мысалдар уақыт табы жоя алмаған сөздер. Өздерінің көне лексикалық, морфологиялық, грамматикалық тұлғаларын сақтап бізге жеткен. М-Ж. Көпеев ауыз әдебиетін жинаушы ғана емес, жанама түрде болсын сол жинаған дүниелердің авторы да болып табылады. Демек, М-Ж. Көпеев ауыз әдебиетінен сусындап, ауызша дамыған әдеби тілді де меңгерген, соның жұрнақтарын бойына жұқтыра отырып, өз шығармаларына арқау еткен. Ауызекі сөйлеу тілінің өз ерекшеліктері бар екендігі жоғарғы мысалдардан көрінді. М­Ж. Көпеев бір жағы ауыз әдебиетінің тілін қаймағын бұзбай тілдік жадығат, тілдік материал ретінде бізге тасып әкелді. Ауыз әдебиетін жинау арқылы М-Ж. Көпеев сол кезең дәуіріндегі тіл құбылысын да алдымызға әкелгенімен құнды болып табылады.

Қорыта келгенде, М-Ж. Көпеев ауыз әдебиетінен де, ортағасырлық түрік әдебиетінен де, ақын-жырау, би шешендерден де үлгі ала отырып, өз шығармаларын жазған. М-Ж. Көпеевтің тіл ерекшелігін сөз қылғанда Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларымен тығыз байланыста қарастырған жөн деп ойлаймыз. Кейбір тіл элементтері Абай Құнанбаевтың да тілімен ұқсас келіп жататынын айта кеткен дұрыс дейміз. Әрине, өлең түзуде, қазақ тілінде бар сөздерді абайша түрлендіре, Абай өзінен кейінгі ақын-жазушылардың көбіне үлгі бола алады. Сол сияқты М-Ж. Көпеев те Абай салған сара жолмен жүрді. Абай Құнанбаевтан үйрене отырып, М-Ж. Көпеев өз мектебін құрды. М-Ж. Көпеевтің стилі, жазу мәнері Ахмет Яассауи мәнеріне Шығыс үлгісіне иек артты. Қиссалары, дастандары назира үлгісінде жазылып, қазақ ішіндегі жай-күйімен Алла алдындағы сенім, Мұхаммет пайғамбардың ілімімен, наным сенімімен тиянақталып отырды. Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин қазақ елін тығырықтан, қараңғылықтан алып шығудың жолы орыс мәдениеті арқылы, ғылымы, білімі екендігін айтып өтті. М­Ж. Көпеев расы керек қарапайым орыс халқымен араласа білді, Баян елінен қашық емес, орыс жеріне барып білімін де көтереді, орысша өте сауатты болды. Бірақ, ғылым мен адамияттық, имандылық пен парасаттылық мұсылман діні арқылы келетінін, қазақ елін де, жерін де өзінің туысқан қаны болып табылатын мұсылмандар елінен ажыратуға өте-мөте қарсы болды. М-Ж. Көпеев 1905 жылғы орыс революциясынан кейін-ақ (қанды жексенбіні) естіп біліп, патша отаршылдарынан жаны түршікті. Бостандықты ерте жырлады. Сол уақыттағы ішкі, сыртқы саясаттан жақсы хабардар болып отырған М-Ж. Көпеев қазақтың сол кездегі зиялы өкілдерімен тығыз байланыста болған.

Абай Құнанбаев та, Ыбырай Алтынсарин да мұсылман дініне сенді. Заман ағысына байланысты Абайды да, Ыбырайды да тым орысшыл қылып жіберді. Саясаттың құрбаны болған ақын-жыршыларымыз, ел ішіндегі құйма құлақтарымыз миллиондап есептеледі. Қазақ елін бірден-бір отарлап, өздеріне бағындыру ол дегеніміз, қазақтың бетке ұстар беделділерін орыс империясының сойылын соғу үшін жергілікті жердің халқының өкілін өз аузы арқылы сөйлету, сөйтіп халық арасында саяси бедел жинау еді. Әйтпесе, ХІХ ғасырда қазақтың жазба әдеби тілдің бір-екі адам ғана негізін салды дегенге кім сенеді. Қазақ елі бөліне отырып бірікті. Қазақ елінің структурасы молекулалардың ығы-жығы бөлініп, бірігіп жатқан структурасымен бірден-бір кем емес. Қазақ тілі де сол структураның ішінде бөлінбес, ажырамас құрам ретінде өсіп, дамып жатты. Ел ішіндегі әнші-күйшілер, ертегішілер, дастаншылар, абыздар, шайырлар, бақсылар, дәруіштер, жарапазаншылар, диуаналар, сал-серілер, би-шешендер, ақын-жыраулар, абыздар, кейіннен молдалар мен сопылар, қожалар т.б. толып жатқан, тіпті далада қой жайып жүрген қойшылар күндіз күнге, түнде ай мен жұлдыздарға қарап, шексіз әлемді ой түйсігімен оқып, соған барып-келіп отырған, қиял жетегінде кетіп неше түрлі қиял-ғажайып ертектер тудырып, адам баласын болашаққа жетелеп отырған. Ойы ұшқыр, қиялы терең әр түрік баласы, бертін қазақ жұрты құлағы түрік, көкірегі ояу «сөзді» құдай деп есептеген, құдайдың өзін сөз арқылы тапқан. Бұл аталғандардың бәрі-қазақ әдеби тілін тасушы деп атаған. Қазақтың ауыз әдебиетінің «әдеби тілі» жоқ дегенге келісу өте қиын. Ол кездегі ата-бабамыз қазіргі біз құсап қара сөзді созып тұрмаған, әр сөзін қара өлең күйінде өлеңдетіп сөйлеген, естуге әуен мен ән, жаттауға «жады» қатты қызмет еткен. М-Ж. Көпеев сондай адам болған. Бұқарды көмейі бүлкілдеп төгіп сөйлейді екен деп отырып, өзі де солайым болған. Оның алдындағы Исабек ишан, Шонтыбай қажы, Ізбас қажы т.б. қазақтың басқа жерін айтпағанның өзінде бір ғана Баянның жерінде қаншама білгір қажылар, имандар, билер болған. Әрісі Саққұлақ шешен, берісі Шоң би дала кемесі болған, әдеби тілдің ауызша тасушысы, бізге жеткізуші адамдар болған. Бұлар ішкі халықтың сөзін реттеп отырған, сөздің бұзылуына жол бермеген. Кейіннен оқығандар, шағатайшылап, өзбекшілеп, татаршылап кеткенде ел ішіндегі сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу зиялылар түзеп отырған, шұбар-ала тіл, сөз, қалың ел ішіне кірмеген, қағаз жүзінде қалып қойған. Жалпы, оңынан солына, батысынан-шығысына кезіп, көшіп, жайлауы бір елден қыр асып қонып отырғанда диалекті деген ұғым жат болған. Диалекті көрші елдің аралас-құралас негізінде туған. Не кірме сөздер өлмей сақталып, қазақыланып кеткен. Ол уақытта қазақтар диалектінің не екендігін білмеген. Сөйтіп, қазақ әдеби тілі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, даналар арқылы келіп жеткен.



1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет