Міндеттің тұжырымдамасы


Автоматтандырылған тестілеу



бет7/7
Дата29.11.2019
өлшемі1.33 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Автоматтандырылған тестілеу. Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу процесінде сапаны бақылау кезеңінде тестілеу процесінің бір бөлігі. Ол тесттерді орындау және орындау нәтижелерін тексеру үшін бағдарламалық құралдарды пайдаланады, бұл тестілеу уақытын қысқартуға және оның процесін жеңілдетуге көмектеседі.


2. АРНАЙЫ БӨЛІМ

2.1 Қолданылған операциялық жүйенің қысқаша сипаттамасы

Дипломдық жұмыс «Программа по профориентации» мобильді бағдарламасы Windows 8.1 операциялық жүйесінде құрылады. (2.2.1 - сурет)



2.2.1 сурет - Операциялық жүйе сипаттамасы

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастыратын, пайдаланушының есептеуіш машинамен бір уақытта бірнеше жұмыс істеу арқылы жеңілдік келтіруші жүйелік программалар.

Ең алғашқы компьютерлерде операциялық жүйе болған жоқ. Ол кезде программалар арнаулы дербес компьютерлерде ғана орнатылды. Бірақ ғылымның дамуы, технологиялық заманға бетбұрыс бәрін өзгертті. Қазіргі кезде әлемде операциялық жүйелер озық үлгіде күн санап, жарыққа шығуда. Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:

- барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмыстарын қолдап, олардың бір – бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

- әрбір адамға ЭЕМ –ді жалпы басқару мүмкіндігін беру. Операциялық жүйелерді жіктеу.



Дербес компьютерге арналған операциялық жүйелер бірнеше параметрлері бойынша ерекшеленеді. Атап айтқанда, операциялық жүйелер:

- Бір міндетті және көп міндетті қатар атқаратын;

- Бір адам пайдаланатын және бірнеше адам пайдаланатын;

Бір міндетті операциялық жүйелер қай кезде де адамның компьютерде тек бір ғана іспен шұғылдануынан яғни тек бір ғана мәселені шешуіне мүмкіндік береді.

Көпміндетті жүйелер бірнеше программаны қатар іске қосуға мүмкіндік береді.

Бір адам ғана пайдаланатын операциялық жүйелер компьютерде тек бір ғана адамның жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Бірнеше адам пайдаланатын жүйеде әр бір пайдаланушы өз ақпаратына пароль енгізіп, тек өзінің ғана аша алатын ақпаратына шыға алады. Microsoft Windows – IBM тәрізді компьютерлерде графикалық интерфейсті қолдануды кеңінен жүзеге асырған, қазіргі заман талабына сай жасалған операциялық орта. Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар.

Сонымен қатар WINDOWS жүйесі:

- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;

- масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;

- Берілген курстық жоба «Қызықты дойбы» ойын бағдарламасы Windows 8.1 операциялық жүйесінде жасалады.



Microsoft алғаш рет 2013 жылы 24 наурыз айында «Windows Blue 9364» деп аталатын алғашқы жинақ шықты.(2.5.1.2 - сурет)

2.2.2 сурет - «Windows Blue» аталу белгісі



Кейін 14 мамыр айында арнайы түрде «Windows Blue» атауын «Windows 8.1» - атауына өзгертті (2.5.1.3 - сурет)

2.2.3 сурет - «Windows 8.1» аталу белгісі

Windows 8.1 - отбасылық Windows NT операциялық жүйесі, Microsoft корпорациясының өнімі, Windows 8- операциялық жүйесінен кейін және Windows 10 операциялық жүйесіне дейін жарыққа шыққан. жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, және портативті құрылғылар үшін арналған; Windows Server 2012 R2 - сервер проблемаларды шешу үшін арналған нұсқасы. Windows 8 операциялық жүйесіне қарағанда жаңартулар мен бірқатар өзгерістер бар. Пайдалануға болатын тілдері көп тілді. Негізгі құрастырушысы Microsoft болып табылады.

Интерфейс өзгерістері:



- Modern- интерфейске өтетін «Пуск» деп аталатын батырма пайда болды;

- «Закрепление приложений» функциясы арқылы бір уақытта бірнеше терезе кеңейтілімі үлкен бағдарламаларды ашуға мүмкіндік берілді;

Басқа да өзгерістері:

- NT ядро нұсқасы: 6.3 (ал Windows 8 ядросында NT 6.2 нұсқасы пайдаланылады)

Жүйелік драйверде өзгерістер болды – жүйенің жұмысы ауырлағанда бастапқы экранға көк түсті ескерту терезесі ашылады (2.5.1.4 - сурет)



2.2.4 сурет - Ескерту терезесі

Windows 8.1 операциялық жүйесінде энергия сақталуы: жұмыс істеу барысында энергия сақталып отыруы;



2014 жылы 2 сәуірде Winows 8.1 Update арнайы түрде жарияланды. 2014 жылдың 8 сәуірден бастап барлық пайдаланушылар тегін түрде Windows 8.1 Update Windows жаңарту орталығы арқылы операциялық жүйені жаңартып алуға мүмкіндік берілді.


2.2.5 сурет - Winows 8.1 Update операциялық жүйесі

ҚОРЫТЫНДЫ

Мен осы практикада тестілеу,оның түрлерін және оның әдістерін қарастырдым. Осы практикада ақ жәшік, қара жәшік, сұр жәшік әдістерімен тестілеуді жақсы үйрендім.



Ақ жәшік әдісімен Visual Studio бағдарламасын қолданып, салмақты өлшейтін бағдарламаны анықтайтын кодты тестіледім.
Қара жәшік әдісімен INSTAGRAM әлеуметтік желісіне кіруді тестіледім. Қара жәшік әдісіне кодты білудің қажеті жоқ, оны кез-келген адам тестілей алады.
Сұр жәшік әдісімен Visual Studio бағдарламасын қолданып, уақыттың(минут,секунд) кодын тестіледім. Ол үшін мен ең бірінші қара жәшік әдісімен, және ақ жәшік әдісімен тестіледім. Өйткені қара жәшік пен ақ жәшіктің тестіленуі сұр жәшікті құрайды.
Тестілеудің түрлері:
Функционалдық тестілеу. Функционалдық талаптар бағдарламалық жасақтаманың нақты не екенін, қандай тапсырмаларды шешетінін анықтайды. Функционалдық тестілеу түрін пайдаланып, «Microsoft Word» бағдарламасын тестіледім. Бұл тестілеуде блокнот бағдарламасына кірілуін, жаңа парақшаның ашылуын, сақталуы орнын, өңдеуін, жабылуын тексердік.

Түтінді тестілеу. Ол қолданбадағы ең маңызды және жиі пайдаланылатын функцияларды тексереді. Мен WordPad бағдарламасының нақты функцияларын ғана тестіледім.

Санитарлық тестілеу. Бұл ақ жәшік әдісімен тестілеуге ұқсас, бірақ бір айырмашылығы ол кодтың нақты бір бөлігін ғана тексереді.

Регрессиялық тестілеу. Бұл ақ жәшік әдісімен тестілеуге ұқсас, бірақ бір айырмашылығы оған қосымша кодты қосу.



Қолданылған әдебиеттер тізімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет