Микробиология кафедрасы



жүктеу 83.39 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі83.39 Kb.
түріСабақ
Ф КГМУ 4/3-04/03

ИП №6 от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Тақырыбы: Әртүрлі бактериялық дақылдардың сұйық және тығыз қоректік орталарда өсу сипаттамасын оқу. Аэробты микробтардың таза дақылын бөліп алу (зерттеудің 2-ші күні) және анаэробтар.

Мikb 2215 – Микробиология


5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы
II курс

Құрастырғандар _______________________

Қарағанды 2014 ж.

Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді


29.08. 2014 ж. № 1 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент ________________ Ахметова С.Б.

Тақырыбы: Әртүрлі бактериялық дақылдардың сұйық және тығыз қоректік орталарда өсу сипаттамасын оқу. Аэробты микробтардың таза дақылын бөліп алу (зерттеудің 2-ші күні) және анаэробтар.

Мақсаты:Аэробты және анаэробты жағдайда бактерияларды дақылдандыру принциптерін және микроорганизмдердің тыныс алуы мен қоректенуін үйрету.
Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

Бактерия клеткасының химиялық құрамы, микроорганизмдерге қоректік заттардың қажеттілігі және осыған байланысты қажетті қоректік ортаны таңдау.

зерттелетін материалды алу және егу әдістері.

облигатты анаэробовтарды дақылдандыру ерекшеліктері.

Студент істей алуға тиіс:

Аэробты және факультативті-анаэробты бактериядан таза дақыл алу, КОЕ-ні анықтау, дақылдың тазалығын тексеру.

таза дақыл бөліп алу үшін жекеленген күдікті колонияның тазалығын тексеру үшін шабылған агарға қайтадан егу.

Таза дақылдың құрамын жазу ( колония формалары, көлемі, тығыздығы, түсі, шеткі түрі, беткі көріністері).
Сабаққа дайындалу сұрақтары:

Бактериальді торшаның химиялық құрылысы. Бактериялардың қалыпты өмір сүруіндегі макро- және микроэлементтердің маңызы. Тағамдық қажеттілігі.

Бактериялардың қоректенуі бойынша жіктелуі энергия көзіне, сутегі, көміртегі және азотқа байланысты.

Қоректік орталардың жіктелуі.Қоректік орталарға қойылатын талаптар.Қарапайым, элективті, дифференциальды-диагностикалық қоректік орталар,тағайындалуы, мысалы.

Таза дақыл, колония, штамм, клон туралы түсінік. Аэробты таза дақыл бөліп алу. Егу техникасы.

Аэробты және анаэробты жағдайларда электрондардың тасымалдануы. Бактериялардың тыныс алу типі оттегіні қолдануына байланысты жіктеледі.

Бактериялардың энергетикалық метаболизмі (ашыту, тотықсыздану, автотрофтны). Бактериялардың ашу типі бойынша жіктелуі.Тәжірибеде тағамдарды ашытып көру.

Бактериальды клеткалардың өсуі: аминқышқылдарының биосинтезі, нуклеотидтер, макромоле­кула, пептидогликан және т.б.

Микроб популяциясының өсуі.Ұзақ уақыт және тоқтаусыз дақылдық өсу қисығы. Турбидостат және хемостат туралы түсінік.

Бактерияларды дақылдандыру әдістері (стационарлы, аэрацияда терең өсіру, қоректік ортаны қолдану арқылы).

Бактериальды клеткалардың көбею әдістері. Актиномицеттердің және микроскопиялық саңырауқұлақтардың спора түзу ерекшеліктері.
Оқыту және үйрету әдістері: Анаэробтарды дақылдандыру үшін анаэростат, эксикаторлар демонстрациясы.Шағын топтарда таза дақылды бөліп алу үшін жекеленген колонияларды шабылған агарға егу,препаратты бояу және микроскопиялау.Жағдайлық есептерді шешу.
Әдебиеттер

Борисов Л.Б. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология.- М.: МИА, 2001.- 734 с.

Коротяев А.И, Бабичев С.Л. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология. - СПб.: Спец. лит, 2000.- 591 с.

Медицинская микробиология /Гл.ред В.И. Покровский, O.K. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001, 2006. — 1200 с.

Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

Компьютерная программа "Диаморф" - "Медицинская микробиология" - атлас-руководство по бактериологии микологии, протозоологии и вирусологии под редакцией акад.проф.Воробьева А.А.


Бақылау

Тест тапсырмалары:

1. Бактерия метобализмі неден құралады:

а) энергетикалық және транскрипция.

в) конструктивті және трансляция

с) энергетикалық және коструктивті.

д) транскрипция және трансляция.

е) репликация және трансдукци.

2. Бактерияның ферментативті активтілігін зерттеу үшін:

а) Гисса ортасы.

в) ЕПБ.

д) қышқылды агар.

е) қанды агар.

3. Қанды агар дайындау үшін міндетті түрде:

а) қан сарысуы.

в) қан.


с) глюкоза.

д) пептон.

е) қан плазмасы.

4. Сұйық қоректік ортаға жатады:

а) ЕПА.

в) Эндо ортасы.



с) Қанды агар.

д) ЕПБ.


е) Сарыуызды тұзды агар.

5. Бактериялардың тыныс алу түрі:

а) аэробты және анаэробты.

в) химиялық және физикалық.

с) химиялық және биологиялық.

д) тотығу және қалпына келу.

е) физикалық және биологиялық.

6. Факультативті анаэробтар өседі :

а) аз мөлшердегі көмірқышқыл газы қатысында

в) тек оттекті ортада

с) оттексіз ортада

д) инертті газдар қатысында

е) оттекті де оттексіз де ортада

7.Таза дақыл бұл:

а) бір түрге жататын микроорганизмдер жиынтығы

в) әртүрге жататын микроорганизмдер жиынтығы

с) бір туыстық микроорганизмдер жиынтығы

д) әртүрлі туыстық микроорганизмдер жиынтығы

е) грам теріс микроорганизмдер жиынтығы

8. Термостат қолданылады:

а) микроорганизмдерді өсіру үшін

в) лабораториялық ыдыстарды залалсыздандыру үшін

с) хирургиялық аспаптарды залалсыздандыру үшін

д) вакцина алу үшін

е) бактериялардың спора түзуін реттеуге

9.Бактериялардың көбеюі жүзеге асады:

а) ұзынынан бөліну

в) көлденеңінен бөліну

с) бүршіктенумен

д) зкзоспорамен

е) фильтрлеуші түр түзумен

10.Анаэробтарды дақылдандыру үшін қоректік орта:

а) ЕПА

в) ЕПС


с) Гисса ортасы

д) сілтілі агар

е) Китта-Тароцци ортасы

11. Бактериялардың дақылдық қасиеті, бұл:

а) қоректік орталарда өсу мінездемесі

в) боялуға қабілетті

с) биохимиялық активтілігі

д) антигендік құрамы

е) бактериальды клеткалардың пішіні

12.Анаэробы:

а) орталарда өседі, құрамында редуцирленген заттары бар

в) қарапайым қоректік ортада өседі

с) грам теріс

д) бос оттегіні жоюды талап етеді

е) өсуге СО2 қажет

13. Бактериологиялық әдісті зерттеу бұл:

а) таза дақылды бөліп алу

в) жұғын дайындау

с) жануарларды жұқтыру

д) вакцина дайындау

е) иммунитеттің деңгейін анықтау

14. Колония бұл:

а) патологиялық материалда микроорганизмдердің болуы

в) микроорганизмдердің патогенді факторлары

с) бактериялық торшалардың көлемінің ұлғаюы

д) спора түзуші

е) тығыз қоректік ортада бір микроб клеткасының популяциясы

15. Патогенді бактериялардың өсуіне оптимальді температура:

а) 370

в) 200

с) 520

д) 00

е) 460

16. Негізгі орталарды таңдаңыз:

а) Эндо және Гисса

в) ЕПА және ЕПС

с) Рапоппорт және глицеринді қоспа

д) Плоскирев және сілтілі агар

е) қанды және сарысу агары

17.Универсальды (әмбебап) ортаалрды таңдаңыз:

а) Эндо және Гисса

в) ЕПА және ЕПС

с) Рапоппорт және глицеринді қоспа

д) Плоскирев және сілтілі агар

е) қанды және сарысу агары

18.Консервілейтін орталарды таңдаңыз:

а) Эндо және Гисса

в) ЕПА және қанды агар

с) Рапоппорт және глицеринді қоспа

д) Плоскирев және сілтілі агар

е) Ру және сарысулы агар

19.Қандай орталар бір микроорганизмдерді ғана өсіріп алуға мүмкіндік береді, яғни бірмезетте басқаларының өсуін тежей отырып:

а) негізгі

в) дифференциальды-диагностикалық

с) элективті

д) универсальды

е) арнайы

20.Қандай орталар микроорганизмдердің туысішілік идентификациясын жүргізуге мүмкіндік береді:

а) негізгі

в) дифференциальды-диагностикалық

с) элективті

д) универсальды

е) арнайы
Жағдайлық есептер

1. Сарыуызды тұзды агарда сары түстес колониялар өскен, шеттері бұлыңғыр.Сіздің тұжырымыңыз.Бөлінген дақылдың идентификациясы үшін қандай зерттеулер жүргізуге болады.



2. Зертханаға жедел ішек инфекциясымен ауырған науқастың клиникалық материалы келіп түсті. Тез арада қоздырғыштың таза дақылын алу керек.Қандай қоректік ортаныаласыз және клиникалық материалды қоректік ортаға егу үшін қандай әдістерді қолданасыз?
: Obshaya%20medicina -> 2%20kurs -> Microbiology -> kaz -> Met.rekom
2%20kurs -> Форменные элементы крови
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
2%20kurs -> Қмму ф 4/3-04/03 2007ж. 14 маусымдағы №6 нх
Met.rekom -> Микробиология кафедрасы оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы
kaz -> Ф кгму 4/3-04/03 ип №6 от 14 июня 2007 г. ҚАрағанды мемлекеттік медицина академиясы микробиология кафедрасы дәріс тақырыбы: «Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапияның негізі»
Met.rekom -> Студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқаулары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет