Методические рекомендации по производству и заготовке кормов для фермерского хозяйства



жүктеу 0.92 Mb.
бет4/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.92 Mb.
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5
: Files
Files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
Files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
Files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
Files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
Files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
Files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
Files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
Files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

Жайылымның орташа өнімділік көрсеткіші 12 ц азық өлшемі/га болғанда және малдарды жайылымда бағу ұзақтығы 130 - 135 күн болғанда бір бас бұзаулы сиырға 1,30 га жайылым қажет.

Аналық мал басын күтіп – бағуға шығындалатын шығындарды азайту мақсатында, әр бір шаруашылықта ет бағытындағы сиырларды жайылымдарда бағу ұзақтығын 180 – 200 күнге дейін ұзарту мақсатында тиісті ұйымдастырушылық – шаруашылықтық іс – шаралар әзірленуі қажет. Ол үшін күз – қыс мезгілдеріне ішіне көп жылдық шөптер, табиғи жайылымдар, тарлау қияқ кіретін қашаларды қалдыру қажет.

Етті малдар үшін мәдени жайылымдарды құрып, пайдалану бойынша алынған шетел тәжірибелері бұл әдістің өте тиімді және аз уақыт ішінде өтеліне алатындығын дәлелдейді.

Міне осы көрсеткіштердің барлығы елімізде, сондай-ақ, ең алдымен етті мал өсірумен айналысатын және табиғи жайылымдары аз мамандандырлыған шаруашылықтарда қоршалған мәдени жайылымдарды құрудың пайдалылығын дәлелдейді.



8. Далалық мал азығы өндірісі
8.1 Сүрлемдік дақылдар
Сүрлем дақылдарының ішінде ең кең тарағандары: жүгері, күнбағыс және күнбағыс пен бұршақтың қоспасы (2-ші кесте).

Жүгері негізгі сүрлем дақылы. Агротехниканы дұрыс ұйымдастырып, мұқият жүргізгенде көк балауса шөптен жақсы түсім алып дәнді дақылдар мен азықтық дақылдарды отырғызуға жақсы жағдай жасайды. Жүгері құнарлы заттар мен ылғалды көп қажет етеді. Жүгері отырғызуға механикалық құрамы орташа топырақ жарайды. Жүгеріні ауыр сазды жерлер мен тұзды жерлерге отырғызуға болмайды.

Жүгеріні отырғызылатын жерге алдымен пардан кейін бірінші немесе екінші дақыл болып жүретін күздік дақылдарды, дәнді – бұршақты дақылдарды, жаздық бидайларды, сондай – ақ жүгерінің өзін отырғызуға болады.

Жүгеріні қосымша қоспалармен шашақтары шашақтанып шығардың алдында, жүгері толығымен көктеп шыққаннан кейін қоректендіреді. Әр қоректендіргенде 1 ц/га суперфосфаттан және аммонидің сульфатынан келетіндей есеппен есептейді.

Көктемде ылғалды жауып, жүгері отырғызылатын егістерді екі – үш рет өңдейді.

Жүгерінің тұқымдары топырақтың 10 - 12 см тереңдігіндегі температурасы 12 - 15°-қа жеткенде жақсы шыға бастайды.

Жүгеріні тұқымы топырақта шіріп кетуін болдырмай, ертерек отырғызуға ауыстыру үшін гидрофобизацияны қолданады. Жүгеріні гирофобизациялаудан кейін ерте отырғызылған жүгерінің көктеп шығу қалыңдығы кеш отырғызылған жүгерінің қалыңдығындай болады, өсімдіктің өсіп – өну уақыты ұзарып, астық түсімі жоғарылайды.

Ол үшін жүгерінің тұқымының бетін құрамына улы химикат фентиурам кіретін, су және ылғал өткізе алатын полимер пленкамен жабады. Жүгерінің 1 т тұқымына 15 кг техникалық хлороформ, 0,5 кг полистирол және 2 – 2,5 кг фентиурам шығындалады.

Жүгеріні сүрлем дайындауға өңдеудің индустриялық технологиясының құрамына барлық агротехникалық талаптар кіру қажет, олардың ішіндегі ең негізгісі ластанған жерлерде квадраттық – ұялық әдісіні пайдалану.

Жүгері жақсы күтімді талап етеді. Жүгері көктемей тұрып міндетті түрде жерді тырмалау қажет. Тырмалау кезінде жауын –шашыннан кейін қатып қалған қабаттары жұмсартылып, топырақтың беткі қабатында шығып келе жатқан арамшөптер жойылады. Көктем суық болып, жүгерінің көктеуі созылғанда қайта тырмалау қажет. Жүгерінің сабағы топырақтың бетіне көктеп шыққан соң, сабақтарды зақымдап алмау үшін тырмалауды доғару қажет.

Қайта тырмалауды жүгерінің сабақтары қатайып, үшінші жапырағы шыққанда ғана бастауға болады.

Жүгеріні түскі уақытта, аз жылдамдықта, орташа немесе жеңіл тырмалармен, қатарлардан көлдеңен жүріп тырмалайды.

Қатарлардың арасына алғашқы өңдеуді тырмаланбаған жерлерден және көп жылдық арамшөптер өсіп кеткен жерлерден бастау қажет. Жүгері өсімдіктерін көлдеңең қопсыту кезінде қорғаныс зонасы 15 см - ді құрайды, ал ұзына бойы қопсытқанда 10 - 12 см – ді құрайды.

Жүгері егілген жерлердің ұяларындағы, қатарларындағы және қорғаныс зоналарындағы бір жылдық арамшөптермен күресу үшін тырмаларға қосымша жүретін ротациялық инелі дискілер (КЛТ - 28) сияқты құрал – жабдықтарды қолдануға болады. Қатарлар арасындағы өңдеуді 8 - 10 см тереңдікке өткізеді, ал келесі өңдеулерді арамшөптердің өсуіне және топырақтың 6 – 8 см – ге тығыздалуына байланысты өткізеді.

Жүгеріні күтіп – баптаудың негізгі мақсаты- құнарлы заттарды неғұрлым көбірек алу. Сол себепті жүгеріні ору мерзімін дұрыстап таңдаудың маңызы өте зор.

Өсімдіктің ең құнды бөлігі ол жүгерінің дәні. Жүгері дәні – ең құнарлы жем. Дәмді болғандықтан барлық мал сүйсініп жейді. Құрамында 9 – 10 пайыз шикі протеин, 2 – 5 пайыз клечатка, 4 – 9 пайыз май, 70 пайыз крахмал бар. Құрама жем дайындауға кеңінен пайдаланылады. Бордақылаудағы ірі қара азығының жартысы жүгеріден тұрса, олар тез жетіліп семіреді.

Жүгеріні сүрлем дайындауға жинаудың ең қолайлы мерзімі дәнінің балауызданып пісу фазасы. Егер 100 кг өнімнің құрамында шашақ шашу кезеңінде 14 азық көлемі болса, сүттеніп пісу кезеңінде 18 – 22 азық өлшемі болады, сүттеніп - балауызданып пісу кезеңінде бұл көрсеткіш 26 азық өлшеміне жетеді, ал балауызданып пісу кезеңінің аяғында 32 азық өлшеміне дейін жетеді. Қорытылатын протеиннің жалпы мөлшері жүгерінің пісуіне қарай жоғарылай түседі.



Күнбағыс. Өзінің биологиялық және шаруашылықтық қасиеті бойынша күнбағыс жүгерінің орнын толықтырады. Күнбағыс күз-қыс кезеңдерінде жинақталған ылғалды және жаз мезгілінің бірінші жартысында жауған жауын – шашынды жақсы пайдаланады. Күнбағыс отырғызылатын жердің ылғалдық қоры жақсы болған жылдары және вегетация кезеңінде күнбағыстың сүрлем дайындалатын сорттарының астық түсімі, жүгерінің астық түсімінен анағұрлым жоғары болады. Сүрлем дайындауға әдетте күнбағыстың арнайы сүрлем дайындауға арналған, биік сорттарын пайдаланады. Күнбағыстың бұл сорттарының астық түсімі, майлы дақылдардың астық түсімінен жоғарырақ болады.

Ауыспалы егісте күнбағысты дәнді дақылдармен кезектеп егеді, себебі агротехника жақсы ұйымдастырылған жағдайда жақсы өнім алуға болады.

Күнбағыс отырғызылатын жерді жүгері отырғызатын жерді өңдегендей өңдеп, тыңайтады.

Тұқымдарды сеппес бұрын гранозанмен өңдеу қажет. Склеротиниямен және гексахлоранмен күресу үшін 1 центнер тұқымға 400 г гранозаннан келетіндей есеппен, ал күнбағыстың ауруларымен күресу үшін 1 центнер тұқымға 1 кг гранозаннан келетіндей етіп есеп жүргізу қажет.

Күнбағысты себудің негізгі әдісіне кең қатарлы әдіс жатады. Қатарлардың арасындағы қашықтық 70 см – ді құрайды. Күнбағыстың тұқымдарын себу нормасы 16 кг/га құрайды. Күнбағысты ерте дәнді дақылдармен бір уақытта егеді.

Күнбағысты гүлдеу сатысында жинау қажет, себебі осы уақытта ғана күнбағыстын құрамында құнарлы заттар көп болады.



Күнбағыс сүрлемі азық өлшеміндегі жалпы құнарлығы жүгері сүрлемінің құнарлығынан төмен, бірақ протеині, каротині және кальциі жүгері сүрлемінің көрсеткіштерінен анағұрлым жоғары. Күнбағысты бұршақпен қосып еккенде сүрлемнің сапасы жоғарылап, тиімділігі арта түседі. Мұндай қоспаларды ерте жаздық дақылдармен отырғызу тиімді.

Күнбағыстың Чкаловский гигант сортына бұршақтың Горьковский – 186 сорты жақсы құрамдас бөлік бола алады. Күнбағысты басқа дақылдармен қосып жаппай қаз – қатар немесе бір қатардан кейін отырғызу (қатарлар арасындағы алшақтық 30 см) әдісімен гектарына 15 кг-нан немесе 0,25 млн. шығымды тұқым отырғызу қажет. Бұршақты жаппай, күнбағысқа кесе көлденең отырғызу әдісімен гектарына 90 кг – нан немесе 0,4 млн шығымды тұқым отырғызу қажет.

Күнбағыстың гектарлық нормасына (18 – 20 кг) 80 – 100 кг бұршақ тұқымдастар және 60 кг сұлы қосылады. Бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымдары болмаған жағдайда күнбағысты сұлымен қосып егуге болады (20 кг күнбағыс және 120 – 140 кг сұлы). Күнбағыстан дайындалатын сүрлемнің сапасын Красноярский сортына жататын бұршақпен бірге өңдеп, жақсартуға болады.
2 – кесте Қазақстанның далалық аймақтарына сүрлем конвейерлік жүйесі


Дақылдар мен дақылдардың сорты

Күнтізбелік мерзімдер

егу

ору

Күнбағыстың Чкаловский гигант сортының бұршақтың Горьковский-186т сортымен қоспасы

20/IV - 5/V

20/VII - I/VIII

Күнбағыстың Чкаловский ги­гант сорты

20/IV.5/V

1/VIII - I0/VI1I

Жүгерінің Буковин­ский-3ТВ гибриді

I0-25/V

20/VIII — I/IX

Жүгерінің ВИР-42 MB

10- 25/V

1 -10/IX

Құмайдың Ерте янтарь сорты. Днепро­петровский

10-25/V

10— 20/IX

Тамыз айының соңында ең жақсы азық түсімін жүгеріден алуға болады. Жазы ыстық болған жылдары азық өлшемін көп мөлшерде қантты құмайдан алуға болады. Сонымен қоса қантты құмай жасуша сөлінің құрамында қанттың көп болуына байланысты күзгі суыққа төзімді келеді.



Күнбағыс пен бұршақ қоспасының астық түсімі күнбағыстын көк балаусасының таза түсімінен анағұрлым төмен болады, бірақ қоспалардың құрғақ заты мен қорытылатын протеині (1 азық өлшеміне 90 - 140 г) таза күнбағыстың көрсеткіштеріне қарағанда жоғары болады және ылғал жеткілікті болғанда 7 – 10 күнге ерте піседі.

Күнбағыс пен бұршақ қоспасынан дайындалған сүрлемді малдар сүйсініп жейді.


8.2 Пішен дайындалатын бір жылдық шөптер және көк азық
Судан шөбі – бір жылдық шөптесін өсімдік. Бағалы мал азығы. Көк балауса шөп, пішен, пішендеме, сүрлем дайындау үшін өсіріледі. Азықтық құнарлығы көптеген бір жылдық шөптердің азықтық құнарлығынан асып түседі. Судан шөбінің шаруашылыққа пайдалы құнды биологиялық қасиетіне, оның орып алғаннан кейін қайта тез бой көтеруі жатады.

Судан шөбі топырақ таңдамайды.

Судан шөбі отырғызылатын егістік жерлерде қарды тоқтату қажет.

Уақытылы жиналып алынған судан шөбі құнарлығының өте жоғары болуымен ерекшелінеді. Судан шөбінен дайындалған 100 кг пішеннің құрамында 56 азық өлшемі және 6,3 кг қорытылатын протеин болады. Бір азық өлшемі 112 г қорытылатын протеиннен тұрады.

Судан шөбін пішенге бірінші гүл шоғырлары пайда бола бастағанда жинау қажет. Судан шөбін осы мезгілде оратын болсақ, шөпті екі рет шабуға мүмкіндік туады, соның арқасында пішеннің түсімі анағұрлым жоғарылайды. Бір маусымда екі рет шөп ору үшін, шөпті бірінші рет орғандағы орылатын шөптің биіктіктігін дұрыс анықтаудың маңызы өте зор.

Сондықтан судан шөбін кесіндісінің биіктігі 6 – 8 см-ге жеткенду ору қажет.

Судан шөбін мамыр айының ортасынан шілде айының ортасына дейін бірнеше рет егуге болады. Жаз айларында себілген судан шөбінің өнімділік көрсеткіштері жаз айларында себілген шөптің өнімділік көрсеткіштерінен еш кем болмайды. Судан шөбінің осы қасиеті көк шөп конвейерін жинақтауда пайдаланады. Жазда маусым айының соңында отырғызылатын шөптерді ұзақ уақыт бойы көк балауса шөп дайындауға ғана емес, сондай-ақ арам шөптермен қарқынды күресуге қолдануға болады.

Арам шөптермен қарқынды күресу үшін судан шөбінің жазда отырғызылған түрлерін далалық ауыспалы егістерде қолдануға болады.



Күздік қара бидай. Бір жылдық және көп жылдық өсімдік. Бағалы дәнді дақылға жатады. Азықтық ауыспалы егісте бұл дақыл жемшөпке және пішенге егіп өсіріледі, ал көк конвейрлерде ертерек көк шөп алуға егіліп өсіріледі. Басқа дақылдармен салыстырғанда күздік қара бидай топырақ пен ауа – райын таңдай бермейді.

Дәнді – бұршақты аралас егістер. Қазақстанның қуаң және құрғақ далаларында сұлы мен арпаның бұршақпен қоспасы кеңінен таралған. Қоспаның құрамына кіретін дақылдар ерте көктемде себілетін дақылдармен жаппай қатарлап отырғызу әдісімен себіледі. Қоспаларды бірінші екпеден кейін 10  15 күннен кейін, екінші мерзімде сепкенде екі рет өңдейді. Себу жұмыстарынан кейін топырақ тегістеледі. Қоспаларды көк шөпке және пішен дайындауға дәнді қоспалардың масақтану мерзімінде ору қажет. Пішенді таптап отырып ору керек. Қоспаларды малдарға астауға салып бергенде, оларды ең соңынан қолдануға болады. Орта есеппен сегіз жыл аралығында көк шөптің астық түсімі 85,5 ц/га жеткен, ол 20 ц азық өлшеміне сәйкес келеді.

Көк шөп дайындалатын жүгері. Көк жүгері ірі қара малдың сүйсініп жейтін азығы. Бірақ жүгеріні көк шөп дайындау үшін сепкенде сүрлем дайындауға себуге қарағанда тығызырақ отырғызады.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары жүгеріні көк шөпке жаппай қатар –қатар 1 м2 – ге 60 – 80 тұқым сепкенде, орта есеппен бір жылда 150 – 200 ц/га көк шөп алуға болады.



Итқонақ (Могар). Бір жылдық шөптесін өсімдік. Азық – түліктік және мал азықтық дақылға жатады. Итқонақтын үш түрі болады (қызыл, ақ, қара). Осы үш түрінің ішіндегі құрғақшылыққа ең төзімдісі және астық түсімі жоғарысы қызыл итқонақ. Судан шөбімен салыстырғанда қуаңшылыққа төзімсіздеу және жылуды қажет етпейді.

Пішен мен көк шөп дайындауға итқонақты шашақтары пайда болмай тұрып жинап алу қажет. Бұл уақыттан кешірек жинағанда пішеннің сапасы мен қоректілігі азайып, құрамындағы қорытылатын протеиннің мөлшері күрт төмендейді.

Итқонақ топырақ таңдамайды, жеңіл және ауыр топырақтарда жақсы шығады. Итқонақты судан шөбін өңдегендей өңдейді. Итқонақты шаруашылық астық себу науқанына 100 % дайын болғанда 10 – 12 кг/га нормасымен жаппай, қаз – қатар себеді. Тұқымдарын 3 - 5см тереңдікке отырғызады.
8.3 Малға үзбей көк шөп беру (конвейер)
Ірі репродуктор кешендерде, фермаларда және бордақылау алаңдарында мал басының көп көлемде болуы жаздық жем-шөп қорының дұрыс және жан – жақты ұйымдастырылуын талап етеді. Сол себепті көк балауса шөпті бір қалыпты өңдіріп отыру қажет. Сондықтан жайылымдық жерлері аз шаруашылықтар міндетті түрде көк шөп конвейерлерін құру қажет.

Астық түсімі күрт ауытқу шарттарында көк балауса шөп конвейерлерін құру кезінде, астық түсімінің жинап алғыңыз келген көрсеткішін емес, жинап ала алатын нақты көрсеткішті жоспарлау қажет.

Осы мақсатта көк балауса шөптің жалпы көлемі, қажетті көлемнен 20 – 25 %-ға көбірек болуы қажет. Қолайлы жағдайда көк балауса шөп конвейері жем-шөптің сақтандыру қорының қайнар көзі болады.

Қарқынды типті көк шөп конвейерін дайындауға күздік қарабидайды, күздік бидайды, көп жылдық шөптерді, сұлыны, сиыржоңышқаны, бұршақты дәнді қоспаларды, күнбағысты, судан шөбін, жүгеріні қолданған жөн. Судан шөбі мен жүгері болмаған жағдайда, көк шөп конвейеріне тары мен итқонақты қосуға болады. Қоспаларды 7 дақылдан жинақтаған абзал. Дақылдардың саны одан көп болатын болса тұқым шаруашылығы мен агротехниканың жұмысын қиыңдай түседі.

Көк шөп конвейерінің жүйесін барлық зоналарға немесе барлық шаруашылықтарға бірдей етіп ұсына алмаймыз. Себебі ол жүйе ауданның топырақтық – климаттық жағдайларына, көлдете суару алаңдарының болуына байланысты болады.

Құрғақ далалық аймақтарда азықтық дақылдарды пайдаланудың жобалық мерзімдері анықталды.



Мамыр айының аяғы мен маусым айының басында көк шөп конвейерінен көп жылдық шөптердің ішінен еркекшөп, арпабас, қара бидай, күздік бидай, әр түрлі мерзімде отырғызылған сұлы - бұршақ қоспасы; бір жылдық шөптердің ішінен күздік қара бидай, күздік бидай, әр түрлі мерзімде отырғызылған сұлы - бұршақ қоспасы, ал бұршақ тұқымдас өсімдіктер болмаған жағдайда сұлы, таза күйінде арпа түсіп тұрады.

Шілде – тамыз айларында малдарды екінші және үшінші мерзім отырғызылған бұршақ дәнді дақылдармен, бірінші және екінші мерзім отырғызылған судан шөбімен және жүгерімен азықтандыруға болады.

Тамыз айының соңы мен қыркүйек – қазан айларында көк шөптің конвейеріне судан шөбін, үшінші мерзім егілген жүгеріні, балауса судан шөбін қолданады.

Тамыз айынан бастап көк шөптің конвейеріне жүгеріні, күнбағысты таза күйінде және сүрлем дайындауға арналған бұршақпен қосып қолданады.
8.4 Азықтық ауыспалы егіс
Жемшөп қорын күшейтуде дұрыс ұйымдастырылған азықтық ауыспалы егістің маңызы өте зор.

Азықтық ауыспалы егістіктердегі дақылдардың құрамы мал шаруашылығына қажетті азықтардың түрлеріне байланысты анықталады. Тәжірибе жүзінде фермалардың маңайындағы ауыспалы егістердегі азықтық дақылдардың құрылымы азық мәзіріне, малдарды күтіп – бағу және бордақылау технологиясына байланысты болады.

Фермалардың маңайындағы ауыспалы егістерде келесі дақылдарды отырғызған жөн: сүрлем дайындауға арналған жүгері – жаздық бидай немесе арпа (сұлы); жаздық бидай немесе арпа (сұлы); көп жылдық шөптер себілетін жердің көлемі - жаздық бидай немесе арпа (сұлы).

Звеноға екі азық дақылын қосқанда жаппай және айдалмалы әдістермен өңделген, ерте және кеш себілетін азықтық дақылдарды үйлестірген жөн: бір жылдық бұршақ дәнді қоспалар (сұлы) – көктемде немесе жазда себілген судан шөбі (жүгері); судан шөбі – бр жылдық бұршақ дәнді қоспа (сұлы);

Сүрлем дайындауға арналған жүгері (күнбағыс) – көктемде немесе жазда себілген судан шөбі;

сүрлем дайындауға арналған жүгері (күнбағыс) - бір жылдық бұршақ дәнді қоспа (сұлы);

жүгері, судан шөбі, көк шөпке арналған бір жылдық бұршақ дәнді қоспалар, көп жылдық шөптер;

көктемде себілетін судан шөбі – жазда себілетін судан шөбі.



8.5 Ақуыз мәселесін шешу жолдары
Жемдік азықтардың тобында қорытылатын протеинге бай дақылдарға бұршақ, сиыржоңышқа және оның сұлымен қоспасы жатады. Бұл дақылдар ылғалды жақсы көреді және топырақтың құнарына қоятын талабы өте жоғары. Бұл дақылдардың мұндай жоғары талаптарын еліміздің орманды далалық және құрғақ зоналарда ғана қанағаттандыруға болады.

Топырақ пен климаттық шарттар нашарлағанда бұршақ өнімінің түсімі күрт төмендейді. Әсіресе бұршақ құрғақ далалық өңірлерде нашар өседі. Мұндай жағдайларда бұршақтың астық түсімі арпаның астық түсімінен екі есеге төмен болады.

Көк балауса дайындауға отырғызылатын дәнді – бұршақты қоспалар, пішен мен пішендеме көбіне орманды далалық аймақтарда өсетін сиыржоңышқа мен сұлыға қарағанда өте кең тараған. Жүргізілген зерттеулер дәнді – бұршақты қоспалардың астық түсімі, әсіресе құрамындағы протеині бойынша судан шөбімен бәсекеге түсе алатындығын дәлелдеген.

Қорытылатын протеин өндірісін жоғарылатудың негізгі қорына көп жылдық бұршақ тұқымдас дақылдар жатыр.

Көп жылдық шөптерден босайтын жерлерге дәнді – бұршақты дақылдармен отырғызған жөн. Ал, биологиялық мелиорацияны қажет ететін жерлерге беде, эспарцет және түйежоңышқа отырғызған жөн.

Из бобовых многолетних трав в лесостепи следует высевать в основном люцерну, при частичном выращи­вании на легких почвах и эспарцета, посев которого с ухудшением почвенно-климатических условий должен иметь больший удельный вес. Құрғақ далаларда түйежоңышқадан жақсы өнімді тұрақты түрде алып отыруға болады.

Сүрлеммнің құрамындағы қорытылатын протеиннің мөлшерін жоғарылату үшін күнбағыс пен бұршақтын қоспасын көбірек егу қажет. Осының арқасында бір гектардан алынатын протеиннің мөлшерін 20 – 25 %-ға көтеруге болады.

Бірақ сүрлем дайындауға бұршақтың дәнді сорттары келе бермейді, себебі олар күнбағысты ору дейін 10 – 15 күн ерте толығымен пісіп, ерте жатып қалады.

Мысалы, сұлыдан, күздік қарабидайдан, судан шөбінен пішенді дұрыс технологиямен, уақытылы дайындағанда оның құрамындағы 1 азық өлшеміне 100 г-ға жуық қорытылатын протеиннен келеді.

Пішен дайындауға арналған шөптерді ору кезінде жалпайтып тастау пішеннің құнарлығын одан сайын жақсарта түседі. Себебі өсімдіктерді жалпайтқанда шөп бір қалыпты кеуіп, жапырақты сол күйінде сақталып қалады. Сүрлем дайындалатын дақылдарды уақытылы орып алу, 10 – 15 %-ға протеинді жоғарылатады.


8.6 Жем - шөп дайындау
Мал азығы өндірісі саласының ең негізгі міндеті – сапасы жоғары жем-шөп дайындау. Малды дұрыс және толық құнды азықтандыру арқылы ағзадағы морфологиялық және функционалдық өзгерістерді бағыттап отыруға болады. Жем - шөп дайындау технологиясын сақтамаған жағдайда етті ірі қара малды сапалы, толық құнды азықтармен толығымен қамтамасыз ету мүмкін емес, сондай-ақ, мал шаруашылығы өнімінің өндірісіне шығындалатын азық шығыны жоғарлап, соңында өнімнің өзіндік құнының айтарлықтай көтерілуіне әкеп соғады.

Пішен дайындау. Пішен - кептіріліп, қысқа дайындалатын көк азық. Етті ірі қара малдың ірі азықтарының ішіндегі ең негізгісі. Пішенді 17 проценттен төмен ылғалдылықтағы физиологиялық құрғақтықты сақтайды. Пішенді ұзақ уақыт бойы сақтайтын арнайы орын дайындамай – ақ, сақтауға болады. Бірақ ашық жерде үйілген пішеннің сыртқы қабаттарына жауын – шашын, қар суы сіңіп, күн сәулесі, жел, температура әсерінен біршама қоректік заттар ыдырап, шығын болады. сондықтан қазіргі кезде дайындалған пішенді сапалы күйінде сақтау үшін, шаруашылықтарда арнайы пішен сақтайтын орындар, қалқалар дайындайды. Пішеннің сапасы шөпті шабу мерзіміне, жинау және сақтау әдістеріне байланысты болады.

Сапалы пішен дайындау үшін бұршақ тұқымдас шөптерді бүрлену сатысында, ал дәнді азықтарды – масақтанудың басында орып алу қажет.

Сондай-ақ, пішеннің сапасы шөптерді кептіру ұзақтығына да байланысты.

Пішенге шабылған өсімдік күн көзінде ұзақ кептірілсе, құрамындағы каротині ыдырап, көп аударылса қоректік заттары жоғары жапырақтары сынып, түсіп, пішен сапасы төмендейді. Әсіресе жауын-шашын астында қалған пішен қоректілігі күрт төмендейді (30 – 50 пайыз).

Бос пішенді қарапайым технологиямен дайындап табиғи жолмен кептіргенде, пішен құрамындағы құнарлы заттардың 25 - 50 %-ын жоғалтады. Бұл көрсеткішті төмендету үшін пішен дайындаудың заманауи әдістерін пайдалану қажет – табиғи жолмен кепкен пішендерді теңдер мен орамдарға буып-түю қажет.

Жиналған пішендегі микробиологиялық процесстер 6 – 8 апта жалғасады. Осы мерзімнен кейін малға жегізуге болады. әйтпесе ол ас қорыту барысын бұзып, малдың ішін өткізеді. Қажетті жағдайда басқа азықтармен (сабанмен) араластырып беру керек.

Дер кезінде шабылмаған шабындықтардағы өсімдіктердің қоректілігі күніне 1 пайызға кеміп отырады. Сондықтан бірінші шабыс уақытын кешіктіру, екінші рет шапқанда пішен шығымын 1,5 – 2 есеге азайтады.

Осыларды ескере отырып, әр шаруашылықта шабындықтардағы өсімдік түрлеріне, олардың жетілуіне қарай шабылатын мерзімін шабу мен дайын пішенді жинау аралығы 5 – 7 тәуліктен аспайтындай етіп белгілейді.

Пішенді теңдерге 18 - 20 % ылғалдықта, 150 - 200 кг/м3. тығыздықта түю қажет.

Пішенді теңдер мен орамдарға шөмелелеу және маялау операцияларынсыз буып – түю, қарапайым технологиямен пішен дайындаумен салыстырғанда, еңбек шығының 1,5 есеге төмендетеді.

Престелген пішенді дайындау кезінде бос жатқан пішенмен салыстырғанда 1 га-дан шығатын құрғақ заттың шығыны 1,5 ц-ге көп болады. Сондай-ақ, бір тонна пішен дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны 6 %-ға, құрал-жабдық 14%-ға аз шығындалып, азық бірлігінің өзіндік құны 20 %-ға төмен болады.

Пішенді белсенді кептіру арқылы дайындау кезінде, далада кептірумен салыстырғанда астық түсімінің биологиялық жинағын 1,5 есеге, ал каротинін 3 - 4 есеге жоғарлатуға мүмкіндік туады.

Белсенді желдетумен кептірілген пішенмен ірі қара малдың төлдерін азықтандырғанда, олардың орташа тәуліктік салмақ қосуы 16,3%-ға жоғарылайды.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет