Микроорганизмдер биотехнологиясы, биохимия, экологилық биотехнология, микробиология және вирусология, өсімдік биотехнология, жануарлар биотехнология, биотехнологиялық өндірістің негіздері, медициналық жəне ветеринарлық биотехнология



жүктеу 305.55 Kb.
Дата26.04.2016
өлшемі305.55 Kb.


ф. 7.22-17

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті


Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі
Биотехнология кафедрасы


«Бекітемін»

ҒЖ және ХБ жөніндегі

проректоры

____________ Бахов Ж.К.

«___»_________20___г.

6М070100– биотехнология


мамандығы бойынша

магистратураға түсуге арналған емтихан

бағдарламасы

Шымкент 2011 ж.

050701 – Биотехнология мамандығы бойынша типтік бағдарлмаға негізделе жасалған магистратураға түсуге арналған емтиханның бағдарламасы (микроорганизмдер биотехнологиясы, биохимия, экологилық биотехнология, микробиология және вирусология, өсімдік биотехнология, жануарлар биотехнология, биотехнологиялық өндірістің негіздері, медициналық жəне ветеринарлық биотехнология, тағам биотехнологиясы)

Бағдарламаны құрастырған:

Т.ғ.к., аға оқытушы Надирова Ж.К.

Оқуға түсу емтихан бағдарламасы «Биотехнология» кафедра мәжілісінде талқыланды

Хаттама № 12 « 15 » 02 2011 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________ доцент Сапарбекова А.А.
Оқуға түсу емтихан бағдарламасы «Агроөнеркәсіп» факультетінің әдістемелік комиссия мүшелерімен келісілген

Хаттама № 7 _ «25» 02 2011 ж.


«Агроөнеркәсіп» факультетінің

оқу әдістемелік комиссия төрайымы__________________Сұлтанбекова П.С.


Оқуға түсу емтихан бағдарламасы жоғары оқу орнынан кейінгі дайындау орталығымен келісілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

беру орталығының бастығы ________________________Изтаев Ж.Д.


Кіріспе
Қазіргі кездегі жағдайлардағы ЖОО негізгі міндеттері жан-жақты дамыған, өзінің білімін үздіксіз толықтырып және тереңдетуге қабілетті, сондай-ақ идеялық, теориялық және кәсіби деңгейін жоғарлататын, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды жүруіне қатысатын мамандарды дайындау болып табылады.

Биотехнология - экономикалық маңызды өнімдерді алуға, өсімдіктердің, жануарлар тектерінің, микроағзалар штаммдарының жаңа сорттарын жасау үшін биологиялық процестерді және жүйелерді қолдануға негізделген, ғылым мен өндірістің жаңа саласы. Биотехнология адам тыныс тіршілігінің әртүрлі саласы үшін маңызды өнімдер алуды басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар жасушалары мен ұлпаларын, сондай-ақ жасушадан тыс заттарды және жасушалар компоненттерінің әртүрлі биологиялық агенттер мен жүйелерінің каталитикалық потенциалын қолдануға негізделеді. Қазіргі уақытта биотехнологияны меңгеру және жасау іс-жүзінде барлық елдердің тыныс тіршілігінде сүруінде маңызды орында тұрады. Биотехнология жетістіктерінің артықшылығы дамыған елдердің экономикалық саясатында негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта биотехнология саласында алдыңғы орындарды АҚШ, Жапония иемденеді, олардың ауылшаруашылығы, фармацевтика, тағам және химия өнеркәсіптерінде биотехнологияның көп жылдық іс-тәжірибелері жинақталған. Ферментті препараттар, аминқышқылдар, ақуыздар, дәрі-дәрмектер өнідірісінде алдыңғы орындарды Батыс Европа елдері (ФРГ, Франция, Ұлыбритания), сондай-ақ Ресей иемденеді. Бұл елдердегі жағдай жаңа техника мен технологиялардың күшті потенциалымен, биотехнологияның әртүрлі салаларындағы қарқынды дамыған фундаменталды және қолданбалы зерттеулермен сипатталады. Жақын арада биотехнологиялық материалдарды және принциптерді қолдану, өнеркәсіптің көптеген салаларын және адамдар қоғамын түбегейлі өзгертеді.

Қазіргі кезде биотехнологиялық жолмен көп мөлшерде, бірақ аз шығынмен, азықтық ақуыз, бактерия, саңырауқұлақтар мен су балдырларының жасушалық массасы алынады, сондай-ақ инсулин, өсу гармоны, интерферон, қан сары суының факторы, моноклональды интиденелер, иммобилизденген ферменттер және басқалар дайындалады.

Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірісінің қалдықтарын биоконверсиялау жолмен бағалы қайта пайда болатын отын көздері спирттер, биогенді көмірсутегілер, сутегі алынады. Қазіргі кездегі зерттеулер қалдықсыз технологияларды жасау және полимерлерді бұзуға негізделген жаңа белсенді микроағзалар табуға бағытталаған. Көрсетілген мысалдармен биотехнологияның жетістіктері шектелмейді. Сондықтан, сеніммен биотехнологияны -21 ғасыр ғылымы деп айтуға болады, онда қазіргі заманғы ғылыми сыйымдылықтар, ресурстарды үнемдеуші және экологиялық таза өндірістер жасау негізінде биотехнологиялық процестер кездеседі.



  1. Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері


1.1 Микроорганизмдер биотехнологиясы
Биотехнология – ғылыми пəн ретінде. Биотехнологияның даму тарихы, мақсаты, міндеті. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Даму перспективасы. Өндірістік микроорганизмдер штамдарын жасаудың жаңа заманғы əдістері жəне олардың пайдалы қасиеттерін сақтау мəселелері. «Популяциялық төзімділік» жəне «автоселекция» түсініктері. Микроорганизмдер штамдарын сақтаудың негізгі əдістері. Биотехнологиялық процесстер: жүзеге асыру принциптері, жүйелеу, сатылары. Биоөнеркəсіпте қолданылатын шикізаттар. Микроорганизмдерді дақылаудағы қоректік орталар құрамын жасақтау. Микроорганизмдерді дақылдау. Егу материалдарын алу. Беттік жəне түптік (агарлы қоректік ортасы бар Петри табақшасы түбінде) дақылдау. Микроорганизмдерді дақылаудағы үздіксіз жəне үздікті процестер, олардың артылықшылығы мен кемшіліктері. Өндірістік штамдардың өсуіне дақылдау жағдайы мен метаболиттер синтезінің əсері. Микробты биомасса алуға негізделген биотехнологиялық процестер Микробты белок өндірісі. Органикалық қышқалдар мен нейтральды (бейтарап) өнімдер алу. Органикалық қышқылдар алу. Сүт қышқылын алу. Спирттік ашу. Ацетоно – бутилді ашу. Микробиологиялық синтез өнімдерін алу: аминқышқылдары, ферменттер, витаминдер, полисахаридтер, липидтер. Витаминдер жəне ферменттер өндіру.

Липидтер мен полисахаридтер алу. Дəрілік жəне профилактикалық препараттардың биотехнолгиялық өндірісі. Антибиотиктер өндірісі. Вакциналар алу. Металл биотехнологиясы. Қоршаған орта биотехнологиясы. Тағам өнімдері мен сусындарының микробиологиялық өндірісі


1.2 Биохимия
Биохимияның даму тарихи, мақсаты, міндеті басқа биологиялық ғылымдарымен байланысы. Биохимиялық зерттеулерінің объектері. Статикалық жəне динамикалық биохимия. Қазіргі замаңғы биохимияның жалпы проблемалары. Көмірсулардың топтастыруымен атаулары. Белок молекуласының құрамы. Аминқышқылдар, олардың құрылымы. Нуклеин қышқылдары, химиялық құрамы. Белок биосинтезі, негізгі кезеңдері. Белок биосинтезіндегі ДНҚ жəне РНҚ қызметі. Рибосома, құрылымы, клеткадағы қызметі. Генетиқалық код. Геном, ген, кодон. Транскрипция, трансляция. Белоктық инженерияның негізгі принциптері. Липидтер. Липидтердің жалпы қасиеттері. Стероидтардың негізгі өкілдері: холестерин, өт қышқылдары, олардың құрылымдары, қасиеттері, организмдегі қызметі. Витаминдер, құрылысы, қасиеттері, клеткадағы биологиялық қызметі. Зат алмасу, жалпы зандылығы. Анаболизм мен катаболизм, олардың өзара байланысы. Гликолиз. Лимон қышқылының циклы, оның биологиялық мағынасы, аминқышқылдардың биосинтезімен байланысы. Тотыға фосфорлану. Метаболизм процестерін реттеу жалпы принциптері. Зат алмасуының биохимиялық жұйелерінің өзара байланысы. Клетканың биоэнергетикасы. Митохондриялар мен хлоропластар, олардың құрылымы, қызметтері. АТФ, клеткадағы қызметі. Биологиялық тотығу.
1.3 Экологилық биотехнология
Экологиялық биотехнологияның пəні жəне міндеттері, оның қазіргі қоғамдағы маңызы. Биогеохимиялық циклдер. Микроорганизмдердің зат алмасудағы ролі, көміртегінің, оттегінің, азоттың жəне күкірт айналымының жүйелері. Табиғи экожүйелер – топырақ жəне су қоймаларындағы микроорганизмдердің өзара байланысы. Микроорганизмдер мен өсімдіктер арасындағы түраралық қатынастар жəне əсерлесулер. Ағын сулардың негізгі сипаттамасы. Тұрмыстық жəне өндірістік ағын суларды қайта өндеудің интенсивті əдістерін жетілдірудің биотехнологиялық жолдары. Түрлі микробтық консорциумдарды кеңістіктік бөлу əдісімен тазалау процесін интенсификациялау, бұл əдістің артықшылықтары мен кемшіліктері. қышқылдануы қиын, жоғары токсинді жəне ароматикалық заттарды утилизациялау үшін рекомбинантты штаммдарды қолдану. Ағын суларды тазартудың аэробты жəне анаэробты процестері, олардың сипаттамасы. Тұрмыстық жəне өндірістік ағын суларды анаэробтық əдіспен тазарту. Металлургиялық кəсіпорынның ағын суларын тазартуда жəне олардан металдар алуда активті лай микроорганизмдерін пайдалану. Қышқылдану процестері / металдардың қалпына келуі немесе олардың гетеротрофты микроорганизмдерде тұнуы. Өндірістік ағын суларды Pseudomonas putіda пластмассаға немесе ағаш жаңқаларына иммобилизацияланған клеткаларының көмегімен мышьяктан тазарту. Түрлі өндірістердегі өнеркəсіптік қалдықтарды биологиялық қайта өндеу. Генді инженерия əдістерімен алынған микроорганизмдерді жəне микробтық синтездің кейбір өнімдерін пайдаланудың қауіпсіздік мəселелері. Болжамдық экология – сыртқы ортада трансформацияланған организмдердің болашақтағы тəртібін жан-жақты бағалауды мақсат еткен ғылым. Экологиялық мəселелерді шешу үшін қолданылатын жаңа биотехнологиялар. Экологиялық биотехнологияның болашақ жорамасы.
1.4 Микробиология және вирусология
Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимия пəні. Оның басөқа ғылымдар арасындағы орны, микроб физиололгиясы мен биохимиясының міндеттері. Методологиялық негіздері. Даму сатылары. Микроб жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар. Микроорганизмдер физиологиясы мен биохимиясының биотехнологиямен байланысы. Микроорганизмдерді бөліп алу жəне өсіру. Жинақтаушы дақылдары мен элективті принциптер. Микроорганизмдердің таза дақылдары, оларды анықтаудың жəне алудың əдістемелері. Штамм, клон туралы түсінік. Моно – жəне араласқан дақылдар. Өсіру үшін пайдаланатын орталардың негізгі түрлері. Қоректік орталарды жасау принциптері. Табиғи жəне синтетикалық орталар. Аэробты жəне анаэробты жəне фототүзуші микроорганизмдерді өсіру. Үстіңгі бетінде жəне тереңде өсіру. Мерзімдік жəне үздіксіз өсіру. Үздіксіз өсіруге арналған аппараттар (хемостат пен турбидостат). Өнеркəсіптегі микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу үшін үздіксіз өсірудің əдістемесінің мəні. Микроорганизмдердің өсуі. Теңгермелі жəне теңгермесіз (басталған жəне баслалмаған) өсу. Микроорганизмдер дақылдарының өсуін анықтау тəсілдері. Мерзімді өсірілетін дақылдар популяциясының өсу заңдылықтары. Оларды өсу қисық сызығы жəне фазаларының ерекшеліктері. Өсу жылдамдығын, генерация мезгілін, жасуша өнімін анықтау. Диауксия. Жасушалардың өсу шектелуінің жəне өсу шектелуін жəне өлуінің себептері. Үздіксіз дақыл микроорганизмдердің өсуі, өсудің математикалық көрсеткіші. Синхронды өсетін дақылдар, оларды алудың тəсілдері жəне маңызы. Микроорганизмдердің өсуін бақылау. Ортаның түрлі факторларына микроорганизмдердің қатынасы. Өсуіне температураның əсері. Психрофилдер, мезофилдер, термофилдер, олардың ерекшеліктері жəне температураға əртүрлі қатынасы болуының себептері.

1.5 Өсімдік биотехнологиясы
Биотехнология – биологияның екпінді өркендеп келе жатқан саласы. Биотехнологияда биологияның жəне басқа ғылымдардың көптеген салаларының бірлесуі. Биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнологияның объектілері мен əдістері. Биотехнология процестерінің əр алуандығы. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Өсімдік биотехнологиясы жəне оның өзгешелігі. Биотехнологияның даму болашағы. Клеткалар мен ұлпаларды жасанды ортада өсіру əдісінің даму тарихы. Əдістің терминдері. Іn vіtro жағдайында өсірілетін өсімдік клеткаларынын ерекшеліктері жəне соның арқасында олардың биотехнологияға негізгі объектісі болуы. Өсімдік биотехнологиясының негізгі салалары. Өсімдік клеткаларын іn vіtro жағдайында өсірудін теориялық жəне əдістемелік негіздері. Клеткалардың қоректенуі. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің экономикалық маңызы зор заттарын өндірудің клеткалық технологиялары. Өсімдіктердің қосымша метаболиттері. Өсімдіктерді клондық микрокөбейтудің пайдасы. Клондық микрокөбейтудің əдістері. Қолтық бүршіктердің дамуын индукциялау. Гаплоидтардың селекциядағы маңызы. Тозаңқаптарды іn vіtro өсіріп гаплоидтарды алу. Клеткалық инженерия - өсімдіктердің түбегейлі жаңа фомаларын шығару жолы. Гендік инженерия – рекомбинанттық ДНҚ-ны құрастыру əдісі. Басқа организмге тасымалданатын қажетті генді бөліп алу. Іn vіtro гендер банкін жасау. Өсімдік клеткаларын мұздатып сақтау. Клеткаларды мұздатуға дайындау. Криопротекторлар. Мұздату мен сақтау. Еріту жəне криопротекторлардан тазарту. Клеткаларды қайтадан өсіру жəне оларды талдау.

1.6 Жануарлар биотехнология
Биотехнологияның басқа биологиялық жəне ауылшаруашылық ғылымдарымен байланысы. Даму биологиясының жетістіктерімен жануарлар биотеотехнологиясымен байланысы. Негізгі жаналықтар. Жануарлар биотехнологиясы негізгі объекттері. Лабораториялық жағдайда жануарларды бағып ұстау жəне көбейту. Ғылыми жəне практикалық жануарлар биотехнологиясының мақсаты үшін клеткалық культураларды модельдік жүйелер ретінде қолдану. Даму биология əдістерін қолдануға негізделген жануарлар биотехнологияның жетістіктері. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар. Биоэтикалық сұрақтар. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс. Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері: ДНҚ жəне РНҚ. Малды қолдан ұрықтандырудың негізгі бөлімдері (мысалда лаборатоиялық тышқан). Химер алудың тарихи зерттеулері. Біріншілік жəне екіншілік химиерлігі. Үй жануарларының спонтанды түрдегі химерасы пайда блуы жəне табиғатты (фриматриндер). Медицина саласында радиация əсерінен химера туылуын зерттеу. Жануарларды клондаудың тарихи зерттеулері. Генетикалық трансформация зерттеулерінің даму тарихы. Гендік-инженерлік биотехнологияның негізгі бағыттары. Жануарлар ұлпасынан клетка - суперпродуценттерді алу. Шаруашылыққа бағалы белгілерімен жаңа малдар алу. Тез өсетін трансгендік жануарларды алу. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар. Биоэтикалық сұрақтар. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс.
1.7 Биотехнологиялық өндірістің негіздері
Микроорганизмдердің биотехнологиялық өндіріс объектісі ретіндегі маңызы. Микроб клеткаларындағы зат алмасу жылдамдығы мен ерекшелігі, мысалдар (бөліну уақыты, екіншілік метаболиттерді синтездеу қабілеттілігі, метаболиттік реакциялардың жылдамдылығын реттеу мүмкіншілігі). Биотехнологияда гендік инженерия əдістерімен алынған мутантты жəне гибридті продуценттерді қолдану. Биотехнологиялық өндірістің шикізаттарына жалпы сипаттама. Оларға қойылатын негізгі талаптар мен шектеулер. Микроорганизмдердің біріншілік жəне екіншілік метаболиттері. Сүтқышқылды бактерияларға сипаттама, жəне оларды сүт қышқылын жəне əртүрлі сүт өнімдерін алудағы биотехнологиялық процестерде қолдану. Органикалық жəне аминқышқылдарды, витаминдерді, ферменттерді жəне т.б. заттарды өндіруші микроорганизмдер. Лимон қышқылын алу үшін қажетті субстраттар (меласса, мұнайдың н-алкандары жəне т.б.). Екіншілік метаболиттерді өндіруші – микроорганизмдер. Арзан субстраттарда өсірілген ашытқы биомассасын қолдану негізіндегі азықтық белок өндірісі (меласса, сүт сарысуы, сабан гидролизаттары, н-алкандар жəне т.б.). Микроорганизмдерің өсу көрсеткіштері мен негізгі кезеңдері. Биореактор түрлері. Сатылардың сипаттамалары. Микробиологиялық синтез өнімдерінің түрлері. Тірі микроорганизмдер негізгінде алынған препараттар (бактериялық тыңайтқыштар, ұйытқы жəне т.б.). Инактивацияланған клеткадан жəне олардың өңделген өнімдерінен тұратын препараттар (азықтық ашытқылар, саңырауқұлақ мицелийлері жəне т.б.). Микроорганизм метаболизмінің тазаланған өнімдері негізіндегі препараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер жəне т.б.). Соңғы өнімдерді алу жəне тазалау əдістері. Дайын формаларды дайындау – таблетка, ампула, қораптау жəне т.б.
1.8 Медициналық жəне ветеринарлық биотехнология
Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ əдістерін қолдану (микробиологиялық гендік-инженерлік өндіріс) Гендік инженерияның анықтамасы, гендік инженерия əдістерін пайдалана отырып микроорганизмдер штамдарын жəне биологиялық ырықты қосылыстар. Инсулин. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі: шошқа инсулинін адам инсулиніне айналдыру (жартылай синтездік əдіс); гендік- инженерлік жолмен адам инсулинін алу. Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау: жаңа штамм-продуценттерді іздеу; қазіргі антибиотиктерді химиялық u1084 модификациялау; мутасинтез. Антибиотиктердің аса көп синтезін қамтамасыз ететін жағдайларды бір қалыпқа келтіру. Табиғи антибиотиктерді химиялық трансформациялау – жартылай синтездік препараттар. Пенициллин алудың технологиялық схемасы антибиотиктерді өнеркəсіптік деңгейде өндірудің мысалы ретінде. Антибиотиктердің товарлы түрін алу. Антибиотиктерге резистенттіліктің проблемалары. Адам жəне жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы интерферондар мен интерлейкиндердің дəрілік формаларын даярлау жəне жасау. Таблетка, гранула жəне капсула түріндегі рекомбинантты интерферондардың энтеральды лекформаларын алудың технологиялары. Вирустық ауруларды емдеу үшін қажетті инъекция жасауға арналған, сонымен қатар май жəне суппозитерий түріндегі лекформалар. Ашытқылардың жоғарғы эукариоттардағы түзетін рекомбинанттық цитокиндерінің өнімдері. Иммуногендер мен вакциналардың биотехнологиялары. Гибридомдық технология жəне моноклональды антидене негізінде кең таралған аурулардың диагностикумдарын өндіру. Моноклональды антиденелерді терапевтік мақсатта пайдалану.
1.9 Тағам биотехнология
Пастердің классикалық зерттеулері өндірістік микробиолгияның негізі болатыны туралы. Тағам микробиологиясы өндірістік микробиологияның бір бөлімі. Биологиялық активті заттар жəне препараттарды микробиологиялық жолмен өндіріу, тағам биотехнологиясының негізгі саласы болып табылады. Ашыту өндірістерінде микроорганиздерден практикалық бағалы өнім алуға пайдалану жəне олардың биохимиялық іс əрекеттері. Ашытқы, зең саңырауқұлақтары, жəне бактерияларды тағамдық өндірістерге пайдалану. Ашытқы өндірісі. Спирт өндіру. Сыра ашыту. Ашытқыны сыра ашытуға пайдалану. Технологиялық процестердің мəн мағанасы жəне олардың негізгі сатылары. Сыра Ашу процесінің биохимиялық негіздері. Шарап ашыту. Ашытқыны шарап дайндауға пайдалану. Шарап дайындау процесінің биохимиялық негіздері. Технологиялық процестер мен олардың негізгі сатылары. Наубайхана өндірісі. Технологиялық процестері жəне сатылары. Сүт өнімдерін өңдеу өндірістерінде пайдалантын микроорганизмдер. Технологиялық процестер жəне оның негізгі сатылары. Органикалық қышқылдар. Белок өндіру. Ашытқыдан белок өндіру. Фототрофты микроорганизмдерден белок алу. Витаминдер өндіру. Ферменттер өндіру. Өндіріске пайдаланатын ферменттердің негізгі топтары. Фермент препараттарын өндіруші микроорганизмдер. Микроорганизмдер ферменттерінің ерекшеліктері. Ферменттік препараттар өндіру технологиялық процестерінің негізі. Аминқышқылдар өндіру. Биологиялық активті қоспаларды алу (БАҚ). Қазіргі биотехнологиялық өндірістердің биоқауіпсіздік проблемалары. Қазіргі тағам биотехнологиясы. Тағам қоспаларын пайдалану. Консерванттар, ароматизаторлар, тағам боюлары, тағам қоспалары компененттері. Генетикалық өзгерген өнімдер. Тағам қоспаларының гигиениялық систематикасы. Тағам өнімдерін микробиологиялық жəне санитарлы-гигиениялық бақылау. Жалпы санитарлық бақылау.
Оқуға түсу емтихан сұрақтары
Микроорганизмдер биотехнологиясы
1.Биотехнология ғылыми пән.

2.Биотехнологияның даму тарихы, биотехнологияның мәні мен мақсаты.

3.Биотехнология және негізгі бағыты.Даму перспективасы.

4. Микроорганизмнің өндірістік штамын құрудың және оның бағалы

қасиетін сақтау проблемасының қазіргі заманғы әдісі.

5.«Популяциялық беріктікке» және «автоселекцияға» түсінік.

6.Микроорганизм штамын сақтаудың негізгі әдісі.

7.Биотехнологиялық процестер: жүйелі және сатылап іске асыру принциптері.

8.Биоөндірісте қолданылатын шикізаттар.

9.Микроорганизмді культивирлеу

10.Егіс материалын алу.

11. Беттік және түптік культивирлеу.

12.Микроорганизмді культивирлеудің үздіксіз және периодты

культивирлеу процесі, олардың жетістіктері мен кемшіліктері.

13.Метаболит синтезіне және өндірістік штамның өсуіне культивирлеу

шартының әсері.

14. Микробтық ақуыз өндірісі. Ауыл шаруашылық жануарларының және

адам баласының қоректенуіне арналған ақуыздың мәні.

15.Ақуызды алудың микробиологиялық әдісінің артықшылығы.

16.Ақуыздың микроорганизм-продуценті. Ақуыз заттардың алынатын көзі-

микроорганизмге қойылатын талаптар.

17.Микробтық биомассаны алуға арналған шикізаттар:өсімдіктердің түрінің

шикізаттары, этил және метил спирті, табиғи газ, мұнай көмірсулары.

18. Коммерциялық ақуыз өнім

19. Өсімдікті қорғауға арналған микробиологиялық заттар және бактериялық тыңайтқыштар.

20.Препарат алу технологиясы. Бактериялық тыңайтқышты алу: нитрагин, ризоторфин.

21.Органикалық қышқыл алу. Сірке қышқылын алу. Сірке қышқылды бактерияны культивирлеудің шарты және шикізаты.

22. Беттік және түптік әдіспен сірке қышқылын алу.

23.Амин қышқылының өндірісі. Амин қышқылының мәні және оны қолданудың сфералары.

24.Витамин өндірісі. Микробтық синтез көмегімен алынатын витамин.

25.Ферментті микробиологиялық әдіспен алудың артықшылығы.

26.Микробтық фермент алу (амилазалар, декстиназалар, лактазалар, инвертазалар, пектиназалар, протеиназалар, липазалар және т.б.)

27.Иммобилизденген ферменттер.

28. Микроб тектес полисахаридтер, өндірістік масштабта-декстрин, ксантан өндіріледі.Полисахаридтің микроорганизмнің продуценті, оларды алу және іс жүзінде қолдану


Биохимия
1. Көмірсулардың құрылымы мен қасиеттері

2. Моносахаридтер, олардың туындылары.

3. Глюкозаның көзі және айналу жолдары.

4. Аминқышқылдар, олардың құрылымы, классификациясы.

5. Белок молекуласының құрылысы мен қасиеттері.

6. Белок молекуласының құрылысының деңгейлері

7. Белоктардың топтастыру.

8. Жануарлар, өсімдіктер мен микробтық ферменттер, олардың ерекшелігі.

9. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.

10. Чаргафф заңдылығы. ДНҚ-ның репликация

11. Белок биосинтезі, негізгі кезеңдері.

12. Генетикалық код, қасиеттері.

13. Липидтердің жалпы қасиеттері.

14. Липидтердің биологиялық қызметі.

15. Көрсетілген екі липидтердің қайсысын сұйық майға жатқызасыз: тристеарин және триолеин.

16. Сабынданбайтың липидтер: стероидтер және терпендер.

17. Витаминдер, құрылысы, қасиеттері, биологиялық қызметі.

18. Суда ерийтін витаминдер.

19. Майда ерийтін витаминдер

20. Гормондар туралы жалпы сипаттама, гормондардың топтастыруы.

21. Анаболизм мен катаболизм, олардың өзара байланысы.

22. Гликолиз. Лимон қышқылының циклы, оның биологиялық мағынасы.

23. Тотыға фосфорлану.

24. Митохондриялар мен хлоропластар, олардың құрылымы, қызметтері.

25. Клетканың биоэнергетикасы.

Экологилық биотехнология



  1. Экологиялық биотехнология пәні және мақсаты

  2. Ағынды суларды аэробты тазалау, олардың сипаттамасы

  3. Биофильтірдің жұмыс істеу принциптері және сызба нұсқасы

  4. Аэротенканың жұмыс істеу принциппі және сызба нұсқасы

  5. Активті ил туралы түсінік

  6. Ағын суды тазартудың интенсивті және экстенсивті әдіс

  7. Ағын суды тазартудың анаэробты процесстері, олардың сипаттамасы

  8. Тамақ өндірісінің ағын суын тазартуға арналған қондырғы

  9. Көміртегі, азот, күкірт және оттегінің айналуының сызба нұсқасы

  10. Нитрификация және денитирифика процестерінің маңыздылығы

  11. Септиктенктің жұмыс істеу принципі және сызба нұсқасы

12.Анаэробты биофильтірдің құрлысы

13.Металды бактерияны сілтілеу туралы түсінік

14.Сілтілеуші микроорганизімдер

15.Биоэкстракциялы металлургияны өндірісте қолдану

16.Экологиялық таза энергияны алу үшін микроорганизмдердің мүмкіндіктері

17.Өсімдік шикізатында этанол алу өндірісі

18.Биометаногенез процесі

19.Қалдықтарды анаэробты ашутығап қатысатын микроағзалар

20.Биогазды алу технолгиясы және шикізат түрлері

21.Pseudomonas putida және Pseudomonas dechromaticans жасушаларын өндірістік ағын суларын тазалауда қолдану

22.Денитрификациялаушы бактерияның биомасса нитраты және уран биосорбциясы

23.Қазақстанда пайда болған қалдықтардың проблемасын шешу жолы

24.Қатты және сұйық қалдықтарды биологиялық әдіспен утилизациялау

25.Улы заттарды ыдыратудың микробтық қауымдастықтың әсері

26.Ксенобиотиктің деструктор- штамының эффективтілігін құру

27.Мұнаймен ластанған топырақты тазарту үшін микроорганизм деструкторын қолдану

28.Микроорганизм - деструкторының генетикалық құрастыру

29.Микробтық синтездің кейбір өнімін алуда және ген-инженерлік әдісімен алуда микроорганизмді қолданудың қауіпсіздік проблемалары


Микробиология және вирусология


  1. Курстың мақсаты мен міндеті

  2. Микроағзалар туралы түсінік

  3. Микроағзалардың табиғаттағы ролі

  4. Микробиология өндірісінің әртүрлі салларындағы ролі

  5. Микробиология ғылымының дамуының қысқаша тақырыбы

  6. Микроағзалардың морфологиясы мен систематикасы

  7. Прокариоттар және эукариоттардың бір-бірінен айырмашылығы

  8. Микрорганизмдер метоболизмі

  9. Мироағзалардың өмірсүргіштігін анықтайтын факторлар

  10. Микроағзалардың туқымқуалағыштағы және өзгергіштігі

  11. Сыртқы орта факторларының микрағазаларға әсері

  12. Физика – химиялық факторлар

  13. Химиялық факторлар

  14. Биологиялық факторлар

  15. Спирт ашу процестері, практикалық маңызы

  16. Микроағзалардың табиғатта таралуы

  17. Инфекция және иммунитет туралы оқыту негіздері

  18. Микроағзалар тудыратын өте маңызды биохимиялық процестер

  19. Ферментерді микроағзалар көмегімен алу

  20. Антибиотиктер микроағзалар көмегімен алу

  21. Мутагенез. Микроорганизмдердің спонтандық жəне индукциялық өзгергіштігі

  22. Мутациялар, олардың түрлері, олардың пайда болуының молекулярлық жолдары.

  23. Мутагендік факторлар, олардың əсері.

  24. Физикалық жəне химиялық мутагендер қоздыратын зақымдануларды түзету.

  25. Рекомбинациялар. Прокариоттардың генетикалық рекомбинацияларының түрлері

  26. Плазмидтер, оларды жіктеу жəне олардың биологиялық маңызы, интеграциясы

  27. Эукариот микроорганизмдердің рекомбинациясы

  28. Жыныстық жəне парасексуалдық процестер

  29. Гибридологиялық талдаудың негізі

  30. Микроб жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар


Өсімдік биотехнология
1. Өсімдік биотехнологиясының мақсаттары

2. Өсімдіктер биотехнологиясының даму болашағы мен негізгі бағыттары

3. In vitro – торларының өсуі, даму тарихы

4. Өсімдіктер биотехнологиясының әдістері мен объектілері

5. Қоректік орталардың жалпы сипаты

6. Өсімдік жасушаларын және ұлпаларын культивирлеу

7. Калусогенезге әсер етуші факторлар

8. Суспензиялы ортаның өсу тәсілі.

9. Экономикалық маңызды заттарды өсімдіктен алудың клеткалық

технологиясы.

10. Жасушалар иммобилизациясы және оның артықшылығы

11. Өсімдіктердің клонды микрокөбеюі және оның артықшылықтары

12. Клонды микрокобеюдің кезеңдері

13. Клонды микрокобеюдің әдісі

14. Вирус ауруларынан өсімдіктерді сауықтыру

15. Ауру жұқтырған өсімдіктердің диагностика әдістері

16. Вируссыз егілетін картоп материалын алу

17. Меристем олардың даму индукциясы.

18. Өсімдіктердің клондық микрокөбеюіне әсер ететін факторлар

19. Протопластардың өсу кезеңдері

20. Ұрғашы гаметофидтың өнімінен гаплойдтар алу

21. Клеткалық селекция әдісі

22. Гендік инженерияның дамуы мен мүмкіншілігі

23. Потогендер мен зиянкестерге төзімді өсімдіктердің жасалуы

24. Өздігінен клондану вариабелділігі механизмдері мен табиғаты

25. Өздігінен клондану вариабелділігіне әсер етуші факторлар

26. Соматикалық будандарының селекция әдісі

27. Клеткалардың криосақталу әдістері мен мінездемелер

28. Криосақталудың клеткалық культивациясы және оның бағасы

29. Гербицидтерге қарсы тұратын өсімдіктердің жасалуы

30.Іn vіtro гендер банкін жасау.

31.Өсімдік клеткаларын мұздатып сақтау.

32. Өсімдіктердің қолайсыз жағдайларға төзімділігін зерттеу


  1. Криопротекторлар. Мұздату мен сақтау. Еріту жəне криопротекторлардан тазарту.


Жануарлар биотехнология


  1. Жануарлар биотехнологиясы пәні және оның әдістері. Пәннің негізгі бағыттары мен міндеттері

  2. Аналық жануарлардың жыныс жүйесінің физиологиясы мен морфогенезі

  3. Оогенез, фоликуллогенез

  4. Овуляция және сары денешіктің түзілуі

  5. Аналықтарды шағылысқа дайындау және іріктеу. Ұрықтану

  6. Имплотация алдындағы ұрықтың дамуы

  7. Суперовуляция. Суперовуляциялаушы препараттар

  8. Куйлеу синхрондығы

  9. Сиыр мен қойдың күйлеу циклы. Донорларды ұрықтандыру. Сары денешіктің пайда болуы

  10. Жыныс гармондары: андрогендер мен эстрогендер

  11. Донор, эмбрион, рецепиент арасындағы өзара байланыс

  12. Ірі ауылшаруашылық жануарларының имплонтация алды эмбриондарының трансплонтациясы

  13. Эмбрионның даму сатылары және трансплонттарды орналастыру аймағы

  14. Культура орталары. Ооциттердің культиверленуі және ұрықтануы

  15. Эмбриондарды жуып алу әдістері. Жынысты анықтау

  16. Х және У сперматазоитарды айыру

  17. Эмбриондарды бағалау

  18. Донор, эмбрион, рецепиент байланысы

  19. Эмбриондардың морфологиясы және оны орналастыру аймағы

20.Орта размерлі ауылшаруашылық және лабораториялық жануарлардың имплонтация алды эмбриондарының трансплонтациясы

  1. Спермалардың негізі параметрлері: қозғалу дәрежесі, қоюлығы және оның сапасын бағалау

  2. Эмбрионның төмен температуралық консервациялаудың теориялық аспекттері

  3. Эмбрионды қатырғандағы даму сатылары

  4. Гамета мен эмбриондарды криоконсервациялау жоғалып бара жатқан мал тұқымын сақтаудың тиімді жолы

  5. Криопротекторлар. Криотехника

  6. Ооциттер мен эмбриондарды қатыру

  7. Витрификация

  8. Монозиготалы және клондалған жануарлар

  9. Химерлі жануарлар

  10. Шаруашылыққа бағалы белгілерімен жаңа малдар алу.

  11. Тез өсетін трансгендік жануарларды алу.

  12. Жануарлар биотехнологиясында қолданылатын əдістер жəне қолданалатын деңгейдегі құрылымдар.

  13. Биотехнология саласындағы зерттеулеуге бақылау жəне биотехнологиялық патенттелген өнертабыс.


Биотехнологиялық өндірістің негіздері

1. Биотехнологияның ғылыми жетістігінің орны. Биотехнология өндірісінің болашағы.

2. Биотехнология өндірісінің аумағы ретінде микроорганизмнің мәні.

3. Микроорганизмнің зат алмасу жылдамдығы және жылдамдығы және ерекшеліктері.

5. Биотехнологиялық өндірістің жалпы сипаттамасы.Оның негізгі талаптары және шектелулері.

6.Микроорганизмнің біріншілік және екіншілік метаболиттері.

7. Микроорганизмнің негізгі сатылары және өсу көрсеткіші, микроорганизмнің өсу қисығы.

8. Микробиологиялық синтез өнімдерінң түрлеті(ферменттер, горомондар, антибиотиктер және т.б.).

9. Биотехнологияның ғылыми жетістіктерінің орындалатын орны.

10. Микроорганизмдегі катаболизм және анаболизмнің әртүрлі процестері

11. Микробтық клетканың метаболиттік мүмкіндігі

12. Крахмал құрайтын субстрат негізінде спирт алуда қолданылатын сахаромицет – ашытқысына сипаттама.

13. Сүт қышқылына және лактоашытатын ашытқысына сипаттама, оларды биотехнология өндірісінде қолдану

14.Арзан субстратта (меласса, сүттің сары суы , н-алкандар және т.б.).өсірілген ашытқы биомассасы қолдану негізінде азықтық ақуыз алу өндірісі.

15. Микроорганизмдерді культивирлеуге арналған биореакторлардың түрлеріі

16. Периодты және үздіксіз культивирлеу (хемостат, турбидостат, оксистат).

17 Тапсырылған қасиеттерімен микроорганизмдердің мутантты клеткасын алудағы генно-инженерлік әдістер

18. Биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін бөліп алу және тазалау әдістері.

19.Биопрепараттар алуға арналған әртүрлі микроорганизмдерге сипаттама.

20. Мутантты және гибридті продуцентті биотехнологияға қолдану.

21. Биоөндіріс түріне қарай микроорганизмдердің әртүрлі штаммдарын қолдану

22. Биотехнологиялық өндірістің өңдеу сатылары: лабораторялық регламент, тәжірибелік- өндірістік тәжірибе, өнеркәсіптік өндіріс, масштабтау.

23. Тіршілік етуге қабілетті микроорганизмдерді құрайтын, препараттар; инактивтелген клетка және микроорганизмдердің метаболизм өнімі негізінде оларды өңдеу.

24. Микробиологиялық синтездің соңғы өнімін жоғары тазарту әдісі – жұқа қабаты хроматография, электрофорез және т.б.

25. Биопрепараттың дайын өнімін дайындау – таблеткілеу, ампулалау, буып түю және т.б.
Медициналық және ветеринарлық биотехнология
1. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ əдістерін қолдану

2. Медициналық жəне ветеринарарлық биотехнологияның даму кезеңдері

3.Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ

əдістерін қолдану

4. Гендік инженерияның əдістерін қолдану

5. Инсулин

6. Денсаулықты сақтау мақсатында қолданылатын инсулинді алу әдістері

7. Антибиотиктер

8. Табиғи антибиотиктерді химиялық трансформациялау –

жартылай синтездік препараттар

9. Тауарлы антибиотиктерді өндірісте алу

10. Адам жəне жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы интерферонның

дəрілік формаларын жасау жолдары

11. Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияның

объектілері

12. Медициналық биотехнологияның функцианалды іргелі ғылыми зерттеулері

13. Жұқпалы ауруларды қоздыратын микробтарды генотиптеу жүйесі

14. Үй жануарларының арасында таралған аурулардың профилактикасы

15. Өнімнің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында вирустық

вакциналарды иммундық тексеру

16. Табиғи аналогтарын анықтау үшін рекомбинантты антигендерге қарсы моноклональды антиденелерді пайдалану

17. Иммунологияның негізгі қағидалары. Иммунобиотехнология

18. Моноклональды антиденелерді қолдану салалары – медициналық жəне ветеринарлық диагностикасы

19. Антиденелердің құрылысы мен қызметі

20. Биотехнология жетістіктерін ветеринарлық медицинада қолдану салалары

21. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі

22. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау

23. Антибиотиктердің аса көп синтезін қамтамасыз ететін жағдайларды бір қалыпқа келтіру

24. Табиғи антибиотиктерді химиялық трансформациялау – жартылай синтездік препараттар

25. Адам жəне жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы интерферондар мен интерлейкиндердің дəрілік формаларын даярлау жəне жасау

26. Гибридомдық технология жəне моноклональды антидене негізінде кең таралған аурулардың диагностикумдарын өндіру.

27. Моноклональды антиденелерді терапевтік мақсатта пайдалану.

28. Ашытқылардың жоғарғы эукариоттардағы түзетін рекомбинанттық цитокиндерінің өнімдері.
Тағам биотехнология
1. Тағам компоненттерінің адам ағзасындағы негізгі қызметтері

2. Тағам құрамындағы май, көмірсу және витаминдердің адам азғасындағы ролі

3. Алмастырылатын, жартылай алмастырылатын және алмастырылмайтын

аминқышқылдар

4. Физикалық факторлардың микроорганизмдердің тіршілігіне әсері

5. Сүтті ашыту жолымен алынатын тағам өнімдері

6. Сыр (ірімшік) өндіру технологиясы: шикізаты және продуценті

7. Нан өндірісінің технологиясы: шикізаты және продуценті

8. Сүтқышқыл бактерияларының және лактозоашыту ашытқыларының жалпы

сипаттамасы

9. Спирттік ашу қоздырғыштары. Спирттік ашудың негізгі этаптары

10.Спирт өндірісінде қолданылатын субстраттар. Технологиялық процестердің

маңыздылығы мен негізгі сатылары

11. Сыра қайнатудағы қолданылатын ашытқылар. Сыра суслосының ашу процесінің биохимиялық негіздері

12. Сыра өндірісінің технологиялық сызбанұсқасының негізгі сатылары

13. Шарап жасау процесінің биохимиялық негізі. Технологиялық процестің маңыздылығы мен негізгі сатылары

14. Тағам өнеркәсібіне қолданылатын органикалық қышқылдар өндірісінің шикізаты және продуценттері

15. Ферментеция жолымен алынған дәстүрлі ақуыз өнімдері

16. Микробтық ақуыз- микопротеиннің тағамдық құнарлылығы мен қолданылу келешегі

17. Бір клеткалы микроорганизмдердің ақуызы.

18. Микробтық биомассаның қоректік бағалылығы мен зиянсыздығы

19. Микробиологиялық жолмен алынған тағамдық қоспалар және ингредиенттер

20. Микроорганизмдер- тағам өнеркәсібінде қолданылатын аспарагин, глутамин, лизин және т.б. аминқышқылдарының продуценттері

21. Аминқышқылдарын алу технологиясы

22. Ферменттерді алу технологиясы

23. Витаминдерді алу технологиясы

24. Тағам өндірісі микробиологиялық бақылауының жалпы принциптері

25.Тағам өнеркәсібінде табиғи және синтетикалық бояғыш заттардың қолданылуы.

26. Бактериялық интоксикация туғызатын микроорганизмдер

27. Тағамдық азықтардан улану және олармен күресу әдістері

28. Дезинфекция, дезинсекция және дератирация әдістерін ұсыну

29. Тағам өнімдері өндірісінде биотехнологияның қолданылу перспективасы



Қажетті әдебиеттердің тізімі


  1. Воронин Е.С., Тихонов И.В. Биотехнология: Учебник для вузов – М.: Де Ли принт, 2006. – 521 с.

  2. Биотехнология /Т.Г. Волова. – Новосибирск: Из-во СОРА, 1999 – 252 с.

  3. Дебабов В.Г. Генная инженерия в производстве БАВ – М.: Де Ли принт, 2009 – 391 с.

  4. Беккер М.Е. и др. Биотехнология – М.:Агропромиздат, 1990 - 420с.

  5. Промышленная микробиология. / Под ред. Н. Егорова. М.: Высш. шк., 1999 – 631с.

  6. Грачева И.М., Гаврилова Н.Н., Иванова Л.А. Технология микробных белковых препаратов, аминокислот и жиров. – М.: Пищевая промышленность, 1997. – 448с.

  7. Рогов И.А. Пищевая биотехнология: В 4х кн.: учебник /Рогов И.А. – М.: Колосс, 2004. – 530 с.

  8. Сельскохозяйственная биотехнология: учебник – 2. изд., перераб. – М.: Высш. шк., 2003 - 469с.

  9. Бейни Д.Ж., Оллис Д. Основы биохимической инженерии. Ч.,2. Пер. с англ. –М.: Мир, 1997. - 692с.

  10. Виастур У.Э. и др. Культивирование микроорганизмов. – М.: Пищевая промышленность, 1998.-167с.

  11. Дебабов В. Г., Лившиц В. А. Современные методы создания промышленных микроорганизмов. М.: Высш. шк., 1988

  12. Сельскохозяйственная биотехнология: векторные системы молекулярного клонирования. / Под ред. В. И. Негрука. М.: Агропромиздат, 1991

  13. Дж. Бейли, Д.Оллис. Основы биохимической инженерии. М, Мир, 1989

  14. Рогов И.А., Антипова Л.В., Шуваева Г.П. Пищевая биотехнология: в 4 книгах. Книга 1. Основы пищевой биотехнологии.- М.: КолосС, 2004. – 440 с.

  15. Биотехнология. Принципы и применение: Пер. с англ./Под ред. И. Хиггинса. –М.: Мир, 1988.- 480 с.

  16. Егорова Т.А. Основы биотехнологии: Учеб. пособие.- М.: Издательский центр «Академия», 2003.- 208 с.

  17. Бутенко Р. Г. Биология клеток высших растений in vitro и биотехноло­гия на их основе. М.: ФБК-Пресс, 1999. - 250 с

  18. Картель Н. А. Биоинженерия: методы и возможности. Мн.: Ураджай,1989. 143 с

  19. Биотехнология в растениеводстве, животноводстве и  ветеринарии: Материалы II Междунар. науч. конф. Москва, 18—19 октября, 2000. М., 2000. 255с.

  20. Пирузян Э.С. Основы генетической инженерии растений.- М.: Наука, 1986

  21. Глик Б., Пастернак Д. Молекулярная биотехнология. М.: Мир, 2002, - 589 с.




: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет