МҰхаммед хайдар дулати шығармашылығындағы рухани үндестік



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата24.11.2019
өлшемі1.48 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
 
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
«ДУЛАТИТАНУ»  ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ  ОРТАЛЫҒЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ ЖӘНЕ 
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
РУХАНИ ҮНДЕСТІК 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Тараз университеті»  
баспасы 
Тараз, 2017 

ӘОЖ 1(091) 574: 2(574):821.512. 122(574) 
КБЖ 87.3 (5 Қаз): 86.3(5 Қаз):83.3 (5 Қаз) 
Қ 56 
Қожа Ахмет Ясауи және Мұхаммед Хайдар Дулати шығармашылығын-
дағы рухани үндестік. – Тараз: Тараз университеті, 2017. – 150 б. 
ISBN 978-9965-890-56-7 
2016 жыл – рухани мәдениетіміздің алтын белесіне айналып, ЮНЕСКО 
көлемінде  «Қожа  Ахмет  Ясауи  жылы»  болып  жарияланды.  Ислам  дінінің 
жанашыры  әрі  насихатшысы,  сопылық  ілімнің  көрнекті  өкілі  Қожа  Ахмет 
Ясауи мен мемлекет қайраткері, ұлы ғалым, ақын Мұхаммед Хайдар Дулати 
бабаларымыздың еңбектеріндегі рухани үндестік пен тарихи сабақтастықты 
жан-жақты зерделеген отандық ғалымдардың  ғылыми мақалалары жинаққа 
енгізілді. 
Редакция алқасының төрағасы 
Сарыбеков  М.  –  п.ғ.д.,  профессор,  М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз 
мемлекеттік  университетінің  ректоры,  Оңтүстік  аймақтық  жоғары  оқу 
орындары ректорлары кеңесінің төрағасы. 
Редакция алқасының мүшелері: 
Абдуалы  А.Б.  –  т.ғ.д.,  профессор;  Қойбақов  С.М.  –  т.ғ.д.,  профессор; 
Құлбарақ  С.О.  –  ф.ғ.д.,  профессор;  Ыбырайым  Ә.О.  –  ф.ғ.к.,  доцент; 
Сейткулова  Ж.М.  –  т.ғ.к.,  доцент;  Баешова  Б.Ш.  –  ф.ғ.к.,  доцент; 
Иманбекова Г.М. – ғылыми қызметкер. 
Баспаға  М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік  университетінің 
Ғылыми кеңесінің шешімімен  ұсынылған (хаттама №8, 28.03.2017ж. ) 
ISBN   978-9965-890-56-7 
©
М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ, 2017 

МАЗМҰНЫ 
 
Сарыбеков М.Н. 
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және М.Х.Дулати мұрасының тарихи 
сабақтастығы ................................................................................................ 
 
 

Абдуалы А.Б. 
М.Х.Дулати рухани құндылық мәселелері туралы ................................. 
 

Дербісәлі Ә.Б. 
Адалдықты ардақтаған асыл баба. (Қожа Ахмет Ясауи. Өмірі мен 
шығармашылығы) Қожа Ахмет Ясауи. Өмірі мен мұрасы. Кесенесінің 
тарихы. Ұрпақтары және өзге де ясауилер жайлы жаңа деректер .........  13 
Мырзахметұлы М. 
Ясауи және тарихи сабақтастық (немесе Ясауи ілімін 
жалғастырушылар) ......................................................................................  21 
Аягөзов Ж.Б.  
«Тарих-и Рашиди» – қазақ халқының қалыптасу үрдісінің дереккөзі ...  31 
Баешова Б.Ш.  
Қожа Ахмет Ясауи мен Мырза Хайдар Дулати төрттіктеріндегі діни 
мазмұндағы шумақтар .................................................................................  33 
Бақторазов С.У. 
Ұлы тұлғалар үндестігі: Захириддин Бабыр, Мұхаммед Хайдар 
Дулати және Сұлтан Саид хан ....................................................................  38 
Бақторазов Н.С. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди»  еңбегіндегі рухани 
және қоғамдық-саяси мәселелер ................................................................ 
 
42 
Баярисов Р.У. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабы сопылық ілім 
өкілдерінің қоғам өміріне ықпалы жайында ..............................................  47 
Дүйсенова Д.Н. 
Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімінің мазмұны ...............  52 
Еменова Г. Б. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  еңбектеріндегі  түрік  және  қазақ 
өркениеттеріндегі ортақ мәдени құндылықтар ..........................................  54 
Жүншеев Р.Е. 
Қожа  Ахмет  Ясауи  мен  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің 
көзқарастарындағы рухани үндестік ..........................................................  58 
Иманбекова Г.М. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  «Тарих-и  Рашиди»  еңбегіндегі 
философиялық ойлар ..........................................................................................  62 
Иманбекова Г.М., Жұманова А.Ә. 
«
Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі «Мәңгілік Ел» идеясының құндылығы .....  65 
Кахаров Н.Н. 
Из опыта воспитания молодежи на культурных традициях .....................  69 
Кенжетай Д.Т. 
Қарахан дәуірі кезеңіндегі түріктердің тарихи-діни ахуалы .........................  77 


Кенжетай Д.Т. 
Қарахан  дәуірі  ренессансы  мен  түрік  ислам  өркениетінің 
бастаулары ....................................................................................................  87 
Кульбаева Д.Д. 
Абайдың діни көзқарастарына Қожа Ахмет Ясауи ілімінің әсері ...........  100 
Құлбарақ С.О. 
 
«Диуани хикмет» пен «Жаһан наме» туындыларындағы мұсылмандық 
дүниетаным сабақтастығы ...........................................................................  104 
Мырзабеков Ж. Е. 
Мұхаммед Хайдар Дулати ойлары – Тәуелсіз ел болашағының бағдары....   110 
Омаров С.Ә. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің тарихи-философиялық концепциясының 
«Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтастығы ....................................................  113 
Сейткулова Ж.М. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  Кашмир  өлкесінде  ислам  дінін 
дамытудағы ықпалы .....................................................................................  116 
Спанов М.Ж. 
Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеяларының гуманистік мәні ...............  121 
Тоқтабай А.У. 
Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимаратының тарихнамасы .............................  126 
Рысдәулет М. 
Жамал Қарши ...............................................................................................  143 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


“Біз өз халқымыздың әлемдік өркениетке хал - қадірінше үлес қосқанын 
орынды  мақтан  етуге  құқылымыз.  Әл-Фараби,  Қорқыт  ата,  Жүсіп 
Баласағұни, Қожа  Ахмет  Ясауи,  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали 
Жалайыри секілді Шығыстың даналары осы даланың перзенттері”  
 
Н.Ә. Назарбаев.  
 
 
ӘОЖ 1 (091) (574) 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ М.Х.ДУЛАТИ 
МҰРАСЫНЫҢ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Сарыбеков М.Н. 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, педагогика 
ғылымдарының докторы, профессор 
 
«Қазақстан-2050»  стратегиялық  бағдарламасында  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев 
алғаш рет «Мәңгілік Ел» идеясын жариялап: «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз 
елімізді  «Мәңгілік  Ел»  етуді  мұрат  қылдық.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы 
осынау  мәңгілік  жолдағы  буындар  бірлігінің,  ұрпақтар  сабақтастығының 
көрінісі»,-  деген  болатын.  Халықтың  болашаққа  сенімін  арттырып,  ұлттық 
рухын  бекіте,  асқақта  түсетін  бұл  идеяның  бастаулары  мен  құндылықтарын 
Нұрсұлтан Әбішұлы 2014 жылдың 17 қаңтар күні жариялаған өзінің «Қазақстан 
жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына 
Жолдауында одан әрі тереңдетті. «Мәңгілік Ел» идеясының кеше-бүгін  ойдан 
шығарыла салмағанын, сонау бағзы заманындағы ата-бабаларымыздың арман-
тілегінен - Ұлы Түркі қағанаты  дәуірінен бастау алғанын баяндай келіп,  оның 
қазіргі уақытта болашаққа бағытталған бағдар екендігіне тоқталды. «Ол арман – 
әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын 
алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу 
ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды 
ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік  Елдің іргетасын қаладық», - деді. 
Қай  халық  болмасын  өз  тарихымен,  дәстүр-салтымен,  тілімен,  ділімен 
жасампаз.  Тарихтың  талай  соқпағында  «мың  өліп,  мың  тірілген»,  бірақ 
тұтастығы мен кең байтақ даласын жоғалтпаған терең тамырлы халқымыздың 
сан ғасырлар бойғы арманы мен бүгінгі ұрпақтың ақиқатына айналған қасиетті 
тәуелсіздігімізді,  елдігімізді  сақтап,  дамыған  елдердің  қатарына  қосылу  – 
Мәңгілік  Ел  болудың  басты  нысаны.  Келешек  ұрпақтың  жарқын  болашағы 
жолында  әрқайсысымыз  бұл  ортақ  идеяны  жүзеге  асыруда  өз  үлесімізді 
қосуымыз қажет. 
Елбасы айтқандай, Тәуелсіздікті баянды, тұғырлы ету бізге көп міндет пен 
зор жауапкершілікті  жүктейді.  Ол үшін,  ең  алдымен, ел  ішіндегі  алауыздыққа 
жол бермейтін біртұтас идея, алға жетелейтін бағыт-бағдар, мақсат-мұрат болу 
керек. Алдына  асқақ мақсаттар  қоятын, тілі  мен дініне  берік, жастары  алғыр, 


рухы биік, жақсылыққа жаны құштар, ертеңіне сеніммен қарайтын халық қана 
тарихта «Мәңгілік  Ел» болып қалатыны анық. 
«Мәңгілік Ел»  идеясы –  халықтың  мүддесіне, қоғамдағы  тыныштық  пен 
ынтымақтастыққа қызмет ететін, бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық 
пен төзімділікті  сақтaп, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы мұрат. 
Зерттеуші  ғалымдардың  пайымдауынша,  елді  ілгері  сүйрейтін  идея 
мемлекеттік  сипат  алып,  қоғам  мүшелерінің  көңілінен  шығуы  үшін  негізгі  екі 
талап орындалуы тиіс екен. 
Оның  біріншісі  –  сол  мемлекетте  өмір  сүріп  отырған  халықтың 
болмысымен, мақсат-мүддесімен толық сәйкес келуі; 
Екіншісі  –  мемлекет  тарихымен  сабақтасып,  ұзақ  мерзімдер  бойы  сол 
қоғамда қалыпты, жетекші идеологиялық мәні болуы қажеттігі. 
Ұлы қағанат құрған түріктер заманында осы екі қағиданы берік ұстанған 
екен. 
Түркі қағандығы мен қазақ хандарының, Абай мен Алаш қайраткерлерінің 
ізгі  арманы  болған  ұлттық  идеологияны,  бүгінгі  ұрпақ    жалғастырушысы 
ретінде,  ғасырдан  ғасырға  ұласқан  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  ту  етіп  көтеру 
қажеттілігін  сезінді. 
Елбасымыздың «Мәңгілік Ел» идеясы ұлтты ұйыстырып, биік мақсаттарға 
жұмылдырса,  «100  нақты  қадамды»  көздеген  Ұлт  жоспары  бүгінде 
Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіту жолындағы нақты істерге айналып отыр. Күні 
кеше  ғана  бүкіл  халықаралық  қоғамдастықтың  назарына  іліккен  Елбасының 
«Әлем.  ХХІ  ғасыр»  манифесі  –  біздің  бейбітшілік  сүйгіш  жарқын  ойлы  ел 
екеніміздің  айқын  дәлелі  болды.  Оны  бүкіл  әлемнің  саяси-интеллектуалдық 
элитасы мойындады да. 
Талай  қиындықты  еңсерген  Қазақ  елінің  бүгінгі  басты  мақсаты  –  бірлігі 
жарасқан,  экономикасы  мығым,  әлеуеті  жоғары,  бәсекелестікке  қабілетті, 
алдыңғы  қатарлы  отыз  мемлекеттің  қатарына  ену  болып  отыр.  Елбасы 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
тәуелсіздік 
алған 
күннен 
бастап 
ұлттық 
құндылықтарымызды  қадірлеп,  асылымызды  ардақтауға  үндеп  келеді.  Бүкіл 
әлем қызыға қарайтын елдегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, 
ұлтаралық татулық – халқымыздың сабырлылығы мен Елбасымыздың сындарлы 
саясаткерлігінің жемісі екендігі сөзсіз. 
Мемлекеттің  тірегі  –  халықтар  достығы  мен  ел  бірлігі,  қоғам  тұтастығы 
екенін  уақыттың  өзі  дәлелдеп  отыр.  Осы  үш  тұғыр  неғұрлым  бекем,  мықты 
болса,  Мәңгілік  елдің  –  шаңырағы  да  биік,  келешегі  де  кемел,  болашағы  да 
жарқын. 
Ұлы  Дала  елінің  парасат  пен  күреске  толы  тарихы  мен  қайталанбас 
құндылықтарын  ұрпаққа  ұлағаттап,  үлгі  болатындай  игілікті  істер  атқару  – 
бүгінге – зор міндет, келешекке – аманат. 
«Мәңгілік  Ел»  болуда  бабаларымыздың  ғасырларды  көктеп  өтіп,  бізге 
жеткен құнды мұраларын жас ұрпаққа таныту, осы мұралар арқылы жастарды 
қазақстандық патриотизмге, елге деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу – бүгінгі 
күннің басты ұстанымы болуы тиіс.  


Қазақ елі тарихнамасының негізін қалаушы, ғұлама ғалым, ақын, қолбасшы, 
мемлекет қайраткері Мұхамед Хайдар Дулатидің мәңгілік жасайтын бай мұрасы 
– 
ұлт тарихының ғана емес, сол тарихи кезеңдегі ата-баба мәдениетінің, әдебиеті 
мен  өнерінің,  дүниетанымының,  ақындық  дәстүрінің  қайнар  көзі.  Сонымен 
қатар,  бұл  құнды  мұралар  –  біздің  мемлекетімізбен  қарым-қатынаста  болған 
алыс-жақын  көршілеріміздің  тарихымен  тамырлас  және  бәріміздің  өткеніміз 
жайлы жадымызды жаңғыртатын, аса бағалы деректер беретін дүниелер болып 
саналады. 
2015 жылы бүкіл еліміз болып атап өткен Қазақ хандығының 550 жылдық 
мерейлі  тойы  М.Х.Дулатидің  тарихи-әдеби  мұрасының  ғылыми-теориялық 
құндылықтарын, маңызын танытуға жоғары деңгейде үлесін қосты. Қазақ елінің 
орта ғасырлардағы тарихынан мол, нақты, деректі мағлұматтар беретін ғылыми 
еңбек  –  «Тарих-и  Рашиди»  –  осы  атаулы  мерекенің  мәртебесін  асқақтатты. 
«Тарих-и  Рашиди»  –  Орталық  Азия  халықтарының  ХІІІ-ХVІ  ғасырлардағы 
тарихы мен географиясы, этнографиясы, әдебиеті мен мәдениеті туралы  жан-
жақты  баяндайтын  бірден-бір  классикалық  тарихи  мұра.  Аталған  еңбекте 
Ауғанстан,  Тибет,  Үнді  елдерінде  болған  саяси,  мәдени  және  әлеуметтік 
оқиғалар мен моғол хандарының тарихы молынан қамтылған. Осы аймақтарды 
мекендеген  ру-тайпалардың  тарихы,  қоғамдық-әлеуметтік  өмірі,  әдебиеті, 
мәдениеті, әдет-ғұрпы мен салт-санасы туралы жазылған. Бұл бабамыздың бай 
мұрасының әлемдік өркениетте алатын орнын көрсетеді. 
М.Х. Дулати еңбектері елінің ертеңіне алаңдайтын көзі ашық, көңілі ояу кез-
келген  адамды  елең  еткізбей  қоймайды.  Орта  ғасырдағы  ұлы  ойшылдың 
шығармашылығы  тарихшылар  мен  философтардың  ерекше  қызығушылығын 
арттырып  отыр.  Ғалым  арнайы  педагогикалық  еңбек  жазбаса  да,  Дулати 
шығармашылығының көп тұстары – ұлттық рухани дәстүрді дамытуда үлкен рөл 
атқаратын, сол дәуірдегі білім беру мен тәрбие негізі жайлы ғылыми көзқарасты 
тудыруға мүмкіндік  береді.  Ғалымның  шығармаларында  кездесетін  білім  мен 
тәрбие  туралы  толғамды  ойларына  қарап,  патриоттық,  азаматтық,  рухани, 
адамгершілік  және  эстетикалық  тәрбие  мәселесі  жағынан  оның  жан-
жақтылығын аңғарамыз.  
М.Х.  Дулатиді  мемлекетшілдік  тұлға  ретінде  танытатын  тағы  бір  тұсы  – 
оның  әділеттілік,  құқық  және  билеуші  мемлекеттік  қызмет  туралы  айтқан 
тұжырымдары  дер  едік.  Мәселен,  ғалымның  пікірі  бойынша  «құқық  –  бұл 
әділеттілікпен  тікелей байланысты берілген әрбір адамның несібесі».  
Қоғамдық  дамудың  биігіне  жеткен  ХХІ  ғасырдың  көгінде  тұрып,  орта 
ғасырлық  ғұламаның  ой-өрнегінің,  азаматтық  толғауының  қайтадан  түлеп, 
қазіргі ұлт мұқтажын өтеуге қызмет жасауы, шынында, ерекше құбылыс. Осы 
орайда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  дәстүрлі  Жолдауындағы 
«Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, 
әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет», - 
деген  салмақты  пікірі  біздің  заманымыздағы  ұрпақтар  үндестігінің  жарқын 
көрінісі болып табылады. 
Ұлы ойшыл, саясаткер, ғалым М.Х.Дулати елдікті, бірігіп тұтасуды, мықты 
мемлекет  болуды  көп  ойлап  армандаған.  Сөйтіп  тиімді,  күшті  басқарудың 


өнерін, ғылымын іздестірген. Яғни ортақ мүддені негіз етіп, ортақ міндет пен 
мақсатты мойындауда, оны жүзеге асыруда табандылық танытқан. Ұлы тұлға 
«адамға  бас  бостандығынан,  өз  еркіндігінен  артық  ешнәрсе  жоқ»  –  деп  өз 
рубаяттарында ой түйеді. 
Қазақ  топырағынан  шыққан  Дулатидің  құнды  еңбектерімен,  қайталанбас 
ғажап  өмір  жолымен  таныса  отырып,  ұлттың  ұлт  болып  қалыптасуында, 
дамуында оның идеялары ХХІ ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде өзекті болып 
отыр.  
Бабамыздың  еңбектерінен  танылатын  ең  басты  идеяның  бірі  –  тұрақты 
қоғам  мәселесі.  Оның  алғышарты  ретінде  дінге  негізделген  ұлттық  келісім, 
қоғамдық  қатынастардың  әділ  басшылардың  мемлекет  басқаруда  жан-жақты 
болуын, халықтың  әлеуметтік  және  мәдени-психологиялық  тұтастық  аясында 
қалыптасқан рухани идеяларын атап көрсеткен. Дін, қоғам, ұлттық сана, салт-
дәстүрді  нығайтудың  негізінде  әлемге  құшақ  ашу,  оған  деген  сүйіспеншілік, 
жарасымдық, татулық, қамқорлық жасау әрекеттерін арттыруды көздейді. 
Қазақстан  Республикасы  бүгінгі  таңда  қалыптасқан  мемлекет  болып, 
саясатын жүргізуде  өз  алдына  жоғары  мақсаттар  қойып  отыр.  Соның  бірі  – 
Қазақстан  халқының  болашақта  әл-ауқатының  жоғары  деңгейде  болуы, 
құқықтық-демократиялық, зайырлы мемлекет болып қалыптасуы. Осы мақсатқа 
жету жолында елімізде Қазақстан Республикасының заң шығарушы, атқарушы, 
сот органдары бірлесіп жұмыс істеуде. 
Елбасы  2002  жылдың  ақпан  айында  өткізген  кездесуінде:  «Мен  келешек 
ұрпаққа  мұра  ретінде  адамдардың  тыныш  тұратын,  дәлірек  айтқанда 
демократиялық, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалдырғым келеді», 

деп айтқан болатын. М.Х.Дулатидің тарихи, құқықтық танымы, бұл жөнінде 
қалдырған ұлағатты ой-толғамдары арада бес ғасырдың үстінде уақыт өтсе де, 
қазіргі кез үшін маңызы мен құндылығын жоғалтқан жоқ. Құқықтық әділеттілік 
салтанат құрса деген ұлы бабамыздың арманы орындалып жатқанын тәуелсіз 
мемлекетіміздің  дамыған, өркениетті өмірінен көз жеткізіп отырмыз. 
М.Х.Дулати  ойшыл,  жан-жақты  білімдар,  ғұлама,  қаламы  қарымды 
тарихшы,  мемуарист,  ақын,  мемлекет  қайраткері,  қолбасшы  –  өзі  жазғандай, 
игермеген  өнер  саласы  жоқтың  қасы  болған  ол  –  бір  сөзбен  айтқанда, 
энциклопедист тұлға. Оның осы қасиеттері «Тарих-и Рашиди» еңбегінен айқын 
көрінеді. Ғалымдар «Тарих-и Рашидиді» қайта-қайта зерделеп оқу барысында 
бұл  еңбекте  40-қа  жуық  ғылым  саласы  қамтылатынын  саралап  көрсетті.  Бұл 
дерек «Тарих-и Рашидидің» шын мәнінде энциклопедиялық еңбек екенін, шетел 
ғалымдары мен шығыстанушыларының қызығушылығына үлкен негіз барлығын 
айқын аңғартады.  
Шығыстық үлгіде жазылған «Жаһан наме» дастанындағы философиялық-
педагогикалық  тағылымды  толғамдар,  шығарманың  көркемдігі,  сюжет  құру 
шеберлігі мен тіл шұрайлылығы М.Х.Дулатидің үлкен эпик ақын болғандығын 
танытады. Сонымен қатар, бұл туындыдан аңғарылатын адамдар арасындағы 
күрделі қарым-қатынас, сүйіспеншілік туралы идеялық толғамды ойлар қазіргі 
кезде және болашақта да мәнін жоймайтын ізгілік құндылықтары деп білеміз.  


Қорыта айтқанда, Қазақ елінің тарихы Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, 
бірігу мен азаттық үшін күреске толы  тарих жолы болып қала береді.  Кешегі 
қатпарлы тарих пен бүгінгі тәуелсіз ел болған жарқын уақыт аралығында тарихи 
сабақтастық, жібек жіптей үзілмес жол жатқаны бәрімізге белгілі. Төл тарихын 
білмеген халық қазіргі уақыттың бағасын,  қадірін де терең ұғынбайды.  Туған 
тарихымызды тану – уақыт талабы. Ұлт тәуелсіздігінің алтын діңгегі – ұлттық 
тарихымызда жатыр. Ұлттық тарихымыз – халқымыздың мәңгілік бойтұмары. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  «Тәуелсіздік.  Келісім.  Болашағы  Біртұтас 
Ұлт» атауымен болып өткен кезекті ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік 
Ел – патриоттық актісінде» көрсетілген Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын 
нығайту, сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету – біздің міндетіміз.  
 
 
ӘОЖ 94 (574).951 
 
М.Х.ДУЛАТИ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ 
 
Абдуалы А.Б. 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші  проректоры,  
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
 
Әлемдік жаhанданудың пәрмені мен бәсекелестігі ұлттық мемлекеттерден 
саяси,  әлеуметтік-экономикалық  дербестікті  нығайтумен  қатар,  рухани 
тәуелсіздікті, ұлттық құндылықтарды сақтап,  оны ұрпақтан ұрпаққа  жеткізуді 
талап  етуде.  Сондықтан  да  әлемде  дамыған,  бәсекелестікке  қабілетті 
мемлекеттердің  қатарына  біз  тек  озық  технология  арқылы  ғана  емес,  ұлттық 
бірегейлігімізбен  де  танылу  арқылы  қосылуымыз  қажет.  Тарихи  санасы  мен 
ұлттық  құндылықтарын  дәріптемейтін  этностың  бүгінгі  жаһандану  үрдісінде 
жұтылып кету қаупін өткен және бүгінгі әлемдік үрдістер көрсетіп отыр. Бұл кері 
үрдіске  қарсы  қояр  қалқанымыз  –  ұлттық  бірегейлігімізді  сақтау,  ұлттық 
құндылықтарымызды ұлықтау, дамыту және жалғастыру болмақ. Осы мақсатқа 
жету үшін ұлттық тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүниетанымды, 
рухани  қайнарларды  қайта  қалпына  келтіру  арқылы,  сананы  рухани  
құлдыраудан  рухани  өрлеумен  құтқаруға  ұмтылуымыз  қажет.  Бұл  туралы 
Елбасы «Тарих толқынында» атты еңбегінде «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, 
өзіміздің  мемлекеттігімізді  ұзақ  уақытқа  меңзеп  құрғымыз  келсе,  онда  халық 
руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн», - деп атап өткен болатын [1, 296 
б.]. 
Адамзат  тарихының  барлық  кезеңдерінде  тарихи  жадыны  сақтап, 
жалғастыру ісі халықтың рухани мұрасы ретіндегі оның тілі, діні, ділі мен салт-
дәстүрі  заманның  алдыңғы  қатарлы,  озық  ойлы  ғұламаларының  еңбектері 
арқылы  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасады.  Бүгінгі  таңда  Қазақстан  үшін  әлемдік 
жаһанданудан  туындап  отырған  мәселелерді  ескеретін  дәстүрлі  рухани-
адамгершілік құндылықтарға негізделген тиімді ұлттық даму моделін табуымыз 
қажет.  Бұл  жерде  өмір  энциклопедиясы  болып  табылатын  халық  ауыз 
әдебиетімен қатар, ортағасырлық ғұламалардың шығармаларының алатын орны 
бөлек.  Сондай  бай  мұралардың  қатарына  ұлтымыздың  мәдени  және  тарихи 


дамуында бірегей орны бар дара ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и 
Рашиди» еңбегі.  ХVI  ғасырда  өмір сүрген  ірі  мемлекет  қайраткері,  тарихшы, 
ақын,  әрі  қолбасшы  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  парсы  тілінде  жазылған 
«Тарих-и  Рашиди»  еңбегі  мен  түркі  тілінде  жазылған  «Жаһан  наме»  сияқты 
еңбектері  Парсы,  Үндістан,  Пәкістан,  Батыс  Еуропада  ертеректен  кеңінен 
танымал  болғанымен,  империялық  солақай  саясаттың  салдарынан  өз  елінде 
көпке дейін тарихи танымнан тыс қалып келді. Мемлекетіміздің Қазақ хандығы 
кезінде жазылғандықтан, «Тарих-и Рашиди» – бұған дейінгі әртүрлі деректермен 
салыстырғанда  қазақ  халқының  тарихынан,  мемлекеттілігінен  құнды  нақты 
деректер  беретін  алғашқы  жазба  деректерінің  бірегейі.  Тәуелсіздік  жылдары 
отандық  және  әлемдік  зерттеушілер  «Тарих-и  Рашиди»  төңірегінде  көптеген 
құнды 
еңбектерін 
жариялап, 
үлкенді-кішілі 
ғылыми 
форумдар 
ұйымдастырылды. Алайда, М.Х.Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Орталық 
Азия,  Тибет,  Кашмир,  Иран  және  Ирак  жерлерін  мекен  еткен  халықтар  мен 
мемлекеттердің  1346-1546  жылдар  аралығындағы  тарихын  нақты  деректер 
негізінде  баяндауымен  қатар,  халықтардың,  соның  ішінде,  түркілердің 
дүниетанымдық және рухани, адамгершілік тұрғыдан берген сипаттамалары күні 
бүгінге дейін толық көлемде зерттеле қойған жоқ. 
М.Х.Дулати: «Қасиетті ғылым барлық елдерге ортақ, әлем халықтары осы 
ғылым негіздерін бірдей қолдана отырып, өткен тарихтан қисса, хикаялар, аңыз-
әңгімелер айтады және оларды тарихи дерек ретінде пайдаланады. Әсіресе, түрік 
халықтарының тіршілігін жазуға аңыз-әңгімелер негіз болған. Сондықтан, мен 
құдайдың  құлдарының  бірі,  әрдайым  бір  Алланың  құзырына  ғана  мұқтаж 
Мұхаммед  Хайдар  ибн  Мұхаммед  Хұсейін  гурган,  ел  ішінде  Мырза  Хайдар 
атымен танымал болған пақыр мүмкіндігімнің аздығы және білімімнің кемдігіне 
қарамай, осы зор жұмысқа ден қойған. Дәл осы дәуірде моғол хандары өздері 
жаулап алған елдерден, мемлекет басқарудан, биліктен шеттеп, қол үзе бастады, 
сол себептен олардың ішінен [ешкім] тарихын жазған жоқ еді. Моғолдар қазір де 
сахараны мекендеуде. Даңқты, гүлденген дәурен тек ауыздан-ауызға айтылып 
келе жатқан тарихи аңыз-әңгімелерде ғана сақталып қалған. Ал бүгін, 951 (1544–
1545) жылы, ол хикаяларды, аңыз-әңгімелерді есінде сақтап қалған адам кемде-
кем. Егер де мен батыл түрде осы маңызды іске бел шешіп кірісіп, бет бұрмасам 
моғол  хандарының  шежіресі  тарих  бетінен  мүлдем  жойылып  кетеді-ау  деген 
жүрек лүпілі еді бұл» [2, 40 б.]. Ұлы бабамыздың осы бір пайымы бір жағынан 
оның  бай  дүниетанымын,  мемлекетшілдік  көзқарасын  көрсетіп  отыр.  Бұл  – 
Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясын басшылыққа алған Ұлы Дала перзенттерінің 
бүгінгі басты ұстанымы. Тарихи сабақтастық дегеніміз – осы.  М.Х.Дулатидің 
бай мұрасы, қалдырған рухани құндылықтарының Тәуелсіз Қазақстанның қысқа 
уақыт  ішінде  әлемдік  өркениеттен  өзіндік  орын  алуындағы  қол  жеткен 
жетістіктерімен,  жеңістерімен үндестігі. 
Жалпы М.Дулати еңбегінде ізгілікті қоғамның басты принциптерінің бірі 
– 
әділеттілік мәселесіне өте көп көңіл бөлінген. Ол: «Мемлекет беріктігінің негізі 
– 
әділеттілік», – деп жазады [2, 412 б.]. Еңбектің атының «Тарих-и Рашиди» яғни, 
«тура жолмен жүрушілердің тарихы» деп аталуы да кітапта әділеттілік, келісім, 
әділ  билік,  әлсіздерге  жанашырлық  және  қамқорлық  сияқты  рухани-
адамгершілік құндылықтарды басшылыққа алғандығын көрсетеді.   
Рухани құндылықтарды құрайтын басты сипатының бірі – ислам діні қазақ 
даласына VІІІ ғасырдан бастап енген. Исламның жалпы ұлттық дінге ие болғанға 
10 

дейінгі  кезеңдер  ішінде  қазақ  хандығы  тұсындағы  діни  ахуалдар  туралы 
мәселелерге  де  үлкен  мән  берілген.  Діннің  негізгі  міндеті  –  адамгершілік 
қасиеттерді  тәрбиелеу  болса,  Ясауи  ілімі  де  кемел  адамды  жетілдіру  ретінде 
түркі дүниесінде ерекше бағаланып келеді. М.Дулати еңбегінде дәл осы таным 
кеңінен  насихатталады.  Белгілі  зерттеуші  В.Поляков  «Ұлы  бабамыздың 
әдебиетке Алла образы мен Ислам құндылықтарын енгізе отырып, әміршілердің 
әрбір  қадамын  шариғатпен  имандылық  талаптарына  орай  өлшестіре 
пайымдаған» - деп бағалауы осының айғағы. Ислам дінінің тазалығы жолындағы 
ұстаным:  «...  әрбір  мұсылман  кейде  хақ  тағаланы  еске  алады.  Мұсылманды 
былай қойғанда діннен жат біреулер де кейде құдайды еске алады. Сол үшін ол 
адамдарды  дәруіш  деуге  келмейді,  өйткені  кейде  (құдайды)  еске  алған 
адамдарды дәруіш  деп санасақ,  онда Құдайды  еске алған  барлық  адамдарды 
дәруіш  деп    санау  керек.  Ал,  шын  мәнінде  бұлай  емес.  Себебі,  кімде-кім 
дәруіштік  жолға  басса,  біріншіден,  шынайы  тәубе  етуі  керек.  Яғни,  сыртқы 
жүрісін  және  ішкі  дүниесін  тазарту  керек,  бұл  кемелденуге  жету  жолының 
шарты болып табылады. Әрі  кемелге жеткен мүршидтің талапкерлерге  өсиеті 
болмақ»,– деп білдіреді [2, 446 б.]. Өз бойына осындай рухани нәрді сіңіре білген 
Мұхаммед  Хайдар  мырза  бабамыз  Кашмир  қаласында  билеуші  болып 
тұрғанында  діннің  тазалығына  үлкен  мән  беріп,  негізінен  исламның  ханафи 
мазхабын  тұтынатын  кашмирлік  тұрғындардың  арасына  «нұрбах-  шылық», 
«шамасин»  сияқты  «күмәнді»  діни  секталарды  жергілікті  оқымыстылармен 
пәтуаласа  отырып,  әшкерелеп,  тойтарыс  бергенін,  сондай-ақ  жергілікті 
сопылардың адал мен арамды, шариғат пен тарихатты ажырата алмай, күпірлікке 
бой ұрғанын ашына жазады [2, 475-476 бб.]. 
Ендеше діннің тек сыртқы формасына ғана баса мән беретін қазіргі  жат 
ағымдармен  күресте  М.Дулатидің  мұрасын  кеңінен  насихаттап  және 
пайдалануымыз    қажет.  Әсіресе  кәпірлік  пен  жат  ағымдарға,  надандық  пен 
білімсіздікке қарсы күресуде Ислам дінінің басымдықтарына ерекше мән берген. 
«Осылайша Ислам нұры  имансыздық түнегіне жарық  сәулесін шашты» -  деп 
жазды, моғол ханы Тоғлық Темір тұңғыш рет қабылдаған ислам діні кәпірлік пен 
имансыздық,  қараңғылықты  жарық  сәуле  күніне  айналдырды  деп 
тұжырымдайды.  Ұлы  баба  шығармашылығындағы  дүниетанымдық 
көзқарастардан  қазақтың  ұлттық  ойлау  жүйесімен  рухани  сабақтастықтың  ізі 
айқын  байқалады.  «Тарих-и  Рашидиде»  еңбегінде  Қазақ  хандығының 
құрылуымен  қатар,  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігі,  әсіресе  оның  көшпелі 
тұрмысына байланысты жайттар кеңінен сипатталады. Батыс ғылыми әлемінде 
«номадология»  аталатын  арнаулы  саланың  кеңінен  таралуы  еуропалық 
зерттеушілер мен ғалымдардың көшпенділік феноменіне жаңа дүниетанымдық 
бағдар ретінде қызығушылық таныта бастағанын аңғартады.  
Көшпелі  өркениеттің  негізгі  құндылықтарын  ұлықтау  –  ұлттық 
құндылықтарымызды дәріптеудің маңызды құрамдас бөлігі болып  табылады.
 
Хайдар Дулатидің көшпелі қазақтардың психологиясы жайлы жазғандарын осы 
тақырып төңірегіндегі алғаш айтылған түйіндер деуге әбден болады. Автор дала 
халқының  ерекшеліктерін  былайша  тізбектейді  «...бізде  сирек  ұшырасатын, 
қымбат заттар жоқ, дүние жиһаздарымыз да көп емес. Ең басты байлығымыз – 
жылқы,  оның  еті  мен  терісі  –  біздің  ең  тәуір  тағамымыз  бен  киіміміз...». 
Көшпенділер үшін жылқы малының қандай орын алатындығын жазбаған қазақ 
ғұламалары кемде-кем. Дегенмен, Мұхаммед Хайдардың суреттемелері бәрінен 
11 

де жоғары тұр. Хайдар Дулати көшпелі халықтың психологиясы жайлы айтқан 
түйіндерін ары қарай жалғастыра келіп, «жерімізде бау-бақша да, ғимараттар да 
жоқ  біздің  көңіл  көтеретін  жеріміз  –  малдың  жайылымы  мен  жылқы  үйірі, 
сондықтан біз жылқыға көзіміз тоймай, қызыға қарап тамашалаймыз,  өйткені 
дала адамдарына жылқысыз өмір жоқ – қараң қалған өмір... Ол көшпенділер үшін 
шөлдесе –  сусын,  ішсе  –  тамақ»,-  дей  келе,  қымыздың  маңызына  да  ерекше 
тоқталады [2, 386 бб.]. 
Дәстүрлі  түркілік  дүниетанымға  тән  бұл  принциптер  мен  ерекшеліктер 
Мұхаммед Хайдар  Дулати  шығармашылығының  өн бойын  алып  жатыр  және 
оның  әлем  мен  адамға  деген  дүниетанымдық  түсініктерінің  өзегін  құрайды. 
Түркі  ұлы  тұлғалары  саяси-әлеуметтік  дамудың  барысында  болып  тұратын 
қайшылықтарды  даналық  келісімдік  пен  жауынгерлік  әдіс-тәсілдер  арқылы 
шешіп отырған. Рулық, тайпалық сананы ұлттық дәрежеге дейін көтеріп, соның 
негізінде  ортақ  дүниетанымға,  дәстүрлі  әдет-ғұрыпқа,  тәртіп  пен  заңға 
бағынатын  түркілердің  орта  дүниесін,  мемлекетін  құруға  ұмтылуды  үнемі 
байқауға  болады.  «Тарих-и  Рашидидің»  екінші  дәптеріндегі  «Кітап  авторына 
қатысты  оқиғалар  жайындағы  әңгіме»  деп  аталатын  тоғызыншы  тарауы,  он 
бесінші  тарауы,  отыз  бірінші  тарауы,  «Қазіреті  Мәулана  Мұхаммед  Қази 
жайындағы  әңгіме»  деп  аталатын  он  алтыншы  тарауы,  «Қазіреті  Мәулана 
Мұхаммед Қазидің керемет қасиеттері  жайындағы әңгіме» деп аталатын  отыз 
бесінші тарауы, «Қожа  Тажаддин және  оның ата-тегі  жайындағы әңгіме»  деп 
аталатын  жетпіс  екінші  және  жетпіс  үшінші  тараулары,  Қазіреті  Қожа  Нұран 
туралы сексен екінші – сексен алтыншы тараулар, «Кашмирдегі ислам  дінінің 
жайы жайлы» деп аталатын жүзінші тарау, «Кашмирдің діни сектасы жәйлі» деп 
аталатын  жүз  бірінші  тарау  және  т.б.  автордың  діни-философиялық 
көзқарастарынан, оған ислам дінінің қаншалықты ықпалы болғанын дәлелдейді 
[3, 70 б.]. 
Осы  орайда  М.Дулатидің  әлем,  адам,  қоғам  мәселелеріне  қатысты 
философиялық  көзқарастарына  бұл  ілімдердің  зор  ықпал  еткенін,  оның 
дүниетанымы  мен  әл-Фараби,  Қ.А.Ясауи,  Ж.Баласағұни,  М.Қашқари  дүние 
танымындағы сабақтастық жалпы қазақ даласы ойшылдарының көзқарастарына 
осы рухани дәстүрлердің үлкен әсер еткенін, басты қайнарының бірі болғанын, 
осы тарихи-мәдени сабақтастықтың қазіргі кезеңге дейін сақталып келгенін атап 
өту қажет. 
Қорытындылай келе, ұлттық мұрасы мен рухани дүниетанымы тамырлас,  
түбі  бір  түркі  халықтары,  оның  ішінде  қазақ  халқының  рухани  бастауының 
қайнар  көздерінің  бірі  Мұхаммед  Хайдар  Дулатидің  еңбектерінде  Ұлы  дала 
ойшылдарына тән дәстүрлі дүниетаным мен мәдени-тарихи үндестік жалғасын 
тапқан.  Ертеден  басталған  бұл  рухани  сабақтастық  жалғасы  ойшылдың 
шығармашылығынан  да,  қазақ  халқының  ұлттық  құндылықтар  жүйесінен  де 
айқын  аңғарылады.  Тәуелсіз  мемлекетіміздің    бүгінгі  және  болашақ 
ұрпақтарының бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамыту мен тарихи сананы 
қалыптастыру  барысында  М.Дулатидің  шығармаларындағы  әлеуметтік-
адамгершілік  үлгідегі  өсиеттері  мен  рухани  мұрасын  терең  насихаттап,  әрбір 
қазақстандықтың бойына сіңіріп, игілігіне жарату – бүгінгі күннің өзекті құнды 
уақыт  талабы.  Ұлы  баба  мұрасы  жас  ұрпақты  ізгілікке,  жүрек  пен  жанның 
тазалығына,  білімділікке,  имандылыққа,  адамгершілікке,  парасаттылыққа, 
12 

әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеп, тұлғалық қасиеттер қалыптастыруға өзіндік 
үлесін қосады, қоғамды ізгілікке меңзейді.  
Басты мақсатымыз – рухани құндылықтар арқылы бүгінгі және келешек 
ұрпақ  бойында  ұлттық,  жалпы  адамзаттық  озық  дәстүрлерге  үйлескен 
моральдық қасиеттер мен көзқарастарды қалыптастыру. Олар – ана тілін, ұлттық 
дәстүрін, діні  мен ділінің  тұтастығын сақтап,  тарихы мен  танымының  қайнар 
көздерін меңгерген,  білімді,  мәдени-рухани арналарды  дамыта  алатын  бүгінгі 
Тәуелсіз Қазақстанның толық адамы болуы қажет. Ұлы Абай айтқандай, «Ақыл, 
қайрат,  жүректі  бірдей  ұстаған  толық  адам  болу  –  негізгі  ортақ  міндет  пен 
мақсат». Нағыз ұлттық рухани құндылықтарды меңгерген ұрпақ Мәңгілік Елдің 
нағыз азаматы болатындығы анық. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет