Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талап метрополитендерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікте қолданылады.

2. Метрополитенді пайдалануға тапсыратын ұйымның басшылығымен «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына сәйкес:

1) өндірістік бақылау туралы ереже;

2) технологиялық регламенттер;

3) аварияларды жою жоспары әзірленеді.

Осы Талаптардың сақталуына ведомстволық бақылау «Өндірістік бақылау туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырылады.

Аварияларды жою жоспары Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес әзірленеді. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген 1-тарау, 2-тарау.

Технологиялық регламент-кәсіпорынның өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, стандарттар талаптарына жауап беретін дайын өнімді сапа көрсеткіштерімен алуды қамтамасыз ететін технологиялық үдерісті жүргізудің шарттары мен тәртібін белгілейтін, стандарттар талабына жауап беретін, сондай-ақ жұмысты жүргізудің қауіпсіздігін және өндірістің оңтайлы техника-экономикалық көрсеткіштерге жетуін белгілейтін ішкі нормативтік құжаты.

3. Персоналды жұмысқа дайындау және жіберу, метрополитен объектілерінде жұмыстарды өндіру «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңына, Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген 1-тарау, 2-тарауға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Метрополитенге түсетін барлық персонал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 20 қазандағы № 766 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 қарашада № 2556 тіркелген) бекітілген тәртіпке сәйкес алдын ала медициналық куәландырудан және кезеңдік медициналық куәландырудан өтеді.

5. Туннельдік желдеткіш жүйелері, сутөкпе және канализациялық станциялық сорғы қондырғылары, әуе-жылу перделері, тоған ұңғымалары, су құбырының магистралдық желілері автоматика қондырғысы және дистанциялық басқару қондырғыларымен жабдықталады.

6. Метрополитен ғимараттарының (станция, көпір және басқа) негізгі техникалық және пайдалану сипаттамаларынан тұратын техникалық паспорты және ғимараттың жай-күйі мен онда болған өзгерістер туралы деректері болады.

Құрылыстың техникалық паспортына желдеткіштің, жарық түсірудің, гидрогеологиялық жағдайлардағы сутөкпе жүйелерінің құрылымы туралы, басқа барлық жапсарлас құрылыстар туралы деректер енгізіледі. Паспортқа тексеру кезінде анықталған құрылыстағы ақаулықтар; осы құрылыста ағыстар мен дақтардың болуы; туннельді қаптау арқылы тазартылатын судың орташа айлық дебиті және жынысты қаптаудан шығатын орташа айлық көлем; ағыстардан жер асты суларын химиялық талдаудың нәтижелері туралы деректер; құрылысты қаптау және жобалауда құрылымдарда болған барлық өзгерістер енгізіледі.

Техникалық паспорттың дұрыс толтырылуын тексеру кемінде жылына бір рет.

7. Әрбір жұмыс орны желдетумен, жарықтандырумен, авария туралы хабарландыруға арналған құралдармен қамтамасыз етіледі, толық қауіпсіздік жағдайында болады:

машиналардың, механизмдер мен қондырғылардың (муфтілер, берілістер, шкивтер және басқа) барлық ашық айналатын және қозғалатын бөлшектері қоршалады;

механизмдерді олар жұмыс істеп тұрғанда осы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қондырғылары бар жағдайдан басқа уақытта тазалауға және майлауға болмайды.

8. Автоматты және қашықтықтан басқаратын машиналар мен механизмдерден басқа машиналар мен механизмдерді олар жұмыс істеп тұрған уақытта қараусыз қалдыруға болмайды.

9. Екі және одан да көп қызметкер жұмыспен қамтылған механизмнің (іске қосу, тоқтату) жұмыс режимін түрліше өзгерту белгіленген дабыл бойынша жүргізіледі. Дабылдардың маңыздылығымен барлық жұмыскерлер таныстырылады. Әрбір жұмыс орнындағы немесе қондырғыдағы дабылдарды беру белгілі тұлғаға тапсырылады. Машинаны немесе механизмді іске қосу туралы дабыл олардың жұмысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенде беріледі. Тоқтату жөнідегі дабыл кешеуілдетусіз орындалады. Кез келген түсініксіз дабыл тоқтату жөніндегі дабыл болып саналады.

10. Метрополитенде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Авариялық-құтқару қызметімен (бұдан әрі-АҚҚ) шарт жасалады.

АҚҚ жұмыстарды орындауға тұрақты дайындықта тұрады және арнайы автокөлікпен, жылжымалы құраммен, байланыс құралдарымен және тиісті жабдықтармен жарақтандырылады.

Метропалитенде АҚҚ тәжірибелік жаттығулар жүргізу үшін оқу-жаттығу полигоны ұйымдастырылады.

11. Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті барлық материалдар, жабдықтар мен құрал-саймандар жедел машиналарда олардың сақталуы, қолжетімділігі және қолданудың ыңғайлылығы қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады. Материалдарды, жабдықтар мен құрал-саймандарды орналастыру және сақтау үшін автомашиналарға орнатылатын әрбір бөліктерінде ондағы бар техникалық құралдардың тізбесі болады.

Ірі зақымданулармен байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтар мен материалдардың авариялық-қалпына келтіру қоры меншіктелген орындарда метрополитен желілерінде сақталады. АҚҚ метрополитен басшылығымен бекітілген тәбілге сәйкес жарақтандырылады.

12. Метрополитен персоналын аварияның туындағаны туралы құлақтандыру үшін телефон байланысынан басқа жеке құлақтандырудың (дабыл қаққыштың дауыс зорайтқыш, сәулелік және басқа түрлері) авариялық сымсыз дабыл қаққышы жабдықталады.

13. Көлік машиналарын және жабдықтарды жөндеу жөндеу кестесінде қарастырылған мерзімдерде жүргізіледі. Негізгі жабдықтаудың жөндеудің барлық түрлеріне технологиялық регламенттер құрылады.

14. Ғимараттар мен қондырғыларды жөндеу қозғалыстың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген және пойыздар қозғалысының кестесі сақталған кезде жүргізіледі.

15. Қайта салынған және қайта құрылған желілерді, құрылыстарды, қондырғылар мен ғимараттарды қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдайды.

16. Қолданыстағы метрополитенде мердігер ұйымдармен орындалатын жөндеу және басқа жұмыстарды өндіру кезінде персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және авариялық жағдайлар кезінде іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ететін іс-шаралар жүзеге асырылады.

17. Қажеттілігіне қарай метрополитен жолдары жер асты және жер үсті коммуникацияларымен қиылысқанда осы коммуникациялардың жобалары метрополитеннің тиісті қызметтерімен келісіледі.

Жобаларда пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің қауіп-қатерін болдырмайтын, осы құрылыстарды сенімді пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар қарастырылады.

Осындай коммуникациялардың құрылысы метрополитен және құрылысты жүргізетін ұйымдар басшыларының жұмысты ұйымдастыру жоспары бірлескен бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.



2-тарау. Жол шаруашылығы

1-параграф. Жалпы талаптар

18. Метрополитен жолдарының жоғарғы құрылыстары, рельстер, бағыт көрсеткіштері, радиустың қиғаштықтары, түзулер мен қиғаштардың қабысуы, көлбеулердің құлама тіктігі, желілердің жоспары мен сұлбасы жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады.

19. Метрополитен жолының барлық элементтері: жер төсемі, бетондық негізі, жоғарғы құрылысы және беріктігі, орнықтылығы мен техникалық жай-күйі бойынша жасанды құрылыстары белгіленген жылдамдықтарда пойыздардың қауіпсіз және бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді.

2-параграф. Жолдың жоспары мен сұлбасы
20. Радиусы 500 м және одан жоғары түзу, қиғаш учаскелердегі аралас жолдардың арасындағы шүлдіктердің қашықтығы кемінде:

1) аралық тірексіз басты және екі жолдық тоннельдерде-3400 мм;

2) көпірлер мен эстакадаларда-3700 мм;

3) жер бетіндегі басты жолдарда, айқасқан съездер төселген орындарда және жылжымалы құрамның айналыс жасауына арналған жолдарда-4000 мм;

4) парк жолдарында-4200 мм;

5) депо жолдарында-4500 мм.

21. Қиғаш учаскелердегі жол шүлдігі мен құрылымдар, аралықтар мен станциялардағы жабдықтар екі орталығындағы көлденең қашықтық құрылыстар мен жабдықтардың жақындау габариттерін қамтамасыз етумен белгіленеді.

22. Жолдың жоспары мен сұлбасы, туннельдік қаптамасы кезеңді аспаптық тексеріске әкеп соқтырады. Жолдың жоспары мен сұлбасының өзгеруін туғызатын қайта жаңарту және басқа жұмыстар жүргізілетін учаскелерде жұмыс аяқталғанда жүргізіледі.

23. Жолдар мен туннельдердің жай-күйі:

1) вагонмен-жол өлшеуішпен және жол өлшеуіш арбасымен кемінде айына бір рет;

2) габариттерді тексеруге арналған габаритті вагонмен немесе габаритті рамамен жабдықты жақындату кемінде жылына бір рет тексеріледі.

24. Туннельдік қаптамалардың жай-күйі туннельдерді пайдалану кезінде мынадай мерзімдерде жаппай біркелкілеумен тексеріледі:

1) 5 жылға дейін-кемінде жылына бір рет;

2) 5 жылдан 10 жылға дейін-кемінде үш жылда бір рет;

3) 10 жылдан артық-кемінде бес жылда бір рет.

25. Қашықтықтағы жолдарда станцияның сызбалық жоспары, басты және станциялық жолдардың бойлық сұлбалары мен жоспарлары болады. Осы құжаттарға уақытында барлық өзгерістер енгізіледі.

26. Жолдардың және туннельдік қаптамалардың жоспары мен сұлбасын тексеру, сондай-ақ станцияның сызбалық жоспарын және бойлық сұлбаларын құрастыру тәртібі өндірістік бақылау туралы талапта белгіленеді.

27. Жөндеу жұмыстары кезінде рельстер бастарының деңгейін жобадағы белгіден және жоспардағы жолдардың қалпын өзгертуді метрополитен басшылығының рұқсатымен ғана жүргізуге болады.



3-параграф. Жолдардың жоғарғы құрылысы
28. Туннельдердің барлық ұзындығы жолдың жоғарғы құрылысының, туннельдік құрылымдардың, қондырғылар мен жабдықтардың элементтерінен сенімді субұрғыштар қамтамасыз етіледі.

Жердің жоғарғы бетіндегі жер төсемінің жер төсемін орнықты жағдайда ұстауды қамтамасыз ететін субұрғышы, деформациялануға қарсы және беріктендіретін қондырғысы болады.

29. Станциялық, туннельдік, жердің жоғарғы бетіндегі жолдар 0,003 бір ширатылған ұзын бойына еңіске орналастырылады. Негізделген жағдайларда станциялық жолдарды суды субұрғышпен қамтамасыз еткен жағдайда көлденең алаңда орналастыруға жол беріледі. Парк жолдары алаңда немесе 0,0015 артық емес еңістікте орналастырылады.

30. Сораптар енінің атаулы өлшемі жолдың түзу учаскелерінде рельс бастарының ішкі қырларының арасында 1520 мм құрайды. Жолдың қиғаш учаскелерінде сораптардың ені мынадай радиустарда болуы мүмкін:

1) 1200 м-600 м дейін-1524 мм;

2) 600 м-400 м дейін-1530 мм;

3) 399 м-125 м дейін-1535 мм;

4) 124 м-100 м дейін-1540 мм.

Сораптар ені 1512 мм кем және 1548 мм артық болмайды.

31. Жолдың түзу және қиғаш учаскелерінде сораптар енінен ауытқу кеңейтілуі бойынша-2 мм және тарылтылуы бойынша-2 мм асырылмайды.

32. Рельстің қапталы тозғаны анықталған кезде көрсетілген нормадан ауытқуға рұқсат етілетін мөлшер метрополитен ұйымының техникалық басшысымен белгіленеді.

33. Түзу учаскелерде жолдың екі тізбегі рельстері бастарының жоғарғы жағы бір деңгейде орналасады.

34. Жолдың түзу учаскесінде олардың әрқайсысының барлық ұзындығына бір рельс тізбегінің мөлшері екіншісінен 4 мм жоғары.

35. Сыртқы рельс тізбегін жоғарылату 120 мм аспайды.

36. Рельс жолдарының кенет зақымдануының және оның уақытынан бұрын істен шығуының алдын алу үшін рельстерге техникалық дұрыс күтім жасау бойынша шаралар кешенімен қатар оларға техникалық құралдармен-жылжымалы дефектоскоптармен, алынатын дефектоскопты арбалармен және дефектоскопты вагондармен тексеріс жүргізіледі.

Тексерістердің кезеңділігін желілерді пайдалану, жүк көтеру жағдайларымен, рельстердің жай-күйімен, сондай-ақ ақаулардың артуының сипаттамасы және жылдамдығымен ұйымның техникалық жетекшісі анықтайды.

37. Дефектоскопты құралдармен рельстерді тексерудің кестесін жолдың қызмет бастығы бекітеді. Ерекше жағдайларда (төтенше тежегішті қолдану, ақаулы дөңгелек жұптарымен жылжымалы құрамның өтетін жері, рельстердің зақымдануы мүмкін жұмыстарды орындау) дефектоскопия құралдарымен рельстерге жоспардан тыс тексерістер жүргізіледі.

4-параграф. Бағыт көрсеткіштер
38. Метрополитендерде айқастырылған маркідегі мынадай бағыт көрсеткіштері қолданылады:

1) парктік және өзге жолдардың барлығында-1/9 тік емес;

2) парктік және өзге жолдарда-1/5 тік емес.

Айқасқан съездердің тұйық қиылыстарында 2/9 тік емес маркідегі айқастырмасы болады.

39. Келесі ақаулықтардың кем дегенде біреуі бар бағыт көрсеткіштері мен тұйық қиылыстарды пайдалануға жол берілмейді:

1) бағыт ұштарының ажырап кетуі;

2) жұмыс күшіне қарсы өлшенген рамалық рельстен 4 мм және одан артыққа ұштардың артта қалып қоюы;

3) тарқтың жиырылу қауіптілігін тудыратын ұштықтарда бояу және барлық жағдайларда ұзындығын бояу: басты жолдарда 200 мм және одан артық, жылжымалы құрамның айналыс жасауына және тоқтауына арналған жолдарда 300 мм және одан артық, өзге станциялық жолдарда 400 мм және одан артық;

4) рамалық рельске қарсы ұштардың төмендеуі 2 мм және одан артық;

5) айқастырма өзегінің жұмыс шегі және қарсы рельс басының жұмыс шегі арасындағы қашықтық 1474 мм кем емес;

6) қарсы рельс басының жұмыс шегі және мұрттығы басының арасындағы қашықтық 1435 мм артық;

7) ұшының немесе рамалық рельстің сынуы;

8) айқастырманың сынуы (өзегінің, мұрттығы немесе қарсы рельстің);

9) бір болтты немесе екі болтты жапсырмадағы қарсы рельс болтының жарылуы.

Рамалық рельстердің, ұштардың, айқастырма өзектерінің тік тозу нормаларын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

40. Жердің жоғарғы бетіндегі бағыт көрсеткіштері климаттық және басқа жағдайларға байланысты механикалық тазарту немесе қарды ерітуге арналған құралдармен жабдықталады.

41. Туннельдердегі, сондай-ақ жер бетіндегі және парк жолдарындағы бағыт көрсеткіштері (тәуліктің қараңғы уақытында) қосымша орнатылған шамдармен жарықтандырылады.

42. Басты жолдарда және электрлі жылжитын құрамның айналыс жасау және тоқтауына арналған жолдарда пойыздардың қарсы адырнамен қозғалысы кезінде ұштардың алдына шой бөрене төселеді.

43. Бағыт көрсеткіштерін, айқасқан съездердің тұйық қиылыстарын төсеу және алып тастау және оларды пайдалануға енгізу ұйымның техникалық басшысының бұйрығы бойынша жүргізіледі.

5-параграф. Метрополитен желілерінің қиылысуы және оларға жапсарласу
44. Метрополитен желілерінің өзара және көліктің басқа түрлерінің желілерімен қиылысуы әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады.

45. Метрополитен желілерінің электр беру және байланыс желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және жер асты коммуникациялары және құрылыстарымен қиылысуы ұйым жетекшісінің рұқсатымен болады.

46. Инженерлік коммуникацияларды төсеу және қайта орнату кезінде қозғалыс қауіпсіздігін және метрополитеннің қолданыстағы құрылыстарының сақталуын қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды орындау қарастырылады:

1) инженерлік коммуникациялар метрополитен құрылысын 90º бұрыштағы жоспарда қиуы мүмкін. Қиылысу бұрышын азайтуға рұқсат беріледі, бірақ 60º дейіннен кем емес;

2) метрополитен құрылысының үстіне немесе астына төселген құбырлар жоспарда тік сызықты және сұлбада көлбеуінен бір жағына қарай төселеді;

3) метрополитен құрылыстарының астында орналасқан қысымды құбырлар (канализация, су құбыры, жылу жүйесі, газ құбыры), болат құбырлардан жасалады, осы кезде құбырлардың жапсарлары метрополитен құрылысының қиылысатын шегінде барлық ұзындығы бойынша бұзбай бақылау әдісімен және одан әрбір жаққа 10 м қашықтықта тексеріледі;

4) метрополитеннің жоғарғы немесе төменгі құрылыстарын қиып өтетін құбырлар болат қаптарға, темір бетонды құрсауларға бекітіледі немесе өту және жартылай өту каналдарына (коллекторларға) төселеді; олардың ұштары құрылыстан 10 м кем емес тысқары шығарылады;

5) су және өздігінен ағатын канализация құбырларындағы қаптардың немесе құрсаулардың ұштары оларға сөндіретін қондырғыларды орната отырып, құдықтардың қабырғаларына ұқыпты бекітіледі;

6) өздігінен ағатын немесе қысымды канализациялық құбырлар мен қаптардың қабырғалары арасындағы бос орын қысымдағы құм-сазды немесе құм-цементті ерітіндімен толтырылады. Газ құбыры мен қап арасындағы бос орын қаптың ұштарын ұқыпты тығыздай отырып, битумдермен толтырылады;

7) метрополитен құрылыстарының астында орналасқан жылу жүйелерінің құбырлары торкреттеу әдісімен орындалған металл оқшаулағышпен, алынбалы жапқышпен немесе гидрооқшаулағышпен тұтас темір бетоннан каналдарда төселеді. Канал жаңбырлы канализация жүйесіне су шығаратын камералармен аяқталады. Жылу жүйесіндегі сөндіретін қондырғылар метрополитеннен жақын камераларда 100 м аспайтын қашықтықта орналасады;

8) метрополитеннің туннельдерінің астына газ құбырынан басқа құбырларды төсеуге рұқсат етіледі. Оларды төсеу герметикалық қаптарда жүзеге асырылады;

9) жер асты коммуникацияларын жер бетіндегі сызықтармен қиылысатын орындарда төсеу қоршаудан тысқары шығарылатын, қоршаудан кемінде 3 м қашықтықта бекіткіш қондырғылары бар құдықтардың құрылыстарымен қаптарда, құрсауларда және каналдарда жүзеге асырылады. Метрополитеннің жер бетіндегі сызықтарымен қиылысқан жерлердегі коммуникацияларды жер бетінде рельс ұштарының деңгейінен кемінде 5 м биіктікте төсеуге рұқсат етіледі. Осы жағдайда коммуникацияларды төсеу тіректерді қоршаулардан кемінде 5 м қашықтықта шығара және ауытқып кеткен қондырғыларды арнайы құдықтарда орната отырып, коммуникацияларды авариясыз пайдалануды қамтамасыз ететін тасымалданатын қондырғыларды орната, бір жаққа бұра отырып, қаптарда орындалады;

10) метрополитеннің қолданыстағы құрылыстарының аймағында инженерлік коммуникацияларды төсеу бойынша жобаларда оларды топырақтан айыра отырып, ескі коммуникацияларды жою қарастырылады. Осы жұмыстарды орындаудың күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететін маңыздылыған қарай ескі коммуникациялар ұйым басшысының келісімі бойынша құбырларды тасымалданатын өнімдерден босатқан, бекітетін арматураларды бөлшектеген, камераларды, құдықтарды бөлшектеген және барлық бос орындарды топырақпен толтырған жағдайларда рұқсат етуді топырақта қалдырады. Жойылатын газ құбырлары үрлеп тазартылады және қақпақшалармен жабылады, су таситын коммуникациялар қақпақшалармен жабылады. Метрополитен құрылыстарының аймағында барлық жойылатын құбырлар міндетті түрде қысымдағы құм-сазды ерітіндімен толтырылады.

47. Темір жол жолдарының метрополитеннің басты және станциялық жолдарымен жапсарласуына жол берілмейді.

48. Метрополитеннің пайдаланудағы туннельдері қайта салынып жатқан учаскелердің жапсарлас туннельдерінен оларды пайдаланатын туннель жақтан басқара отырып, тұтас бетонды далдалармен немесе металл қондырғылармен ажыратылады.
6-параграф. Ұласқан рельс
49. Ұласқан рельс кез келген атмосфералық жағдайларда электр пойыздарының белгіленген жылдамдықтағы қозғалысы кезінде үздіксіз токтан ажыратқыш қамтамасыз етеді.

50. Ұласқан рельс туннельдердің қозғалыстағы рельстері мен құрылымдарынан электрмен оқшауланады және қиын тұтанатын материалдардан жасалған қорғаныш қораптары болады.

51. Ұласқан релсьтің жұмыс шегін қозғалыстағы рельс бастарының деңгейінен арттыру 160 мм. Ауытқуға арттыру немесе кеміту жағына қарай 6 мм аспағанда рұқсат етіледі.

Ұласқан рельс шүлдіктерінен бастап жақын арадағы қозғалыстағы рельс бастарының ішкі шегіне дейінгі қашықтық 690 мм, ауытқулармен арттыру немесе кеміту жағына қарай 8 мм аспайды.

52. Ұласқан рельс бұрудың металл бөлшектерінің ұштары арасында кемінде 14 м ауа аралықтарымен жабылмаған жеке оқшауланған секцияларға (фидерлі аймақтарға) бөлінеді. Бір вагонның ток қабылдағыштарымен жабылмаған осындай ауа аралықтары сөндірілген күш қозғалтқыштарымен пойыздар келетін орындарда, ал басты жолдарда станцияларға кірер жолдар бойынша-жолаушылар платформасы басталатын жерден 50 м аспайтын қашықтықта орналасады. Бағыт көрсеткіштері, айқасқан съездер және металл құрылымдары орналасқан орындарда ұзындығы 10 м аспайтын ұласқан релсьтің жабатын ауа аралықтары болады.

Басты жолдардың ұласқан рельсінің салынып жатқан желілерінде қабылдайтын ұшында 1/30 және кері қайтаратын ұшында 1/25 көлбеудегі ұштық бұрылыстары болады.

Ұласқан желілерді қоректендіру және секциялау сызбаларын ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

53. Метрополитен құрылыстарындағы ұласқан рельске, электр желісіне және электр жабдығына ылғалдың және топырақты сулардың түсуін болдырмас үшін су өтетін жерлерге жанбайтын материалдардан судан қорғайтын шатырлар орнатылады.



3-тарау. Жолаушылар станциялары
54. Станция жолының артуы және техникалық жабдықталуы желілердің берілген өткізу қабілеттігін, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және маневрлеу өндірісін қамтамасыз етеді. Шығатын жерді осы жолдан тұйық тірек призмасының оқшаулағыш торабына дейін қоршайтын бағдаршамдардан электр пойыздары құрамдарының айналыс жасауына арналған жолдардың пайдалы ұзындығы пойыздың есептік ұзындығын ілгерінді дамытуға кемінде 40 м асады.

55. Туннельдік станция немесе жабық жер беті уаскесінің жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған платформасының ұзындығы пойыздың есептілік ұзындығынан кемінде 6 м, ал ашық учаскеде орналасқан станциялар-кемінде 10 м аспайды. Рельс бастарының деңгейінен жолаушылар платформасының биіктігі 1100 мм болуы қажет.

56. Метро вестибюльдерінің ішкі жоспарлануы кіретін және шығатын жолаушылардың бөлек қозғалысын, жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған қондырғыларды орнатуды қамтамасыз етеді. Вестибюльдердің кірер есіктерінен жолаушылар қозғалысын бағыттау платформаға дейін және кері қарай оң жақ.

57. Станциялардағы қызметтік үй-жайлар (тағы сол сияқты вестибюльдерде) пайдалану қауіпсіздігінің талаптарына сай, жұмысқа ыңғайлы және өрт қауіпсіздігінің құралдарымен жабдықталған.

Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған үй-жайлардан қызметтік үй-жайларға өтетін жолдар құлыпқа жабылатын есіктермен жабдықталады.

58. Аралық, станциялық, жолдарды және біріктіретін тармақтарды жұмыс және авариялық жарықтандыруды қосу және сөндіру метрополитен басшысымен бекітілген станция бойынша кезекшінің үй-жайынан немесе тәртіпті орталықтандыратын бекеттің үй-жайынан жүргізіледі.

59. Метрополитен станциялары метрополитен басшысымен бекітілген тізбе бойынша станцияның жұмысын бақылау және басқару жабдықтарымен жарақтандырылған телебасқару бекеттерімен, жолаушылардың қауіпсіздігін және тасымалдауды қамтамасыз ететін қондырғылармен жабдықталады.

60. Станциялар «Пойыз жүруге дайын» қашықтықтан басқару жарық дабылдары, сондай-ақ рельс тізбегіне жылдамдықты автоматты реттейтін автоматты локомотивті дабыл (бұдан әрі-ЖАР-АЛД) тыйым салу кодын беру және төтенше жағдайларда электр пойызының кетуін болдырмауға арналған автоматты іс-қимылдың шығар бағдаршамын жабу қондырғыларымен жабдықталады.

61. Жабық түрдегі станцияларда жолаушыларды ыңғайлы және қауіпсіз отырғызу және түсіруді қамтамасыз ететін автоматты есіктермен жабдықталады.

Жабық түрдегі станциялардағы автоматты есіктерге техникалық қызмет көрсетудің және пайдаланудың тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.

62. Вестибюльдердегі, станциялардағы және пойыздардағы Метрополитенді пайдаланудың талаптарын, метрополитен желілерінің сызбаларын, жолаушылар бара жатқан қайта отыру станциялары орналасқан пойыздар қозғалысы бағыттарының көрсеткіштерін, сондай-ақ басқа қажетті көрсеткіштерді орналастырудың тәртібін ұйымның техникалық басшысы белгілейді.

63. Станция бастықтары станциялар мен қызметтік үй-жайлардың тазалығын, санитарлық және өртке қарсы жай-күйін қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсету бойынша персоналдардың жұмысын жүйелі тексереді.



4-тарау. Дыбылқаққыш және байланыс

1-параграф. Жалпы талаптар
64. Метрополитенде қолданылатын дабыл аспаптарының түрлері ДОБ қондырғысына жобалау құжаттамасымен орнатылады.

65. Әрбір дабыл шүбәсыз болып табылады және орындалуға жатады.

Дабылдарды жіктеу, мақсаттау, беру және қолданудың тәртібі технологиялық регламенпен белгіленеді.

66. Дабылдар көрінетін және дыбыстық болып бөлінеді.

Көрінетін дабылдарды беру үшін мынадай дыбыстық аспаптар қызмет етеді: бағдаршамдар, жылдамдықты автоматты реттейтін автоматты локомативті дабылқаққыштар (бұдан әрі-ЖАР-АЛД) көрсеткіштері, қалқандар, фонарьлар, қол дискілері, жалаулар, дыбыстық көрсеткіштер және дыбыстық белгілер.

Дыбыстық дабылдар әртүрлі ұзақтықтағы сандар және дыбыстар үйлесімділігімен айтылады.

Дыбыстық дабылдарды беру үшін электр жылжымалы құрамдардың, маневрлеу құрамдарының, шаруашылық пойыздарының, локомотивтердің ысқырықтары, қол ысқырығы және түтіктер, сондай-ақ сиреналар мен қоңыраулар қызмет етеді.

67. Тұрақты дабылдар бағдаршамдармен және электр жылжымалы құрамдардың басқару кабиналарында ЖАР көрсеткіштерімен беріледі.



2-параграф. Бағдаршамдар
68. Бағдаршамдар мақсатына қарай:

1) кірер-пойызға аралықтан станцияға баруға рұқсат беретін және тыйым салатын;

2) шығар-пойызға станциядан жылжуға және келесі станцияның кірер бағдаршамына (кірер бағдаршамы жоқ станцияның шығар бағдаршамына) дейін баруға рұқсат беретін және тыйым салатын;

3) маршрутты-пойызға бір станциялық жолдан басқасына баруға рұқсат беретін және тыйым салатын;

4) маневрлі-станцияның шегінде маневрлі қозғалыстарды орындауға рұқсат беретін және тыйым салатын болып бөлінеді.

69. Пойыздардың қозғалысымен байланысты дабылдарда негізгі дабыл түстері қолданылады:

1) жасыл-белгіленген жылдамдықтағы қозғалысқа рұқсат беретін;

2) сары-қозғалысқа рұқсат беретін және жылдамдықты азайтуды талап ететін;

3) көк және ЖАР дабыл көрсеткіші-ЖАР дабыл көрсеткішінде көрсетілген жылдамдықтан асырмайтын қозғалысқа рұқсат беретін;

4) қызыл-тоқтатуды талап ететін.

Маневрлеу жұмысы кезінде дабылдарда сонымен қатар маневрлеуге рұқсат беретін айлы ақ түсті қолдануға жол беріледі. Әрбір нақты жағдайда дабыл түстерін қолдану жобамен белгіленеді.

70. Бағдаршамдар пойыздар қозғалысының бағыты бойынша оң жағынан немесе жолдың шүлдігіне орнатылады.

Бағдаршамдар олар берген дабылдарды қатар жолдарға жатқызатын дабылдар деп қабылдамайтындай етіп орнатылады.

71. Бағдаршамдардың көрсеткіштері пойыз машинисінің жұмыс орнынан барынша көп белгіленген жылдамдықтан толық қызметтік тежеу кезінде осы орын үшін белгіленген есептік тежеуіш жолынан кем емес қашықтықта анық ажыратылады.

Жол сұлбасының талабы бойынша қозғалыстың барынша көп жылдамдығына жету мүмкін емес болған орындарда (жарларда) осы қашықтық пойыз осы учаскеде жүзеге асыра алатын барынша көп жылдамдық бойынша анықталады.

Жол жоспары мен сұлбасының талаптары бойынша жоғарыда көрсетілген талаптарды қамтамасыз ету мүмкін болмаған орындарда ескерту бағдаршамдары орнатылады.

72. Бірі қызыл және бірі сары түсініксіз көрсеткіштегі қызыл отты бағдаршамнан өтуге, сондай-ақ оты сөнген бағдаршамнан өтуге жол берілмейді.

73. Басты жолдардың бір деңгейде қиылысуы шекті рейкалардан (бағандардан) жылдамдықтың осы желісі үшін барынша белгіленген шұғыл тежеу кезінде кемінде есептік тежегіш жолынан қашықтықта орналасқан бағдаршамдармен қоршалады.



3-параграф. Автоматты локомотивті дабыл қаққыш және блоктау
77. ЖАР-АЛД электр жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы болып табылады және:

1) рельстік тізбектерге және пойыз қондырғыларына алдағы жатқан жол учаскелерінің жұмыспен қамтылуына және бостығына, маршруттың дайындығы немесе дайын еместігіне қарай қозғалыстың рұқсат етілген шекті жылдамдығы туралы дыбыстық командаларды беруді;

2) пойызды (құрамды) басқару кабинасында рұқсат етілген шекті жылдамдық немесе қозғалысқа тыйым салатыны және тоқтатуды талап ететіні туралы дыбыстық көрсеткіштерді;

3) рұқсат етілген жылдамдықты сақтауға үздіксіз бақылау және осы жылдамдықты пойыз (құрам) арттырған жағдайда автоматты тежеуді;

4) машинист қырағылықты растаған жағдай кезінде рұқсат етілген шектіге дейін жылдамдықты азайтқаннан кейін пойызды (құрамды) тежеуді автоматты тоқтатуды;

5) жолдың бос емес учаскесінің алдында, рельс тізбегінің бүтіндігі бұзылған жол учаскесінің алдында, жылдамдықты арттырған және машинистің ЖАР-АЛД қондырғыларынан тежеуді қабылдауы расталмаған кезде қызыл отты бағдаршамның алдында оны толық тоқтатқанға дейін пойызды (құрамды) автоматты тежеуді;

6) АЛД сөндірілген өту қондырғылары кезінде машинистің қырағылығын бақылауды;

7) қозғалыс уақытында ЖАД-АЛД өту қондырғылары сөндірілген кезде толық тоқтатқанға дейін пойызды автоматты тежеуді қамтамасыз етеді.

75. ЖАД-АЛД стационарлық және пойыз қондырғыларының аппаратуралары жеке тоқтап қалған кезде олардың толық қызметін қамтамасыз ететін кемінде екі мәрте ішкі резервте ұстауы болады.

ЖАД-АЛД пойыз қондырғылары жол қондырғыларынан командаларды қабылдау және өтеуге, салыстыру режимінде және пойыздың автоматты тоқтауын қамтамасыз ететін осы каналдардың шығар дабылдары көлемінде айырмашылық болған кезде жұмыс істейтін кемінде екі тәуелсіз каналдармен жабдықталады.

ЖАД-АЛД сатционарлық қондырғылары толық тоқтап қалған кезде қозғалысқа рұқсат беретін рельс тізбектеріне командаларды беру мүмкіндігін болдырмау қарастырылады.

76. Электр пойыздарының қозғалысы кезінде ЖАД-АЛД пойызды басқару кабинасында ЖАД белгісінің келесі дабылдық көрсеткіштері қолданылады:

1) сандық көрсеткіш, нөлден өте жақсы-жылдамдықты дыбыстық көрсеткіште көрсетілгеннен арттырмауға рұқсат беретін;

2) «0» (нөл) сандық көрсеткіші-қозғалысқа тыйым салатын және тоқтатуды талап ететін;

3) «ЖЖ» (жылдамдық /код/жоқ) әріптік көрсеткіші-тоқтатуды талап ететін. Алдыда жол бос емес, ЖАД-АЛД жол, пойыздық қондырғыларының ақаулығы, рельстің сынуы, маршрут берілген жоқ, кодталмаған рельс тізбегі.

Пойызды басқау кабинасында жолдың келесі учаскесінде рұқсат етілетін қозғалыс жылдамдығы туралы қосымша сандық немесе әріптік көрсеткіштер қолданылуы мүмкін.

77. АЛД дабылы бойынша қозғалыс кезінде АЛД, «0», «ЖЖ» дабылдық көрсеткіштері кезінде рельс тізбегінде жүруге жол берілмейді.

78. Басқа дабылдық аспаптармен түсініксіз дабылдарды беру тоқтатуды талап етеді.

79. Екі пойыздың арасындағы ең қысқа қашықтық екінші пойыз үшін шекті рұқсат етілетін жылдамдықта ЖАД-АЛД қондырғыларынан тежеу кезінде кемінде есептік тежегіш жолымен белгіленеді.

80. ЖАД-АЛД қондырғыларымен басты жолдар, құрамдардың айналыс жасауы және тоқтауына арналған жолдар, біріктіру тармақтарының жолдары, парк жолдары, электр жылжымалы құрам жабдықталады.

81. Көтеріп жөндеуге, жууға және вагондарды үрлеп тазартуға арналған жолдардан басқа депо жолдары ЖАД-АЛД пойыз аппаратураларын тексеруге арналған шлейфтермен жабдықталады.

82. Сәйкес негіздеме кезінде жобада пойыз қозғалысын басқарудың басқа жүйелеріне рұқсат беріледі.



4-параграф. Жолдық автоматты блоктау
83. Метрополитенде электр жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде дабылқаққыш құралдарының және шаруашылық пойыздарының қозғалысы кезінде дабылқаққыш құралдарының резерві болып табылатын жолдық автоматты блоктау қарастырылады.

84. Автоматты блоктау қондырғысы бағдаршамның тыйым салатын көрсеткіші пойыз блокты босатқанға-осы бағдаршам учаскесінің және келесі бағдаршамды қызыл отқа жапқанға дейін қозғалысқа рұқсат беретін көрсеткішке ауысуына жол бермейді.

85. Автоматты блоктау кезінде барлық бағдаршамдар автоматты түрде мынадай кездерде қызыл отқа қайта жабылады:

1) олар жол учаскелерін қоршайтын пойыз кірерде;

2) осы учаскелердің рельс тізбектерінің бүтіндігі бұзылғанда;

3) бағдаршаммен басқаратын тізбектерінің ақаулығында.

86. Қорғау учаскелері бар автоматты блоктау бағдаршамдарында тыйым салатын көрсеткіші бар бағдаршамнан өту кезінде пойызды (құрамды) шұғыл тоқтатуды автоматты болдыратын жолдық электр механикалық автотоқтатулар орнатылады.

Жолдық автотоқтату қапсырма шегелері бағдаршамның алдынан кемінде 20 м қашықтықта жолдың оң жағына орнатылады.

87. Айқасқан съездері бар станция құрамының айналыс жасауына арналған жолда маневрлеу бағдаршамының алдынан қайталайтын автотоқтату орнатылады. Тіреуіштер алдындағы тұйық жолдарда жолдық автотоқтату габариттері бар екпінді автотқтатулар және автотоқтатулардың қозғалмайтын қапсырма шегелері орнатылады.

Құрамның ЖАД-АЛД-сыз қозғалысының қажеттілігіне қарай пойыз диспетчерінің бұйрығымен тармақта дабылқаққыштың резервті жүйесі қосылады-автотоқтатусыз және қорғау учаскелерінсіз автоблоктау және пойыздар оның көрсетуі бойынша жүреді.


5-параграф. Орталықтандыру және автоматты басқару жүйелері
88. Метрополитен желілері:

1) көрсеткіштер мен дабылдарды электрлі орталықтандыру қондырғыларымен:

2) диспетчерлік орталықтандырумен;

3) қозғалысты автоматты басқару қондырғыларымен жабдықталады.

89. Электрлі орталықтандыру қондырғылары:

1) көрсеткіштер мен дабылдардың өзара тұйықталуын;

2) осы маршрутты шектейтін бағдаршамды бір уақытта жаба отырып, көрсеткішті ашуды бақылауды;

3) басқау аппаратындағы жолдар мен көрсеткіштердің жұмыспен қамтылуын бақылауды қамтамасыз етеді.

90. Станцияға жапсарласқан электрлік орталықтандыру көрсеткіштері мен белгілері бар және екі жақты қозғалыс үшін жабдықталған аралық жолында бір бағыттағы белгі ашылғаннан кейін қарсы бағыттағы белгінің ашылу мүмкіндігі жойылады.

91. Орталықтандырылған көрсеткіштердің тартпалары мен түйісулері:

1) ең болмаған жағдайларда көрсеткіштер жапсарлас ұштарының рамалық рельске тығыз жабысуын қамтамасыз етеді;

2) жапсарлас ұштар мен рамалық рельс арасында 4 мм және одан көп саңылау болған кезде көрсеткіштің тұйықталуына жол бермейді;

3) басқа ұшты рамалық рельстен кемінде 125 мм қашықтықта бұрып жібереді.

92. Орталықтандырылған көрсеткіштер ашатын тілік түріндегі электр тартқыштармен жабдықталады.

93. Диспетчерлік орталықтандыру:

1) станцияның бір бекетінен көрсеткіштер және дабылдармен басқаруды;

2) басқау апаратында көрсеткіштедің жай-күйі мен жұмыспен қамтылуына, станциялардағы және оларға жапсарлас жолдардың жұмыспен қамтылуына, сондай-ақ бағдаршамдардың көрсеткіштерінің қайталануына бақылауды;

3) станцияның өзінде көрсеткіштер және дабылдармен жергілікті бақылауға ауысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

94. Қозғалысты автоматты басқару:

1) пойызды (құрамды) ол тоқтағаннан кейін сырғып кетуін болдырмауды;

2) пойыздар қозғалысы кестесінің орындалуын;

3) станцияларда пойыздардың және құрамдардың берілген дәлдікпен айналыс жасау жолдарында тоқтауын;

4) пойызды белгіленген жерде тоқтатқан кезде пойыз вагондары есіктерінің ашылуын және жабылуын;

5) АЛД тыйым салу көрсеткіші кезінде пойызды автоматты қозғалысқа келтірудің мүмкін еместігі;

6) пойыздарды жүргізудің берілген режимін орындауға және аралықтарда аздап тежеуге арналған ауыр қозғалтқыштарды қосу және сөндіруді;

7) пойыз қозғалыс кестесінен ауытқыған жағдайда станцияларда аралықтар және кідірістер бойынша пойыз жүрісінің уақытын қысқартуды немесе арттыруды;

8) желілердің соңғы станцияларында құрамдардың автоматтандырылған айналыс жасауын;

9) жолаушыларды құлақтандыру қондырғысының автоматты қосылуын және сөнуін қамтасыз етеді.

95. Метрополитен желілері букстердің қызып кетуін автоматты байланыссыз анықтаудың және өтетін пойыздар жылжымалы құрамының вагон асты жабдығының габаритін бақылау және тиісті ақпаратты жақын орналасқан станцияның орталықтандыру бекетіне немесе пойыз диспетчеріне беру қондырғыларымен жабдықталады.


6-параграф. Байланыс

96. Метрополитенде байланыстың келесі түрлері қамтамасыз етіледі:

1) пойыздық диспетчерлік байланыс-іріктеп шақырту телефон апараттарын пайдалана отырып, желідегі пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды басқару үшін;

2) пойыз радиобайланысы-пойыз қозғалысы кезінде диспетчердің машиниспен (локомотивті бригадамен) байланысуы үшін. Шақыртуды беру дауыстап жүзеге асырылады, шығатын жағдайда локомотивті және стационарлық радиобайланыстар кезекшілік қабылдау режимінде болады;

3) туннелдік байланыс-туннельдегі (жер үсті учаскелеріндегі жолдарда) барлық мамандықтағы жұмысшылардың пойыз диспетчерімен телефонмен сөйлесуі үшін;

4) электр механикалық диспетчерлік байланыс-инженерлік-техникалық құрылыстардың: туннельдердің, станциялардың, касса залдарын желдету қондырғыларының, сутөкпе және канализациялық сорғы қондырғыларының, бірсымды желілердің және тағы басқа жұмысын диспетчерлерлік басқару үшін;

5) эскалаторлық диспетчерлік байланыс-эскалаторлардың жұмысын диспетчерлік басқару үшін;

6) диспетчерлердің қалпына келтіру құрамаларымен радиобайланысы-ұтқыр және алып жүретін радиостанцияларды қолдануы арқылы жүзеге асырылады;

7) көрсеткіштік байланыс-орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің пойыз қозғалысына байланысты жұмысшыларға нұсқау беруі үшін;

8) жедел байланыс-диспетчерлердің жолаушылар станцияларының жұмысшыларына нұсқау беруі үшін;

9) метрополитеннің жиналыс байланысы-метрополитен дирекциясы жұмысшыларының, қызмет басшыларының станцияда, электр депосында орналасқан бөлімшелермен күнделікті жедел жиналыс өткізуіне арналған;

10) полицейлік байланыс-полиция бөлімшесі бойынша кезекшінің жолаушылар станциясындағы, электр депосындағы, туннельдерге кіре берістегі күзет бекеттерімен байланысуы үшін;

11) диспетерлік бекеттер және дабылқаққыш, орталықтандыру, бұғаттау объектілері арасындағы қызметтік байланыс-диспетчерлер бееттерінің релелік үй-жайларындағы және станцияның, қосалқы станцияның және басқа объектілердің ДОБ релелік үй-жайларындағы жұмысшылары арасындағы сөйлесулер үшін;

12) станция, электр депосы, қосалқы станция және басқа объектілер жұмысшыларының қызметтік сөйлесуі үшін объектілер шегіндегі жергілікті байланыс;

13) ақпараттық-жолаушыларды ақпараттандыру үшін;

14) маневрлік радиобайланыс-маневрлік қозғалыстарды ұйымдастыру үшін, маневрлік қозғалыс кезеңінде орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің локомативтік бригадалармен екі жақты радиобайланысын қамтамасыз етеді.

97. Байланыстың диспетчерлік желілері бойынша берілетін диспетчерлік нұсқаулар мен хабарландыруларды үздіксіз тіркеу үшін жазба уақытын анықтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін уақытты тіркейтіні бар дыбысжазба қондырғысы қарастырылады.

98. Станцияны басқау бекеттерінде және вестибюль үй-жайларында төтенше жағдайлар зардаптарын жою кезінде байланысты ұйымдастыру үшін пойыздық диспетчерлік, әкімшілік-шаруашылық (қалалық байланыс желісіне шығатын) және жергілікті байланыс желілеріне жедел қосылу мүмкіндігі қарастырылады.

99. Пойыздық диспетчерлік байланыс аралық бекеттердің барлық аппараттарында сөйлесулердің бір уақытта жақсы естілуін және желі шегіндегі пойыз диспетчері мен пойыз машинисі (құрамдардың) арасындағы үздіксіз екі жақты байланысты қамтамасыз етеді.

100. Пойыздық диспетчерлік байланыс сымына:

1) пойыз радиобайланысы;

2) орталықтандыру бекеттері бойынша кезекшілер мен станциялар бойынша кезекшілер, электр депосы бойынша кезекшілер, желілік бекеттер операторларының, техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру құрамдарының бекеттері бойынша кезекшілердің, мототасымалдау депосы, туннельдік байланыс шеберлерінің телефондары;

3) уақытты өлшеуіші бар сөйлесулерді жазатын аппаратура және басқа диспетчерлер желілерінің сымдары кіреді.

101. Көрсеткіш байланысының желісіне көрсеткіштерде, көрсеткіш бекеттерінде, орталықтандыру бекетінің, ДОБ және релелік электр механикасы кезекшісінде орнатылған телефондар кіреді.

102. Станцияларда туннельдік байланыс телефондары жолаушылар платформаларының бөрене төселген жерінде пойыздың басты вагоны тоқтайтын және релелік жағынан орнатылады.

Жолдық дамитын станцияларда (электр депосын орталықтандыру бекеттерінен басқа) туннельдік байланыс телефондары жартылай автоматты іс-қимыл бағдаршамдарында және бағыт көрсеткіштерінде орнатылады. Электр депосының парк жолдарында туннельдік байланыс телефондары кірер және шығар бағдаршамдарға орнатылады.

Қызметтік байланыс болған кезде жерде орналасатын және релелік қондырғылар арасында туннельдік байланыс телефондары релеліктерде орнатылмайды.

Туннельдік байланыс телефондары мен шкафтар аралықтарында автоматты телефон байланысына қосылған А розеткалары орнатылады. Әрбір телефон аппараттарында шартты мәні немесе байланыс түрінің қысқартылған атауы көрсетіледі.

103. Станциялардағы, құрамдардың айналыс жасауына және тоқтауына арналған жолдардағы, парк жолдарындағы, арнайы мақсаттағы жолдардағы, электр деполарындағы, туннельдердегі жұмысшыларға нұсқаулар мен ақпараттарды беру үшін, пойыздағы және станциядағы жолаушыларды ақпараттандыру үшін дауыс зорайтқыш хабарлағаш қондырғылар қолданылады.

Орталықтандыру бекетіндегі және релелік үй-жайлардағы жұмысшылармен екі жақты байланыс үшін дауыс зорайтқыш байланыс қондырғысын қолдануға болады.

104. Жолаушыларды станция платформасынан ақпараттандыру үшін дауыс зорайтқыш хабарландыру желісіне шығатын радио тасымалдау қондырғысы пайдаланылуы мүмкін.

105. Пойызда жолаушыларды құлақтандыру үшін жылжымалы құрам дауыс зорайтқыш хабарлағыш қондырғысымен жабдықталған.

Әрбір вагонның салонында динамиктер орнатылған. Ақпаратты беру үшін қажеттілігіне қарай машинистке микрофонды пайдалануына болады.

Жолаушылардың пойыз машинисімен жедел байланысуы, машинистке қозғалыс қауіпсіздігіне немесе жолаушылар өміріне қауіп төндіретін жағдайлар және оның дереу араласуын талап ету (құрамдағы тұтану, ақаулық) туралы хабарлау үшін «жолаушы-машинист» байланысы қарастырылған.

106. Станцияларға, құрамның айналыс жасауына арналған жолдарға, парк жолдарына және қызметтік үй-жайларға электрлік сағат орнатылады.

Станцияның бөренесінде пойыздар жүретін жақтан барынша есептік ұзындығынан пойыз станцияда тоқтаған кезде машинистің жұмыс орнынан олардың көрсеткіштерінің көрініп тұруын қамтамасыз ететін уақытты секундпен өлшейтін электрлік сағаттар және пойыздар арасындағы интервалды есептегіштер орнатылады.

Метрополитендегі барлық электрлік сағаттардың уақытты көрсетуі бірдей.

107. Метрополитенде уақыт белгілерін бірыңғай орталықтандырылған басқару қолданылады. Бейтарап электрлік сағат станцияларындағы уақыт белгілері радио арқылы хабар тарату желілері бойынша берілген дәлме-дәл уақыт белгілері бойынша сағат сайын түзетіледі.

108. Станциялық жолдардағы (парк жолдарынан басқа) жұмысшыларды аз қызметтегі маршрут бойынша құрамның келе жатқандығы туралы, желінің жер үсті учаскелерінде ұласқан рельске кернеуді беру туралы хабарландыру үшін хабарлайтын дыбыстық дабылқақыш қарастырылады.

109. Парк жолдарындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерлер дыбыстық жарық хабарлағыш дабылқаққышпен жабдықталады.

110. Станцияның қызметтік үй-жайлары тікелей телефон байланысымен, сондай-ақ күзет белгілерінің қондырғыларымен жабдықталады.

111. Байланыс, электрлік сағаттар, дыбыстық дабылқаққыштар және дауыс зорайтқыш хабарлағыш қондырғылары тарату қалқанының әртүрлі секцияларынан 220 В кернеуіндегі ауыспалы токтың екі желісі бойынша және 30 В кернеудегі тұрақты токтың бір желісі бойынша қосалқы станциядан қуат көзін алады.



7-параграф. Автоматика жүйелері және ДОБ
112. ДОБ қондырғылары бойынша шешім жобалау құжаттамасында белгіленеді.

113. ДОБ аппараттары мен қондырғылары жабық түрде орындалады және пломба салынады. Оларды ашуға тек дабылқаққыш және байланыс қызметінің жұмысшыларына Жолдарды, бағыт көрсеткіштерін, ДОБ, байланыс және байланыс желілері қондырғыларын тексеру журналына осы жөнінде міндетті түрде алдын ала жазғанда ғана рұқсат етіледі.

114. Тексерушілердің кабиналары кіру, жұмысты бақылау және бақылау өткізу бекетінің өтер орнын жабу бойынша автоматты бақылау бекеттерін басқару қондырғыларымен жабдықталады.

115. Кіру және шығу бойынша автоматты бақылау бекеттері және бақылау өткізу бекеттері тікелей турникеттерде жолаушыларды өткізу және жолда жүру ақысын төлеуді автоматты бақылау жүйесінде автоматты есепке алу қондырғыларымен жабдықталады.

116. Пойыздар қозғалысын, диспетчерлік байланыстарды автоматты басқару, қосалқы станцияларды, эскалаторларды, инжерерлік-техникалық қамтамасыз ету қондырғыларын телебасқару диспетчерлік орталықтандыру сымдары өзара резервтеледі және коллекторлардың әртүрлі бөліктерінде және көбінесе әртүрлі аралық туннельдерде төселген жеке кабельдерге қосылады.

117. ДОБ және байланыс желілері зақымдалған кезде оларды қалпына келтіру келесі кезекте жүргізіледі:

1) ЖАД-АЛД, электрлік орталықтандыру және автоблоктау желілері, диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйелері;

2) пойыздық диспетчерлік байланыс және пойыздық радио байланыс желілері;

3) электр диспетчерлік байланыс желілері;

4) туннелдік және көрсеткіш байланыс желілері;

5) ДОБ, байланыс және өрт дабылқаққышының басқа желілері.

118. ДОБ қондырғылары мен аспаптарын қайта жабдықтау, тасымалдау, жөндеу, сынақтан өткізу және ауыстыру бойынша жұмыстарды және ДОБ қондырғылары жұмысының бұзылуын тудыратын немесе олардың қызметін уақытша тоқтататын басқа жұмыстарды, сондай-ақ пойыз диспетчерінің келісімінсіз ақаулықтарды жою және осы жөнінде жұмыс басшысының Тексеру журналына алдын ала жазу бойынша жұмыстарды жүргізуге болмайды.

Қондырғылар станциядан айтарлықтай қашықтықта орналасқан жағдайда ақаулықтарды жою бойынша күтпеген жұмыстарды өндіру үшін осы қондырғылардың іске қосылғандығы туралы, сондай-ақ алшақтатылған қондырғыларды уақытша қосу туралы жазба туннельдік байланыс бойынша жұмыс басшысымен пойыз диспетчеріне және орталықтандыру бекетінің диспетчеріне (даму жолынсыз станцияда-телебасқару бекетінің кезекшісіне) осы телефонхатты Жұмыс басшысының тексеру журналында жеке қол қоя отырып, беріледі.

Белгіленген тәуелділік бұзылмағанда ДОБ жеке қондырғылары мен аспаптарын ауыстыру және сөндіру Тексеру журналына жазбастан пойыз диспетчерінің келісімімен жүргізіледі. Тәртіпке жұмыстарды техникалық пайдалануды ұйымның техникалық басшысы бекітеді.

119. Барлық жағдайларда ДОБ қолданыстағы қондырғыларын сынақтан өткізу пойыз диспетчерінің келісімімен жүргізіледі.

120. Дабылдық аспаптар пойыз (құрам) машинисінің жұмыс орнынан айқын және айыратындай көріну үшін олардың нормативтік жарықтандыруы есепке алына белгіленеді.

Бағдаршамдар белгілерінің, шақыру және маршрутты белгілердің айқын көрінуін қамтамасыз ету үшін көрсеткіштерді белгі қашықтығының бастықтары, бағыт көрсеткіштері мен жолды шектеу көрсеткіштерін-станция бастықтары қадағалайды.

Станциялық жолдардағы дабыл аспаптарына (электрлік орталықтандыруға қосылмағандарды) жарық беру қондырғыларын электр энергиясымен жабдықтаудың тәртібі жобалау құжаттамасында белгіленеді.

121. Дабылқақыш қашықтығының жұмысшылары бағдаршамдар мен маршрутты көрсеткіштер белгілерінің тұрақты қалыпты көрсетуін, көрсеткіштер мен белгілердің өзара байланысын, ЖАД кодтарының рельс тізбектеріне дұрыс берілуін тексеруді қамтамасыз етеді.

Басты жолдардағы және және құрамдардың айналысы жолдарындағы бағдаршамдар (қосу пойыз диспетчерінің рұқсаты бойынша жүргізіледі) мен маршрутты көрсеткіштер белгілерінің көрінуі және ЖАД-АЛД қондырғылар жұмысының тұрақтылығы электр пойызын басқарудың басты кабинасынан тексеріледі:

1) ДОБ аға электр механигі машинист-нұсқаушымен бірлесіп-кемінде айына бір рет, сондай-ақ бағдаршам бастарының орналасуы өзгеруімен байланысты жұмыстардан кейін;

2) дабылқаққыш бастығы және оның орынбасарларының пайдалану бойынша электр депосы бастығының орынбасарымен бірлесіп-кемінде тоқсанына бір рет және қайта орнатылған (немесе ертеде сөндірілген) дабыл аспаптарын қосқаннан кейін.

122. Пойыз және маневрлік радио байланыс жұмысының тұрақтылығы электр пойызын басқарудың басты кабинасынан тексеріледі:

1) байланыстың аға электр механигі электр депосы шеберімен бірлесіп-кемінде айына бір рет;

2) байланыс қашықтығы бастығы немесе оның орынбасарлары пайдалану бойынша электр депосы бастығының орынбасарымен бірлесіп-кемінде тоқсанына бір рет.

123. ЖАД-АЛД және пойыз радио байланысы қондырғылары қызметінің ақаусыздығы ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кесте бойынша вагон-зертханада тексеріледі.

Тексерулердің нәтижелері дабылқаққыш пен байланыс және жылжымалы құрам қызметімен бірлесіп қарастырылады.

124. Рельстік тізбектер мен сору желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жеке элементтердің қауіпсіз ұсталуы және пайдалануын бақылау:

1) рельстік тізбектер аспаптары, дроссель-трансформаторлар және олардың арасындағы орташа дөңгелектер, жолдық жәшіктер, жоғарыда көрсетілген қондырғылар мен рельстер арасындағы барлық бөгеттер, электр тартатын байланыстырғыштар, көрсеткіш жоларалық байланыстырғыштар, транспозициялар, көрсеткіш гарнитурасының қалыптық бұрыштарын оқшаулағыштар, пойыз қозғалысының автоматика және телемеханика (бұдан әрі-ПҚАТ) қондырғыларын жерге қосу, сондай-ақ рельстік тізбектердің шунттік сезімталдығын қамтамасыз етуге-дабылқаққыш қашықтығы;

2) токтың кемуіне қарсыласатын нормаларға сәйкес ұштардың түбіндегі көшірме қисық рубкаларда және мұрттық айқастырмаларда, шпал және балласт қабатынан ұштарды, ұштық байланыстырғыштарды, көрсеткіштік байланыстырғыштарды оқшаулайтын; ұштардың және байланыстыру жолақтарының барлық шығыршықтарынан детальдарды оқшаулайтын көрсеткіштерді салқындату және жылыту арматуралары, сондай-ақ рельстердің көп қолданылатын бастарын тазалықта ұстау-жол қашықтығы;

3) қосалқы станциялардан негізгі және қосымша сорғылардың кабельдерін дроссель-трансформаторлардың орташа дөңгелектеріне немесе рельстердің ауыр тізбектеріне; тармақтардың рельстік тізбектерін және басты жолдардың рельстік тізбектері мен станциялық жолдарды байланыстыратын кабельдер мен ажыратқыштар; электр жылжымалы құрамды тексеруге арналған жолдар және басты жолдар арасындағы оқшаулағыш жапсарларды шунттейтін; 825 В кабельдерінің, электр депосына кірердегі парк жолдарындағы кабельдік жоларалық байланыстырғыштардың нөлденуі-электрмен жабдықтау қашықтығы;

4) ажыратқыштар және парк жолдары мен депо жолдарының арасындағы оқшаулағыш жапсарларды, минусты дөңгелектерді және кабельдік жапсарларды олардан парктің рельс жолдарына дейін шунттейтін кабельдер-электр депосы.

Жылжымалы құрамның дөңгелек жұптарын рельстік тізбектерді сенімді шунттеуді қамтамасыз ететін жағдайда ұстауды бақылауды электр депосы қамтамасыз етеді.

125. Қажетті жағдайларда аппараттардан, аспаптардан және кнопкалардан (сонымен қатар қосалқы аспаптардан) оларды пайдалану үшін пломбаларды алу, сондай-ақ есептеуіштердің (сонымен қатар қосалқы кнопкаларын) кнопкаларын пайдалану пойыз дичпетчеріне және ДОБ электр механигіне осы жөнінде дереу хабарлай отырып, орталықтандыру бекеті бойынша кезекшіге рұқсат етіледі, ал желілерде диспетчерлік орталықтандырудан-ДОБ электр механигіне дереу хабарлай және Тексеру журналына жаза отырып, пойыз диспетчеріне.

126. Қызметтік үй-жайлар, релелік және трансформаторлық шкафтар, бағытты және автотоқтату электр тартқыштары, жол және кабельдік жәшіктер арнайы құлыптармен бекітіледі. Аппараттарда пломбылардың болуына және үй-жайлар мен қондырғылар құлыптарының ақаусыздығына ДОБ қондырғыларының кепілдік беретін амандығына бақылау жүзеге асырылады.

8-параграф. Шектейтін дабылдар
127. Пойыздардың қозғалысы үшін кез келген кедергі пойыздың келу-келмеуін қарамастан аялдамалар жылжымалы белгілермен қоршалады. Пойыздың тоқтауын талап ететуін аралықтардағы жұмыстарды өндіру орындары да кедергілер сияқты қоршалады.

128. Аралықтардағы кедергілер аялдамалардың жылжымалы белгілерімен қоршалатын учаске шекарасынан кемінде 50 м қашықтықта екі жағынан қоршалады.

129. Қозғалыс үшін жабық басты жолға шығу барлық бағыттарынан жылжымалы белгілермен қоршалады.

130. Пойызды қабылдау немесе сапарын бағыттау жолдарын көрсету үшін сүтті ақ түсті маршрутты жарықтандыру, сандық немесе әріптік белгілері қолданылады.

Маршрутты белгілер бағдаршамның негізгі басының астына орнатылады.

131. Жер үстіндегі жолдардағы бағдаршамдардың, фонарьлардың, бағыттық көрсеткіштердің белгілік оттары, пойыздық, қол және басқа белгілер жарықты тасалайтын қондырғылармен қамтамасыз етіледі.

132. Электр пойызының қозғалысы аяқталғаннан кейін (арнайы сынақтан өткізу және тағы басқа кезде) ұласқан рельсте кернеудің бары туралы жұмысшыларды ескерту үшін станция платформаларының бөренелерінде жазуы платфома жаққа қаратылған «Тоқта! Ұласқан рельс кернеуде» деген жазуы бар қалқандар орнатылады. Осындай қалқандар шідерлерге (қадаларға), барлық жолдардың шүлдіктеріне кернеулік алынбаған аралық жаққа, сондай-ақ ұласқан рельс кернеуде тұрған, бірақ одан учаскеге өтуге болатын кернеуі алынған аралық жаққа орнатылады.

133. Электр пойызы аралықта еріксіз тоқтаған жағдайда (қосалқы пойыз талап еткен жағдайда) машинист қосалқы пойыз келетін жақтан вагондағы қызыл оттың ақаусыздығын тексереді және ол жақындаған кезде тоқтату белгісін береді.

134. Аралықта шаруашылық пойызы еріксіз тоқтаған жағдайда оны қоршау дереу жүргізіледі. Басқа себептер бойынша тоқтаған кезде (материалдарды түсіру және тағы басқа) егер аялдау 5 минуттан асса, аялдаманың жылжымалы белгілерімен қоршау:

1) егер пойыз дұрыс бағытта келе жатқан жағдайда-пойыздың соңынан кемінде 50 м қашықтықта;

2) егер пойыз дұрыс бағытта келе жатпаған жағдайда тоқтаса, сондай-ақ дұрыс бағытта келе жатпаған қосалқы пойызды күткен жағдайда-пойыздың басынан және соңынан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады.

Шаруашылық пойызын қоршау машинистің көмекшісімен жүргізіледі.

135. Жылжымалы құрамды бұдан әрі жолда тоқтатуға болмайтын орынды көрсету үшін бағыт көрсеткіштері немесе тұйық қиылысу бағыттарында шекті бағандар немесе рейкалар орнатылады.

Шекті бағандар жолдар арасындағы орталыққа, ал шекті рейкалар-қиылысатын жолдардың шүлдіктері арасындағы қашықтық технологиялық регламентпен белгіленген мөлшерлерге жететін орындарда, жолдардың арасына орнатылады.

136. Аралығы бар станцияның шекарасына байланыстыратын тармақпен «Станция шекарасы» белгісі орнатылады.

9-параграф. Сақтандыру дабылдары
137. Сақтандыру белгілері болып мыналар табылады:

1) «Шекті рұқсат етілетін жылдамдық» белгісі-метрополитен басшысының бұйрығымен анықталатын орындарда орнатылады;

2) «Т жиын» жарық беру белгісі-автоматты басқару қондырғыларымен жабдықталған пойыз үшін тежеуге арналған сызбалар жиыны басталатын орын. Егер «Т жиын» жарық беру белгісі жанып тұрмаса-машинист электрлік немесе пневматикалық тежеуішті қолдана отырып, пойызды станцияда тоқтатады;

3) «С» белгісі-жолдың қиғаш учаскесінің, бағытты ауыстырғыш, туннель алдында шаруашылық пойыздарының, бірінші электр пойызының, сондай-ақ туннельде адамдар болған жағдайда, туннельде қосылған жарық берілген жағдайда дыбыстық белгі беруді талап етеді;

4) «Т» белгісі-станцияға немесе құрамның айналыс жолына кірер кезде егер машинист қызметтік тежеуді қолданбаса, шұғыл тежеудің басталуы; «Т басталу»-аралықта пойыздың аздап тежеуінің басталатын орны; «Т аяқталу»-пойызды аздап тежеу аяқталатын орын;

5) «Шұғыл тежеуді қолданудың шекті орны» белгісі-«Бірінші вагон аялдамасы» дыбыстық белгісінен кейін одан шұғыл тежеуді қолданудың шегі «4», «5» (бірінші вагонның аялдамасы төрт немесе бесеуге тиесілі-вогон құрамының) дыбыстық белгісінің алдында пойыздың (құрамның) тоқтауын қамтамасыз ететіндей қозғалыс бағыты бойынша туннельдің оң жағында орнатылады. Белгі пойызды (құрамды) станцияда тоқтату және келесіні отырғызу мақсатымен жылжымалы құрамның жануы анықталған жағдайда шегінде машинист қолданатын шұғыл тежеу жол учаскесінің аяқталғанын көрсетеді;

6) «Қауіпті» белгісі-қысымдалған габарит, осы жерлерден пойыздар өткен кезде адамдардың болуы үшін қауіпті орындарда пойыз қозғалысының жүрісі бойынша оң жақта орнатылады; «Қауіпті» белгісінің астындағы сан қауіпті аймақтың ұзындығын көрсетеді. «Қауіпті» белгісі машинистен адамдар қауіпті аймақта болған жағдайда пойызды дереу тоқтату шараларын қабылдауды талап етеді;

7) «Телефон» белгісі-жақын жердегі телефон байланысы орналасқан жерді көрсетеді;

8) «Металл құрылымын шектеу» белгісі-металл құрылымы алдына дұрыс бағыттағы қозғалыс жүрісі бойынша 100 м қашықтықта, ал МҚ кейін 200 м қашықтықта орнатылады;

9) «Шек» белгісі-айналыс жолындағы бірінші вагонды тоқтату орнын көрсетеді; қайталайтын электр механикалық автотоқтатулармен жабдықталған айналыс жолдарына орнатылады.





Каталог: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері
0802 -> Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет