Микологиялық ЖӘне фитопатологиялық анықтамалық СӨздік


Амфисорус – тат саңырауқұлақтарының уредоложасы, қарапайымдыларынан үлкен мөлшерімен және күңгір түсімен ажыратылады. Амфиспоралар



бет2/13
Дата16.04.2016
өлшемі1.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Амфисорус – тат саңырауқұлақтарының уредоложасы, қарапайымдыларынан үлкен мөлшерімен және күңгір түсімен ажыратылады.

Амфиспоралар – амфисорустарда пайда болатын урединоспоралар, қарапайымдылардан қалың қабықпен және күңгірт түспен ажыратылады.

Анабиоз (гр. anabiosis – тірілу, өмірге қайта келу) – жасырын тіршілік, ағзаның жағымсыз жағдайлардан (төмен температура, ылғалдың жеткіліксіздігі, кебу, т.б.) өтуге бейімделу реакциясы. Мұнда тіршіліктің көрнекі белгілерінің барлығы баяулайды, алайда дамуға қлайлы, жағымды жағдайлар туысымен ағзаның тіршілік функциялары қалпына келеді.

Анаморфа – конидиялар арқылы немесе бөліну мен бүршіктену арқылы көбейетін саңырауқұлақтардың дамуының жыныссыз, жетілмеген стадиясы.

Анаморфты саңырауқұлақ – жыныс стадиясын толық жоғалтқан саңырауқұлақ; жетілмеген саңырауқұлақтардың көптеген түрлері (кл. Deuteromycetes).

Анастомоз (гр. anastomosis – шығу) – гифалар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін көпіршік, гифалардың қысқа бұтақшалары. Олар арқылы протоплазманың, клетка ядроларның және басқа органоидтарының алмасуы өтеді.

Анафаза (гр. ana - әрі, кейін, phasis – жағдай) – митоздың сатысы, мұнда әр хромосоманың хроматидтері бөлініп қарама-қарсы полюстерге жылжиды; мейоз кезінде хроматидтердің немесе гомоталдық хромосомдардың айрылысу стадиясы.

Анаэробиоз (гр. an – болымсыздық бөлшегі, aer – ауа, bios – тіршілік) – ағзалардың атмосфералық ауасыз тіршілік ету мүмкіндігі.

Анаэробтар – оттексіз тіршілік ете алатын ағзалар, - бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдылар және т.б. Облигатты анаэробтар оттегі бар жерде тіршілігін жояды.

Ангиогарпты жеміс денесі – тұйық жеміс денесі, оның ішінде базидиоспоралары бар базидиялар дамиды да, тек жеміс денесі жарылғаннан кейін ғана босап шығады. Гастеромицеттерде кездеседі (кл. Basidiomycetes).

Ангстрем – электрондық микроскопиядағы өлшем бірлігі – 0,0001 мм, немесе 10-10-ға тең. Швед физигі Ангстрем (1814-1874) есімімен аталған, белгіленуі Å.

Андроконидия (гр.andros – ер) – қалталы саңырауқұлақтардың аталық жыныс клеткасының функциясын атқаратын структура (кл. Ascomycetes).

Анемохорлы саңырауқұлақтар (гр. anemos – жел, choreo – жылжимын) – споралары жел арқылы таралатын саңырауқұлақтар, мысалы тат, көк, трут саңырауқұлақтары.

Анизогаиетангиогамия (гр. anisos – тең емес) – анизогаметалардың өзара қосылуы жүретін жыныс процесі. Оомицеттерде кездеседі (кл. Oomycetes)

Анизогамета – кіші аталық және ірі аналық жыныс клеткалары, бір-бірінен сырт бейнесі және мөлшерімен ажыратылады.

Анизогамия, гетерогамия – мөлшері, пішіні, функциялары бойынша ажыратылатын гаметаларының өзара қосылуы арқылы жүретін жыныс процесі.

Аннелоспора, аннелоконидия – конидия түзушінің конидиогенді клеткасынан қабықшамен бөлініп тұрған жоғарғы клеткадан пайда болатын конидия, спора. Түскен спора орнындағы жарашықтан конидия тасымалдаушы өсіп, оның жоғарғы бөлігі тағы да конидияға айналады.. Бұл көп рет қайталанып, аннелоконидиялар тізбегін түзеді. Скопулариопсис (Scopularipsis), аннелофора (Annelophora) және т.б. туыстастарда (қат. Hypomycetales) кездеседі.

Аннеляция – конидия түскеннен кейін қалатын дөңгелек жарашық.

Антагонизм (гр. antagonisma – күрес, келіспеушілік) – ағзалардың өз тіршілік әрекеттері арқылы басқа ағзаларға зиянды әсер етуі болатын қарым-қатынас түрі. Антагонизмнің механизмдері алуан түрлі: токсиндер, биологиялық ктивті заттар, антибиотиктер және бсқаларын түзу. ( мысалы, Trichoderma т. саңырауқұлақтары басқа көптеген микроағзаларға кері әсер етеді).

Антеридий (гр. antheros – гүлдеген) – аталық жыныс мүшесі. Қалталы саңырауқұлақтардың аналық мүшесі архикартың және оомицеттердің оогоийінің тұқым шашуына қатысады. Оның құрамы бөлек гаметаларға бөлінбеген.

Антеризоид – сперматозоид, жіпшелері бар, қозғалмалы аталық жыныс клеткасы.

Анти- (гр. anti – қарсы) – күрделі сөздердің бөлшегі, қарама-қайшылықты, қарсы әрекетті білдіреді.

Антибиотиктер – басқа микроағзаларды (бактериялар, саңырауқұ-лақтар, вирустер және т.б.) жою немесе шектеу қабілеті бар биологиялық бастамасы бар заттар; саңырауқұлақ, актиномицеттер, бактериялардың тірші-лік әрекеті өнімдері. Медицинада, ветеринарияда, ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Антигендер (гр. genes – туатын) – ағзаға бөгде ақуыздар (саңырауқұлақты, бактериальді, вирусты, т.б.). Ағзада кері реакция тудырады, антиденелер пайда болып, олармен әрекеттеседі.

Антисептиктер – саңырауқұлақтардың, бактериялардың және басқа да микроағзаларды жоятын немесе дамуын шектейтін химиялық заттар.

Антиденелер – сүтқоректілердің қанында бөгде ақуыздар – антигендерді ендіруге жауап реакция ретінде пайда болатын глобулярлы ақуыздар.

Антитоксиндер (гр. toxicon – у) – ағзаға енген немесе онда түзілген түрлі токсиндер, улардың кері әсерін залалсыздандыру қабілеті бар қорғаныш заттар, плзмалар, сарысулар. Кейбір ауруларды (қызылша, столбняк, дифтерия, т.б.), сондай-ақ жылан, улы жәндіктер немесе жануарлардың шаққанын емдеу мен алдын алуда қолданылады.

Антракноз – жапырақта, жемісте, бұтақта залал тиген орынды қоршаған ұлпалардың жұмсаруы мен деструкциясы нәтижесінде дөңгелек пішінді ойыстар, жаралар, дақтар түзілетін аурудың жалпы атауы. Қоздырғыштары – коллетотрих (Colletotrichum), глеоспорий (Gloeosporium, қат. Melanconiales), эльсиное (Elsinoe, қат. Myriangiales) туыстастарының түрлері және т.б.

Антракнозбен күресу шаралары тек профилактикамен ғана шектеледі: жерді қайта жырту, ауыспалы енісмтіктер, өсімдік қалдықтарын мұқият жинау мен жою; химиялық: тұқымды ТМТД препаратымен егу (1 кг тұқымға 4 г ), ауру пайда болған жағдайда 1%-ды бордос сұйығымен немесе күкіртті -әкті сумен шашырату.



Антропофильді саңырауқұлақтар (гр. anthropos – адам, philos – сүю) – адамды залалдандыратын саңырауқұлақтар.

Антропохорлы саңырауқұлақтар – адам және оның шаруашылық әрекеті (мысалы санитар-гигиеналық талаптарды орындамағанда немесе карантин талаптарын сақтамағанда) арқылы таралатын саңырауқұлақтар.

Апекс – гифаның жоғарғы шыңы. Оған күрделі ультрақұрылым тән, негізінен бұл – апикальді денешіктін болуы (Spitzenkorper). Мұнда клетка қабықшасының активті синтезі өтеді, өйткені саңырауқұлақтарға апикальді өсу тән.

Апектура – конидиялар түзілетін конидиогенді клетканың бөлігі; локус.

Апикальді спора (лат. apicalis – жоғары) – конидия түзушінің жоғары шыңында немесе гифалар соңында дамитын спора.

Апикальді аппарат – инопекулярлы дискомицеттердің қалталарының ашуын қамтамасыз ететін құрылым; а.а.-тың құрылымының таксономиялық маңызы бар.

Апикулюс – спораның стеригмаға, базидияға бекитін сорғышы.

Апикулятустар – гансениоспора(Hanseniaspora, қат.Endomycetales) туыстының ашытқысы – шарап жасаудың зиянкестері, өйткені метаболизм барысында ұшқыш қышқылдар жинайды, бұлар шарапқа жағымсыз дәм мен иіс береді. Күресудің негізгі түріне жидек шырынын сульфитация мен мезгілінде шарап ашытқысын енгізу жатады. Табиғатта жеміс-жидекте, жүзімде, ыдырап жатқан көкөністе, ауада, топырақта тіршілік етеді.

Апланогаметалар (гр. aplanes – қозғалмайтын) – қозғалмайтын (жіпшелері жоқ) аталық және аналық жыныс гаметалары.

Апланоспора – қозғалмайтын спора, қабықшасы қалың, қолайсыз жағдайлар туғанда спорангийде түзіледі. Жыныссыз көбеюді жүзеге асырады.

Апогамия (гр.gamos – неке) – жыныссыз көбею, тұқымданусыз, бірақ ішкі құрылымының орын ауысуы арқылы жаңа ағзаға бастама береді. Мұнда морфологиялық генерациялар мен ядролық фазалардың ауысуы сақталады.

Апомиксис (гр. mixis – араласу) – партеногенез, жыныссыз көбею түрі, мұнда тұқымданбаған жұмыртқа клеткасынан жаңа ағза дамиды.

Апотеций (гр. apothekion – қойма) – дискомицеттерге (кл. Ascomycetes) тән ашық, ойыс жеміс денесі. Оның жоғары бетінде қалталар арасында тығыз орналасқан, тік тұрған тұқым беру қабілеті жоқ жіпшелер – парафиздер түріндегі гимений орналасқан. Апотеций жеміс денесінің ең жоғары ұйымдасқан түрі болып табылады.

Апофиза – 1) мукорлы саңырауқұлақтардағы (қат. Mucorales) спорангия түзушінің соңындағы сопақ немесе шар пішінді ісік; 2) кейбір гастеромицеттерде глебте дөңгелек ісік түрінде.

Аппрессорий (лат. apprimo – қысамын) – паразит саңырауқұлақ гифаларының соңында түзілетін сорғыш. Ол арқылы саңырауқұлақ ие-өсімдікке бекіп, ішіне енеді. Тат саңырауқұлақтарында (қат. Uredinales) және кейбір жетілмеген саңырауқұлақтарда (кл. Deuteromycetes) кездеседі.

Аралық ие – саңырауқұлақ дамуының бір бөлігі өтетін өсімдік.

Арбускула – жоғары сатылы өсімдік тамырының клеткасындағы микоризді саңырауқұлақ мицелиінің бұтақтанған гифасы (гаусторийлер түрінде).

Арескомицеттер – ұзақ құрғақшылыққа шыдамды саңырауқұлақтар.

Ареолденген саңырауқұлақ қақпағы – жоғарғы беті әртүрлі пішінді тегіс бөліктерге жарылатын қақпақ.

Артроспора – 1) конидия тасымадаушының конидиогенді бөлігінің жарылуы немесе гифалардың қысқа бөлек клеткаларға не споралардың бұтақтанған тізбектеріне бөлінуі нәтижесінде экзогенді пайда болатын спора; туыстастар: оидиодендрон (Oidiodendron), геотрих (Geotrichum, қат. Hyphomycetales); 2) артроспоралар спорогенді гифалар ішінде эндогенді де түзіле алады; артроспоралар спорогенді гифаның сыртқы қабықшасының жарылуы арқылы босайды; 3) сахаромицеттердің (қат. Endomycetales) тыныштықтағы споралары. Олар вегетативті клеткалардан мөлдірлеу протоплазмамен, ондағы гликоген, май тамшылары мен қалың қабықшаның болуымен ажыратылады. Қолайсыз жағдайлар туғанда түзіледі. Қолайлы жағдай туысымен жаңа ағзаға бастама береді.

Архикарп (гр. archi – улкен, carpos – жеміс) – құрылымы жұмыртқа клеткаларына бөлінбеген аналық жыныс мүшесі. Аскогон (төменгі бөлік) мен трихогинадан (жоғарғы бөлік) тұрады. Антеридий заты трихогина арқылы аскогонға құйылады.

Архимицеттер (кл. Archimycetes) – бейклеткалық мицелиі бар төменгі сатылы саңырауқұлақтар. Олардың көбі – су ағзалары. Кейбір түрлерге көбею үшін сұйық орта қажет. Қазіргі кезде саңырауқұлақтар таксономиясында бұл атау қабылданбайды, ал бұл класс өкілдері плазмодиофорлылар (Plasmodiophorales) және хитридийлілер (Chytridiales) қатарында қарастырылады.

Әлемде 1000-нан астам түр белгілі. Қазақстанда 100 түрдей анықталған.



Аск, қалта (гр. ascos – қалта) – қалталы саңырауқұлақтардың жыныс процесінің өнімі, мұнда аскоспоралар дамиды, қалыпты жағдайда 8. Қалталар бірклеткалы, табаны бар немесе отырыңқы, пішіні түрлі – сопақ, цилиндрлік, қаптәріздес, т.б., бір не екі қабатты қабықшамен қапталған. Не зиготаның өзінен, не зиготадан дамитын аскогенді гифалардан түзіледі. Қалыпты жағдайда жеміс денесінде, бірақ төмен ұйымдасқан саңырауқұлақтарда кей кезде мицелийдің өзінде қабат түзіп немесе бөлек клеткамен орналасады. Қалта қабықшасының құрылымы, аскоспоралардың босау тәсілі мен бұл үрдістегі қалтаның ролі бойынша олардың ішінде прототуникатты және эутуникаттыларды ажыратады:

  1. Прототуникатты қалталардың қабықшасы бір қабатты, ол біраз уақыттан кейін ыдырап, споралар пассивті босатады; споралардың таралуына қатыспайды.

  2. Эутуникатты қалталардың қабықшасы қалың келеді және олардың аскоспораларды активті босатып таратуға мүмкіндік беретін арнайы аппарты болады. Олар екі типке бөлінеді: унитуникатты және битуникатты. Біріншінің жұқа, бірқабатты қабықшасы болады. Аскоспоралардың босауы қалтаның жоғарғы шыңында орналасқан аппараттан жүреді. Екіншісінің анық байқалатын екі қабатты қабықшасы – сыртынан қатты, ал іш жағынан жұмсақ, иілгішболады. Аскоспоралар сыртқы қабаттың ішкі қабат тургоры әсерінен жарылуы нәтижесінде босайды.

Аскогенді гифалар – тұқымданудан кейін аскогоннан өсіп шығатын гифалар, 10-12 шамасында. Оларға өзара жұптасып жақындаған ядролар (дикариондар) өтеді, бұлар осында бөліну осьтері параллельді орналасып бөлінеді. Аскогенді гифалардың төменгі клеткаларында ядролардың бірнеше жұбы болады, жоғарыларында – бір жұп. Олардан қалталар дамиды.

Аскогон – көптеген ядросы бар протоплазмаға толы архикарптың төменгі ісіген клеткасы.

Аскокарп – аскомицеттердің (қалталы саңырауқұлақтардың) жеміс денесі.

Аскомицеттер, қалталы саңырауқұлақтар (кл. Ascomycetes) – құрылысы мен тіршілік қалпы бойынша өте түрленетін саңырауқұлақтар тобы. Бәріне ортақ белгі көбею мүшесі – қалта не асктың болуы, онда жыныс процесінің соңғы стадиясы – ядролардың бірігуі (кариогамия) өтеді. Копуляционды ядро кейін хромосомаларының редукциясымен үш рет бөлінеді, сегіз аскоспора түзіледі. Төменгі сатылы аскомицеттерде қалта мицелийде, ал жоғары сатылыларда – жеміс денелері мен аскостромаларда орналасады. Жеміс денесінің негізгі үш типі бар: клейстотеций немесе клейстокарпий, перитеций және апотеций. Аскомицеттер табиғатта барлық жерде кеңінен таралған, түрлі тірі, өлі, өсімдіктектес, жануартектес субстраттарда тіршілік етеді. Халық шаруашылығында маңызы зор. Мысалы, ашытқы саңыруқұлақтары нан, спирт, шарап, сыра, дәрумен, биостимуляторлар өндірісінде өте қажет. Аскомицеттердің кейбір түрлері адам мен жануарлардың түрлі ауру қоздырғыштары болып табылады. Олардың көбі өсімдіктердің өте қауіпті ауруларын қоздырады.

Әлемде 30 000 түр белгілі. Қазақстанда 500-ден астам түр анықталған.

Аскомицеттердің көбінің дамуында жетілмеген саңырауқұлақтарға тән бір немесе бірнеше жетілмеген стадиялар (пикнидиальді және гифальді) болады. Үш кластармағына бөлінеді: гемиаскомицеттер (Hemiascomycetidae); эуаскомицеттер (Euascomycetidae); аскокулярлы немесе колуаскомицеттер (Loculoascomycetidae).

Аскоспоралар, қалтаспоралар – жыныс процесі нәтижеснде, 2, 4, 8, 16 және одан да көп шамасында қалтада дамитын споралар. Олардың пішіні, құрылысы әртүрліболады; бірклеткалы, бір немесе бірнеше тік не көлденең қабырщақтармен бөлінген, түссіз немесе ақшылттан күңгіртке қарай боялған (қоңыр, бозғылт, т.б.) болады.

Аскострома немесе псевдотеций – аскокулярлы саңырауқұлақтардың (Loculoascomycetidae кл.т.) жеміс денесінің бір түрі. Сырт бейнесі бойынша стромаға немесе нағыз перитецийге ұқсас болады. Айырмшылығы - өзінің перидийі (қабықшасы) болмайды, ол строма ұлпасымен айырмасады, тағы бір айырмашылығы – олардың қалталары аскогенді гифалардың строма ұлпасын шеттету не аздап ыдырату нәтижесінде пайда болатын ерекше камераларда (локула) дамиды. Әр локулада бір немесе бірі бірінен қалтааралық немесе интераскулярлы ұлпамен бөлінген бірнеше қалта болады.

Аскосфералы саңырауқұлақтар (қат. Ascosphaerales, кл. Ascomycetes) – нағыз жеміс денесі жоқ, оның орнына спороцист деп аталатын споратасымалдаушы құрылымы болады. Ондағы қалталар дөңгелек құрылымдарға бірігеді. Споралар қалта қабығының жарылуынан кейін босайды. Жәндіктер паразиті.

Әлемде бір қатар, екі туыс, төрт түр белгілі. Қазақстанда екі туыстың екі түрі кездеседі.



Аскохитоз – аскохита туысының (т. Ascochyta, қат.Sphaeropsidales) саңырауқұлақтары қоздыратын ауру. Бұршақтұқымдастар, цитрустар, жеміс-жидектер ауырады. Жапырақ пен жемісте дөңгелек, бұрыштанған, көптеген қра нүктелері (споралары бар пикнидтер) бар ақ-сұр дақтар пайда болады. Ауру споралар арқылы жайылады, қоздырғыш тұқымда қыстап, ол арқылы әрі тарайды. Аскохитоз барлық жерде кездеседі және шаруашылықтарға үлкен зардап әкеледі. Күресу шаралары – тұқымды 50°С-ға дейін қыздырылған сумен шаю, тұқымды 80%-ды ТМТД препаратымен шаю (1т-ға 2,5 кг), НИУИФ-1 препаратын себу.

Асқабақтың ақұнтағы - қоздырғыш – Erysiphe cichoracearum, f. cucurbitacearum, Sphaerotheca fuliginea, f. cucumidis. Ауру қиярда, қауында, қарбыздарда көрініс алады. Өте қауіпті. Саңырауқұлақтар грибницада өте мол спора түзеді. Erysiphe саңырауқұлағы жапырақтың жоғары бетінде мицелий мен конидиялардан тұратын ақ зең түзеді. Қалталы сатысын өте сирек түзеді. Зақымдалу мен таралу конидиялар арқылы жүреді. Sphaerotheca саңырауқұлағы көбіне жапырақтың төменгі жағында қызғылт-сұр зең түзедң. Аурудың алғашқы жұғуы – қалтаспоралар арқылы, таралуы конидиялар арқылы жүзеге асады. Аурудың таралуына жоғары ылғалдылық жағдай жасайды, әсіресе жылыжайларда. Күресу шаралары – қалдықтарды мұқият жинау мен өртеу, жерді терең жырту. Өсімдіктерді коллоидты күкірттің - ашық грунтта - 0,5%, жабық грунтта – 0,2% суспензиясымен залалсыздандыру. Хорус, Зато, Колфую Супер фунгицидтері жақсы нәтиже берді.

Асқабақтың фузариозды солуы – қоздырғыш – Fusarium саңырауқұлағы қиярдың, қауынның, қарбыздың жас өркендерін зақымдайды. Сабақ, жапырақтар, тамыр мицелий, микро- және макроконидиялардан тұратын ақ не қызғылт өңезбен қапталады. Саңырауқұлақ топырақта сапрофитті тіршілік етеді, ол мұнда ауыспайтын мәдениетте жиналады. Зақымдалу тамыр қылдары немесе жаралар арқылы өтеді; мицелий тамырларды мекендеп, бітелу мен интоксикацияны тудырады, нәтижесінде өсімдік солып, өледі. Саңырауқұлақ топырақта склероцийлер мен хламидиоспоралар түрінгде сақталады. Күресу шаралары – дұрыс және міндетті ауыспалы егіншілікті ұстану, төзімді сорттарды енгізу. Химиялық әдістерден Колфуго Супер, Арчер, 0,8 л/га ұсынылады.

Аспергилл (т. Aspergillus, қат. Hypomycetales) – топырақта, тамақ өнімдерінде, дәндерде және басқа да субстраттарда мицелий гифаларынан, конидиялар мен конидия тасымалдаушылардан тұратын қара, жасыл, сары өсінділер түзетін саңырауқұлақ. Конидия тасымалдаушылар тік, түссіз, шыңында дөңгелек көпіршігі бар.Оның басында бір-екі қатар стеригма болады, оларда дөңгелек, бірклеткалы, тегіс немесе тікенекті конидияар орналасады. Саңырауқұлақтар тұрмыс тауарларын құртады, адам мен дануарлардың қауіпті ауруларын (аспергиллез) қоздырады. Кейбір түрлер антибиотик, органикалық қышқыл мен ферменттердің продуценттері. Кейбір түрлерде эуотий (Eurotium), сартория (Sartoria) туысының қалталы стадия-лары анықталған.

Әлемде 350 түр белгілі. Қазақстанда 27 түр анықталған.



АспергилезAspergillus т. (қат. Hypomycetaes) саңырауқұлақтары қоздыратын адам, жануарлар, құстар ауруы. Ішкі мүшелерді, өкпені, тыныс жолдарын, сүйек ұлпасын зақымдайды, жануарларда түсік түсіруге әкеледі. Адамдарда ауру мамандыққа байланысты (мысалы, сыра зауыттарының шаңды цехтары), жүнді, шашты тазалаудан немесе антибиотиктермен тым ұзақ уақыт емделуден пайда болады. Ауру саңырауқұлақ споралары бпр ааны жұтқанда немесе тері, не кілегей ұлпаларының зақымдануынн жұғады.

Аурикулярлы саңырауқұлақтар (қат. Auriculariales, кл. Basidiomycetes) – жеміс денелері қатты түрленетін саңырауқұлақтар – жетілмгеннен анық дамыған, жетілген құлақ пішінді қақпағы бар, кілегейлі не құрғақ консистенциялыға дейін. Гетеробазидиялар ұзын, цилиндрлі, үш көлденең қабыршақпен бөлінген. Споралар бір- не көпклеткалы. Барлық жерде таралған, шіріген ағашта, ағаш қалдықтары мен ескі діңдерде тіршілік етеді. Олардың ішінде жоғары сатылы өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, мүктердің, жәндіктердің паразиттері де бар. Тән туыстастар – аурикулярия (Auricularia), геликобазидий (Helicobasidium), платиглоя (Platigloea) және т.б.

Әлемде 100 түр белгілі. Қазақстанда екі түр анықталған.



Ауру – қалыпты физиологиялық функциялардың бұзылуына әкелетін патологиялық үрдіс. Қоздырғыш немесе зиянды биотикалық факторлар әсерінен пайда болады. Инфекциялық, жұқпалы, ауру ағзадан сау ағзаға берілетін және инфекциялық еместерді бөледі. Біріншілер түрлі патогендермен қоздырылады: саңырауқұлақтармен (микоздар), бактериялар-мен (бактериоздар), вирустармен (вироздар), микоплазмалармен, гүлді паразиттермен, нематодтармен. Екіншілер қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларынан: ылғалдылық, тамақтану, температуралық режимнің ауысу-ынан, улы заттардың әсерінен пайда болады. Екі түрі де мынадай типтерге бөлінеді: шіру, деформация, жапырақ деформациясы, мумификация, тамырлардың қурауы, ісіктер, өсінділер, галлдар, дақтанулар, некроздар, жарақтар, т.б.

Аурудың залалдығы – ауру нәтижесіндегі өсімдіктің сапалық жағдайы - өнімнің аздығы, тұқым мөлшерінің төмендеуі, олардың сапасының төмендеуі.

Ауру типі – ауру өсімдікте болатын анатомиялық және физиологиялық ауытқулар кшені. Ең көп тараған типтері: шіріктер, ісіктер, қурау, жапырақ теңбілдігі, жаралар, деформация, мыстан сыпырытқылары, дақтар, қастауыш, ақұнтақ, т.б.

Ауруды жазу – ауруды барлық дамуы бойына зерттеу. Маршруттық зерттеулер стационарлы бөліктерде 10 күн сайн, вегетация кезінде 3 рет өткізіледі, мұнда зерттеу аурудың таралуы, өсімдіктердің зақымдалу деңгейі, аурудың индексі мен дамуы сияқты сұрақтарды қамтиды.

Аурудың дамуы немесе индекс пайызбен беріледі және R=Σ(а*б)*100/NK формуласы бойынша есептеледі, мұндағы Σ(аб) – ауру өсімдіктер санының (а) зақымдау баллына (б) қатынасының суммасы; N – қаралған сау және ауру өсімдіктердің жалпы саны; K – шкаланың ең жоғарғы баллы. Ауру индексі зақымдалудың орташа белсенділігін көрсетеді.



Аурудың таралуы – белгілі аудандағы зерттелген бөліктегі қаралған өсімдіктердің жалпы санынан ауру өсімдіктер саны, пайызбен беріледі және Р=п*100/N% формуласымен есептеледі, мұндағы N – қаралған өсімдіктердің жалпы саны, п – ауру өсімдіктер саны.

Өсімдіктердің зақымдалу деңгейі – аурудың сапалық көрсеткіші.

Төрт баллдық шкала бойынша 1,2,3,4 баллдарымен, және пайызбен – 0, 10, 11-25, 26-50, 50-ден аса, есептеледі.

Өнім шығыны мен жетіспеушілігін пайызбен белгілеп, келесі формула бойынша есептейді - G=(A*a)*100/A, мұнда А – сау өсімдіктер өнімі, а – ауру өсімдіктер өнімі.



Аутохория (гр.autos - өзі, choreo – қозғаламын, тараламын) – кейбір саңырауқұлақтардың спораларын өздігінен, активті таратуы. Мысалы, мукорлы саңырауқұлақтардың (т.Pilobulus) спорангийі 1-2 м қашықтыққа дейін атылады, ал төменгі саңырауқұлақтарда – жіпшелі споралар арқылы.

Афиллофорлы саңырауқұлақтар (қат. Aphyllophorales, кл. Basidiomycetes) – сырт бейнесі мен құрылымы бойынша қатты түрленетін, холобазидийлер мен жеміс денелерінің (базидиома) болуымен (субстрат бойынша жайылған нәзік, өрмекті қатпардан, жақсы жетілген, қақпақты немесе тұяқ тәрізді құрылымға дейін; жоғары ұйымдасқан түрлерде цилиндрлік) анықталады. Гименофордың құрылымы түрліше – тегіс, жылтыр, трубкалы, тікенектер пішінді. Негізінде бұл саңырауқұлақтар – сапротротар, өлі немесе өңделген ағашта, кейде топырақта тіршілік етеді. Шөптесін өсімдіктерді, ағаш түрлерінің тамыры мен діңін зақымдайтын паразиттер де бар; микоризатүзушілер; көп түрлердің құрамында биологиялық активті заттар болады; сондай-ақ жеуге жарамды саңырауқұлақтар. Осыған үй ішілік, өңделген және дайын ағашты зақымдайтын және трутты саңырауқұлақтар да жатады. Тән түрлер – гиднум (Hydnum), телефора (Thelephora), кониофора (Coniophora), серпула (Serpula), фомес (Fomes), кортиций (Corticium), клавария (Clavaria), т.б.

Әлемде 1000-ға жуық түр белгілі. Қазақстанда 260 түр анықталған.



Афлотоксикоз (лат. toxicon – у, osis – ауру) – Aspergillus т. өнімі болып табылатын афлотоксиндер тудыратын микотоксикоз.

Афлотоксиндер – аспергиллдердің кейбір түрлері (A. flavus, A.parasi-tius) өндіретін қатты улардың комплексі ретіндегі микотоксин. Тамаққа көгерген өнімдерді қолданудан болатын уланудан басқа, афлотоксиндер гепатомалар, бауырдың қатерлі ісіктерін, кейбір мүшелердің некрозын, бүйрек зақымдануын тудыруы мүмкін.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет