Методические рекомендации по производству и заготовке кормов для фермерского хозяйства



жүктеу 0.92 Mb.
бет5/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.92 Mb.
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5
: Files
Files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
Files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
Files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
Files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
Files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
Files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
Files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
Files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
Files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары

Сүрлем дайындау. Сүрлем – шабылған көк шөптен дайындалатын консервіленген азық. Қысқы азық қорының негізгісі болып саналады. Сүрлемнің ең негізгі қасиеттерінің бірі - ұзақ уақыт сақтау кезінде азықтық сапасын жоғалтпауы. Сүрлемнің осы жақсы қасиетінің арқасында шөп жақсы шыққан жылдары азықтын сақтандыру қорын жинақтап алуға болады.

Сүрлем дайындау технологиясы бойынша қоректік заттарды толығырақ жинаған көк балғын балаусаны дер кезінде шауып (астық тұқымдастарды масақтанған, ал бұршақ тұқымдастарды бүршіктеніп гүлдене бастаған кезінде) ұсақтап турап, арнайы дайындалған ор, траншея немесе мұнараға мұқият таптап жинақтайды да, үстін ауа кірмейтіндей етіп жабады. Сонда азық арасындағы ауа қалдығын әлі өлмеген өсімдік торшаларын тыныстауға жұмсайды да, сырттан ауа еңбегендіктен анаэробтық – оттексіз жағдай қалыптасады.

Ондай ортада оттегімен тыныс алатын аэробды микроорганизмдер, оның ішінде шіріткіш микробтар дамымайды, сүрлемге салынған жемшөп бұзылмай сақталады.

Сапасы жоғары сүрлем дайындау үшін сүрлем дайындау технологиясын қатаң сақтау қажет. Алдымен сүрлемге салынатын азықтардың түрін, сортын, содан соң өсімдікті кесудің ең тиімді көлемін белгілейді. Сүрлем дайындалатын азықтарды дер кезінде шауып, ұсақтап турап, ылғалдылығы 75%-дан төмен өсімдіктерді 2 - 3 см, ылғалдылығы 75 %-дан 80 %-ға дейінгі өсімдіктерді 4,5 см, ылғалдылығы 80 %-дан жоғары өсімдіктерді – 10 – 12 см ұзындықта кеседі.

Сүрлемді қапталып өңделген траншеяларда дайындау қажет, себебі мұндай траншеяларда құрғақ заттың 15 % -н жоғалтса, қапталып өңделмеген траншеяларда бұл көрсеткіш 20 - 25 %-ды құрайды, ал үйінділер мен төбелерде 30 - 40 %-ға жетеді.

Қоймаларды сүрленетін азықтармен толтыру кезінде оларды біркелкі етіп тегістеп, үздіксіз тығыздап отырады. Сүрлем дайындалатын шұңқыр неғұрлым тез толтырылса, соғұрлым қоректік заттар шығыны азаяды. Күнделікті жиналған сүрлем биіктігі 1,0 – 1,1 метрден кем болмауы тиіс. Олай болмаса жағдайда тапталған азықтық жылуы жоғарылап, қоректік заттар шығындалып, дәмділігі нашарлайды. Сондықтан орды толығымен толтыру жұмыстарын 3 – 5 тәулік ішінде бітіру қажет. Технология бойынша дайындалған сүрлемнің температурасы 30 - 35 °С-тан аспайды, бұндай сүрлемнің сапасы өте жоғары болады.

Сүрлемге салынатын өсімдікті турау ұзындығы ылғалдылығына байланысты. Ылғалдылығы жоғары балауса шөпті қысқа етіп тураса, тапталған кезде оның сөлі көп сығылып, сөлмен бірге протеин және басқа да сүт қышқылының әсерін әлсірететін заттар бөлініп, микробиологиялық үрдістерге зиянды әсер етеді. Сондықтан шырынды азықтарды құрғағырақ азықтармен (сабанмен) араластыра сүрлеген жөн. Сол себепті сүрлемнің сапасын жақсарту мақсатында, сүрлем дайындау кезінде жүгерінің ылғалдығы 80 % көк балаусасына 15 - 20 % ұсақталған сабан қосады. Сонда сүрлемнің қышқылдығы төмендеп, құрғақ зат 1,3 - 1,7 есе көбейеді. Сонымен қоса, сүрлемге қосылатын сабанның желінуі мен қорытылуы 15% - 20%-ға жоғарлайды.

Жүгері сүрлемінің құрамындағы протеинді жоғарлату үшін, сүрлем дайындау кезінде әр бір 1 кг сүрленетін жүгеріге 3 – 5 кг карбамид қосады.

Сүрлем сапасын көтеруге, ондағы клетчатканың қорытылуын жоғарлататын ферменттік препараттарды қосуға болады. оларға өндірісте арнайы шығаратын глюковамарин, пектавамарин, пектофеотидин, амилоризин, цитороземин және басқа да ферменттік препараттар жатады.

Ірі қара малға 85,5 % - жүгеріден, 6 % - сабаннан, 7,8 % - астық қалдықтарынан, 0,3 % - карбамидтен, 0,2 % - фторсыз фосфордан, 0,2 % - ас тұзынан құралатын жүгерілік – сабандық сүрлем ұсынылады. Мұндай сүрлемді малдар сүйсініп жеп, бұқашықтар тәулігіне 850 - 900 г қосымша салмақ қосады, бұл көрсеткіш бұқашықтарды жүгері сүрлемімен азықтандырғанда алынатын көрсеткіштен 130 г-ға жоғары.

Дәнге жиналған жүгерінің сабағынан да сапалы сүрлем дайындауға болады.

Пішендеме дайындау. Пішендеме – бұл астық тұқымдастардан 40 – 45 пайыздық, бұршақ тұқымдастардан 45 – 55 пайыздық ылғалдылықта дайындалып, анаэробтық жағдайда ұзақ сақталатын мал азығы. Сүрлемнің сақталуы органикалық қышқылдар әсеріне байланысты болса, пішендеме онша қышқылданбаған, өсімдік торшаларының физиологиялық құрғақтықта қоректік заттарын сақтай алуына негізделген. Пішендемені бір және көп жылдық бұршақ тұқымдастардан, астық тұқымдастардан, олардың қосындыларынан, жақсартылған табиғи шабындықтар көгінен дайындауға болады, себебі оның құрамында сүрлеммен салыстырғанда қоректік заттары толығырақ сақталады және пішендеме дайындауда өсімдіктердің құрамындағы қанттың мөлшері маңызды емес.

Пішендеме дайындау технологиясына келесідей операциялар кіреді: пішендеме дайындалатын көкті мыжып отырып шабу, шабылған көк балаусаны қаумаларда 45 - 55 % ылғалдылыққа дейін дегдітеді, қаумаларды жинақтап көліктерге тиеу, сақтау орындарына жеткізу, таптап тегістеу, полиэтилен жарғақпен қымтап жауып, топырақпен көмеді.

Пішендемеге салынатын көкті таң сәріде (таңғы сағат 4 – 7-де) шапқан дұрыс. Өйткені бұл уақытта өсімдіктерде қоректік заттар, әсіресе каротин толық жиналып, ылғал буланатын өсімдік жолдары ашық болады.

Шабылған көк балаусаны 45 – 55 пайыздық ылғалдылыққа дейін дегтітеді. Қажет болған жағдайда оны мыжып, араластырып, 3 – 8 сағатта қажетті ылғалдылыққа дейін дегдітеді. Сонда өсімдік құрамындағы қоректік заттар, каротин жақсы сақталады. Содан соң шөпті арнайы тығыздаушы құралдармен тығыздап, дайын теңдерді асты мен қабырғалары полиэтилен жарғақпен қапталған бетон траншеяға мұқият таптап, нығыздап салады.

Пішендеме дайындау кезінде мұнараның бетінің дұрыс жабылуына көп көңіл аудару қажет.

Теңдерді қабаттап салып, қабаттардың арасына дегдіген шөп салып, содан соң үстін ауыр тракторлармен басып тығыздайды. Үстіңгі қабатына 50 см-дей етіп ұсақтап кесілген ылғалды жүгерінің көгін салып, үстін ауа өткізбейтін полиэтилен жарғақпен қымтап жабады. Оның үстін 1 м қалыңдықта сабанмен жабады немесе оның үстіне қайнатылмаған әкті, 0,5 – 1,0 см етіп жайып, оны азық қиқымы, ағаш үгіндісі немесе олар болмаған жағдайда ылғалды топырақпен көмеді. Қажеті технологиясын сақтап, дұрыс дайындалған пішендеме дәмі, түсі, қоректілігі көк шөп тәріздес, малдар сүйсініп жейтін, олардың өнімділігіне жақсы әсер ететін азық. Оның құрамында сүрлеммен салыстырғанда қоректік заттары толығырақ сақталады.



Микробиологиялық ашыту процесі аз жүретіндіктен сүрлеммен салыстырғанда пішендеме құрамына жеңіл қорытылатын энергия көзі – қанттар және азықтардың құрғақ заттарының құрамындағы басқа да қоректік заттар толығырақ сақталады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Справочник по кормопроизводству. Под ред. М.А. Смурыгина. – 2-е изд., перерааб. и доп. – М.; Агропромиздат, 1985. – 413с.

  2. Справочник по сенокосам и пастбищам. Авторы: доктор с/наук Д.А. Алтунин и др.-М.; Россельхозиздат, 1986.-335с.

  3. Справочник по кормопроизводству. М., «Колос», 1973.-488 с.



1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет