Мырзабеков М. С. т.ғ. к., ҚазҰУ-дің доценті



Дата25.04.2016
өлшемі50.48 Kb.
Мырзабеков М.С.

т.ғ.к., ҚазҰУ-дің доценті

Махмеджанова Л.Н.

э.ғ.к., ҚазҰУ-дің доценті.


Орталық Азиядағы интеграциялық ұмтылыстар: іске асыру мүмкіндіктері мен кедергілері.

Орталық Азия қазіргі жаһандану үрдісінің дамуы барысында маңызы арта түсуде. Себебі, Орталық Азия еуроазиялық құрлықтың дәл ортасында орналасуы, және аймақтың табиғи шикізат көздеріне бай болуы, әлемдік алпауыт мемлекеттердің сыртқы саясатындағы қызығушылық білдірген аймақ ретіндегі маңызын арттыра түсуде.

Орталық Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы және олардың әлемдік саясат пен әлемдік экономикалық үдерістерге тартыла түсуі, тек қана ТМД-ның оңтүстігіндегі жағдайды өзгертіп қомай, бүкіл азиялық аймақтағы жағдайды өзгертті десек болады. Орталық Азия мемлекеттері қазіргі кезде өздерінің егемендігі мен тәуелсіздіктерін нығайту барысында көптеген әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемалармен ұшырасуда. Мысалы, егемендігін алған Тәжікстан осы аймақта бұрын-соңды болмаған азамат соғысын басынан кешірсе, Қырғызстандағы саяси жағдай осы күнге дейін тұрақсыз болып келеді. Бұл аталған жағдайлар Орталық Азия мемлекеттерін әлемнің құрылымы өзгеруі барысында өздерінің орындарын іздестіруге және жаңа геосаяси одақтастар мен әріптестерді анықтап алуларына мәжбүр етуде.

Өткен бірнеше жыл аралығында Орталық Азиялық мемлекеттердің жаңа геосаяси жағдайдағы орны мен олардың келешектегі рөлі туралы пайымдаулар және болжамдар аз айтылған жоқ. Бір кездері саясатшылар мен саясаттанушылар бұрынғы КСРО республикаларының, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттерінің бірлесу мүмкіндіктері туралы мәселе кеңінен талқыланған болатын. Бұл пікірлердің барлығында Орталық Азия мемлекеттерінің бірігуі барысында Ресейдің жетекшілік рөлін сақтап қалу беру туралы пиғылдар айқын білінетін. Сонымен қатар Орталық Азия «Ресей-Орталық Азия-Қытай үш бұрышының» негізгі қырларының біріне айналуы мүмкін деген болжам айтылғандығы да шындық.

Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеттерінің «жаңарған Түркістан» ауқымында көршілес орналасқан мұсылмандық Шығыс елдерімен әртүрлі идеологиялық және саяси топтар құру арқылы интеграциялық үрдістерге тартылуы туралы нұсқалар да қарастырылған болатын. Мысалы Орта Шығыс мемлекеттерінің саяси топтары арасында Орталық Азия мемлекеттері тартылған антиарабтық түркі-ирандық топ құру мүмкіндіктері талқылануда. Пәкістан мен Иран Ресей мен Батыстан іргесін аулақ салған ислам мемлекттерінің блогын құру ұсынысын алға тартуда [1].

Орталық Азиядағы қазіргі кездегі әлеуметтік және экономикалық жағдай интеграция үдерісін бастауды қажет етуде және бұл үдеріс таяудағы ондаған жылдар аралығында аймақ елдерінің болашақтағы қарым-қатынастарының дамуына әсер ететін фактор болуы әбден мүмкін.

Батыс Еуропа елдерінің интеграцилық үдерісінің тәжірибелері көрсеткендей, бұл үдерістің басталуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар бар. Еуропалық интеграцияға әсер еткен ішкі факторлардың негізінде соғыстан әлсіреп шыққан Франция мен Германияның өздерінің экономикалық қуатын қалпына келтіріп, соғыстан кейін қалыптасқан сол кездегі әлемдік тәртіптегі өз орнын табу болса, интеграцияға әсер еткен сыртқы фактор ол КСРО-ның тарапына болатын ықтималды қатерге бірлесіп қарсы тұру және еуропалық елдерідің мұндай талпыныстарына АҚШ тарапынан кең қолдау болғандығын ескеру қажет. Аталған факторлар еуропалық интеграциялық үрдіске қолайлы әсер етті. Ал Орталық Азия аймағында орналасқан мемлекеттердің интеграциялық ұмтылыстарына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар бұл үрдістң басталуына кері әсер етуде.

Соған қарамастан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан жетекшілері экономикалық және саяси бағыттардағы жақындастыруға көп күш-қуатын жұмсауда. Бұл мемлекеттердің интеграция бағытында қадам жасауға мәжбүрлеп отырған бірқатар объективті жағдайлар бар. Таза экономикалық факторлардан өзге басқа да факторлар бар. Мысалы, олардың бастыларының бірі ретінде:



  • географиялық жағдайды;

  • демографиялық факторды;

  • үшінші елдер тарапынан болуы мүмкін потенциалды әскери қауіпті айтуға болады.

Біріншіден, Орталық Азия Еуроазия құрлығының ішкері бөлігінде орналасқандықтан аймақта орналасқан мемлекеттердің халықаралық теңіз жолдарына тікелей шығатын мүмкіндіктері жоқ. Бұл жағдай аймақ елдерін бір-бірімен ынтымақтастырып қоймай, басқа да көрші мемлекеттермен ынтымақтасуға итермелеуде. Бұл бағытта Орталық Азия мемлекеттері ең алдымен Ресеймен қарым-қатынастарын жандандыруда. Себебі, Ресей территориясы бүгінгі күні Орталық Азия елдерінің өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығаратын бірден-бір негізгі жол болып табылады. Әрине Орталық Азия мемлекеттері бұндай жағдаймен санасуы ұзаққа бармайды. Олар қазіргі күнннің өзінде әлемдік қауымдастыққа шығатын жаңа жолдарды қарастыруда. Бұндай жағдайда Ресейдің ықпалы шектелетіндігі белгілі. Ал Ресей Орталық Азия мемлекеттерінің өзара интеграциясына мүдделі емес, керісінше, олардың бір-бірімен оқшаулануына мүдделі. Аймақ елдері арасынан әсіресе, Қазақстан мен Түрікменстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап-ақ, Москваның ықпалынан шығуға әрекеттеініп келеді.

Екіншіден, интеграциялық үдерістердің пайда болуына және нығаюына аймақтың айналасындағы демографиялық ақуал әсер етеді. Орталық Азияны қоршап жатқан елдердің халқының санының көп болуы және аймақ мемлекеттінің бір-бірімен қатынастарына 150 миллион халқы бар Ресейдің және 1,5 миллиард халқы бар Қытайдың кері әсер етуі мүмкін. Бұдан өзге 65 миллион тұрғыны бар Иран мен 130 миллион адамы бар Пәкістан Орталық Азия мемлекеттерімен салыстырғанда алып болып көрінеді [2]. Осындай жағдайда Орталық Азия мемлекеттері үшін тек бірлесу қажет сияқты.

Үшіншіден, Орталық Азия мемлекеттерінің біргуіне әсер етуші фактор көршілес жатқан алпауыт мемлекеттердің тарапынан болатын ықтималды әскери қатер болып табылады. ШЫҰ, ҰҚШҰ сияқты аймақтық ұйымдардың құрылуына және оларға Орталық Азия мемлекеттерінің мүше болуларына қарамастан, мұндай қауіптің орын алуы мүмкін екендігін естен шығармаған жөн. Мысалы қазіргі кездегі тарихымыздан біз ЕО және АСЕАН сияқты ұйымдардың пайда болуына әсер еткен сыртқы факторлардың қатарында КСРО және ҚХР тарапынан болуы мүмкін экспанся әсер еткендігін көреміз. Азияда жаңа әскери блоктардың құрылуы аймақ мемлекеттері арасындағы сауда және экономикалық қатынастардың жандануына әсер еткен қосымша фактор болды [3]. Орталық Азия мемлекеттері үшін көршілері тарапынан бірқатар қауіптің бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. АҚШ бастаған терроризмге қарсы коалициялық күштер Ауғанстанға келмес бұрын аймақ елдеріне талибтер тарапынан қатер болғандығы белгілі. Сондай-ақ есірткі тасымалына және қару-жарақ саудасына тосқауыл қою ұмтылыстары Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық ұмтылыстарына оң ықпал жасады. Бұл бағытта Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан жетекшіліктерінің маңызды қадамдар жасағандығын атап өтуіміз қажет.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, онда Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістердің басталуына әсер ететін алғышарттардың пісіп-жетілгендігін айқын көруге болады. Қазіргі әлемдік саяси үдерістің даму бағыты аймақтық интеграциялық бірлестікке жұмылған ұйымдардың маңызды рөл атқаратындығын және әлемдік жүйеде пәрменді әрекет жасай алатындығын көрсетіп отыр. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттерінің саяси жетекшіліктеріне саяси ерік-жігер қажет екендігі дау тудырмайды.


Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

1. Basic Facts about the United Nations. – N.Y., 1995. Р. 136.

2. Machinder H.J. The Geografical Pivor of history // Democratic Ideals and

Realty. – № 4. – 1963. – Р. 241, 242.



3. Ohmae К. The Bordlees World: Power and Strategy in the Interlined //

Economy Fontana. – 1990. Р. 85.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет