Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтау ережелері



жүктеу 167.91 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі167.91 Kb.
: files -> pravila
pravila -> Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі №147 Қаулысы
pravila -> «ХҚКО» рмк-ның аттестаттауға жататын қызметкерлеріне, бос орын лауазымдарына орналасатын үміткерлерге және кадрлық қорға үміткерлерге тестілеуді ұйымдастыру қағидалары
pravila -> Конкурс өткізу ережесі мен агент банкке қойылатын талаптарды бекіту туралы
pravila -> Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі
pravila -> Кодексіне (Ерекше бөлім), «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
pravila -> Қарағанды қаласын көрiктендiру Ережелерiн бекiту туралы
pravila -> Правила поведения на территории кемпинга «Айская долина» в кемпинг «Айская долина»
pravila -> Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша
pravila -> Қарағанды қаласында жануарларды ұстау Ережесiн бекiту туралы
pravila -> Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ

Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді

(2006 жылғы 30 қазандағы №32 хаттама)

(2011 жылғы 19 мамырға берілген

өзгерістер мен толықтыруларымен)

Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу

мөлшерін және тәртібін анықтау ережелері
Осы Ережелер 2006 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктерінің міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін (бұдан әрі - Ережелер) анықтайды.
1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Ережелерді қолдану үшін Заңмен белгіленген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым – «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ;

қосылу шарты - банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер үшін стандартты болып табылады;

сандық индикаторлар – қатысушы банктің қаржы қызметін сипаттайтын көрсеткіштер;

сапалық индикаторлар – қатысушы банктің басқару сапасын сипаттайтын көрсеткіштер;

аралық бал – осы Ережелермен бекітілген тәртіпте қатысушы банктің сандық және сапалық индикаторлары арасындағы кез келген көрсеткішті есептеу/талдау қорытындылары бойынша анықталған қатысушы банктің балы;

жалпы бал – нақты тоқсанға қатысушы банктің сандық және сапалық индикаторларының барлық көрсеткіштері бойынша аралық балдарды жинақтау қорытындылары бойынша қалыптасқан қатысушы банктің қорытынды балы;

жалпы жинақтау балы – есепті тоқсанды қоса алғанда, соңғы жеті тоқсан ішінде қатысушы банк жинаған жалпы балдарды есепке ала отырып, есептелетін оның міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшерлемесінің мөлшерін анықтайтын есепті тоқсанға қатысушы банктің қорытынды балы;

есепті тоқсан – қатысушы банкпен тоқсан қорытындылары бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға міндетті күнтізбелік жарнаны төлейтін тоқсан.

уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау агенттігі және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;



1-тараудың 1-тармағы Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес соңғы абзацпен толықтырылды (04.09.09 ж. №5 хаттама), Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (19.05.2011 ж. №3 хаттама).

депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген жеке тұлғалардан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі – сыйақының номиналды мөлшерлемесі, яғни, нақты кезең соңында салым сомасына сыйакыны есептеу кезінде қолданылатын банк салымы шартында көрсетілген жылдық пайыздағы мөлшерлеме.

2. Осы Ережелердің мақсаты қатысушы банктің қаржылық тұрақтылығы мен қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді мүмкін болатын төлеудің туындау тәуекелінің дәрежесіне байланысты міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды қатысушы банктермен әділ төлеу жүйесін енгізу болып табылады.
2-тарау. Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасы мөлшерлемесінің

мөлшерін анықтау және төлеу тәртібі


3. Қатысушы банктер осы Ережелерге сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен олар үшін анықтайтын мөлшерлеме бойынша әр тоқсан сайын міндетті күнтізбелік жарналарды төлейді.

4. Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдайы бойынша қатысушы банктің кепілдік берген депозиттер сомасынан 0,5 (нөл бүтін оннан бес) пайыздан аспауы тиіс.



5-тармаққа «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (07.04.09 ж. № 3 хаттама)

5. Қатысушы банктер есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейін ай сайын Қосылу шартының 1-Қосымшасына сәйкес көрсетілген нысан бойынша тартылған депозиттер жөніндегі мәліметтерді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға байланыстың электрондық арналары бойынша және қағаз нұсқасында ұсынады.

6. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым әр тоқсан сайын қатысушы банктерден және уәкілетті мемлекеттік органдардан алатын мәліметтер негізінде қатысушы банктердің сандық және сапалық индикаторлары мәндерінің есебін жүргізеді.

Сандық және сапалық индикаторлардың есебі үшін пайдаланылатын мәліметтер тізбесі осы Ережелерге 1-қосымшада келтірілген.

7. Сандық индикаторларға төмендегілерді сипаттайтын көрсеткіштер жатқызылады:


    1. капитал сәйкестігі (С-1, С-2, С-3);

    2. активтердің сапасы (А-1, А-2, А-3);

    3. активтердің шоғырлануы (А1-1, А1-2);

    4. кірістілік (Е-1, Е-2, Е-3, Е-4);

    5. өтімділік (L-1, L-2).




  1. Сапалық индикаторларға төмендегілерді сипаттайтын көрсеткіштер жатқызылады:

1) уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген минималды резервтік талаптарды қоса алғанда, пруденциалдық және өзге де орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы банкпен орындауы - Q-1;

2) уәкілетті мемлекеттік органның қатысушы банкке, оның лауазымды тұлғаларына, ірі қатысушылары мен банк холдингтеріне қатысты қолданылған санкциялар мен әсер етудің шектеулі шараларының болуы – Q-2;

3) қатысушы банкке берілген шетел валютасындағы ұзақ мерзімді несие рейтингісінің (Standard&Poor’s/ Fitch) немесе шетел валютасындағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтингісінің (Moody’s) деңгейі немесе олардың жоқтығы – Q-3.

4) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қатысушы банктермен орындауы, - Q-4.



2-тараудың 8-тармағы Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 5) тармақшамен толықтырылды (29.09.2009 ж. № 6 хаттама)

5) Қатысушы банктің менеджмент сапасын бағалау - Q-5.

9. Сандық индикаторлар мәндері осы Ережелерге 2-Қосымшада келтірілген формулалар бойынша есептеледі.

10. «Капиталдың бірдейлілігі» және «активтердің шоғырлануы» топтары бойынша сандық индикаторларды қоспағанда, қатысушы банктің кез келген сандық индикаторының мәнін есептегеннен кейін алынған мәндері осы Ережелерге 3-қосымшада келтірілген ол үшін белгіленген шекті мәніне жатқызылады.

Сандық индикатордың есептелінген мәні жатқызылған шекті мәнге байланысты қатысушы банкке осы индикатор бойынша көрсетілген шекті мәнге сәйкес келетін аралық бал тағайындалады.

11. «Капиталдың бірдейлілігі» және «активтердің шоғырлануы» топтарына кіретін сандық индикаторлар бойынша осы Ережелерге 4-Қосымшада олар бойынша берілген шекті мәндерге сәйкес суб-аралық балдар алдын - ала есептеледі.

Көрсетілген сандық индикаторлар бойынша аралық балдарды анықтау үшін әрбір индикатор шегінде есептелген суб-аралық балдар қосылады және осы Ережеге 5-қосымшада олар бойынша келтірілген шекті мәндерге сәйкес келеді.

12. Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес алынып тасталынды (23.07.2010 ж. №5 хаттама).

13. Қатысушы банктің сапалық индикаторларын талдау кезіңде бұл көрсеткіштер осы Ережелерге 6-Қосымшада олар бойынша келтірілген, олар үшін белгіленген шекті мәндермен сәйкес келеді және олар жатқызылған шекті мәнге байланысты қатысушы банкке тиісті аралық бал беріледі.

14. Сандық индикаторларды есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым есепті тоқсанның бірінші күніне жағдайы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтерді пайдаланады.

15. Q-1 сапалық индикаторды есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдынғы кезекті үш айға есепті тоқсанның екінші айының бірінші күніне уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді пайдаланылады.

Q-2 сапалық индикаторды есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдынғы кезекті үш айға есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күніне уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді пайдаланылады.

Сондай-ақ, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым минималды резервтік талаптарды қоса алғанда, пруденциалдық нормативтер және өзге де орындауға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы банкпен орындамау жағдайларының болу немесе болмау фактісін, соның ішінде көрсетілген мерзім ішінде осы Ережелердің 8-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органымен санкциялар және ықпал етудің шектеу шараларын қолдану жағдайлары ғана назарға алынады.

16. Q-3 сапалық индикаторын есептеу үшін қатысушы банк әр тоқсан сайын есепті тоқсанның үшінші айының бесінші күніне дейінгі мерзімде қағаз күйінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күніне рейтингтік агенттіктер есептерінің көшірмелерін қоса бере отырып, қатысушы банкке тағайындалған барлық рейтингтер туралы мәліметтерді ұсынады.

17. Q-3 сапалық индикаторын есептеу кезінде қатысушы банкке бірден көп рейтингтік агенттікпен рейтинг тағайындаған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы индикатор бойынша балдарды анықтау үшін қатысушы банктің минималды рейтингін пайдаланады.

Еншілес қатысушы банкте дербес рейтинг болмаған жағдайда, бас ұйымның рейтингісі пайдаланылады.

17-1. Q-4 сапалық индикаторын есептеу үшін қатысушы банк ай сайын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есепті айдан кейінгі айдың он бесінші күніне дейінгі мерзімде байланыстың электрондық арналары бойынша және есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесінші күніне дейінгі мерзімде қағаз күйінде Ережелерге 9-қосымшаға сәйкес есепті кезең ішінде қатысушы банктің жеке тұлғалардан тартылған депозиттер бойынша сыйақы ставкалары туралы мәліметті, сондай-ақ Активтер мен міндеттемелерді басқару жөніндегі комитеттің немесе қатысушы банктің басқа кез келген уәкілетті органының есепті ай ішінде өткізген барлық отырыстарының хаттамаларынан үзінді көшірмелерін жеке тұлғалардан тартылған депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын анықтау туралы мәселелерді қарау нәтижелерімен ұсынады.

17-2. Q-4 сапалық индикаторын есептеу кезінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Ереженің 17-1 тармағына сәйкес алдынғы кезекті үш айға есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күніне қатысушы банктер ұсынатын мәліметтерді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы қатысушы банктің жарнамалық хабарландыруларымен шектелместен, оны қоса алғанда басқа да кез келген тиісті ақпарат көздерін, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша ақпаратын, сонымен қатар қатысушы банктердің, басқа қатысушы банктер клиенттерінің және басқа тұлғалардың құжатпен расталған ақпаратын пайдаланылады.

17-3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк ұсынатын Ережелердің 17-1 тармағында көрсетілген ақпаратты күмәнді деп таныған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым 27-1 және 27-2 тармақтарымен белгіленген тәртіпте қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарналарының тиісті мөлшерлемесін қайта есеп айырысуды жүзеге асырады.



2-тарау Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 17-4, 17-5, 17-6 және 17-7 тармақтарымен толықтырылды (29.09.2009 ж. № 6 хаттама).

17-4. Q-5 сапалық индикаторын есептеу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы индикатор бойынша балдардың жалпы сомасы Ережелерге 6-Қосымшада көрсетілген балдарға сәйкес есептелетін қатысушы банктің сәйкес келген жағдайда қатысушы банк менеджментінің сапасын бағалайтын үш критерий пайдаланады.



17-5 тармағына Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (03.02.2010 ж. № 1 хаттама).

17-5. Q-5 сапалық индикаторының «Директорлар кеңесі мен Басқарма Төрағалары ауысуының болмауы, Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістердің есепті кезең ішінде 1/3 аса болмауы» критерийі бойынша балды есептеу үшін қатысушы банк тоқсан сайын есепті тоқсанның үшінші айының он бесінші күніне дейінгі мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қағаз бетінде және байланыстың электрондық арналары бойынша Ережелердің 10-Қосымшасына сәйкес есепті тоқсан үшінші айының бірінші күніне «Есепті кезең ішінде қатысушы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы мәліметтер» ұсынады. Есепті кезең ретінде есепті тоқсанның үшінші айының бірінші күні алдындағы үш жүйелі ай қабылданады.



17.6 тармақтың бірінші абзацына Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілді (03.02.2010 ж. №1 хаттама)

17-6. Q-5 сапалық индикатордың «Директорлар кеңесі мен Басқарма Төрағалары ауысуы, Директорлар кеңесі мен Басқарма құрамындағы өзгерістердің есепті кезең ішінде 1/3 аса болмауы» критерийі бойынша балды есептеу кезінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасының құрамындағы өзгерістерді мына төмендегі критерийлерге сәйкес ескереді.

Қатысушы банктің Директорлар кеңесі немесе Басқарма мүшелерінің жалпы саны:

4 адамға (қоса алғанда) дейін, 5-тен 8 адамға (қоса алғанда) дейін, 9-дан 12 адамға (қоса алғанда) дейін, 13-тен бастап одан аса болған жағдайда келесідей минималды адам саны қабылданады, 1, 2, 3 және 4, сәйкесінше, өзгерістер ретінде. Қатысушы банктің Директорлар кеңесі және/немесе Басқарма құрамындағы өзгерістерді бағалау кезіндегі ерекшелік болып мыналар табылады: Директорлар кеңесі және/немесе Басқарма мүшелері бірінің өліміне байланысты толықтыру, өзгеріс.

17-7. «Банкте екі және одан аса халықаралық рейтингілік агенттіктерден кредиттік рейтингтің болуы» критерийі бойынша балды есептеу кезінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Standard&Poor’s/Fitch/Moody’s Investors Service халықаралық рейтингтік агенттіктерінен тиісінше кемінде ССС+/ССС+/Саа1 деңгейінен кем емес қатысушы банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингілерін назарға алады.

18. Барлық сандық және сапалық индикаторлар бойынша аралық балдарды есептегеннен кейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің жалпы балын есептейді. Қатысушы банктің жалпы балы осы тарауға сәйкес анықталған барлық аралық балдардың сомасы ретінде анықталады.

19. Жалпы жинақтау балы осы Ережелердің 7-Қосымшасына сәйкес анықталатын есепті тоқсанды қоса алғанда, соңғы жеті тоқсан ішінде осы тараумен белгіленген тәртіпте анықталған қатысушы банктің жалпы балдарының туынды сомасы ретінде анықталады.

20. Жалпы жинақтау балын есептеу нәтижелері бойынша осы Ережелерге 8-Қосымшаға сәйкес қатысушы банктің жіктеу тобы анықталады. Әрбір жіктеу тобы үшін оған сәйкес келетін міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі белгіленген.

21. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым есепті тоқсанның үшінші айының жиырма бесінші күніне дейінгі мерзімде қатысушы банкке «Құпия» белгісімен жазбаша түрде қатысушы банк жатқызылған жіктеу тобы және оның міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі туралы мәліметті жеткізеді.

22. Қатысушы банк әр тоқсан сайын есепті тоқсанды қоса алғанда, есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың он бесінші күніне дейін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым анықтаған мөлшерлемеге сәйкес міндетті күнтізбелік жарналарды төлейді. Егер айдың он бесінші күні жұмыс күні болмаған жағдайда жарналарды төлеу мерзімі содан кейінгі жұмыс күнінде аяқталады.

23. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол үшін анықтаған жіктеу тобы мен міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін даулауға және міндетті күнтізбелік жарнаны төлеудің соңғы күніне дейінгі мерзімді қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тиісті құжаттарды қоса бере отырып, дәлелді қарсылық хатты жолдауға құқылы.

24. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк ұсынған қарсылық хатты алған күннен бастап, жеті жұмыс күні ішінде қарауға міндетті.

25. Қатысушы банк және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында туындаған даулы жағдайда міндетті күнтізбелік жарнаны төлеудің соңғы күніне дейінгі мерзімде ретке келтірмеген жағдайда қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол үшін анықтаған мөлшерлеме бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны төлеуге міндетті. Осы тармаққа сәйкес қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнаны төлеуі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк берген қарсылық хатты одан әрі қарастыруын тоқтатпайды.

26. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктің қарсылық хатын қарау нәтижелері және оны негізді деп тану бойынша соңғымен міндетті күнтізбелік жарнаның қайта қаралған мөлшерлемелерін ескере отырып, қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік жарнаға қайта есептеуді жүзеге асырады.

27. Қатысушы банк міндетті күнтізбелік жарналарды артық төлеген жағдайда, қатысушы банктің жазбаша келісімімен артық төленген сома жарнаның төленген сомасынан он пайыздан аспайтын болса, қатысушы банктің кейінгі міндетті күнтізбелік жарнасының пайдасына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен жіберіледі.

Қатысушы банктің жазбаша келісімін алмаған жағдайда, сондай-ақ артық төленген соманың төленген жарна сомасының он пайызынан асатын жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке артық төленген соманы қайтарады.



27-1 тармағы Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 3) тармақшамен толықтырылды (22.01.2009 ж. №1 хатама)

27-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мынадай жағдайларда міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін қайта қарауды және қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік жарнамен қайта есеп айырысуды жүзеге асырады:

1) өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, қатысушы банктердің жазбаша өтініштерін ұсыну арқылы енгізілетін қатысушы банктердің есептеріндегі олармен қабылданған өзгерістер туралы уәкілетті органнан мәліметтерді алу;

2) қатысушы банкті инспекторлық немесе өзге де тексеру нәтижелері бойынша қатысушы банктермен ұсынылатын күмәнді ақпаратты уәкілетті органымен анықталуы;

3) Қосылу шартымен белгіленген талаптарға кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорына сәйкестігін белгілеуге байланысты іс-шаралар нәтижелері бойынша қатысушы банк ұсынған күмәнді ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымымен анықтауы.

Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарналарының тиісті міндеттемелеріне есеп айырысуды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым инспекторлық немесе өзге де тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті орган дұрыс емес не болмаса түзетуге жататын ақпаратты ұсынған барлық тоқсанға, сондай-ақ барлық соңғы тоқсандағы уәкілетті мемлекеттік органның ақпараты негізінде жүргізіледі және қатысушы банктің назарына жеткізіледі.

27-2. Осы Ережелердің 27-1 тармағы негізінде жүргізілген есеп айырысулар нәтижелері бойынша қатысушы банктің алдыңғы тоқсандарға жіктеу тобы өзгерген жағдайда, қатысушы банктің толық төлемеген/артық төлеген сомасы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті мемлекеттік органымен қатысушы банк бойынша өзгертілген деректерді ұсыну күні алдындағы 2 (екі) тоқсан ішінде қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік жарналар сомасын негізге ала отырып, анықтайды.

Міндетті күнтізбелік жарналар бойынша құралған берешектерді төлеу қатысушы банкпен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның шешімінде белгілеген мерзімде, бірақ осындай шешім шығарылған күннен бастап, үш жүз алпыс күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

Міндетті күнтізбелік жарнаның артық төленген сомасы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арқылы осы Ережелердің 27-тармағына сәйкес қатысушы банкке есептелуі не болмаса қайтарылуы тиіс.

28. Қатысушы банктің жіктеу тобы және оған сәйкес келетін міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесі туралы ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қосылу шартымен көзделген жағдайлардан басқа, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым және қатысушы банктер арқылы үшінші тұлғаларға жарияланбауы тиіс.

Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк төлеген міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналардың жалпы сомасын қаржы есептілігінде көрсетілуінен басқа, ондай ақпаратты қатысушы банктермен жариялануына жол берілмейді.

29-тармақ Қордың Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген жаңа редакцияда жазылды (08.04.10 ж. №3 хаттама).

29. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне жаңа кірген банктер алғашқы екі жыл ішінде автоматты түрде «қаржы тұрақтылығының қанағаттанарлық деңгейдегі банктері» - D жіктеу тобына жатқызылады және осы топқа сәйкес келетін мөлшерлеме бойынша міндетті күнтізбелік жарнаны төлейді. Есепті тоқсандағы екі жылдық кезеңнің аяқталу мерзімі Ережелердің 21-тармағында көрсетілген мерзімге қатысты анықталады: егер екі жылдық кезең есепті тоқсанның үшінші айының 25 күнінен дейін аяқталса, онда осы тармақта көрсетілген қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшерлемесі осы Ережелермен анықталған жалпы тәртіпке сәйкес анықталады, олай болмаған жағдайда қатысушы банк D жіктеу тобына жатқызылады.



2-тарау Қордың Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес 29-1 тармағымен толықтырылды (29.09.2009 ж. №6 хаттама).

29-1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Ережелердің 29 тармағына сәйкес D жіктеу тобына жатқызылған қатысушы банктің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша белгіленген сыйақы мөлшерлемелері бойынша Қосылу шартын қатысушы банкпен бұзғанын анықтаған жағдайда мұндай банк есепті тоқсан кезеңі ішінде Е жіктеу тобына ауыстырылады, бұл кезең ішінде олар Q-4 көрсеткіші есебіне сәйкес осы талаптарды сақтамайды.

30. Міндетті күнтізбелік жарна сомасымен есеп айырысуды Қатысушы банк есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жай-күйі бойынша Қатысушы банктің барлық кепілдік берілген депозиттерінің жалпы сомасына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол үшін анықтаған міндетті күнтізбелік жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы дербес жүргізіледі.

3-тарау. Қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі.


31. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві жетпеген жағдайда таратылатын қатысушы банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу үшін барлық қатысушы банктер қосымша жарналарды төлеуге міндетті.

32. Қатысушы банктердің қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшері мен мерзімдерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады.

33. Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған қатысушы банктің алдынғы тоқсанға төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

34. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Заңмен көзделген жағдайларда ақшаны қарызға алған жағдайда қатысушы банктер депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның аталған қарызды және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеу мақсатында төтенше жарналарды төлеуге міндетті.

35. Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауы тиіс.

36. Қосымша және төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу бойынша міндеттемелерін тоқтатпайды.

37. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктерге депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның Директорлар кеңесінің тиісті шешімі қабылданған күннен бастап, үш жұмыс күні ішінде, бірақ жарналарды төлеудің басталу күнінен дейін бес жұмыс күнінен кеш емес, қосымша және төтенше жарналар мөлшерлемесінің белгіленген мөлшері мен төлеу мерзімдерін хабардар етуге міндетті.

38. Қосымша және төтенше жарналардың мөлшерлері туралы ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қосылу шартымен көзделген жағдайларды қоспағанда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым және қатысушы банктер арқылы үшінші тұлғаларға жарияланбауы тиіс.

39. Қосымша және төтенше жарналар сомасының есеп айырысуы қатысушы банк есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніне Қатысушы банктің барлық кепілдікке берілген депозиттерінің жалпы сомасына жарна мөлшерлемесін көбейту арқылы жеке жүргізеді.

40. Қатысушы банк қосымша және төтенше жарналарды артық төлеген жағдайда артық төленген сома қатысушы банктің жазбаша келісімімен егер артық төленген сома төленген жарна сомасынан он пайыздан аспайтын болса, қатысушы банктің кейінгі міндетті күнтізбелік жарнасының пайдасына депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға есептеледі.

Қатысушы банктің жоғарыда көрсетілген жазбаша хатын алмаған жағдайда, сондай-ақ артық төленген сома төленген жарна сомасынан он пайыздан асатын жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке артық төленген соманы қайтарады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
41. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте шешіледі.

42. Қатысушы банктер 2007 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет еткен жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру мәселелері бойынша заңнамаға сәйкес анықталатын мөлшерлемелер мен кепілдік берілген депозиттер негізінде 2007 жылғы бірінші тоқсанда міндетті күнтізбелік жарналарды төлейді.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет